
- •1.Энергетиканың жалпы сипаттамасы, пәні, ұғымдары, терминдері және анықтамалары.
- •2. Дәстүрлі және дәстүрлі емес энергия көздері
- •3.Өндірістік өнеркәсіптердің атмосфералық ауасын ластанудан қорғау.
- •4. Қазақстан Республикасы энергетикасының қазіргі күйі.
- •5.Энергетиканың экологиялық проблемалары.
- •7. Жұмысшы зонадағы ластағыш заттардың шрк.
- •9. Энергетикалық тұтынуды қанағаттандыруда дәстүрлі емес көздердің орыны.
- •10. Өндірістік дамыған елдердің энергетикалық шаруашылығы әлемдік энергетиканың ресурстық қамтамасыздығы және оның даму перспективасы.
- •11.Зиянды тасталымдардың түрлері және олардың адам деңсаулығына әсері.
- •12. Жэ және қазандардың атмосфераға тасталымын бақылауды ұйымдастыру.
- •13. Тасталымдар мөлшерін есептеу.
- •14. Альтернативті энергия тасушылар (торф, көмір, битум, жанғыш сланецтер).
- •15.Күн энергиясын қолдану.
- •16. Күн энергиясын өзгертудің физикалық негіздері
- •17. Күн жылу электростанциялары.
- •18. Күн коллекторларының типтері және олардың жұмыс істеу принциптері.
- •19. Күн фотоэлектр станциялары.
- •20. Күн батареяларының типтері. Күн батареяларының параметрлерін есептеу.
- •2. Күн элементтерінің құрылысы.
- •3. Жел энергиясын пайдалану.
- •4.Жел энергетикалық қондырғыларын қолдану.
- •5. Жел энергиясының қоры және оны пайдалану мүмкіндіктері. Қр жел кадастры туралы мәлімет.
- •6. Реалды және идеалды жел генераторлары. Есептеу мысалдары.
- •7. Жел электростанциялары.
- •9.Геотермальды жылу көздері. Оны әлемде қолданудың әдестері мен тәсілдері.
- •13. Сарқылмайтын энергия көздерінің экономикалық тиімділігі.
- •14. Күн энергиясы және күн электр станциялары.
- •15. Дәстүрлі энергия көздерін қолданудың экологиялық аспектілері.
- •16.Жел энергетикасы қондырғысы
- •17. Энергетика секторының қызметімен байланысты экологиялық тәуекелдер.
- •18. Қр геоэс-ның конструктивті ерекшеліктері және олардың даму перспективалары.
- •19. Кіші өзендер мен мухит энергиясы.
- •20.Мухит және теңіз энергиясын пайдалану. Күн мен айдың ағындар түзу энергиясы.
- •1.Мухиттардың энергетикалық ресурстары жән әлемдегі оны пайдалану жағдайы.
- •2.Әлемдегі теңіздер энергиясын пайдалану күйі
- •3. Қр сарқылмайтын энергия көздерін пайдаланудың әлеуеті.
- •4.Екіншілік энергетикалық ресурстарын пайдалану. Еэр-дың шығымы мен қолданылуы.
- •5. Екіншілік энергетикалық ресурстардың жіктелуі мен ұғымдар жүйесі.
- •6. Қолдану мен жобалау кезіндегі еэр-ды қолданудың технологиялары.
- •7. Биоэнергия, силикаттар энергиясы, отын элементтері.
- •8. Өндірістік және ауылшаруашылық қалдықтарды энергетикада қолданылуы.
- •9. Кіші өзендер энергетикасы мен биомассаны тиымды пайдалану.
- •10. Қатты тұрмыстық қалдықтарды энергетикалық пайдалану.
- •11. Жылу электр станцияларының атмосфераға тасталатын ластағыш заттарын есепке алу.
- •12. Жаңа отын түрлерін пайдаланудың перспективалары.
- •15. Қатты бөлшектер тасталымын есептеу.
- •16. Мазут жаңу кезінде бөлінетін түтін құрамындағы азот оксидтерін тасталымын есептеу.
- •17. Кіші гидроэнергетика.
- •18. Жел энергетикалық ресурстарын пайдалану арқылы жылу энергиясын үнемдеу тәжірибесі.
- •19. Жел энергиясы ресурстарын пайдалану арқылы жаңармай үнемдеуді есептеу.
- •20. Сутектік энергетика.
10. Қатты тұрмыстық қалдықтарды энергетикалық пайдалану.
Қалдықтар– табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады. Тұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен өндеуге мүмкіндік бар, мысалы, тыңайтқыш, жанатын газ және синтетикалық мүнай, құрылыс плиталарын, қағаз және тағы да көптеген заттарды алуға болады. Ең алғашкы қоқысты жағуға арналған зауыт 1975 жылы Москва қаласында ашылған, оның жылдық өнімділігі 150 мың тонна шамасында. Жану процесінің нәтижесінде бөлінетін жылу іске асырылып, бу қазаңдықтарды жылытуға пайдаланылса, шлактан іріктеп жиналған металл қалдықтары металлургия өнеркәсібіне, ал шыққан шлактар кұрылыс материалдарын өндіруге колданылады. Тұрмыстық қалдықтарды жою, яғни негізгі мақсатын орындаумен бірге, зауыт басқа өндірістерге шикізат ретінде кажетті өнімдерді — жылу, металл, шлактарды да шығарады. Мысалы, Мәскеудің N1 қоқыс жағатын зауытынан шыққан шлакты зерттеу арқылы алынған мәліметтерге (Г.И. Сидоренко, 1990 ж.) сүйенсек, жылына тұрмыстық қалдық, жинайтын жерге тек Мәскеудің өзінен мынадай көлемде металдар тасталады екен: Мо - 8,3 т, Со - 11,4 т, V - 12,4 т, Аg - 27,6 т, Иі - 75 т, 5Ь - 115 т, 5п - 244 т, F - 353 т, Сг - 689 т, РЬ - 1573 т, Сu - 2180 т, Zn - 6762 т. Бұл мөлшер жыл бойына үлкен кең орындарынан алынатын мөлшерге эквивалентті. Санкт-Петербург маңындағы Горелово поселкесінде 1972 жыддан бастап тұрмыстық қокысты өндсйтін зауыт қызмет етуде, оның ең негізгі шығаратын өнімі компост (тыңайткыш), бірақ-та қоқыстың 30%-і, яғни пластмасса, резина, тері, ағаш, металдан тұратын бөлігі өнделінбейді. Жылдық өнімділігі 110 мың тонна төңірегінлегі зауыт 1975 жылдап бастап Ташкентте іске қосылған. Жыл сайын тұрмыстык қоқыстан 400 т кара және 5 т түсті металдар, 20 мың т компост алынады. Компост деп микроорганизмдермен ыдырау нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан шыкқан органикалық тыңайтқыштарды айтады. Оны алуға көң, көң бөкпесі және құстар саңғырығы, шьмтезек, қала сыпырындысы, ағаштардың түскен жапырақтары, сабан және т. б. тұрмыстық қалдықтар колданылады. Қордаландыру процесінің нәтижесінде органикалық массадагы өсімдіктер сіңіруге қолайлы қоректік заттектер (азот, фосфор) түрлерінің мөлшері жоғарылайды, патогеңді микрофлора залалсызданады, целлюлоза мен пектин заттектері азаяды, сонымен катар тыңайткыш топырақка еңгізуге қолайлы сусымалы түрде алынады. Өте тапшы органикалық тыңайткыштардың (көң, шымтезек) орнына компост кеңінен пайдалануға жатады. Тұрмыстық қалдықтардың барлық түрі компост алуға жатпайды. Егерде қоқыстағы азык-түлік қалдықтарының мөлшері 20%-тен төмен болса, олардан тұрмыстық тынайтқыш алынбайды. Себебі қалдықтарды қордаландыру аэробты микробтардың қатысуымен жүретін биохимилык процесс.
11. Жылу электр станцияларының атмосфераға тасталатын ластағыш заттарын есепке алу.
Энергетиканың қоршаған ортаға әсері отынның түріне байланысты.Қатты отынды жақ қанда атмосфералық ауаға толық Жанбаған отынның күлді бөлшектірімен бірге күкіртті ангидрид, азот оксиді, фторлы қосылыстардың кейбір қоспалары бөлінеді. Кейбір жағдайларда отын күлінің құрамында Мұнан да улы заттар қоспалары кездеседі. Мысалы, Донецк антрацигтерінің құрамында аз мөлшерінде мышьяк кездессе, Екібастұз көмірі күлінде — бос кремний диоксиді бар. Көмір - планетада ең көп тараған қазбалы отын. Кейбір мамандардың айтуы бойынша көмірдің қоры 400-500 жылға жетеді. Көмірдің Мұнайдан тағы бір артықшылығы, ол дүние жүзі бойынша біркелкі таралған және Мұнайға қарағанда арзан. Бұрынғы КСРО кезінде ірі жылу-энергетикалық кешендер елдің шығысында орналасты, мысалы Екібастұз, Канск-Ачинск кең орындары. Ашық әдіспен өндірілетін бүкіл көмірдің төрттен бір бөлігі Екібастұз кен орнының еншісіне келетін. Мұндағы көмірдің қоры шамамен 9 млрд тонна деп саналады. Алайда Бұл кең орнынан алынатын көмірден күл көп шығады (50% дейін).Торф (шымтезек). Энергетикалық тұрғыдан торфты (шымтезекті) кеңінен пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз жақтары көп. Біріншіден, су экожүйелерінің режимі бұзылады, сол жердің топырақ жабыны мен ландшафтының өзгеруіне алып келеді. Жергілікті жердегі тұіцы су көздерінің және ауа бассейнінің сапасын төмендетіп, ол жерде тіршілік ететін жануарлардың өміріне де қауіп төндіреді. Сондай-ақ оны сақтау және тасымалдау кезінде де экологиялық мәселелер туындайды.Сұйық отындарды (мазут) жақ қанда атмосфералық ауаға күкіртті ангидрид, азот оксиді, толық жанып бітпеген отын өнімдері, ванадий қосылыстары, натрий тұздары бөлінеді. Сұйық отын көмірге қарағанда біршама таза, қалдықтар ретінде көп жерді алып жататын, жел тұрса желмен бірге таралатын күл- қоқыстар бөлмейді. Алайда сұйық отын экономикалық тұрғыдан қымбат болғандықтан тиімсіз. Д.И.Менделеев айтқандай, Мұнай жағу - пеште (ошақта) ассигнацияларды өртеумен бірдей.Табиғи газ. Көмірді табиғи газбен ауыстыру еңбек өнімділігін арттырып, шығын азайып өнімдердің (металл, құрылыс материалдары) сапасын көтереді. Ең негізгісі қаланын экологиялық ахуалын жақсартады. Сондықтан соңғы кезде көмір мен Мұнай өнімдерінің орнына табиғи газ көп пайдаланылуда. Егер көмір жақ қан кезде атмосфераның ластануын 1 бірлік деп есептесек, мазутты жаққанда - 0,6, табиғи газды пайдаланғанда - 0,2-ге тең. Табиғи газды пайдаланғанда атмосфералық ауаға зиянды N203 (азот оксиді) бөлінеді, бірақ көмірмен салыстырғанда мөлшері 20%-ға төмен.Электроэнергетиканың негізін жылу электр станциялары құрайды. Бұлардың үлесіне өндірілетін жалпы энергияның 70 % кедеді- Жылу станциялары жалпы өнеркәсіптен бөлінетін зиянды қалдықтардың 29%-ын бөледі. Олар өздері орналасқан жердің айналасына, биосфераға айтарлықтай әсер етеді. Әсіресе, сапасы төмен отындармен жұмыс жасайтын электр станциялары аса қауіпті . Мысалы, 1 сағат ішінде 1060 тоннасы жағылған Донецкі көмірінен қазандықтардан 34,5 т қоқыс, газдарды 99%-ға тазалайтын электрсүзгіштердің бункерлерінен 193,5 т күл, ал [мұржалары арқылы атмосфераға 10 млн/м3 түтінді газдар бөлінеді.