Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экоэнергетика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
134.3 Кб
Скачать

17. Энергетика секторының қызметімен байланысты экологиялық тәуекелдер.

  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖҮЙЕСI — электр энергиясы мен қуатын өндiру және электрмен жабдықтау жүйесi; ұлттық экономиканың өндiрiстiк және әлеум. инфрақұрылымындағы маңызды сала әрi өнеркәсiптiң басқа салаларын дамытудың басты базасы. 

ҚР-ның электр энергетикасы секторын қайта құру негiзiнде электр энергетикасы нысандары түрлi меншiк иелерiнiң қолына көштi: iрi электр ст-лары шет елдiк компанияларға тиесiлi, кернеуi 220 және одан жоғары кВ электр тораптарын басқару, диспетчерлеу, т.б. мәселелердi шешу мiндеттерi электр тораптарын басқару жөнiндегi қазақстандық компания — KEGOC-қа жүктелдi; кернеуi 110 және одан төмен кВ электр тораптары бұрынғы энергетика жүйесi шеңберiнде таратушы электр компанияларының басқаруында; электр қуатын өндiрушiлерден сатып алу және оны тұтынушыларға сату мiндетi Электр қуаты рыногiнiң қазақстандық операторына жүктелген.

Қазақстанда қазiр энергет. өнiмнiң 2/3-сiне жуығы ЖЭС-терде, қалған бөлiгi энергиясын СЭС-терде өндiрiледi. Қазақстанның батыс аймағында энергет. шикiзат көзi мұнай мен табиғи газ болғандықтан сұйық, газ тәрiздi және аралас типтi отынмен жұмыс iстейтiн ст-лар дамытылған. Шығыс және оңт. аймақтарда әзiрге су қуатынан басқа меншiктi энергет. көздерi жоқ. Осыған байланысты оларда ядр. отын, тасымал мұнай, газ, көмiр пайдаланылады. Электр қуатын тұтынудың есептiк деңгейлерiне жасалған талдау 1990 жылдан бастап он жылдық кезеңде электр тұтыну көлемi жалпы респ. және солт., бат. аймақтар бойынша 2 есе дерлiк, ал оңт. аймақ бойынша 3 есе дерлiк кемiгенiн көрсетедi.

Соңғы 2 — 3 жылда электр энергиясын тұтынудың азаю қарқынының баяулағаны байқалды, ал батыс аймақта ол өсе бастады. 2000 жылдың алғашқы жартысында республикада 27,4 млрд. кВт/сағ электр қуаты тұтынылған, мұның өзi 1999 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 7,2%-ға көп. Электр қуатын өндiру мен тұтыну көлемiнiң өсуi негiзiнен Бат. және Солт. аймақтарда (Павлодар-Екiбастұз өңiрiнде) байқалды. Қазақстанның Оңт. аймағында (Алматы, Оңт. Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда обл-тары) жеткiлiктi бастапқы энергет. қор жоқ болғандықтан оның электр энергетикасы тасып әкелiнетiн көмiрге, сырттан әкелiнетiн газ бен мазутке негiзделген. Бұл аймақтағы электр қуатының негiзгi көздерi — Жамбыл МАЭС-i, Шымкент ЖЭО-1, Алматы ЖЭО, Қапшағай СЭС-i. Мұндағы тапшылық Солт. Қазақстанның ОЭС-ы, 220 — 500 кВ электр тораптары бойынша Орта Азия республикаларынан әкелiнетiн электр қуаты есебiнен өтеледi.

18. Қр геоэс-ның конструктивті ерекшеліктері және олардың даму перспективалары.

Геотермалдық энергетика — энергияны Жердің ішкі жылуынан алу. Геотермалды энергетика табиғи және жасанды болып бөлінеді. Алғашқысы табиғи жылы көздерден алынса, екіншісі жер қабатына суды және басқа сұйықтарды және газ тәрізді заттарды айдап сіңіруден альшады. Геотермалды энергетика тұрмыстық қажетте жөне жылыту қондырғыларында кең қолданылады. Кем тұсы — жылы сулардың жоғарғы улылығы және сұйықтар мен газдардың химиялық зиянды реакциялары. Сүйықтық (Жидкость) - агрегатталган күйде сүйылатын зат. Сүйықтық үлкен қысымда түтқыр күйде кездеседі.Газ]– заттың атомдары мен молекулалары бір-бірімен әлсіз байланысқандықтан, кез келген бағытта еркін қозғалатын және өзіне берілген көлемге толық жайылып орналасатын агрегаттық күйі. «Газ» (французша gas, грекше chaos – бей-берекет) атауын ғылыми қолданысқа 17 ғасырдың басында голланд ғалымы Ян Баптист ван Гельмонт енгізген. Газ молекулаларының соқтығысу уақыты олардың еркін жолға кететін уақытынан әлдеқайда аз болады. Химиялық элементтердің өте кіші бөлшекке бөлініп, бейтарап ұшуы. Негізгі тұрмыстағы газдар пропан, бутан, неон және тағыда басқа Газ қатты дене мен сұйықтық тәрізді еркін бет түзбейді және ол берілген көлемді толық толтырып тұрады. Газ тәрізді күй – заттардың (жұлдызаралық заттар, тұмандықтар, жұлдыздар, планеталардың атмосферасы, тағыда басқа) ғаламдағы ең көп таралған күйі. Химиялық қасиеттері бойынша газдар және олардың қоспалары (активтілігі аз инертті газдар мен қопарылғыш газдар қоспасына дейін) сан алуан болып келеді. Газға атомдар мен молекулалардан тұратын жүйе ғана емес, кейде басқа бөлшектерден – фотондардан, электрондардан, броундық бөлшектерден, сондай-ақ плазмадан тұратын жүйелер де жатқызылады.Нақты (реал) газдар. Газдың тығыздығы артқан сайын оның қасиеттері идеал газ күйінен ауытқи бастайды. Бұл жағдайда соқтығысулардың рөлі артып, молекулалардың мөлшерлері мен олардың өзара әсерлерін ескермеуге болмай қалады. Мұндай газды нақты (реал) газ деп атайды. Газ алмасу, биологияда – ағза мен оны қоршаған орта арасындағы газ алмасу процесі. Адам мен жануарлар ағзасы тыныс алу кезінде сыртқы ортадан оттекті сіңіріп, өзінен көмі қышқыл газын және зат алмасу нәтижесінде пайда болатын әр түрлі газ қоспаларын сыртқа шығарады. Газ алмасусыз тірі ағзада зат және энергия алмасуы дұрыс жүрмейді. Зат алмасу процесінің нәтижесінде ағза сіңірген қоректік заттардың (белок, көмірсу, май) құрамындағы химиялық энергия бөлініп, ағзаның тіршілік әрекетіне қажетті энергияға (мысалы, 1 литр оттек 4,7 – 5,0 ккал жылу береді) айналады. Организм пайдаланатын оттек пен одан бөлініп шығатын көмір қышқыл газдың мөлшері адамның жасына, тіршілік әрекетіне, атқаратын қызметіне, сыртқы ортаның температурасына және тағамның құрамына байланысты өзгеріп тұрады. Адам жұмыс істегенде, ауа райы салқындағанда, калориялы тамақ ішкенде ағзадағы газ алмасу күшейе түседі. Демалыс кезінде, ұйықтағанда газ алмасу төмендейді. Газ алмасу арқылы ағзадағы энергия мөлшерін анықтауға болады. Газ алмасу процесі кезінде ағза оттекті көп мөлшерде пайдаланса, барлық дене мүшелерінің қызметі артып, тыныс алу және қан айналысы жақсарады, осыған байланысты қанның физикалық-химиялық құрамы да өзгереді. Газ алмасу бір клеткалы қарапайымдыларда, олардың бүтіндей денесі арқылы, көп клеткалы жануарларда арнаулы тыныс мүшелері (кеңірдек, желбезек, өкпе) арқылы жүреді. Өсімдіктердегі газ алмасу жануарлар мен адам ағзасындағыдан өзгеше болады. Тірі азғалар сияқты өсімдіктер де барлық мүшелері арқылы тыныс алады, тыныс алу процесі өсімдіктің өсіп келе жатқан жас мүшелері мен тіндерінде, әсіресе, жапырақтарында күшті, ал сабағы мен тамырында баяу жүреді. Өсімдіктер тыныс алған кезде, керісінше, ауадан көмір қышқыл газ сіңіріліп, оттек бөлінеді. Химиялық заттардың кейбіреулері газ күйінде болады, мысалы, Н2, O2, N2, Сl2, т.б. Бұлардан басқа күрделі заттар да газ күйінде бола алады: СO2, SO2, СН4, HCl, H2S, т.б. Газ күйіндегі заттар газ заңдарына бағынатыны белгілі, оларды сендер физика курсынан білесіңдер.