
- •1.Энергетиканың жалпы сипаттамасы, пәні, ұғымдары, терминдері және анықтамалары.
- •2. Дәстүрлі және дәстүрлі емес энергия көздері
- •3.Өндірістік өнеркәсіптердің атмосфералық ауасын ластанудан қорғау.
- •4. Қазақстан Республикасы энергетикасының қазіргі күйі.
- •5.Энергетиканың экологиялық проблемалары.
- •7. Жұмысшы зонадағы ластағыш заттардың шрк.
- •9. Энергетикалық тұтынуды қанағаттандыруда дәстүрлі емес көздердің орыны.
- •10. Өндірістік дамыған елдердің энергетикалық шаруашылығы әлемдік энергетиканың ресурстық қамтамасыздығы және оның даму перспективасы.
- •11.Зиянды тасталымдардың түрлері және олардың адам деңсаулығына әсері.
- •12. Жэ және қазандардың атмосфераға тасталымын бақылауды ұйымдастыру.
- •13. Тасталымдар мөлшерін есептеу.
- •14. Альтернативті энергия тасушылар (торф, көмір, битум, жанғыш сланецтер).
- •15.Күн энергиясын қолдану.
- •16. Күн энергиясын өзгертудің физикалық негіздері
- •17. Күн жылу электростанциялары.
- •18. Күн коллекторларының типтері және олардың жұмыс істеу принциптері.
- •19. Күн фотоэлектр станциялары.
- •20. Күн батареяларының типтері. Күн батареяларының параметрлерін есептеу.
- •2. Күн элементтерінің құрылысы.
- •3. Жел энергиясын пайдалану.
- •4.Жел энергетикалық қондырғыларын қолдану.
- •5. Жел энергиясының қоры және оны пайдалану мүмкіндіктері. Қр жел кадастры туралы мәлімет.
- •6. Реалды және идеалды жел генераторлары. Есептеу мысалдары.
- •7. Жел электростанциялары.
- •9.Геотермальды жылу көздері. Оны әлемде қолданудың әдестері мен тәсілдері.
- •13. Сарқылмайтын энергия көздерінің экономикалық тиімділігі.
- •14. Күн энергиясы және күн электр станциялары.
- •15. Дәстүрлі энергия көздерін қолданудың экологиялық аспектілері.
- •16.Жел энергетикасы қондырғысы
- •17. Энергетика секторының қызметімен байланысты экологиялық тәуекелдер.
- •18. Қр геоэс-ның конструктивті ерекшеліктері және олардың даму перспективалары.
- •19. Кіші өзендер мен мухит энергиясы.
- •20.Мухит және теңіз энергиясын пайдалану. Күн мен айдың ағындар түзу энергиясы.
- •1.Мухиттардың энергетикалық ресурстары жән әлемдегі оны пайдалану жағдайы.
- •2.Әлемдегі теңіздер энергиясын пайдалану күйі
- •3. Қр сарқылмайтын энергия көздерін пайдаланудың әлеуеті.
- •4.Екіншілік энергетикалық ресурстарын пайдалану. Еэр-дың шығымы мен қолданылуы.
- •5. Екіншілік энергетикалық ресурстардың жіктелуі мен ұғымдар жүйесі.
- •6. Қолдану мен жобалау кезіндегі еэр-ды қолданудың технологиялары.
- •7. Биоэнергия, силикаттар энергиясы, отын элементтері.
- •8. Өндірістік және ауылшаруашылық қалдықтарды энергетикада қолданылуы.
- •9. Кіші өзендер энергетикасы мен биомассаны тиымды пайдалану.
- •10. Қатты тұрмыстық қалдықтарды энергетикалық пайдалану.
- •11. Жылу электр станцияларының атмосфераға тасталатын ластағыш заттарын есепке алу.
- •12. Жаңа отын түрлерін пайдаланудың перспективалары.
- •15. Қатты бөлшектер тасталымын есептеу.
- •16. Мазут жаңу кезінде бөлінетін түтін құрамындағы азот оксидтерін тасталымын есептеу.
- •17. Кіші гидроэнергетика.
- •18. Жел энергетикалық ресурстарын пайдалану арқылы жылу энергиясын үнемдеу тәжірибесі.
- •19. Жел энергиясы ресурстарын пайдалану арқылы жаңармай үнемдеуді есептеу.
- •20. Сутектік энергетика.
13. Сарқылмайтын энергия көздерінің экономикалық тиімділігі.
Жаңартылатын энергия көздері - табиғи өтетін табиғат үрдістерінің есебінен тұрақты жаңаратын энергия көздері. Күн, су, өзендер, жел, топырақ жылуының, топырақтық және геотермалды сулардың, сондай-ақ биологиялық отынның энергиясы белсенді пайдаланылады.Дәстүрлі емес, сарқылмайтын энергия көздерін қазіргі кезде ҚР халық шаруашылығына енгізу өзекті проблемалардың бірі. Оны қысқа мерзімде шешу қажет, өйткені ол Қазақстандағы өндірістік ауыл шаруашылық және басқа салаларда электр энергиясының арзандауы мұндағы өндірілетін өнім құнын арзандатуға, энергия тұтындары азайтуға сөйтіп еліміздің біртұтас экономикасын күшейтуге себеп болады. Қазақстан Республикасында органикалық отынның мәнді қорымен қатар жаңартылатын ресурстар мен энергия көздерінің (күн, жел, гидравликалық, геотермалды, биомасса және ҚТҚ энергиясы, сутекті және өзге де балама энергетика) кең қоры бар. Тек қана жел бойынша жаңартылатын ресурстар мен энергия көздерінің техникалық әлеуеті жылына 1 820 млрд. кВт. сағ. жуықты құрайды, бұл Қазақстан Республикасының барлық отын-энергетика ресурстарын тұтыну көлемінен 25 есе асады, ал экономикалық әлеует 110 млрд. кВт. сағ. астамға анықталған, бұл Қазақстан Республикасындағы энергия ресурстарын жылдық ішкі тұтынудан 1,5 артық. Бастапқы отын-энергетика ресурстар құнының артуымен жел энергетикасының экономикалық негізделген әлеуеті өсетін болады. Экономика өсімінің жалғасатын өсімінің шамасында электр энергиясына және жылуға сұраныс өседі; олардың өндірісі бүгінгі таңда сұраныстан қалуда және жақын уақытта (2009 жыл) бұл факт Оңтүстік Қазақстан бойынша қуаттың жетіспеушілігіне - экономикалық өсімге кедергі келтіретін болады, қазірдің өзінде жазғы кездерде 600 мегаватт құрайды және қысқы кездерде 900 МВт дейін жетеді. Қазақстан Республикасы электр энергиясын өндіру индустриясына инвестицияның жетіспеушілігіне тап болып отыр - алдын-ала бағалау бойынша келесі 15 жыл ағымында АҚШ-тың 15 млрд. жуық доллары, ал келешекте 2030 жылға дейін АҚШ-тың 24 млрд. доллары қажет болады. Келесі 10-12 жыл ағымында (2018 жылға дейін) Қазақстанда энергияға сұраныстың 50 %-ға артуы болатыны күтіледі. Ағымдағы бөлшек тарифтер олардың қашықтығына байланысты еместігінен кез келген осы тұтынушы үшін электр энергиясын беру және бөлу құнын барабар емес көрсетеді. Осыған байланысты қолданыстағы электрлік жүйе үшін тарифтерді қысқартуға бағытталған инвестициялар алынған артықшылықтармен өлшенетін табыстарды өзіне тартпайды. Энергетикалық көздерге жақын орналасқан кәсіпорындар алыстағы тұтынушылардың көліктік шығындарын төлейді.
14. Күн энергиясы және күн электр станциялары.
Күн энергетикасы дегеніміз – дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ. Күннің сәулеленуі – Жердегі энергия көзінің негізгі түрі. Оның қуаттылығы Күн тұрақтысымен анықталатындығы белгілі. Күн тұрақтысы – күн сәулесіне перпендикуляр болатын, бірлік ауданнан бірлік уақыт ішінде өтетін күннің сәуле шығару ағыны. Бір астрономиялық бірлік қашықтығында (Жер орбитасында) күн тұрақтысы шамамен 1370 Вт/м²-қа тең. Жер атмосферасынан өткен кезде Күн сәулеленуі шамамен 370 Вт/м² энергияны жоғалтады. Осыдан Жерге тек 1000 Вт/м²-қа тең энергия ғана келіп түседі. Бұл келіп түскен энергия әр түрлі табиғи және жасанды процесстерде қолданылады. Күн сәулесі арқылы тікелей жылытуға немесе фотоэлементтер көмегімен энергияны қайта өңдеу арқылы электр энергиясын алуға не басқа да пайдалы жұмыстарды атқаруға болады. Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғылардың бірі – Күн батареялары. Күн батареясы немесе фотоэлектрлік генератор – Күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын шала өткізгішті фотоэлектрлік түрлендіргіштен (ФЭТ) тұратын ток көзі. Көптеген тізбектей-параллель қосылған ФЭТ-тер Күн батареясын қажетті кернеу және ток күшімен қамтамасыз етеді. Жеке ФЭТ-тің электр қозғаушы күші 0,5-0,55 В-қа тең және ол оның ауданына тәуелсіз (1 см² ауданға келетін қысқа тұйықталу тогының шамасы – 35-40 мА). Күн батареясындағы ток шамасы оның жарықтану жағдайына байланысты. Яғни күн сәулелері Күн батареясы бетіне перпендикуляр түскенде, ол ең үлкен мәніне жетеді. Қазіргі Күн батареяларының пайдалы әсер коэффициенті – 8-10%, олай болса 1 м² ауданға тең келетін қуат шамамен 130 Вт-қа тең. Температура жоғарылаған сайын (25ºС-тан жоғары) ФЭТ-тегі кернеудің төмендеуіне байланысты Күн батареясының пайдалы әсер коэффициенті кеміп, Күн батареяларының жиынтық қуаты ондаған, тіпті жүздеген кВт-қа жетеді. Күн батареяларының өлшемдері әр түрлі болады. Мысалы: микрокалькуляторда орнатылғандарынан бастап, ғимараттар шатырлары мен автокөліктер төбелеріне орнатылатындарына дейінгі өлшемдерде. Сондай-ақ Күн батареялары ғарыш кемелері мен аппараттарында энергиямен жабдықтау жүйесіндегі негізгі электр энергиясының көзі ретінде қолданылады. Ал тұрмыс пен техникада қолданылатын көптеген бұйымдарды – калькулятор, қол сағаты, плеер, фонарь, т.б. токпен қоректендіру көзі де Күн батареялары болып табылатындығы бәрімізге белгілі. Осыған орай Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын құрылғыларды пайдалану деңгейі жылдан-жылға өсіп келеді. Мысалы: 2005 жылы жұқа қабыршақты фотоэлементтер нарықтың 6%-ын құраса, 2006 жылы бұл көрсеткіш 7%-ға жетті, ал 2007 жылы 8%-ға, ал 2009 жылы 16,8%-ға дейін өсті.