- •1.Әлеуметтанудың зерттеу түрлері мен әдістері.Зерттеу бағдарламасы құрылымы.
- •2. Әлеуметтік стратификация және мобильділік теориясы.
- •3.Жеке тұлға әлеуметтануы, Әлеуметтену деңгейлері, агенттері, түрлері
- •15. А. Маслоу қажеттіліктер иерархиясы. Конфликт әлеуметтануы. Конфликт түрлері, деңгейлері
- •17.Бақ мен бққ әлеуметтануы ақпарат қызметтері, коммуникация түрлері.
- •20. Жеке тұлғағаға қатысты концепсиялар. Әлеуметтану білімінің деңгейлері.
- •18. Экономикалық әлеуметтану. Экономикалық мәдениет. Жұмыссыздық.
- •23. Отбасының тарихы мен түрлері, қызметтері, әлеуметтік проблемалары.
- •43.Конфликт.Әлеметтік конфликт түрлері, шешу жолдары
- •25.Бақ пен бкқ әлеуметтану тарихы мен түрлері, қызметтері,әлеуметтік проблемалары
- •57.Жеке түлға әлеуметтануы.Жеке түлға теориялары
- •21.О Конттың, м Вебердің, г Спенсердің әлеуметтанулық көзқарастары
- •43.Конфликт әлеуметтануы. Конфликтіні шешу жолдары. Жағымды және жағымсыз жақтары
- •55 Отбасы әлеуметтануы. Отбасы қызметтері мен түрлері
- •58.Мәдениет әлеуметтануы түсінігі,құрылымы және негізгі элементтері.Субъмәдениет түсінігі және түрлері.
25.Бақ пен бкқ әлеуметтану тарихы мен түрлері, қызметтері,әлеуметтік проблемалары
БАҚ- әр түрлі ақпараттарды көпшілікке арнайы техникалық құралдар арқылы ашық әрі жария түрінде жеткізу үшін құрылған.
БАҚ-на радио, теледидар, баспа және көпшілікке ақпарат тарату, кино, видео, үнтаспа, анықтамалық каталогтар, кабельді және спутниктік байланыс жүйелері жатады.
БАҚ қызметтері:
1.коммуникативті
2.ақпарт таратушылық
3.танымдық, білім берушілік
4.қоғамдық пікір туғызу арқылы саяси билікке ықпал етушілік
БАҚ қызметтерінің негізгі бағыттары:
1.қоғамның ақпараттық туғызушылығын қамтамасыхз ету
2.жариялықты, ашықтықты қамтамасыз ету
3.қоғам өмірінде болатын әр түрлі проблемаларды айқындау жәнеталқылау
4.мемлекет, қоғам және жеке адамға қатысты кез-келген қызмет, пікір, іс-әрекет қолдау көрсету және сынға алу
5.азаматтардың саяси мәдениет ақпарат сауаттылығын қалыптастыру: адамгершілдік сапаларына тәрбиелеу
6.қоғамда қалыптасқан қандай да бір мәселеге қатысты пікірлер қалыптастыру, талдау жасау
БАҚ арқылы берілетін ақпараттар келесі түрде көрінеді:
1.ақпарат кімнен, қайдан шықты
2.ақпарт қандай жолдар арқылы таралды
3.ақпарат кімге таралған, қандай мақсатта
4.ақпарат арқылы қандай нәтиже қалыптасты
Ақпарат құралдары хабарларды халық арасына таратады. Қоғамдық пікір қалыптастырады. Саяси жұмыстар жүргізуге және т,б мүмкіндік береді, Солардың арқасында қоғамада тұрақтылық, ынтымақтастық орнығады.
Ақпарат құралдарының адамдарға тигізетін ықпалын ескере отырып, оны заң шығарушы, сот, атқарушы билігімен қатар қойып, төртінші үкімет деп атайды
26.Әлеуметтанулық зерттеудің түрлері мен әдістері, бағдарлама жасау
Әлеуметтанулық зерттеулер-өзара бір мақсатқа байланысты қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды жан-жақты қарастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер жиыны
Әлеуметтанулық зерттеу бірнеше түрге бөлінеді:1)мақсаты мен теориялық бағдарына қарай:статистикалық,тәжірибелік,типологиялық,тарихи -салыстырмалылық,монографиялылық; 2)зерттеу көлемі мен күрделілігіне 1)барлаулық; 2)сипаттамалық ; 3)аналитикалық
Барлаулық зерттеулер-әлеуметтік проблема туралы мағлұматтар алу үшін кішігірім бағдарламалық жоспар негізінде құрылған зерттеуледі айтамыз(экспресс сұрақтар қою,гипотеа жасау,зерттеудің негізгі мақсаты мен объектісін анықтауға негізделген).
Cипаттамалық зерттеулер-бұл зерттеулер әлеуметтік проблема құрылымын,мазмұнын,ерекшеліктерін алуға бағытталған(қандай әлеуметтік топ,жасы,жынысы,атқаратын қызметтерін алуға бағытталған.
Аналитикалық зерттеулер-проблеманың шығу себептерін,проблема элементтері арасындағы бір-бірімен байланысты нәтижелерді,олардың себеп-салдарын анықтауға бағытталған зерттеулер
Кез-келген проблеманы ашу н/е қандай да бір жаңалықты табу, ғылыми жұмыстар дұрыс ұйымдастырылып жүзеге асуы үшін негізгі мәселе жоспар,программа,бағдарламаны дұрыс құруды қажет етеді.
Социологиялық зерттеудің бағдарламасы 2 негізгі бөлімді қамтиды:1.теориялық-әдістемелік; 2.практикалық-процедуралық
Теориялық-әдістемелік бөлім келесі элементтерден тұрады:1.әлеуметтік проблема тақырыбы,тақырыбының өзектілігі;2. әлеуметтік зерттеудің объектісі,мақсат-мүдделері;3. әлеуметтік зерттеудің болжамы;4. әлеуметтік зерттеуде әдіс тәсілдерге сипаттама жасау
Практикалық-процедуралық бөлімде әлеуметтік зерттеулерге ұйымдастырушылық құрылады: і жіберу қанша мерзімді қамтиды,қанша қаражат жұмсалады,қанша инструмент қажет,қанша адамды жұмысқа алу қажет.
Социологиялық зерттеу әдістері: бақылау,анкета,сұхбат,құжаттарды талдау,эксперимнет,социометрия,фокстоп т.б.
Бағдарлама жасау
1.проблеманың тақырыбын табу
2.зерттеудің мақсаты мен міндеттерін табу
3.зерттеудің субъектісі мен пәні
4.зерттеудің ідңстерін айқындау
5.әлеуметтік проблемаларға қатысты терминдерге талдау жасау
6.зерттеудің гипотезесын жасау
40 Әлеуметтанудағы эмпирикалық зерттеу. Бақылау әдісі, оның кезендері, негізгі сипаттамасы, түрлері
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), әдістеме (методика) міндетті түрде қажет. Әлеуметтанудың методологиясын әркім әрқалай түсінеді. Методология ұғымы гректің «метедос», яғни таным тәсілі және «логос», яғни ілім деген мағына беретін сөздерінен тұрады. Бір сөзбен айтқанда, методология ғылыми зерттеулер принциптерінің жүйесі. Эмпириктер методология туралы айтқанда оны техниканың жиынтығы және әлеуметтікті талдаудың жөні ретінде пайымдайды. Теоретиктер методологияны әлеуметтікке жету үшін арнайы әдіс, әдістеме және техниканы дайындау мен таңдауды қажетсінетін әлеуметтік шындық туралы белгілі бір пікірлер жүйесі ретінде қарастырады. Әлеуметтанушы эмпириктердің методология жөніндегі түсіндірмесі олардың әлеуметтану зерттеулерінде теорияның орны мен рөлін белгілі бір деңгейде жете бағаламауынан немесе олардың қолдануға жарамайтын теориялық тұжырымдамалардан бас тартуға тырысуынан туындағанын көрсетеді. Теоретиктердің методология туралы түсінігі теориялық зерттеулерді эмпирик алық ізденістермен тығыз байланыс орнатуға бағыттайды. Бірақ осы байланыс жөнінде тіс жарып ештеңе айтпайды. Сондай-ақ методология туралы әлеуметтану зерттеулерін теориялық және тәжірибелік деңгейлерде ұйымдастыру мен жүзеге асырудың алғышарттары мен принциптерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
Әлеуметтік зерттеудің теориялық және эмпириялық («эмпирия» — грек сөзі, «тәжірибе» деген мағына береді. Бұдан әрі тәжірибелік деп жазылады) типтері бар. Тәжірибелік зерттеу іргелі және қолданбалы болып екіге бөлінеді. Іргелі әлеуметтік зерттеудің басты мақсаттарының бірі зерттеліп қаралатын пән жөніндегі ғылыми түсінікті жетілдіру мен дамыту болып саналады. Қолданбалы зерттеу нақты бір әлеуметтік проблеманы шешуге арналады.
Қолданбалы зерттеудің социоинженерлік сипатта болуы оның теориялық зерттеуден айырмашылығы бар екендігін де ашып көрсетеді. Өйткені соның нәтижесінде әрекет етудің нақты бағдарламасы жасалады.
Оны жүзеге асыру зерттелген проблеманы практикада шешуге бағытталады. Саясаттанушылар мен саясаткерлер, заңгерлер мен басқарушылар, экономистер мен бизнесмендер және басқа да социогуманитарлық бағдардағы мамандар эмпириялық әлеуметтану зерттеулерінің нәтижесінде алынатын ақпараттарды белсенді тұтынушылар болып саналады. Сол ақпараттарды қолдана отырып, олар өздерінің практикалық және теориялық сипаттағы кәсіби мәселелерін шешеді.
Нақты әлеуметтік зерттеулер жалпы ғылымдағы зерттеулерге тән кейбір элементтерді қамтиды. Бұл элементтерге, біріншіден, объект жатады, ол әлеуметтік шындықты (ақиқатты) бейнелейтін құбылыстар мен процестерден тұрады; екіншіден, субъект жатады, бұл әлеуметтанушы немесе әлеуметтанушылар тобынан тұрады; үшіншіден, нақты міндеттерді шешуге бағытталған зерттеудің мақсаты жатады; төртіншіден, ғылыми, техникалық, ұйымдық құралдар саяды; бесіншіден, зерттеу қорытындылары жатады.
