Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsiologia (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121.06 Кб
Скачать

18. Экономикалық әлеуметтану. Экономикалық мәдениет. Жұмыссыздық.

Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір әлеуметтану зерттеуінің ең маңызды объектілеріне айналды. Ол ХХ ғасырда АҚШ−та пайда болды. Экономикалық әлеуметтану экономиканы ондағы әрекет етуші әлеуметтік топтардың белсенділігінен,олардың мүдделерінен,мінез-құлқы мен өзара әрекеттесуінен қозғау алатын әлеуметтік процесс ретінде сипаттайды. Экономика саласындағы әлеуметтану зерттеуінің негізгі салаларытөмендегідей:

-экономикалық институттардың эвалюциясы.

-қоғамның экономикалық және кәсіби стратефикация мен икемділік, экономикалық теңсіздік,кедейшілік және байлық проблемалары.

-әлеуметтік қатынастар мен адамдардың экономикалық әрекеттерінің әр түрлі типтерінің қалыптасуы.

-адамдардың еңбек нарығындағы әрекеті,өндіріс және формальдыемес экономика саласында еңбек әрекеті.

-экономикалық сана мен ойдың дамуы.

-экономикалық ұйымдардың құрылымы.

-кәсіпкерлік және бизнес нысанының әлеуметтануы.

Экономикалық әлеуметтанудың негізгі міндеттері−экон.құбылыстар мен процестерді осында әрекет ететін жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың мүдделері,мүмкіндіктерітұрғысынан әлеуметтану тұрғысынан түсіндіру, сонымен қоса нақтылы бір қоғамныңэкономикасына әлеуметтік және мәдени факторлардың әсер етуін зерттеу болып табылады.Экон.әлеуметтану бізге экон.дамудың әлеуметтік механизмдерін біртұтас жүйе ретінде тереңірек түсінуге жол ашады: нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен қызмет етуі жағдайында адамдаырдың экон. іс-әрекеті; шаруашылық жәнеқаржы институттарының қалыптасуына саяси және әлкуметтік әрекеттердің,қоғамдық пікірдің,дін мен мәдени дәстүрлердің әсерін ашу.

Экономикалық мәдениет экон.мінез-құлықтың реттеушісі болып табылатын шаруашылық нормалардың,мінез-құлық үлгілерінің,құндылықтардың,дәстүрлер мен нысандардың,кәсіби білімдер мен қасиеттердің тұрақты жиынтығын білдіреді. Ол мәдени құндылықтар мен нормаларды сақтайды,экон.дамудың әлеуметтік зердесі болады,жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың экономикалық ресурстарды бақылау басым болатын әдістерін тудырады. Экон.мәдениет бірқатар қызметтер атқарады:таратушылық(болашақ ұрпаққа маңызды әлеуметтік-экономикалық құндылықтар мен нормаларды сақтап,жеткізу); іріктеу(мұраға қалған нормалар арасынан қазіргі жағдайда қолдап отыру мақұл болатындарын таңдап алу); инновциялық(экон.сана мен ойлаудың элементтерін жаңарту,экономикалық әрекетке жаңа технологиялар мен ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгізу);

Жұмыссыздық− экон.белсенді,яғни жұмыс істеуге қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өздеріне жұмыс таба алмайтын әлеуметтік-экон.құбылыс. Экономисттердің пікірінше жұмыссыздық табиғи процесс. Одан мүлдем құтылуға болмайды. Бірақ жұмыс жасауға қабілеті болса да, жұмыс орнын таба алмай жүрген адам үшін бұл аса жағымсыз жағдай. Бұл құбылысөз кезегінде қоғамға тұрақсыздық пен негативті әсерлерін алып келеді. Жұмыссыздық түрлерінің классификациясы жоқ. Көптеген зерттеулер жүмыссыздықтың үш түрін атап көрсетеді:фрикциондық, құрылымдық және циклдік. Фрикциондық жұмыссыздық кезінде жұмыскерлер өз жұмыс орындарынан өз еріктерімен басқа жұмыс табу үшін кетеді. Құрылымдық жұмыссыздық экономика құрылымындағы өзгерістерден пайда болады. Циклдік жұмыссыздық барлық экономикалық салаларға тән әр түрлі объективті себептермен байланысты болады.

Маусымдық жұмыссыздық кейбір мамандықтардың ерекшеліктерімен байланысты. Мысалы ауылшаруашылығы мен құрылыстағы жұмыстардың көпшілігі жаз маусымына келеді. Ал қыста тоқтап қалады. Технологиялық жұмыссыздық технологиялық ғылыми процесс нәтижесінде, өндірістің автоматтандырумен соған байланысты жұмыс орындарының босатылуымен түсіндіріледі.

30. Әлеуметтанулық зерттеулер-өзара бір мақсатқа байланысты қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды жан-жақты қарастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер жиыны

Әлеуметтанулық зерттеу бірнеше түрге бөлінеді:1)мақсаты мен теориялық бағдарына қарай:статистикалық,тәжірибелік,типологиялық,тарихи -салыстырмалылық,монографиялылық; 2)зерттеу көлемі мен күрделілігіне 1)барлаулық; 2)сипаттамалық ; 3)аналитикалық

Барлаулық зерттеулер-әлеуметтік проблема туралы мағлұматтар алу үшін кішігірім бағдарламалық жоспар негізінде құрылған зерттеуледі айтамыз(экспресс сұрақтар қою,гипотеа жасау,зерттеудің негізгі мақсаты мен объектісін анықтауға негізделген).

Cипаттамалық зерттеулер-бұл зерттеулер әлеуметтік проблема құрылымын,мазмұнын,ерекшеліктерін алуға бағытталған(қандай әлеуметтік топ,жасы,жынысы,атқаратын қызметтерін алуға бағытталған.

Аналитикалық зерттеулер-проблеманың шығу себептерін,проблема элементтері арасындағы бір-бірімен байланысты нәтижелерді,олардың себеп-салдарын анықтауға бағытталған зерттеулер

Кез-келген проблеманы ашу н/е қандай да бір жаңалықты табу, ғылыми жұмыстар дұрыс ұйымдастырылып жүзеге асуы үшін негізгі мәселе жоспар,программа,бағдарламаны дұрыс құруды қажет етеді.

Социологиялық зерттеудің бағдарламасы 2 негізгі бөлімді қамтиды:1.теориялық-әдістемелік; 2.практикалық-процедуралық

Теориялық-әдістемелік бөлім келесі элементтерден тұрады:1.әлеуметтік проблема тақырыбы,тақырыбының өзектілігі;2. әлеуметтік зерттеудің объектісі,мақсат-мүдделері;3. әлеуметтік зерттеудің болжамы;4. әлеуметтік зерттеуде әдіс тәсілдерге сипаттама жасау

Практикалық-процедуралық бөлімде әлеуметтік зерттеулерге ұйымдастырушылық құрылады: і жіберу қанша мерзімді қамтиды,қанша қаражат жұмсалады,қанша инструмент қажет,қанша адамды жұмысқа алу қажет.

Социологиялық зерттеу әдістері: бақылау,анкета,сұхбат,құжаттарды талдау,эксперимнет,социометрия,фокстоп т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]