- •1.Әлеуметтанудың зерттеу түрлері мен әдістері.Зерттеу бағдарламасы құрылымы.
- •2. Әлеуметтік стратификация және мобильділік теориясы.
- •3.Жеке тұлға әлеуметтануы, Әлеуметтену деңгейлері, агенттері, түрлері
- •15. А. Маслоу қажеттіліктер иерархиясы. Конфликт әлеуметтануы. Конфликт түрлері, деңгейлері
- •17.Бақ мен бққ әлеуметтануы ақпарат қызметтері, коммуникация түрлері.
- •20. Жеке тұлғағаға қатысты концепсиялар. Әлеуметтану білімінің деңгейлері.
- •18. Экономикалық әлеуметтану. Экономикалық мәдениет. Жұмыссыздық.
- •23. Отбасының тарихы мен түрлері, қызметтері, әлеуметтік проблемалары.
- •43.Конфликт.Әлеметтік конфликт түрлері, шешу жолдары
- •25.Бақ пен бкқ әлеуметтану тарихы мен түрлері, қызметтері,әлеуметтік проблемалары
- •57.Жеке түлға әлеуметтануы.Жеке түлға теориялары
- •21.О Конттың, м Вебердің, г Спенсердің әлеуметтанулық көзқарастары
- •43.Конфликт әлеуметтануы. Конфликтіні шешу жолдары. Жағымды және жағымсыз жақтары
- •55 Отбасы әлеуметтануы. Отбасы қызметтері мен түрлері
- •58.Мәдениет әлеуметтануы түсінігі,құрылымы және негізгі элементтері.Субъмәдениет түсінігі және түрлері.
20. Жеке тұлғағаға қатысты концепсиялар. Әлеуметтану білімінің деңгейлері.
Әлеуметтік сапалар жиынтығы бар адам индивиді ол нақты адамның дамуының нәтижесі,адамдық сапаның жоғымен көрінуі. Тұлға бір қатар қоғамдық ғылымнң оның ішінде негізінен философия, психология және социология ғылымының объектісі болып табылады.. Жеке тұлға - әлеуметтік сапалар жиынтығы бар адами индивид. Мұндай сапалар аз болған сайын, ол тұлғалық қасиеті де аз оны өз ішіндегі тұлға деп атауға болады. Өйткені оның тұлғалық қасиеттері оның әрекеттерінен, қылықтарынан және басқа адамдармен қарым-қатыныстарынан көрінеді.
Тұлғаның социологиялық теориясының негізгі мәселесі жеке адамның қалыптасу процесін және оның қажеттіліктерінің әлеуметтік қауымдастықтың қалыптасуымен және дамуымен тығыз байланыстылығын зеттеумен, жеке адам мен топтың, жеке адам мен қоғамның заңды байланыстарын зерттеумен, жеке адамның әлеуметтік мінез-құлқын зерттеумен байланысты. Алайда, социологияда тұлғаны зерттеуге байланысты бірқатар теорияларды бөліп көрсетуге болады.
1).Марксистік теория тұлғаны іс-әрекеттің объектісі және субъектісі ретінде қарастырады.Бұл теорияда жеке адам мен қоғамның өзара байланыстылығы жағына басты назар аударылады.
2).Рольдік теория. Оның негізгі өкілдері Ч.Кули, Р.Дарендорф, Т.Парсонс, Р.Мертон т.б. Бұл бағыттың көзқарастары бойынша тұлға әлеуметтік сапалардың тұтастығы ретінде қарастырылады.
Әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде тұлға белгілі бір дәрежеде қоғамға тәуелсіз және оған өзін қарсы қоя алатыны қабілетке ие болады. Жеке тәуелсіздік өзін билей білуге байланысты, ал бұл өз кезегінде, тұлғада өзін сезіне білудің болуына тікелей қатысты. Яғни, тұлғада сана, ой, ерік қана емес, өзін-өзі талдай білу, бағалай білу және бақылай білу қабілеті болуы қажет. Диспозициялық теория – тұлғаның социологиялық және әлеуметтік – психологиялық мінез–құлығының арасындағы байланысты орнатуға мүмкіндік береді. Диспозицияны жоғарғы және төменгі деп бөледі. Жоғарғы диспозиция – мінез – құлықтың жалпы бағытталуын реттейді. Оның құрамына мыналар кіреді: 1) өмір концепциясы және құндылық бағыты; 2) күнделікті әлеуметтік объектілер мен оқиғаларға қатысты жан-жақты әлеуметтік мақсаты; 3) төтенше жағдайдағы әлеуметтік мақсат.
Әлеуметтану білімінің денгейлері мыналар:
жалпыәлеуметтанулық теориялар немесе жалпытеориялық әлеуметтану;
арнайы әлеуметтанулық теориялар, бұларды кейде хеке теориялар деп те сипаттайды;
нақты әлеуметтанулық зерттеулер.
Әлеуметтану білімінің осы үш деңгейінің өзгешеліктері қоғамдық құбылыстардағы әлеуметтанулық талдаудың тереңдігін және бұдан шығатын маңыздылығын байқатады.
Жалпыәлеуметтанулық теориялар макроәлеуметтанулық зерттеу ретінде, әдетте, тым тереңділігін немесе әлеуметтанушылар айтқандай, қоғамның және жалпы тарихи процесс дамуының мәңгілік кезеңін қарастырады. Жалпыәлеуметтанулық теориялар денгейінде кез - келген әлеуметтік құбылыстардың пайда болуы мен одан әрі жалғасуының аса түбегейлі себептері, қоғам дамуының қозғаушы күштері, соның ішінде өндірістік қызметінің теориясы қалыптасады, қоғам дамуындағы еңбектің рөлі ерекшеленеді.
Арнайы немесе жеке әлеуметтанулық қағидалар - социум өмірінің жеке бағыттары, жеке әлеуметтік топтар мен институттарды қарастырады. Бұл теорияның танымдық мөлшері, көлемі жалпыәлеуметтанулық теорияларға қарағанда қысқа, әдетте қоғамның жүйешелерімен ғана шектелген. Осы ретте, қоғамдық өмірдің экономикалық және әлеуметтік мысалға ауға болады. Мұндағы жағдайда әлеуметтік - экономикалық қатынастар, адамдардың өндірістік қызметі, әсіресеоның әлеуметтік аспектілері, сонымен қатар халықтың әр түрлі категорияларының еңбек жағдайы мен әлеуметтік қорғанысының проблемалары, халыққа білім беру, денсаулық сақтау, тұрмыс пен адамдардың демалысы, әлеуметтік қамсыздандыру т.б. мәселелері зеттеледі.
Нақты әлеуметтанулық зертеудегі ең маңызды нәрсе – ол қоғамда, оның бір саласында не болып жатқан және оларды адамдар қалай қабылдап отырғаны жөнінде айқын ақпарат алу. Нақты әлеуметтанулық зерттеулер эмприкалық әлеуметтанудың маңызды саласы болып табылады. Бұл бағыт адамдардың күнделікті практикалық қызметін, оның объективті және субъективті жақтарын зерттеуге бағытталған.
Әлеуметтанудың ғылым ретінде айтарлықтай күрделі, көп деңгейлі құрылымы бар. Кез келген ғылымдағыдай оның негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады [12]:
Бірінші құрамдас бөлігі - білім - өзіне әдістемелік және дүниетанымдық принциптерді; жалпы, арнайы және салалық теорияларды, іргелі және қолданбалы теорияларды; әлеуметтану пәні туралы ілімді, әлеуметтанулық әдістер, оларды жасау және қолдану туралы білімді; әлеуметтану білімінің нысандары, тұрпаттары мен деңгейлері туралы ілімді, арнайы түзілген жіктелімдерді немесе типологияларды; тұжырымдамалық үлгілер мен болжамдарды қамтиды.
Екінші құрамдас бөлігі - білім алу құралдары - бұл жеке әдістер мен әлеуметтану зерттеулерінің өзі.
Білімнің деңгейіне қарай әлеуметтану теориялық және эмпирикалық болып бөлінеді.
Ғылыми танымдағы теориялық пен эмпирикалық арақатынастың проблемасы екі аспектіні: функционалдық және генетикалық аспектіні қамтиды.
Функционалдық аспекті ғылымның дамыған теориялық аппараты мен оның эмпирикалық базисінің арақатынасына қатысты. Мәселені мұндай қырынан алып қарау теорияның аппараты мен бақылаулардың және эксперименттердің мәліметтері арасындағы байланыстырушы буындарды табуды, теориялық ережелерді эмпирикалық тексеру әдістерін анықтауды көздейді, ол ғылыми білімнің теориялық деңгейі қалыптасқан және мәселе оның эмпирикалық деңгеймен арақатынасын негіздеу туралы болған жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл ретте теорияның эмпиркамен “кері байланысы” ғылымның өзінің теориялық аппаратының одан әрі жетілуі мен дамуының маңызды қозғаушы күшіне айналады.
Ғылымдағы теориялық және эмпирикалық білімнің арақатынасы проблемасының генетикалық қыры теориялық аппаратты, оның ішінде ғылыми теорияны қалыптастыруға, ғылымның эмпирикалық сатысынан оның теориялық сатысына көшуіне қатысты.
Теориялық білім - теориялық білімнің әлеуметтанушылық теориялары, болжамдары, типологиялары және т.б. нысандары.
Эмпирикалық білім - эмпирикалық білімнің статистикалық мәліметтері, фактілері, жіктелуі және басқа да нысандары.
Егер де әлеуметтануды “теориялық” және “эмпирикалық” деп бөлу білімнің деңгейімен (теориялық және эмпирикалық) байланысты болса, әлеуметтануды “іргелі” және “қолданбалы” деп бөлу - әлеуметтанудың өзінің ғылыми немесе қолданбалы бағдарларына байланысты.
33.Әлеуметтік құрылым әлеуметтануы. Әлеуметтік сертификация. Әлеуметтік роль және статус.Әлеуметтік құрылым деген ұғым социологияға 19 ғ енген.М.Вебердің, К.Маркстың,Э.Дюргеймнің т.б. социологтардың еңбектерінде «таптық әлеуметтік құрылым» деген түсінік жиі кезеседі . Әлеуметтік құрылым социологиясында терең зерттелген мәселе, әлеуметтік стратификация, топтардың әлеуметтік ,экономикалық ,саяси т.б. белгілерге б/ты бөлінулері,ажыратылуы,жіктелуі. Әлеуметтік құрылым социологиясында әртүрлі көзқарастар, бағыттар бар.Кейде әлеуметтік құрылым социологтардың әлеуметтік стратификация теориясымен тепе -тең мағынада қолданып жүрген социологтар бар.
Әлеуметтік құрылым дегеніміз -таптардың,топтардың,отбасының, басқа да әлеуметтік қауымдастықтардың,ұйымдардың,этностардың,әлеуметтік институттардың жиынтығы және олардың ара қатынастары,байланыстары.Сонымен,әлеуметтік құрылым жүйе ретінде бірнеше элементтерден тұрады.Олар-тап,әлеуметтік топ,страталар,кәсіби топтар, қала және ауыл тұрғындары т.б қауымдастықтар.Страта деген ұғым социологияға 19 ғ. енгізілген.Социологияға бұл термин қоғамдағы таптар,топтар,қабаттар деген түсініктерді белгілейді.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы әлеуметтік жүйенің бөлімі және екі компоненттен тұрады:әлеуметтік байланыс және әлеуметтік құрам.Әлеуметтік құрам әлеуметтік құрылымды құрайтын элементтердің жиыны.
Әлеуметтік құрылым -әлеуметтік жүйедегі элементтердің тұрақты байланысы.Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі- белгілі мәртебесі бар және белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын жеке адамдар,ал жеке адамдар - мәртебелік белгілеріне сәйкес топқа бірігеді,әлеуметтік территориялық,этникалық және басқа да бірліктерге енеді.
Әлеуметтік страфикация теориясы - қандай да бір қоғамдағы көптеген әлеуметтік топтар мен таптарды зерттеуге бағытталған. Олардың өкілдері бір-бірінен тең емес билік көлемімен, материалдық байлығымен, құқықтарымен және міндеттерімен, артықшылықтарымен және беделімен ерекшеленеді. Ал әлеуметтік қоғамдастық ішкі байланыстары мен қатынастарының тұрақтылығымен сипатталады. Сондықтан бұл әлеуметтік топтарды былайша бөліп көрсетуге болады: әлеуметтік-таптық, аумақтық, кәсіби, этноәлеуметтік, дінаралық және басқалар. Адамдар өмір сүру барысында әлеуметтік кеңістікте бір топтан екінші топқа ауысып отырады. Әлеуметтік икемділік тік және көлденең бейнеде болады, ал оның өнімділігі қоғамның даму деңгейін және жеке адамның әлеуметтік таңдауының еркіндігін көрсетеді.
Теңсіздіктер мен әлеуметтік стратификация проблемасы іс жүзінде әлеуметтік және философиялық теориялардың барлығының да басты назарында болады. Стратификация ұғымының қазіргі заманғы ғылыми ойлаудың санаттық аппаратындағы орнының маңызы зор.
Әлеуметтік қауымдастықтар теңсіздігі жүйесін сипаттау үшін әлеуметтануда “әлеуметтік стратификация” ұғымы пайдаланылады. “Стратификация” терминінің өзі әлеуметтануға геологиядан келген. Ағылшын тілінде “strata” немесе “stratum” сөзі алғашында геологиялық қабат деген, ал “stratіfісatіon” сөзі қабатталу, қатталу деген ұғымды білдірген. Әлеуметтанушылар әлеуметтік теңсіздікті белсенді түрде зерттей бастаған кезде [18] осы терминді алған, сөйтіп ол жаңа мағынаға, қоғамды белгілі бір топтарға бөлу мағынасына ие болған. Қоғамда әртүрлі құрылым болатындықтан [19], ондағы адамдар түрлі негіздер бойынша жіктеліп отыратын болған.
Алайда теңсіздік табиғаты туралы сөз қозғалатын кез келген ғылыми әдебиетпен алғашқы танысудың өзі стратификация процесі мен әлеуметтік жинақылық проблемалары зерттеушілер арасында осы ұғымның мазмұны мен көлеміне қатысты бірыңғай көзқарастың жоқ екендігіне көз жеткізеді. Сол сияқты әлеуметтік қауымдас-тықтарды білдіретін әлеуметтік тап, топ, страта, мәртебелік топтар сияқты талдау бірліктері де барлық уақытта бірдей баяндала бермейді.
Әлеуметтік стратификация проблемасына қазіргі заманғы көзқарастың негізін Макс Вебер қалаған болатын, ол әлеуметтік құрылымды таптармен және оларды тудырушы меншік қатынастарымен қатар әлеуметтік мәртебе мен билік те маңызды орын алатын көп өлшемді жүйе ретінде қараған. М.Вебердің К.Маркстен айырмашылығы, ол экономиканы ұйымдастыруды стратификацияның негізі деп санамай, экономикалық сипаттамалардың бастапқылығы тезисінен бас тартты және “стратификацияның үш автономды өлшемдері” туралы өз ұғымын тұжырымдады
Дәреже ұғымы стратификацияны талдауда шешуші мәнге ие болады. Ол страталардың өмір сүруінде бағалау факторлары: адамның қандай да бір жағдайдағы мінез-құлқының желісі, оның өзін және айналасындағыларды дәрежелеуге көмектесетін белгілерге негізделген бір нәрсеге, ұстанымдарға көзқарасы үлкен рөл атқаратынын көрсетеді.
Қоғамдық пікір әлеуметтануы- ұжымдық пікірлермен пайымдау саласын зерттейді. Олар үкіметтің бақылауынан тыс тұрғанмен,саяси процестердің барысына, шешімдер қабылдауға және қоғамдық саясаттың дамуына әсер етеді. Онда қоғамдық пікірдің қалыптасу кезеңдері, оның құрылымы және қоғамдағы қызметтері қарастырылады.
