Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsiologia (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121.06 Кб
Скачать

3.Жеке тұлға әлеуметтануы, Әлеуметтену деңгейлері, агенттері, түрлері

Әлеуметтану тұлғаның қоғам өмірінің барлық дерлік салаларындағы қызметін (отбасы,экология,саясат,құқық,мәдениет) өзінің зерттеу пәніне жатқызады.Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып табылады.Адам деген-адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.Индивид адам тегінің нақты өкілі,жеке адам.Индивидуалдық-бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы,яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы.Ал тұлға дегеніміз-адамның тек табиғи биологиялық қасиеті ғана емес,ал табиғаттан тысқары жатқан, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні.Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды.Нақтылап айтсақ,тұлға дегеніміз-индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті.Яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды.Индивид-жеке-дара адам.Барлық адамға тән ортақ қасиет-ол тек қоғамда ғана өмір сүре алады.Ол қоғам өішінде ғана нәтиже алады,себебі ол қоғамдық болмысты бойына сіңіреді.Адамның адами қасиеттерін қалыптастыратын тек қоғамдық орта.Ол үшін адам туған күнінен бастап сол ортадан қол үзіп кетпеуі міндет.Осы ортамен тығыз байланыс,қатынаста болып,сол ортаның іс-тәжірибелерін,сапа қасиеттерін өзінің бойына сіңіруі қажет.Әлеуметтану тұлғаның идеалды типін,яғни оның қоғамның идеясына сәйкес келетін немесе идеалды емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін,оның идеалды типтен айырмашылығын зерттейді.Әлеуметтануда тұлғаның екі негізгі тұрғыда қалыптастырылады.

1Әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттердің субъектісі ретінде тұлғаны қарастырады.

  1. Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіне араласып,мұның бар жақсылықтарын бойына сіңіріп,тұлға ретінде қалыптасуын қарастырады.

Туған сәби әлі тұлға емес.Ол тек қана индивид.Ол адам тегінің өкілі.Ол тұлға болуы үшін негізгі екі шарт қажет:

  1. Әлеуметтік ортаның болуы қажет,өйткені онда мәдени орта болады,онымен жас сәби бала әр уақытта байланыста,қатынаста болуы қажет.Онсыз яғни әлеуметтік ортасыз сәби бала жан-жақты дами алмайды.

2.Әрбір тұлғаның белгілі-бір деңгейде іштей санасы,қасиеті болады.осылардың жиынтығы тұлғаның құрылымын қалыптастырады.

4.Экономикалық әлеуметтанудың мәселелері, заңдары мен принциптері

Эко.қ әлеуметтану қоғамның эко.қ өмірі Эко.қ эко.қ дамудағы әлеуметтік процестерді,проблемаларды зерттеумен айналысады. Эко.қ әлеум.ң қарастыратын мәселелері:1.эко.қ институттар,2.еңбектік қатынастарда болатын адамдар,топтар,ұжымдар адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы,эко.қ мақсат-мүддесі,3.эко.қ ойлау,сана,эко.қ мәдениет, эко.қ әлеуметтену,құндылықтар мен нормаларды зерттейді,4.эко.қ социология қоғамдағы барлық эко.қ қатынастарды басқару,ұйымдастыру.Экон.қ соц.ң қағидалары:1)қандай да бір экон.қ процестерді зерттеуге адамның н/се әлеуметтік топтың талап тілегі,құқықтарын ескеру қажет 2)экон.қ процестердің әлеуметтік факторларға тәуелділігі,ал адамның әлеуметтік жағдайы,экономикаға байланыстылығын ескеру қажет. 3)экон.қ проблемаларды зерттеуде адам факторы ж/е әлеуметтік мәселер 1орынға қаралу қажет.4)экон.қ ж/е әлеуметтік саясаттың тығыз байланыста болатынын ескеру қажет. Эко.қ теория көп жағдайда материалдық,қаржылық,ақпараттық ресурстардың дайын өнім мен қызметін айналу қатынастарын зерттейді.Экономика саласындағы әлеуметтену зерттеуінің негізгі салалары:-эко.қ институттардың эволюциясы;-қоғамның эко.қ ж/е кәсіби стратификация мен икемділік;-эко.қ сана мен ойдың дамуы;-эко.қ ұйымдардың құрылымы.экон.қ әлеуметтанудың негігі категориялар:1)жалпы ғылыми катег.р-құрылым,жүйе,функция,процесс,байланыс,тұрақтылық,даму ж/е т.с.с.2)жалпы әлеуметтік ғылымдардың сөздігінен алынған.

5. Әлеуметтану даму тарихы мен бағыттары О.Конттың әлеуметтанулық көзқарасы Қоғам даму заңдылықтары. Әлеуметтану – қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огююст Конт (1798 - 1857) еді. Бұған дейін қоғамның өмір сүруі мен дамуы жөнінде түрлі ілімдер Шығыс және Батыс ойшылдарының жалпы философиялық көзқарастарының құрамдас бөлігі іспетті қарастырылып келген еді. Қоғамның дамуында ғасырлар бойы өзіндік ерекше, бірегей көқарастар қалыптасып, ол туралы, әсіресе, саясат, мораль, ғылым, дін, өнер мәселелері көне Үнді, көне Қытай, көне грек философтарының, Еуразияның орта ғасырлық және жаңа заман ойшылдарының еңбектерінде баяндалған болатын.Әлеуметтану философиядан бөлінгенімен, қоғамның біртұтастығын, оны дамытатын қозғаушы күштерді, тағы басқа да проблемаларды қарастырумен шектеліп қалмайды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қарастырады, соның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін және қоғамдық дамудыңбасқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен айналысып, кейіннен олардың өздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу пәніне айналдырады.Алайда, қоғам дамуына байланысты оның жекелеген салаларына жөніндегі білімнің жинақталуына орай, әлеуметтану бір ғана қоғамдық әмбебап теория ретіндегі рөлін біртіндеп жоғалтты. Оның құрамына саясаттану, құқықтану, саяси экономия, этика, эстетика, т.б. бірнеше ғылымдар жеке бөлініп шықты. Содан, яғни ХІХ ғасырдың ортасынан бастап әлеуметтану дербес ғылым болып дами бастады, бұл жағдай, біріншіден, өзінен бөлініп шыққан білім салаларына қатысты болса, екіншіден, бұған дейінгі әмбебап философиялық жүйелерге де байланысты еді. Әлеуметтанудың негізін қалаушы О.Конт әлеуметтану пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінді. Бұл келісім өз кезегінде адамзат тарихының және адамның өз табиғатының бірлігіне сүйенеді. О.Конт оң әлеуметтанушылық білімді табиғи-физикалық процестерге ұқсатып құрды. Әлеуметтануды әлеуметтік физика деп түсіну, оның пәндік саласын әлеуметтік статикаға және әлеуметтік динамика бөлу осыдан келіп шыққан. О.Конт қазіргі заманды анықтап-тануға талпыныс жасап көрді. Ол жаңа әлеуметтік тәртіптің бірқатар ерекшеліктеріне көңіл аударды: 1) еркін кәсіпкерлік пен бәсекелестікке негізделген экономикалық жүйенің қалыптасуы; 2) жұмыс күшінің қалада шоғырлануы; 3) өндірісте ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану; 4) басшылар мен жалдамалы жұмысшылар арасында жасырын немесе ашық қарама-қарсылықтың пайда болуы; 5) әлеуметтік теңсіздіктің күшейе түсуі; 6) табыс табуға бағыт ұстану.

6.Отбасы әлеуметтануы Отбасы түрлері, Отбасының әлеуметтік проблемалары оны шешу жолдары

Отбасы – некеге немесе қаны бір туыстыққа неогізделген , ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен жәнне өзара көмек көрсетуімен байланысқан шағын топ.Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдарқың зерттеу обьектісі болып табылады . Соның ішінде әлеуметтануда отбасына талдау жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде құралған және белгілі бір қызметтер атқаратын әлеуметтік институт ретінде қарастырады, сөйтіп некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп әлеуметтік институтпен шағын әлеуметтік топтың белгілерін жинақтаған отбасының пайда болуы , оның өмір сүруі мен дамуы заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтанудың тағы бір саласы – отбасы әлеуметтануы қалыптасты.Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді . Оның бірінші бағыты бойынша отбасынығ тарихы зерттеледі, онығ шығуының әлеуметтік заңдылықтары талданады. Екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі (отбасы мен қоғамның өзара әрекет ін талдау) қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретіндегі (отбасы ішіндегі қатынастарды зерттеу) жағдайын зерттейді. Отбасы деп шағын адамдар тобын оларды біріктіретін қагараластық , үлкендер балаларға тәрбие беруге жауапты және күнделікті түрмыс бірлігі. Қазіргі уақытта отбасының бірнеше түрлері бар: нуклеардық отбасы – ата-аналар өзінің балаларымен ия асырап алған балаларымен тұрады. Үлкен отбасы – некеде тұрған үлкен ата-аналарымен балалары бірге ия қасында тұрады. Үрім –бұтақтарымен бірге тұрады оған жататындар:ата-аналар,ағайындар өздерінің отбасыларымен, сіңілілері отбасымен т.б.Батыс қоғамында неке және отбасыны моногамиямен байланыстырады. Моногамия әйел мен еркектің некеге тұруына бір-ақ рет рұқсат беріледі бір мезгілде бірнеше рет некеге тұруға рұқсат берілмейді. Полигамия некенің басқа түрі. Бірнеше некеге бірмезгілде тұруға рұқсат беріледі. Полигамияның екі түрі бар: полигпния – еркек адамның бірнеше некеде тұруы; полиандрия – әйелдің бірнеше күйеуінің болуы.Отбасының әлеуметтік проблемалары, яғни ыдырау себептері:мінез-құлықтың сәйкес келмеуі,отбасында қоғамға жат қимылдар орын алуы,отбасындағы тұрмыстық қаржылай жағдайдың болмауы. Отбасында жұбайлардың бірінің денсаулығында бедеулік,баласыздық ұрыс керіске әкеледі.

7.Әлеуметтану категориялары, деңгейлері, бағыттары, заңдары, құрылымы.Әлеуметтанудың тарихы Әлеуметтанудың негізгі категориялары:әлеуметтік категориялар-қоғамдық өмір,әлеуметтік шынайылық туралы негізгі түсініктерді ұғыну мен жалпыландыру деңгейін сипаттайтын іргелі ұғымдар. әлеуметтік категориялар мазмұны жағынан былай бөлінеді:-жалпы ортақ категориялар(ғылым,ноосфера,қоғам,әлем)Бұл әлеуметтік болмысты дүние туралы әмбебап және іргелі түсініктер деңгейінде ұғынуды пайдаланады.-сапа катег.ы(өркениет,формация,мәдениет,тұрақты даму)Олар дүниені игерудің дәрежесі мен деңгейі,олардың қызмет атқаруының және қоғамдық,топтық және жеке өмірді оңтайлы ұйымдастырудың тиімділігін көрсетеді.-объективті категориялар(әлеуметтік қатынастар,даму процестер,құбылыстар мен институттар)бұлар адам өмір сүретін ж/е тіршілік ететін тарихи кезеңнің маңызын анықтайды.-субъективтік категориялар (сана,жеке тұлға,таптар)бұлар қоғам өміріндегі белсенді шығармашылық,мүдделі бастаманы сипаттайды.-өзгеріс категориялары:(басқару,реттеу,әлеуметтануды жаңғырту,қақтығыс)бұлар түрлендірулердің механизмінің бағыттылығын жүзеге асыру тәсілдері мен әдістерін сипаттайды. Әлеуметтік заң дегеніміз - әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, соның ішінде, адамдардың әлеуметтік іс - әректінің, қызметінің міндетті түрдегі байланысының көрінісі. Әлеуметтік заңдар әр түрлі индивидтер мен қауымдастықтардың қызметінен көрініс таба отырып, олардың қатыстарын айқындайды. Бұл халық, ұлттар, таптар, әлеуметтік - демографиялық және әлеуметтік ұйым, қоғам мен еңбек ұйымдары, қоғам мен отбасы, қоғам мен жеке адам арасындағы қатынастар.Табиғат заңдары сияқты әлеуметтік заңдар да оқиғалардың табиғи дамуы барысында қалыптасады.Әлеуметтік заңдылықтар ортақтық дәрежесіне қарай бөлінеді. Әлеуметтік саланың дамуын толық қамтитын заңдылықтар бар. Әлеуметтік саланың әр түрлі бөлімдерінің дамуын айқындайтын заңдылықтар бар: таптық, топтық, ұлттық т.б.Әлеуметтік заңдарды олардың көріну ерекшеліктеріне қарай динамикалық және статикалық деп бөлуге болады.Динамикалық заңдылықтар әлеуметтік өзгерістердің бағытын, белгілерін және түрін, оқиғаның нақты жағдайдағы желісін айқындайды.Статикалық заңдылықтар әлеуметтік құбылыстың қатаң байланысын емес, өзгерістердің негізгі бағыттарын, даму тенденцияларын айқындайды. Бұл заңдылықтар әлеуметтік құбылыстар мен процестердің байланысын болжам түрінде негіздейді.Динамикалық зандылықтар себептілік және функционалдық болып екіге бөлінеді. Себептілік заңдылықтары әлеуметтік құбылыстың дамуын қатаң түрде айқындалған байланыстарын бейнелейді.Әлеуметтану құрылымы:теориялық.практикалық және қолданбалы болып болып бөлінеді.Әлеуметтану – қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огююст Конт (1798 - 1857) еді. Бұған дейін қоғамның өмір сүруі мен дамуы жөнінде түрлі ілімдер Шығыс және Батыс ойшылдарының жалпы философиялық көзқарастарының құрамдас бөлігі іспетті қарастырылып келген еді. Қоғамның дамуында ғасырлар бойы өзіндік ерекше, бірегей көқарастар қалыптасып, ол туралы, әсіресе, саясат, мораль, ғылым, дін, өнер мәселелері көне Үнді, көне Қытай, көне грек философтарының, Еуразияның орта ғасырлық және жаңа заман ойшылдарының еңбектерінде баяндалған болатын. Әлеуметтану философиядан бөлінгенімен, қоғамның біртұтастығын, оны дамытатын қозғаушы күштерді, тағы басқа да проблемаларды қарастырумен шектеліп қалмайды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қарастырады, соның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін және қоғамдық дамудыңбасқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен айналысып, кейіннен олардың өздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу пәніне айналдырады.Алайда, қоғам дамуына байланысты оның жекелеген салаларына жөніндегі білімнің жинақталуына орай, әлеуметтану бір ғана қоғамдық әмбебап теория ретіндегі рөлін біртіндеп жоғалтты. Оның құрамына саясаттану, құқықтану, саяси экономия, этика, эстетика, т.б. бірнеше ғылымдар жеке бөлініп шықты. Содан, яғни ХІХ ғасырдың ортасынан бастап әлеуметтану дербес ғылым болып дами бастады, бұл жағдай, біріншіден, өзінен бөлініп шыққан білім салаларына қатысты болса, екіншіден, бұған дейінгі әмбебап философиялық жүйелерге де байланысты еді

8.Девянтты мінез құлық әлеуметтануы концепциялары, шығу себептері мен принциптері. Девиантология – қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік нормалардан ауытқудың ерекшеліктері, себеп салдарын зерттейтін сала. Қоғамға және адамға зиян болып келетін іс-әрекет және мінез – құлық потологиялық мінез құлықтар деп аталады. Оларды қоғамның әлеуметтік ауруы деп аталады. Соц/қ зерттеулерде негізгі мақсаты мен міндеттері: 1) қоғамдағы ауытқудың сипатын анықтау, шығуының себеп салдарын ашу; 2) ауытқудың алдын алу шараларын тиімділігін дәлелдеу, ашу; 3) қоғамды теріс ауытқудан сақтау, болжау, жоспарлау, өкімет бас адамына ұсыныс жасау, бағдарлама ұсыну;

Ауытқып бара жатқан мінез-құлықтың пайда болу себептерін экономикалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік-психологиялық деп бөлуге болады. Ұйымдастырушылық себептер экономикалық себептермен байланысты. Оларға нормалардың жоқтығы, нормалардың әлсіз меңгерілуі, олардың орындалуында қызығушылықтың болмауы,қалыптасқан нормалардың көмегімен қызметте сәттілікке жетудің мүмкіндігіне сенім мен үміттің жойылуы жатады.

Себептерге байланысты ауытқып бара жатқан мінез-құлықты сараңдықтан, басқыншылықтан, енжарлықтан, жатырқаушылықтан пайда болған және т.б. болуы мүмкін.

Соц/да ауытқу мәселесіне қатысты ғылымның көптеген қарама-қайшы және бірін бірі толықтыратын еңбектер бар. Ауытқу жағымды және жағымсыз сипатта қарастырады. Жағымды – қоғамда жаңалықтардың ашылуына және қоғамның дамуына, өзгеруіне септігін тигізеді. Жағымсыз ауытқулар – қоғамның ыдырауына, қылмыскерліктің көбеюіне, әртүрлі қарама қайшылыққа келу. Ауытқу мәселесін зерттеуде 3 бағытта түсіндіруге болады: 1) биологиялық 2) әлеуметтік орта 3) психологиялық ерекшелік

Биологиялық бағыт адамның тура біткен арқылы берілетін қасиеттер мен түр әлпеті, физикалық тұрғыдан өзгеруі, биологиялық тұрғыда ауытқу. Әсер ететін факторлар: 1) климаттық-метеорологиялық – ауа райы; 2) экономикалық, бәсекелестік, қызаншақтық; 3) географиялық орта; 4) халықтың тығыз орналасуы, қала, ауыл; 5) миграциялық көшіп қону, өлу, туу; 6) өркениеттілік, мәдениеттілік, тәрбиелілік.

Әлеум/к ортада қылмыскердің шығару себептері адамның әлем/к ортасы мен отбасы тәрбиесімен және қоғамдағы қалыптасқан жағдайларын байланыстырады. Өкілдері: Селмен, Мертон, Дюркгейм т.б. дюркгейм қылмыскерлікті саралай отырып қоғамдағы ауытқудың себеп салдарын соральдық азғындаумен, тәртіпсіздікпен, ұятсыздықпен түсіндіреді. Адамның өз өзін өлтіруге итермелейтін бірнеше факторлар: 1) аномия –қоғамда болып жатқан дағдарыстар; 2) алтуризмдік, яғни адамның өзге құндылықтарын мен принциптері өмірден жоғары қою; 3) эгоизм өзімшілдік – адам өз мақсат мүдделерін басқа құндылықтардан жоғары санау; 4) потолистік адам үшін барлық өмірлік құндылықтардың жоғалуы (террористер).

Психологиялық түсіндірмелер – ауытқу адамның мінез құлық ерекшеліктерімен, жаратылысымен, иеліктенушілігімен және ситуацияға байланысты өзінің шешімін қабылдау әрекеттерімен қалыптасады. Өкілдері: дискрутивтік концепция, Фрель. Дискрутивті қоғамда адамдардың агрессиялық әрекетін қарастыра отырып екі агрессия бар: жағымды және жағымсыз.

9. Әлеуметтік құрылым әлеуметтенуі Әлеуметтік құрылым деген ұғым социологияға 19 ғ енген.М.Вебердің, К.Маркстың,Э.Дюргеймнің т.б. социологтардың еңбектерінде «таптық әлеуметтік құрылым» деген түсінік жиі кезеседі . Әлеуметтік құрылым социологиясында терең зерттелген мәселе, әлеуметтік стратификация, топтардың әлеуметтік ,экономикалық ,саяси т.б. белгілерге б/ты бөлінулері,ажыратылуы,жіктелуі. Әлеуметтік құрылым социологиясында әртүрлі көзқарастар, бағыттар бар.Кейде әлеуметтік құрылым социологтардың әлеуметтік стратификация теориясымен тепе -тең мағынада қолданып жүрген социологтар бар.

Әлеуметтік құрылым дегеніміз -таптардың,топтардың,отбасының, басқа да әлеуметтік қауымдастықтардың,ұйымдардың,этностардың,әлеуметтік институттардың жиынтығы және олардың ара қатынастары,байланыстары.Сонымен,әлеуметтік құрылым жүйе ретінде бірнеше элементтерден тұрады.Олар-тап,әлеуметтік топ,страталар,кәсіби топтар, қала және ауыл тұрғындары т.б қауымдастықтар.Страта деген ұғым социологияға 19 ғ. енгізілген.Социологияға бұл термин қоғамдағы таптар,топтар,қабаттар деген түсініктерді белгілейді.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы әлеуметтік жүйенің бөлімі және екі компоненттен тұрады:әлеуметтік байланыс және әлеуметтік құрам.Әлеуметтік құрам әлеуметтік құрылымды құрайтын элементтердің жиыны.

Әлеуметтік құрылым -әлеуметтік жүйедегі элементтердің тұрақты байланысы.Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі- белгілі мәртебесі бар және белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын жеке адамдар,ал жеке адамдар - мәртебелік белгілеріне сәйкес топқа бірігеді,әлеуметтік территориялық,этникалық және басқа да бірліктерге енеді.

Адамның адам болып қалыптасуы оның физиологиялық ж/е психологиялық дамуына сәйкес табиғи нышандардың негізінде жүзеге асады. Мұнда әлеуметтік экономикалық жағдайлар, мәдени құндылықтарды меңгеру, мектеп пен отбасыда тәрбиелеу замандастарының ықпалы сияқты факторлар шешуші әсерін тигізеді. Адамның бұл қалыптасу процесс соц/яда әлеуметтендіру деп аталады. Зерттеушілердің пікірінше, адамның әлеуметтенуі белсенді түрде өтетін процесс болғандықтан, ол бүкіл өмір бойына созылмайды. Ол орта есеппен, 23-25 жасқа дейін мерзім.адамның әлеуметтену процесін 3 кезеңге бөледі: 1) бастапқы әлеуметтену н/е баланың әлеуметтенуі – отбасы мен бала бақшада тәрбиелену; 2) аралық әлеуметтену н/е жасөспірімнің әлеуметтену – 17-18 жасқа дейінгі орта мектеп кезіндегі оқу – тәрбие кезеңі; 3) орнықты н/е біржола әлеуметтену – 17-18 жас пен 23-25 жас арасында қамтиды – жасөспірім шақтан ересек шаққа өту кезеңі;

Әлеуметтендіру д/з қоғамда қалыптасқан рухани байлықтар мен мінез құлық нормаларын белсенді түрде меңгеру ж/е жетілдіру жолымен жас ұрпақты сол қоғамның әлеуметтік экономикалық құрылысына сәйкес қоғамдық рольдер системасына қосу болып табылады.

10.Әлеуметтану зерттеу пәні мен обьектісі және тарихы, бағыттары “Әлеуметтану” термині екі сөзден құралған: латынның socіetas - қоғам және гректің logos - сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен. Демек, этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді. Бірақ бұл біршама абстрактілі ой, өйткені адамзат қоғамы өзінің заңды көріністерімен көптеген қоғамдық ғылымдардың пәні болып табылады. Сондықтан да әлеуметтану пәнін қандай да бір басқа қоғамдық ғылым пәнінен бөлек қарауға болмайды. Ол үшін ең алдымен әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің ара жігін ажыратып алған жөн.

Ғылыми таным объектісіне зерттеу қызметі бағытталатынның бәрі, оған объективті шынайылық ретіндегі қарсы тұратын нәрсенің бәрі жатады. Нақты ғылымның зерттеу объектісі туралы әңгіме болғанда объективті шынайылықтың қандай да бір бөлігі тұтас зерттелмейді, сол ғылымның ерекшелігімен анықталатын жағынан бастап қана зерттеледі. Объективті шынайылықтың нақты бөлігінің басқа жақтары бұл жағдайда қосалқы нәрсе ретінде немесе берілген объектінің міндетті шарты ретінде қарастырылады.

Объект дегеніміз белгілі бір немесе ерекше қасиеті бар объективті шынайылықтың жеке бір бөлігі немесе элементтерінің жиынтығы. Және де объективті шынайылықтың бір саласының өзі көптеген ғылымның зерттеу объектісі бола алады. Мысалы, физикалық шынайылық - көптеген жаратылыстану және техникалық ғылымдардың, ал әлеуметтік шынайылық - қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі. Қоғам адамдардың өзара әрекетінің өнімі ретінде саналы, күрделі құбылыс және барлық қоғамдық ғылымдар үшін ортақ зерттеу объектісі болып табылады. Алайда осы ғылымдардың әрқайсысының өзіндік ерекшеленген зерделеу объектісі бар. Сондықтан көптеген қоғамдық ғылымдардың объектісі тұтас қоғам емес, оның қандай да бір жағы немесе көрінісі. Экономика ғылымдарының ерекшеленген объектісі – қоғамдық өмірдің материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, алмасу және тұтыну сияқты өзіне тән жақтары. Қоғам өмірінің экономикалық саласынан едәуір өзгеше жағы – саяси биліктің ұйымдастырылуына, қызмет етуіне және дамуына байланысты саясат саласы болып табылады. Және де ол саяси ғылымдардың ерекшеленген объектісі болып табылады. Бірқатар ғылымдар - мәдениеттану, әлеуметтік психология, педагогика және басқалар - қоғамның рухани өмірін, рухани құндылықтарды өндіру және бөлу, адамдардың рухани сұраныстарын қанағаттандыру жолдарын, нысандары мен әдістерін зерделеуге арналған.

Әлеуметтанудың негізін қалаушы О.Конт әлеуметтану пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінді. Бұл келісім өз кезегінде адамзат тарихының және адамның өз табиғатының бірлігіне сүйенеді. О.Конт оң әлеуметтанушылық білімді табиғи-физикалық процестерге ұқсатып құрды. Әлеуметтануды әлеуметтік физика деп түсіну, оның пәндік саласын әлеуметтік статикаға және әлеуметтік динамика бөлу осыдан келіп шыққан.

Ағылшын философы әрі ғалымы Г.Спенсер әлеуметтануды әлеуметтік институттардың табиғи эволюциясы нәтижесінде ондағы жіктелу тұтасумен ұштасатын әлеуметтік организм ретіндегі қоғам туралы ғылым деп білді.

Неміс кәсіби әлеуметтануының атасы Ф.Теннис әлеуметтанудың өзі жасаған тұжырымдамасы шеңберінде теориялық және қолданбалы әлеуметтанумен қатар салыстырмалы оқу пәні ретінде эмпирикалық әлеуметтануды бөліп қарайды. Ол индуктивтік әдіске сүйенеді және жалпы ұстанымдар ретінде теориялық әлеуметтану ұғымдарын пайдаланады. Ф.Теннистің ойынша, әлеуметтану пәнін әлеуметтіліктің, қоғамдастықтың барлық түрлері және олардың негізін адамдардың өзара әрекеті құрайды. Француз әлеуметтану мектебінің негізін қалаушы Э.Дюркгейм үшін дербес және ерекшеленген ғылым ретіндегі әлеуметтанудың пәні әлеуметтік фактілерді зерделеу болды, оларды “заттар ретінде”, қоғамдық тұтастықты нығайтатын наным, ұжымдық сана жүйесіне қатысты функционалдылық көзқарасы тұрғысынан түсіндірілуге тиіс нәрсе ретінде қарастыру қажет. Осы тұжырымдамаға сәйкес, әлеуметтану “олардың мүшелері оқшауланған кездегі әрекетінен гөрі мүлде өзгеше ойлайтын, әрекет ететін және сезінетін” [4] әлеуметтік топтарды зерделеуге тиіс. Басқаша айтқанда, оның түсінігінде әлеуметтану дегеніміз әлеуметтік институттар, олардың генезисі және жұмыс істеуі туралы ғылым.

Неміс әлеуметтанушысы М.Вебердің көзқарасы бойынша, әлеуметтану пәнін анықтау әлеуметтік мінез-құлықты түсінумен тығыз байланысты. М.Вебер үшін әлеуметтану пәні дегеніміз әлеуметтік іс-әрекеттердің мән-мағынасының, әлеуметтік қарым-қатынастар мәнінің және олардың әрекет субъектісіне арналған құрылымдарының тұтас жиынтығы. Бұл позитивтік-баяндаушы емес, түсінікті әлеуметтану болуға тиіс.

Әлеуметтану пәні туралы американ әлеуметтанушысы П.Сорокиннің түсініктері қызықты. Ол барлық ғылымдарды үш топқа - объективті нақты өмірдің органикалық бөлігін зерделеумен шұғылданатын ғылымдарға, органикалық емес бөлігі және “органика үстілік” немесе әлеуметтік мәдени бөлігін зерделейтін ғылымдарға бөледі. Объективті шынайылықтағы органикалықтан тыс феномендер саласын адамның ментальдік, ойлау қызметінде көрініс табатын әлеуметтік феномендер құрайды. Бұл салаға тіл, ғылым мен техника, дін, философия, өнер, құқық, этика, адамдардың әдет-ғұрыптары мен мінез-құлықтары жатады. Әлеуметтану ғылымдардың үшінші тобына кіреді және органикалықтан тыс феномендер үшін ортақ нәрселерді зерделейді. Сонымен әлеуметтану барлық категориядағы әлеуметтік феномендер, сондай-ақ оларды біріктіретін қарым-қатынастар мен өзара байланыстар туралы жалпы ғылым болып табылады.

Американ әлеуметтануының классигі Т.Парсонс әлеуметтануды мінез-құлықтардың өзара іс-әрекеттері мен атқаратын рөлдерінен - құндылықтардың жалпы иерархиясына бағытталған өзара іс-қимылдардан тұратын, мәдени үлгілер, ережелер мен мәртебелердің институциялануына негізделетін құрылымдарға сүйенетін, әлеуметтік жүйелерді зерделейтін ғылым деп біледі.

12.Девянтты мінез құлық әлеуметтануы Биологиялық психологиялық, әлеуметтанушылық концепциялар. Девиантология – қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік нормалардан ауытқудың ерекшеліктері, себеп салдарын зерттейтін сала. Қоғамға және адамға зиян болып келетін іс-әрекет және мінез – құлық потологиялық мінез құлықтар деп аталады. Қоғамның әлеуметтік ауруы деп аталады. Соц/қ зерттеулерде негізгі мақсаты мен міндеттері: 1) қоғамдағы ауытқудың сипатын анықтау, шығуының себеп салдарын ашу; 2) ауытқудың алдын алу шараларын тиімділігін дәлелдеу, ашу; 3) қоғамды теріс ауытқудан сақтау, болжау, жоспарлау, өкімет бас адамына ұсыныс жасау, бағдарлама ұсыну;

Соц/да ауытқу мәселесіне қатысты ғылымның көптеген қарама-қайшы және бірін бірі толықтыратын еңбектер бар. Ауытқу жағымды және жағымсыз сипатта қарастырады. Жағымды – қоғамда жаңалықтардың ашылуына және қоғамның дамуына, өзгеруіне септігін тигізеді. Жағымсыз ауытқулар – қоғамның ыдырауына, қылмыскерліктің көбеюіне, әртүрлі қарама қайшылыққа келу. Ауытқу мәселесін зерттеуде 3 бағытта түсіндіруге болады: 1) биологиялық 2) әлеуметтік орта 3) психологиялық ерекшелік

Биологиялық бағыт адамның тура біткен арқылы берілетін қасиеттер мен түр әлпеті, физикалық тұрғыдан өзгеруі, биологиялық тұрғыда ауытқу. Әсер ететін факторлар: 1) климаттық-метеорологиялық – ауа райы; 2) экономикалық, бәсекелестік, қызаншақтық; 3) географиялық орта; 4) халықтың тығыз орналасуы, қала, ауыл; 5) миграциялық көшіп қону, өлу, туу; 6) өркениеттілік, мәдениеттілік, тәрбиелілік.

Әлеум/к ортада қылмыскердің шығару себептері адамның әлем/к ортасы мен отбасы тәрбиесімен және қоғамдағы қалыптасқан жағдайларын байланыстырады. Өкілдері: Селмен, Мертон, Дюркгейм т.б. дюркгейм қылмыскерлікті саралай отырып қоғамдағы ауытқудың себеп салдарын соральдық азғындаумен, тәртіпсіздікпен, ұятсыздықпен түсіндіреді. Адамның өз өзін өлтіруге итермелейтін бірнеше факторлар: 1) аномия –қоғамда болып жатқан дағдарыстар; 2) алтуризмдік, яғни адамның өзге құндылықтарын мен принциптері өмірден жоғары қою; 3) эгоизм өзімшілдік – адам өз мақсат мүдделерін басқа құндылықтардан жоғары санау; 4) потолистік адам үшін барлық өмірлік құндылықтардың жоғалуы (террористер).

Психологиялық түсіндірмелер – ауытқу адамның мінез құлық ерекшеліктерімен, жаратылысымен, иеліктенушілігімен және ситуацияға байланысты өзінің шешімін қабылдау әрекеттерімен қалыптасады. Өкілдері: дискрутивтік концепция, Фрель. Дискрутивті қоғамда адамдардың агрессиялық әрекетін қарастыра отырып екі агрессия бар: жағымды және жағымсыз.

14. Этноәлеуметтану пәні мен мазмұны.Диаспора Ұлт, халық, этнос..

Этносоц/я халықтың, ұлттың, этностың пайда болуын, қалыптасуын, ұлттар арасындағы қатынастар, ұлттық ерекшеліктер, заңдылықтар, ұлт мәселесін жан-жақты қарастыратын соц/ң бір саласы. Соц/қ зерттеулер ұлттық тілді, дәстүрді, мәдениетті, ұлттық қарама-қайшылықты зерттеуге бағытталған. Адамзат қоғамның даму барысында топтасудың әртүрлі кезеңдерін өткізеді. Ру-тайпа-халық-ұлт. Бұл ұлттың пайда болуын, қалыптасуын, дамуын, жойылып кетуін этногенез деп аталады.халықты ұлттарға, этникалық қауымдастыққа топтастырады. Олар: территория, тіл, дін, мәдениет, салт-дәстүрортақтығы. Ұлттың пайда болуының 2 жолы бар: 1) территорияда қатар өмір сүрген рудың биологиялық байланысы, жақындасуы; 2) бір жерден екінші жерге көшкеннің нәтижесі.

“Этнос” гректiң – еtпоs — тайпа, халық деген сөзiнен шыққан. Ғылымда “халық” терминiнiң орнына “этнос” терминi орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негiзгi тарихи түрi – “тайпа”, “ұлыс”, “ұлт” ұғымын түгел қамтиды. Оның үстiне, “халық” сөзiнiң “бiр топ адам” деген мағынасы бар екенi белгiлi. Сондықтан “этнос” терминiн қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тiршiлiк етедi. Оған әлеуметтiк бiрлестiк деп те, этностық бiрлестiк деп те қарауға болады. Шындығында, әрбiр адам, бiр жағынан, белгiлi бiр қоғамның мүшесi бола отырып, сонымен бiрге ұлттың (этностың) да мүшесi болып саналады.

Кез келген мемлекеттің басты байлығы — халқы болып табылатыны сөзсіз. Халық дегеніміз күнделікті өмірдің өндірісі мен ұдайы өсім үрдісінде табиғи тарихи қалыптасып, үздіксіз жаңарып отыратын адамдардың бір тұтастығы, адамзат қоғамының басты материалды компоненті (құраушы бөлігі). Халық дегеніміз түрлі сипат пен белгілерге тән алуан түрлі және күрделі құбылыс. Этникалық түсінуде әлеуметтік және мәдени аумақтарда қандай да бір топ бар деген түсінік маңызды рөл атқарады. Этникалық қауымдастықтар, ең алдымен, мүшелерінің өздері үшін маңызы бар деп санаған және ол өзіндік сана-сезімнің негізінде жататын сипаттамасымен анықталады. Сонвмен этникалық- мәдени айырмашылықтарды ұйымдастыру нысаны. «Халық» ұғымы этникалық қауымдастық мүшелері бір немесе бірнеше ортақ атауға және мәдениеттің ортақ элементтері мен шығу тегі жайлы ортақ мифке ие және тиісінше ортақ тарихи жады бар, өздерін айрықша географиялық аумақпен байланыстыра алатын және топтың ынтымақтастық сезімін алатын адамдар тобы деп түсіндіріледі.

«Диаспора» сөзі грек тілінен аударғанда «шашырау» деген мағынаны береді. Диаспора – өз Отанынан тыс жерде өмір сүріп жатқан, этникалық ерекшеліктерін сақтаған және өз бірлігін сақтау мақсатында топталған белгілі бір ұлт өкілдері. Қазақстанда басқа мемлекеттердегідей көптеген ұлт өкілдері мекен етеді. Қазақстан көп этносты мемл.ке айналуының негізін патша өкіметі қалады, одан әрі бұл процесті тездете жүргізген кеңестік тоталитарлық режим болды.соның салдарынан еліміздің халқының құрылымы үлкен өзгеріске түсті. Қазіргі кезде Қазақстанда 129 этникалық диаспора бар. Ұлт - адамдардың тарихи тұрғыда пайда болған әлеуметтік- экономикалық және рухани қауымдастығы, этнос типі. Ұлтты аумақтың, тілдің ерекшеліктері, экономикалық байланыстар, психологияның, мәдениет пен сана-сезімнің ортақтығы сипаттайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]