Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsiologia (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121.06 Кб
Скачать

58.Мәдениет әлеуметтануы түсінігі,құрылымы және негізгі элементтері.Субъмәдениет түсінігі және түрлері.

Әлеуметтануда мәдениет сөзі кең мағынада өзіндік ерекшелігі бар, генетикалық жолмен берілмейтін, адамның өмір сүру ортасы мен өзара әрекеттесуінің құралдары, амалдары нысандары , үлгілері мен бағдарламаларының жиынтығы. Тар мағынада мәдениет әлеуметтануда адамның нақтылы бір тобына тән, ұжымдық қолдауға ие болатын құндылықтар, сенімдер, мінез- құлықтар үлгілері мен нормалар жүйесі ретінде қарастырылады.

Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің объектілері деп қазіргі қоғамда өмір сүретін меңгеру нысандары мен әдістерінің нақтылы бөлінуі, мәдениет объектілерін жасау мен жеткізу, мәлени өмірдегі тұрақты және өзгермелі процестер, әлеуметтік факторлар мен механизмдердің байланыстырушылары айтылады. Бұл тұрғыда әлеметтану кең таралған, тұрақты және әлеуметтік қауымдастықтың, топтың, табиғи және әлеуметтік қоршауларымен жалпы қоғам мүшелері қатынастарының уақыт бойынша қайталанып отыратын көп түрлі нысандарын, қауымдастық мәдениетінің даму деңгейін анықтайтын мәдениеттің даму серпінін зерттейді.

Мәдениет әлеуметтануы көптеген қызметтер атқарады, олардың негізгілері: ғылыми – танымдық, білім беру және тәжірибелік қызметтер. Ғылыми-танымдық қызметі арқасында мәдениет әлеуметтануы мәдени процестердің өзгерісіне немесе қолдауына, нәтижесіне әсер ететін әлеуметтік факторлар мен механизмдер, қазіргі жағдайдағы мәдени серпін заңдылықтарының өзіне тән ерекшелігі туралы шынайы білімді қамтамасыз етеді.

Білім беру қызметі қоғам мүшелері арасында тиісті білім таратуға бағытталған. Оның мақсаты – қазіргі қиын әлеуметтік жағдайда олардығ бағыт алуына , олар туралы ойлардың бүгінгі мазмұнын ашу мен негіздеуге көмектесу.

Тәжірибелік қызметтің мақсаты мәдени өзгерістер мен саясаттың мақсатты бағытталған ғылыми негізін өңдеп шығару.Әлеуметтануда мәдениет бірінші кезекте оның әлеуметтік аспектісінде, яғни әлеуметтік өзара әрекеттесулердің нәтиелері мен процестеріне көзқарастары тұрғысынан қарастырылады. Бұл мағынада мәдениетті зерттеу аумақтық бөліну мен әлеуметтік топқа бөлінудің қандай да бір жағдайында болатын қоғам мүшелерінің өзінің әлеуметтік-мәдени ортасындағы күрделі және көп өлшемді қоғамдық процестерді үйрену, ұғыну өзгеруін зерттеуді білдіреді.

Мәдениеттің тұлғалық аспектісін зерттеуде келесідей ұғымдар қолданылады: «мәдени қызмет», «мәдени қажеттіліктер», «мәдени орта». Бұл жердегі ең негізгі ұғым мәдени қызмет. Мәдени қызмет мәдениет құндылықтарын жасауға, таратуға және тұтынуға бағытталған қызмет болғандықтан кез келген әлеуметтік қызметтің материалдық-өндірістік, экономикалық, тұрмыстық және т.б. құрамдас бөлігі болып табылады.

Бұл қызметтің қайнар көзі адамның мәдени қажеттіліктері болып табылады. Бұған адамның ең жоғарғы әлеуметтік қажеттіліктері – дамуы, өзін-өзі танытуы мен баянды етуі, өз өмірінің шығармашылығы, оның мақсаты мен мәнін іздеу жатады. Мәдениеттік байланыс белгілі бір мәдени ортада өтеді. Мәдени орта деп отырғанымыз әлеуметтік субъектіні қоршаған және оның мәдени дамуына, әрі мәдени қызметіне тікелей ықпал ететін заттық және тұдғалық элементтердің тұрақты жиынтығы.

Сонымен , әлеуметтанушының мәдениетті эмперикалық зерттеуі негізгі элементтердің тізбегін: мәдени қажеттіліктерді – мәдени ортаны – нақты мәдени қызметті қарастыруға саяды.

Жоғарыды айтылғандардан келіп мәдениеттің негізгі функциялары айқындалады:

  • адам шығармашылдығы, яғни адамның шығармашыдық қуаты оның өмір тіршілігінің барлық формасында дамиды (басты функция);

  • мәдениет таным құралы қоғамның, әлеуметтік топтың , жеке адамның өзін-өзі тануы болғандықтан, гносеологиялық (таным) міндеттіер атқарады;

  • ақпараттық – бұл әлеуметтік тәжірибені хабарлап, басқаларға қарағанда уақыт байланысын – өткенді, бүгігіні және болашақты қамтамасыз етеді;

  • коммунакативтік – бұл өзара түсіністіктің бірдейлігін қамтамасыз ететін әлеуметтік қарым қатынас міндеті;

  • құндылық-бағдарлық міндеті , яғни мәдениет өзіндік ерекше «өмірлік құндылықтар картасы» іспетті белгілі бір бағыт жүйесін береді, соның негізінде адам өмір сүреді және оған бағыт ұстайды;

  • нормативтік-реттеушілік міндетінде мәдениет адам мінез құлқына әлеуметтік бақылау құралы ретінде көрінеді.

«Субмәдениет» ұғымының мынадай анықтамалары бар:

  1. Қайсыбір әлеуметтік немесе демографиялық топтың мәдениеті;

  2. Мәдени мұраға кіру үшін әлеуметтік жұтаң байланыстарының толық еместігі немесе қиындығымен сабақтасатын әлеуметтік қауымдастықтың әйтеуір бір нәрсемен шектелген мәдениеті;

  3. Субмәдениет-өмір мен мінез – құлықтың айрықшалықты стилі;

  4. Өмір стилін, құндылықты баспалдақты (иерархияны) және олардың таратушыларының дүниетанымын белгілейтін қоғамның «ресми», базалық мәдениет жүйесінің ішіндегі ішінара мәдени қосалқы жүйе.

Жастардың субмәдениеті кенеттен пайда болмайды, шынтуайтына келгенде қоғамда өзін таныту, өз пікірін білдіру мен түрлі себептер бойынша оны қанағаттандыра алмайдың нәтижесі.Қалыптасқан мәдени стандарттарға араласатын жастар біршама күрделі және қарама – қайшы үрдістен өтеді. Жүріп жатқан үрдістердің зерттеулері көрсеткендей, бұлар көптеген нақты топтар мен бірлестіктердің болуы арқылы тұтастық ретінде көрініс табады. Г.Цуллигер жастар мәдениетінің желілік серпінді үлгісін ұсынды,. Оның айтуынша, жастар қауымдастығын қалыптастырудың 3 сатысы бар, сол арқылы әрбір криминогендік жастар субмәдениеті өтеді:орда, банда, қоғамдастық. Орда – ең қарапайым бастапқы кезең, ол кездейсоқ құрылады да, ешқандай басшылығы да, тиянақты мақсаты болмайды. Орда мүшелерінің арасында ешқандай рухани байланыс пен бауыр басшылық сезімі жоқ. Өзара бастары қосылып қалғандықтан ғана араласатын жасөспірімдер орданың мысалына жатады. Жас адамдардың анағұрлым ұйымдасқан екінші қауымдастығы – банда. «банда» дегенде ол өз мүшелерінің бірі басқаратын, қатаң ішкі құрылымы бар, күдікті, әлеуметтік қарсы әрекеттер жасайтын бірлестікті ұйғарады, бірақ, олардың міндетті түрде қылмыстық сипат алуы шарт емес. Жастар қауымдастығының ең жоғарғы дәрежесін қоғамдастық құрайды, оған ортақ мұраттар мен мүшелерінң біржола бірігуі тән. Қоғамдастықтың өз басшысы болады да, ол өктем билік жүргізбестен, ортақ мақсаттың бәтуәгері ретінде ғана іс-әрекет жүргізеді.

Макродеңгейде, жастар субмәдениетінің сірпінінің желілік үлгісінен басқа циклдік үлгісі бар. Циклдік үлгі бойынша дамитын субмәдениеттер белгілі бір сатылардан өтіп ұдайы дамиды: бастапқы синтез, саралау, бастапқы интеграция, екінші интеграция, бөлшектену, ыдырау немесе реанимация. Бастапқы синтез – субмәдениет құратын жас адамдар бірін-бірі нашар білетін және негізінен өзара үстірт қарым-қатынастар жасайтын адамдардың тобын көрсетеді. Осы сатысында жастар бірін-бірі бақылайды, өздерін сақ ұстайды.

Жастар мәдениеті дамуның келесі қадамы саралау кезеңі жастар тобындағы әрбір адамның әлеуметтік позициясын біртіндеп анықтаумен сипатталады. Осы кезеңде интеллектуалды және эмоциялы жетекшілер дараланып, жастардың жаңа басталған субмәдениеті шағын топтарға бөлінеді. Субмәдениет мүшелерінің өзара қатынастары ұнату мен ортақ мұдделер негізіне құралады, сон-н жеке бастық сипат алады. Осы кезде ортақ құмарлықтар, жастардың сараптық бағалары мен пікірдері қалыптасып, топтың оң және теріс моралі туындайды.

Жастар субмәдениеті дамуының бастапқы интеграциясындағы келесі сатыда жетекші бастаған топ басым күшке айналады. Нақ осы субмәдениеттің моралін жасайды және өз тәртіптерін белгілейді. бейімделуден өткен және белгілі бір позицияға ие болған жастар өздерінің ролін өтеуге тырысады.

Ең соңында, жастар субмәдениетінің дамуының ең жоғарғы кезеңі - екінші интеграция сатысы, оны шартты түрде «бақытты отбасы» белесі деп атайды. Осы кезеңде жастар субмәдениеті жақсы ұйымдасқан біртұтастықты көрсетеді. Жастардың өзара қарыс-қатынасы бейресми және психологиялықжайлы сипат алады.

Бөлшектену сатысында өту заңды құбылыс және ол субмәдениет иекемділігінің доғалуы мен тиімділігінің төмендеуіне байланысты дағдарыстың төну көрсеткіші болып табылады. Жастар субмәдениетінің әрі қарай жалғасуы үшін достық шырайдың жеткіліксіз екені байқалады, жаңа адамдардың мүшелікке кіруі қажет, сон-н осы топ ыдырайды. Сөйтіп, жастар субмәдениетінің өмірлік кезеңі «өлімге» ұшырады, әрі оның аяқталуы жаңа кезеңді туындатпайды.

.Әлеуметтану әдістерін мәдениет саласында қолдану ерекшеліктері.

“Мәдениет” термині латын сөзінен шыққан, алғашында мәдениет деп табиғи себептерден туындаған өзгерістерге қарағанда, адамның әсер етуімен болатын табиғи объектідегі барлық өзгерістер түсіндірілді.Кейінірек “мәдениет” сөзі жинақталып, қорытылды, сөйтіп онымен адам қолымен жасалғанның барлығы атала бастады. Осы тұрғыдан алып қарасақ, мәдениет алғашқыда жаратылыста табиғаттың үстіне адам қолымен жасалған “екінші табиғат ” ретінде көрінеді. Мәдениет материалдық және рухани өндіріс нәнижелерін қамтиды. Бұл – мәдениетке философиялық көзқарас.

Әлеуметтануда мәдениет сөзі кең мағынада өзіндік ерекшелігі бар, генетикалық жолмен берілмейтін, адамның өмір сүру ортасы мен өзара әрекеттесуінің құралдары, амалдары, нысандары, үлгілері мен бағдарламалардың жиынтығы деп түсіндіріледі. Тар мағынада мәдениет әлеуметтануда адамның нақтылы бір тобына тән,ұжымдық қолдауға ие болатын құндылықтар, сенімдер, мінез-құлық үлгілері мен нормалар жүйесі ретінде түсіндіріледі.

Әлеуметтануда мәдениет әр түрлі әлеуметтік жағдайларға тап болған адамдардың өзара түсініктерін қамтамасыз ететін, заттарды тарату мен сақтауға,меңгеруге, жасауға бағытталған әлеуметтік қатынастарда көрінетін және әлеуметтік табиғатқаие болуға қиын серпінді білім ретінде қарастырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]