Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsiologia (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121.06 Кб
Скачать

1.Әлеуметтанудың зерттеу түрлері мен әдістері.Зерттеу бағдарламасы құрылымы.

Жалпы әлеуметтану –қоғам туралы түсінік.Сондықтан да әлеуметтану осы қоғамды түрлі сипатта алып қарастырып, өз әдістерін қолдану арқылы оған жалпылама сипаттама беріп, қоғамдағы болып жатқан барлық өзгерістерді қарастырады.Әлеуметтану ғылымы өзі зерделейтін пәнді ғана емес, өз пәнін тануда және алынған білімді тексеруде пайдаланатын әдістерді қамтиды. Әдіс-ғылымның ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.Бұл тұрғыдан алғанда ғылымды әдіс пен теорияның диалектикалық бірлігін айтуға болады.Әдісті білім жүйесі ретінде ғылымнан бөліп алуға болмайды.өйткені әдістің өзі шындыққа қалай керектігі туралы білім болып табылады.Әлеуметтану әдісінің өзгешелігі ең алдымен осы ғылым пәнінің ерекшелігімен айқындалады.Ғылым ретінде әлеуметтану туралы әр түрлі және қарама-қайшы түсініктер болатындыңы сияқты оның әдісін түсінуге де алшақтықтар бар.Әлеуметтану әдісін түсінудегі алшақтық Марковичтің пікірінше,бірқатар факторларға байланысты. Әлеуметтану әдісі туралы түсінікке ең алдымен ғылымға тән қоғамды түсіну ықпал етеді.Әлеуметтаныдың дамуы барысында қоғамның мәні жөнінде бір-біріне қарама-қайшы бірнеше көзқарас қалыптасқанжәне олардың әрқайсысы әлеуметтану әдісін түсінуге ықпал еткен. Енді осы әлеуметтанудың өзіндік ерекшеліктерін түсіну үшін бірқатар жалпылама ережелерді алып қарастырған жөн:

1.Әлеуметтану әдісін әлеуметтік философияның әлеуметтануға және басқа да қоғамдық ғылымдарға қатысты әдістемелік рөлін мойындамайынша дұрыс түсіну мүмкін емес.Бірақ әлеуметтік-философиялық әдіс әр түрлі көрініс табады, қандай да бір қоғамдық ғылымның объектісі мен пәні өздерінің ерекшеліктеріне қарай жаңғырып отырады.Ж»әне бұл орайда әлеуметтану- ең алдымен тұтас әлеуметтік жүйе ретінде қоғамды жан-жақты зерделеудің әлеуметтік-философиялық әдісінің ерекше көрінісі, нақтылануы.

2.Әлеуметтануда қоғамды нақтылы тұтас әлеуметтік жүйе ретінде және оны субъектілік қызметтік жағы тұрғысынан зерделеу осы ғылымның құрылымдық-функционалдық талдау әдісін кеңінен пайдалануға болатынын алдын ала анықтайды, соған сәйкес қоғам өмірінің әрбір саласы мен оның әрбір субъектісі ішкі жүелер деп қарастырылады және оның жүйе ретіндегі қоғамдағы орны мен рөлі, олардың іс-қимылы мен өзара әрекеттестігі айқындалады.Әлеуметтану әдісі қоғамды оның құрылымы, қызмет атқаруы және дамуы тұрғысынан зерделеуді талап етеді.

3.Нақты айтқанда әңгіме әлеуметтану туралы емес әлеуметтаныдың әдістері туралы болуға тиіс.Әлеуметтану әдісі ұғымы жинақтаушы, тұжырымдаушы мағынасында қолданылады. Әлеуметтану әдісінің құрылымына қоғамды макродеңгейдегі, яғни тұтас әлейметтік жүйе ретіндегі және орта деңгейдегі, яғни олардың жеке елементтері, ішкі жүйелері деңгейіндегі және микродеңгейдегі,яғни тұлғаралық өзара әрекет деңгейіндегі әлеуметтік зерттеудің әдістемелік принциптері кіреді.

4.Әлеуметтану әдісінің маңызды сипаттамаларының бірі-әлеуметтанудың әлеуметтік шынайылықты зерттеуде эмпирикалық зерттеуге сүйенетіндігінде.Мұндай зерттеу шеңберінде әр түрлі әдістер пайдаланылады:бақылау,сұрау,құжаттарды талдау,эксперимент және т.б. Қалай болған күнде де эмпирикалық жолмен тексерілетін әлеуметтік фактілерді зерделеуге және олардың өлшемдеріне тікелей немесе жанама түрде сүйенетін әлеуметтану зерттеуі ғана нағыз және толыққанды болып табылады.

5.Әлеуметтану білімі мынандай құрамдас бөліктерді қамтиды:фактілер,болжамдар және теориялар.Әлеуметтану әдістері сонымен қатар ережелер мен амалдар ретінде қарастырылады, олардың көмегімен фактілер, болжамдар және теориялар өзара ұштасады.

Әлдеуметтану әдісі проблемасының маңызы ең алдымен дәл осы әдістің талаптарын қатаң сақтау негізінде алынған әлеуметтану білімінің нағыз ғылыми білім болып танылуында.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]