Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор Азия Африка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163.53 Кб
Скачать

8.Хі ғ. Қытай-танғұт соғыстарының себептері мен барысын талдаңыз.

Таңғұттар-Орта Азияның шығысындағы Гоби шөлі мен Ұлы Қытай қорғанының аралығын қоныстанған тайпалар бірлестігі. Таңғұттар елі XI ғ. күшейіп Си Ся мемлекетін құрды. Алғашқы кездерде қытайлықтарға тәуелді болған олар, Сун империясының солтуүстік-батысындағы (982—1227 жж) Ішкі Моңғолиямен шекаралас аймақтағы Ганьсу және Шаньси өңірін қоныстанды. Астанасы Сячжоу (қазіргі Синин) қаласы болды. Өкімет билігі Тоба əулетінің қолында болған. 1038 ж. таңғұттар билігіне император Юань Хао келді. Таңғұт мемлекеті жас болса да, оның жақсы қаруланған атты әскері болатын. ХІ ғ. ұзаққа созылған қытай-танғұт соғыстары Си Ся мемлекетіне де, Қытайға да ауыр тиді. Сәл тыныштыққа орныға қалса, шекаралық аймақта қақтығыс бұрқ ете түсетін. Немесе таңғұттар соғыс ашса, гүлдеп тұрған аймақ шаңы көтеріліп, тозып кететін болды. Осы себептерге байланысты Үндістан мен Орталық Азияға баратын сауда жолдары үзіліп, Қытайдың дамуы тоқталып қалды. Сауда жолдары ашылса да, оларды таңғұттар үнемі жойып отырды. Барлық уақытта да ең негізгі қарсылас – Қытай-Сун патшалығы болды. Тынымсызына қоса, айрықша қантөгіс, ұзақ майдан, елдің еңсесін көтеріп, өрісін кеңейткен Юань-хао заманынан соң одан әрі жалғасады. Әсіресе, 1040—1044 жж. Сун империясы Батыс Ся империясымен соғысты. Соғыс бітім шартын жасаумен аяқталды. Шекара өзгеріссіз қалды. Ся (Тангут) өкіметі Сун сарайына вассал деп танылды. Бірақ Қытай тангуттықтарға жыл сайын жібек мата, күміс, шай «сыйлап» отыруға тиіс болды. 1069–1072, 1081–1086, 1096–1099 жылдардағы соғыстарда екі жақтан да жүз мыңдаған адам құрбан болып, екі ел арасындағы соғыстар онан əрі жалғасты. Күшіне енген таңғұттар Ляо мемлекетімен одақтасып 12 ғасырда Қытай жерін иеленген төрт мемлекеттің біріне айналды.

9.Чжурчжендердің Қытайды өздеріне бағындыруы. Цзинь патшалығының орнауының тарихи жағдайларына талдау жасаңыз.

1115 ж. чжурчжендердің Цзинь империясы құрылды. Қытай онымен одақтасып, Ляо империясынан солтүстіктегі 16 округтерін қайтарып алуға кірісті. 1123 жылға қарай Қытай ол округтердің біразын қайтарып алды да, Қытай бұрынғы кидандарга төлейтін салығын енді чжурчжендерге төлеуге тиіс болды. 1125 ж. Ляо империясы құлады. Енді чжурчжендер шапқыншылығы Қытайға қарай бұрылды. 1127 жылдың басында олар Сун империясының астанасын басып алды. Император тұтқындалып, солтүстікке əкетілді. Бірақ императордың бір інісі — Чжао Гоу Кайфыннан тыс жерде жүріп, аман қалған еді. Ол оңтүстікке қоныс аударып, император деп жарияланды. Ол басқарған мемлекет енді Оңтүстік Сун империясы деп аталды. Империяның астанасы Линьань (Ханчжоу) қаласы болды. Келесі 15 жыл бойы Цзинь империясы Оңтүстік Сунды да жаулап алуға, ал Оңтүстік Сун — чжурчженжер басып алған солтүстік аудандарды қайтарып алуға тырысты. 1134—1140 жж. Юэ Фэй басқарған Қытай əскері біраз жеңістерге де жетті. Бірақ сарайда канцлер Цинь Гуй басқарған топ басым болды. Ол топ Цзинь империясымен соғысудың қажеті жоқ, оны жеңу мүмкін емес деп санады.Сондықтан ол топ келіссөз жүргізуді жақтады. Майдандағы əскер басшылары астанаға шақырып алынды. Юэ Фэй өлтірілді. 1141 ж. чжурчжендермен өте ауыр бітім шарты жасалды: Цзинь империясына Хуайши өзенінің солтүстік аудандары берілді, Сун императоры Цзиньдердің вассалы деп жарияланды. Оңтүстік Сун империясы Цзинь империясына жылына 250 мың күміс лян, 250 мың бума монета (1 бумасында — 1000 монета) салық төлеп тұратын болды. Сун империясының солтүстігі сол күйінде чжурчжендер қолында қалып қойды. Бұл жағдай моңғол жаулап алушылығына дейін сақталды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]