Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор Азия Африка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163.53 Кб
Скачать

62. Османдық Түркияның мәмлүктік Египетті бағындыру жолындағы әрекеттеріне сипаттама беріңіз

Түріктер ХVІ ғасырда көптеген араб елдерін басып алды. Ең алдымен /1516—1517 жж./ сұлтан І Сəлимнің кезінде бостандығынан құрамында Ливан мен Палестина бар Сирия жəне Египет айырылды. Түрік үстемдігіне дейін онда мамлюктердің əскери-феодалдық кастасы билік құрды, оны мамлюк сұлтаны басқаратын. Мамлюктер астанасы Каир болды. 1515—1517 жылдары түрік сұлтаны І Сəлимнің əскері Сирия мен Египетті басып алды. Түрік армиясы оқ-дəрімен атылатын қару-жарақпен қаруланған еді. Мамлюктер қылыш, найза, садақпен ғана қаруланған болатын. Түрік зеңбіректерінің гүрсіліне шыдай алмай, кейін қарай жосылған мамлюктердің сұлтаны аттан құлап өлді. Түріктер Сирияның астанасына жақындай бергенде жергілікті халық мамлюктерге қарсы көтеріліске шықты. Түрік сұлтаны І –338339Сəлим Дамаскке салтанатты түрде келіп кірді. Ал Палестина қала-лары түріктерге қарсылықсыз-ақ беріліп отырды. Тек Египетте мам-люктер түріктерге айтарлықтай қарсыласып бақты. Кансу Гураның орнын басқан мамлюктердің жаңа басшысы Тұманбей əскери бекініс тұрғызуға бұйрық берді. Ол Венециядан 80 зеңбірек сатып алып, Каирдың шет жағасына орналастырды. Бірақ зеңбіректерді іске асы-ратын мамандар болмағандықтан пайдалана алмады. 1517 жылдың басында І-Сəлим бастаған түрік армиясы Каирды басып алды. Туман-бейді Египет бедуиндері Сəлимге ұстап берді. Ол Каирде дарға асылды. Египеттен кейін түріктер Хиджазды / Батыс Аравия / басып алды. Мұсылмандар үшін бұл ең «қасиетті ел» болып саналды. Жыл сайын Мекке мен Мəдинаға Шығыстың көптеген елдерінен миллиондаған адамдар қажылыққа барып тұрды. Бұл ел егінді Египеттен алып тұратын. І – Сəлим Египетті жеңгеннен кейін Меккедегі Кааба храмының кілтін алды. Енді ол өз лауазымына «қос қасиетті қаланың қызметкері» деген атақты қосып алды.

63. Кейінгі орта ғасырлардағы Қытайдың әлеуметтік жағдайына талдау жасап, шаруалар көтерілісінің алғышарттарын анықтаңыз

XV ғасырдың басында Қытай экономикасы мен мəдениеті гүлдену кезеңін бастан кешірді. Бірақ осы ғасырдың аяғында елде көтерілістер, бүліктер, қырқыстар орын алды. Бұл феодалдық құрылыстың ыдырай бастауының белгісі еді.Бұрын игерілмеген жердің есебінен егістік көлемі ұлғая түсті. Еңбек құрал-жабдықтары қарапайым күйінде қала берді. Бірақ шаруалардың еңбекқорлығы мен шеберлігінің есебінен еңбек өнімділігі арта түсті. Еңбек құрал-жабдықтарының қара-пайымдылығы жердің құнарлығын сақтауға, соның арқасында түсімін арттыруға жағдай жасады. Қытай шаруалары дəнді дақылдар, бұршақ, шай егіп, жеміс-жидек, май жəне бағалы ағаштар өсірді. Мақта егістігі де кең қанат жая бастады. Тауар ― ақша қатынастары жетіле бастаған XV―XVII ғасырларда шаруалар жер иеліктерінен айырылып, тез кедейлене түсті. Олар өз жерлерін түгел немесе жартылай, ашық немесе жасырын сатуға мəжбүр болды. Мұның басты себебі өсімқорларға қарызданып қалу немесе салықты уақтылы төлей алмау еді.Шаруалардың қарыздануының өсе түсуіне əкімдердің па-рақорлығы мен əртүрлі қулық-сұмдықтары да себеп болды. Жерге жаңа помещиктер, өсімқорлар мен көпестер, ауыл əкімдері ие бола бастады. Феодалдар, олардың ішінде император үйінің мүшелері мүмкін болған жерлердің бəрін басып алып жатты. Бұл жолда олар императорларға жарлықтар да шығартты, күш қолданды, алдап арбады. Тек бос жатқан жерлерді ғана емес, əлсіз жеке меншік иелерінің жерін де, мемлекеттің жерін де өз иеліктеріне айналдыра бастады.Шаруа шаруашылығының кедейлігі оны табиғи апатқа қарсы күресте дəрменсіз етті. Сондықтан егін шықпай қалушылық, ашаршылық жиі болып тұрды. Адамдар өсімдіктердің тамырын, ағаштардың қабығын жеген кездері болып тұратын дейді тарихшылар. Бір шаруаның құлдырауы қалған көрші шаруаларға да зиянын тигізетін. Мұндай қиыншылықтар XV―XVI ғасырларда шаруалар көтерілістерін жиілетті. Бұл көтерілістер, бүліктер мен қырқысулар ауылдық жерде феодалдық қатынастардың ыдырай бастауының белгісі еді. 1625—1627 жылдары Шэньси провинциясында үлкен толқулар болды. 1628 жылы бұл толқулар кең өріс алды. Көтерілісшілер кішігірім қалаларды басып алып, жергілікті үкіметтің кейбір мүшелерін өлтірді, олардың үйлерін тонап, түрмеден тұтқындарды босатты. Тауда жиналып, көтерілісшілер 10 отряд құрды, басшы-ларын сайлады. Шэньсидің оңтүстігінде көтерілісшілер Ханьчжун қаласына жақын келді: осы провинцияның солтүстігі мен баты-сында көтерілісшілер біраз жерлерді басып алып, өз биліктерін орнатты. 1629 жылдың аяғына қарай көтерілісшілер отрядтары Шэньси-Ганьсу провинциясын толығымен өз бақылауында ұстады. 1631 жылы 36 көтерілісшілер отрядтары бірікті. Оның қолбас-шысы Ван Цзыюн болды. Ол кеңес мүшелерімен ақылдасып отыр-ды. Келесі жылдың көктемінде көтерілісшілер Хуанхэ өзенінен өтіп, астанаға қарай жорық бастады. Шаруалар отрядтарының қатары күннен-күнге өсе түсті. Олар провинциялық əскерлерге соққы бере отырып, кішігірім уездік қалаларды басып алды, үстем таптар өкілдерін қырды. Шаруалар отрядтары оқпен атылатын қаруы бар күшті əскермен шайқаста жеңіліске ұшырай бастады. Көптеген бас-шыларынан, оның ішінде Ван Цзюннен де айрылды.1633 жылдың қысында қатары өте қатты сирей бастаған шаруалар отрядтары Хуанхэ өзенінен кері қайтып, оңтүстікке қарай шегінуге мəжбүр болды. Хэнань, Хубей, Сычуан провинцияларының шару-алары көтерілісшілерді қуана қарсы алып, оларды азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырды, олардың қатарына кірді. Янцзы жағасына жеткен соң көтерілісшілер отрядтары қайтадан солтүстікке қарай, Шэньсиге беттеді. Енді отрядтар бөлек əрекет жасады, əр отряд өз еркімен, өз мүмкіндігінше соғысты. Тек бір рет қана қосылып, бірлесуге əрекет жасады. Көтерілісшілер басып алған жерлерде халыққа барлық қарыздарынан, салық төлеуден құтқарамыз деп уəде берді. Бірақ өздері халықтан азық-түлік, қару-жарақ пен киім-кешек үшін қаржы жинап алып отырды. 1636 жылғы маусымда император барлық көтерілісшілерге кешірім жасайтындығы, өз жерлеріне қайтқан шаруаларға, үкімет əскеріне қайтып оралған солдаттарға көмек көрсету жөніндегі жарлығын жариялады. Көтерілісшілер отрядтарының басшыларына офицер атағын бермек болды. Кейбір салықтар мен қарыздар жойылды. Сөйтіп, көтеріліс басылды.

64. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қытайдағы өнеркәсіп өндірісі дамуының негізгі үрдістерін көрсетіңіз

Еңбектің аумақтық бөлінуіне байланысты жеке қалалар, аудан-дар мен облыстар тауардың белгілі бір түріне ғана мамандана ба-стады. Мысалы: Ханьчжоу мен Сучжоу жібек маталар шығарып тұрса, солтүстіктегі қалалар жүн матасын тоқуға маманданды. Аньхуде тушь жасалды. Цзянси фарфор мен қағаз жасау орталығы болды. Шаньси – пышақ, ал Фуцзянь-лак шығару орталықтары бол-ды. Жекеменшік мануфактураларға қарсы үлкен қазыналық ману-фактуралар тұрды. Қазыналық мануфактуралар негізінен фарфор, қару-жарақ жəне жібек тоқу өндірісінде болды. Сауда да өз даму-ында айтарлықтай табысқа жетті. Көпестердің кемелері мен түйе керуендері тауарларды ауыл-ауылға таратып сатты. Елдің түкпір-түкпірінен шығарылған тауарларды қабылдайтын 33 ресми ірі жəрмеңкелік пункт болды. Пекин, Ханькоу, Ханьчжоу, Яньчжоу сияқты қалаларда қандай тауар іздесең де табатынсың. Нанкинде бүкіл бір флот сыйып кететін кемелер тұрағы /причал/ салынды.1408 жылы Чжэн Хэ тағы да Цейлон жаққа аттанды. Цейлонның патшасы мен басқа да басшылары тұтқындалып, Қытайға тəуелділігін мойындап, 1457 жылға дейін салық төлеп тұрды. Чжэн Хэ оңтүстік теңізі елдеріне: Малаккаға, Бенгалияға, Персид шығанағы мен Оңтүстік Аравияға, Шығыс Африкаға жеті əскери жорық жасады. Жиырмаға жуық патшалық өзінің Қытайға тəуелділігін мойында-ды. Олар өз порттары мен рыноктарын Қытай көпестері үшін ашты. Олардың қалаларында Қытай колониялары пайда бола бастады.Ұшан-теңіз сауда байланыстарының, қолөнері мен ману-фактуралық өндірістің, ақша қатынасының дамуы қалалардың көбейіп, байи түсуіне əкелді. Қолөнершілер мен шəкірттер, ұсақ саудагерлер мен мануфактура жұмысшылары жалдамалы жұ-мысшылардың ең алғашқы тобы болды. Осылардың арасынан болашақ пролетариат шықты. Əлеуметтік полюстің екінші жағын қала байлары құрады. Оның құрамына бай көпестер мен қатар өсімқорлар, мануфактура иелері, ірі шеберлер мен цех старшинала-ры, ғұлама ұстаздар кірді. Бұл құрам болашақ буржуазияның негізін қалады.Өнеркəсіптің дамуы, мануфактураның құрылуы, техникалық жетістіктер, сондай-ақ алыс елдерге жүзу арқасында дамыған сыртқы жəне ішкі сауданың нығаюы — осының бəрі Қытай жұртшылығының ғылым-білімге құштарлығын арт-тырып, мəдениет пен өнердің дамуына ықпал етті. Сонымен қатар Қытайда ескі білім беру жүйесі, ресми чжусиандық идеология, ортағасырлық мистика мен схоластика үстемдік құрып қала берді.