Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор Азия Африка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163.53 Кб
Скачать

7.Қытайдың аграрлық қатынастарындағы үлестік жүйенің мәнін ашыңыз.

477—485 жылдардағы жарлықтармен үлестік жүйені пайдалану тəртібі бекітілді. Жер мемлекет меншігі деп жарияланды. Император ол меншіктің ең жоғарғы иесі деп көрсетілді. Қазынаның жері шаруаларға үлес ретінде бөлініп берілді. Ол үлес егістік, өндірістік (бау-бақшалык) жəне үй-жайлық участоктерден тұрды. Егістік үлес 15 пен 70 жас аралығындағы жұмысқа жарамды шаруаларға уақытша пайдалануға берілді. Ол үлес белгілі бір мерзімде қайта бөлініп тұратын болды; сатуға, сатып алуға, жалға беруге тыйым салынды. Үлес иесі жұмысқа жарамай қалса, қайтыс болса, өкімет ол үлесті басқа біреуге беретін. Қосымша үлес — əрбір жұмысқа салынатын малдың басына қарай берілді. Өндірістік (бау-бақшалық) үлес əкеден балаға мұра ретінде қала берді. Тек ол үлесті өңдеп отыратын жан басы қалмаса ғана өкімет басқа біреуге беріп отырды. Бау-бақшалық (өндірістік) үлесті сату, сатып алу заңға сəйкес жүргізілді; рұқсат — жер аздық, немесе көптік етіп жатса берілді. Үй-жайлық участок өмір бақилық берілетін. Солтүстік Вэйдің аграрлық заңы мен практикасында сақталған жерді пайдалану тəртібі «тең жер жүйесі» деп аталды. Ең үлкен жер үлесінің көлемі 120 мудан аспауға тиіс болды. 485 жылғы низамда (декрет): «жер жеткілікті болып жатса, басқа жерге көшуге болмайды»,— делінді. Жер салығы үш түрлі болды: егістік жерден егінмен, өндірістік (бау-бақшалық) жерден — матамен немесе жіппен өтеу жəне еңбекпен өтеу салықтары. Сыма Яньннің реформасынан айырмашылық— салықтың басты түрі еңбекпен өтеу емес, оброк, яғни азық-түлік салығы болды. Мұрагерлікпен өтейтін салық шаруалардың белсенділігін арттырып, мол өнім алуға ынталандыра түсті. ХІ ғасырдың 60- жылдарында ірі жəне орташа жер иеленушілердің қолында барлық егістік жердің шамамен 2/3 бөлігі шоғырланды. Өкімет мемлекеттік жерді жеке феодалдардың сіңіріп кетуіне қарсы шара қолданбады. Көптеген жер иелерінің бірнеше поместьелері (чжуантянь, чжуанъюань) болды. Əртүрлі аудандардағы ол поместьелер шағын үлестерге бөлініп, жалға беріліп отырды. Жалға беру шарттары əртүрлі болды. Егер жалға тек жер ғана берілсе, онда түскен өнімнің мемлекетке төленген салықтан жəне тұқым қорынан қалған бөлігінің 10 %, 20 %, көп болса 50 %-і жердің иесіне берілетін. Ал егер жер иесі жалгерге тұқым, көлік, т.б. еңбек құрал жабдықтарын да қоса берсе, қалған өнімнің 4/5 бөлігін алатын. Х—ХІІІ ғасырларда жалға беру ақысының өсе түскендігі байқалады. Мемлекеттік жер қоры «гуань тянь» деп аталды. Қызмет бабы үшін берілетін жер көлемі 7-ден — 40 цинге дейін болды. Ол жерді жергілікті шаруалар өңдеді. ХІ ғасырдың аяғында мемлекеттік жер қоры өңдеуге жарайтын жердің 1/72 бөлігі болса, ол ХІІ ғасырдың аяғында 1/15 бөлігі болды. Ұсақ шаруалардың да жеке меншік жерлері болды. Олардың үлестерінің көлемі 10 мудан 90 муға дейін болды. Барлық халықтың 90 % жуығын құрайтын шаруалардың иеліктері барлық өңделетін жердің 30 % жуығын құрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]