Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор Азия Африка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163.53 Кб
Скачать

37. Аббасидтер билігі тұсындағы Халифаттың әкімшілік және салық жүйесіне талдау жасаңыз

Осы аббасидтер тұсында Араб мемлекеті өзінің шырқау шегіне жетті. Араб мемлекетінің гүлденуіне зор еңбек сіңірген халифтер: Мансұр (754—755), Харун-ар-Рашид (786—809), Аль-Мамун (813—833), Мұтадид (892—902) болды. Мұтадидтен кейін халифаттың кұлдырауы басталады. Халифаттағы барлық жер əуелде халифтың меншігі болып есептелді. Ол елді наместниктері арқылы басқарды.Наместник өзі қызмет атқаратын мерзіміне қарай пайдалануға жер алып отырды. Халықтан жиналған салықтардың есебінен ол чиновниктер мен əскер ұстады. Бертін келе халиф жердің бір бөлігін шонжарлардың тұрақты иемденуіне берді. Шығыс елдерінде егіншілікпен суармалы жерлерде ғана шұғылдануға болатын еді. «Сусыз жер — өлі жер»,— дейді араб мақалы. Үлкен суландыру құрылыстары салынды. Халифатта тұтқындар еңбегі де кеңінен пайдаланылды: олар кен қазу жұмыстарында істеді, батпақтарды құрғатты, каналдар салды. Құлдар шонжарлардың үйлерінде малай, халифті қорғайтын жасақшы болды, бірақ еңбекшілер бұқарасының басым көпшілігі құлдар емес, тəуелді шаруалар еді. Халиф өз əскер басыларымен ерекше еңбек сіңірген қызметкерлеріне жер үлестіріп беріп отырды. ол үлес «ихта» деп аталды. Ихта үшін оның иесі салық төлейтін болса, Омар халиф (634—644) ол иелікті игеруді міндеттеді. Егер бос жатса, үкімет қайта алып қоятын болды. Бұқара халық ұшыр(құшыр), зекет, харадж (қалан) т.б. салықтар төледі. Ұшыр — жан басынан жиналатын жер салығы. Ислам дініне енбеген халықтар жизья деген ақшалай салық төледі. Егер мұсылман болса, бұл салықтан босатылды. Харадж деген егін салығы. Ол жиналған өнімнің үштен бірін құрайтын. Зекет — шариғатқа негізделген, мешіт үшін салынатын мал салығы.Жаулап алынған елдердің тұрғын халқына қару асынуға рұқсат етілмеді. Олар өздерінің киген киімдерімен де арабтарға ұқсамауға тиісті болатын. Жаулап алушылар мұсылман емес халықтардың бəріне қосымша салықтар салды жəне өз əскерлерін азық-түлікпен қамтамасыз етуді міндеттеді

38. Аббасидтер халифатының ыдырауының тарихи жағдайларын көрсетіңіз

750—754 жылға дейін Абул-Аббас тақта отырды. Ол 1055 жылға дейін билік құрған аббаситтер əулетінің негізін қалады. Жаңа халифаттың астанасы Бағдад қаласы болды. Оны 768 жылдан бастап халиф Мансұр (754—775) тұрғызды.Осы аббасидтер тұсында Араб мемлекеті өзінің шырқау шегіне жетті. Араб мемлекетінің гүлденуіне зор еңбек сіңірген халифтер: Мансұр (754—755), Харун-ар-Рашид (786—809), Аль-Мамун (813—

833), Мұтадид (892—902) болды. Мұтадидтен кейін халифаттың кұлдырауы басталады.

Атлант мұхитының жағалауынан бастап, Үндістан мен Қытай шекарасына дейінгі жерді алып жатқан орасан зор араб халифаты онша берік болмады. Бағындырылған халықтар тарапынан жүргізілген көтерілістер оның күш-қуатын əлсірете берді. Феодалдық құрылыстың дамуына байланысты жер-жерде ірі феодалдар күшейе бастады. Аймақтардың наместниктері өздерінің атақ мансабын пайдалануға алған жерлерімен қоса, өз ұрпағына мирасқа қалдыра бастады. Өздерінің қарамағындағы əскер күшіне сүйене отырып, олар халифқа бағынудан бас тартты, сөйтіп, өздерінше тəуелсіз билік жүргізушілер болып алды. Халифаттың ыдырауы VІІІ ғасырдың ортасында басталды. 756 жылы Кордова эмираты бөлініп кетіп, ол 929 жылы жеке халифатқа айналды. VІІІ ғасырдың аяғы — ІХ ғасырдың басында Марокко мен Тунис бөлініп шықты. ІХ ғасырдың ортасында Египет тəуелсіздік алды. Мұнда алғаш Тулунилер, ал Х ғасырда Əлінің Фатимилер деп аталған ұрпақтары билік құрды. 969 жылы Фатимилер Египетті егемен Каир халифатына айналдырды. ІХ ғасырда Шығыс Иран (Хорасан), Х ғасырда Батыс Иран да Араб халифатынан бөлініп шықты. Амударияның шығысындағы Мəуереннахрда Саманилер мемлекеті құрылды (Мəуереннахр — «өзеннің арғы жағы»). Оның астанасы Бұқара қаласы болды. Басқа үлкен қалалары Самарқан мен Ходжент болды. Х ғасырдың басында Ауғанстан бөлініп шықты. Бағдад халифатының қарамағында Месопотамия ғана қалды. Бірақ оны да Иран əміршісі өзіне бағындырып алды. 1055 жылы Бағдадты Орта Азиядан ауып келген көшпенділер — түрік-селжүктер жаулап алды. Олардың қолбасшысы Ер Тоғрыл (Тоғрыл бек) сұлтан деп жарияланды. Енді халифтердің қолында діни билік қана қалды. Ол билік те 1258 жылға дейін, монғол жаулап алушылығына дейін ғана сақталды. Сөйтіп, қоғамдық бірліктің, ынтымақтың ұйтқысы болған жаңа ислам дінінің рухани беделі араб халифатының құрылуына, зор табыстарға жетуіне себеп болды. Ал ІХ ғасырға қарай ислам басшыларының пайғамбар өсиеттері бойынша жүре алмай, əділеттілік жолынан ауытқып кетулері жеке феодалдардың күшеюіне, ақырында — халифаттың ыдырауына əкеліп соқты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]