Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор Азия Африка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163.53 Кб
Скачать

29. Исламға дейінгі Аравияның қоғамдық дамуының ерекшеліктерін көрсетіңіз

Ұлан-ғайыр Аравия түбегінің көлемі 3 млн. км2. Ол шөл дала, құмды жер. Теңіз жағалаулары ғана егіншілікке жарамды. VІ ғасырда арабтар 1) көшпелі мал шаруашылығымен айналысушыларға жəне 2) отырықшы диқандарға бөлінетін, оның ішінде араб қоғамының басым көпшілігі мал бағатын көшпелілер болатын. Олар бедуиндер деп аталатын. Малдан жылқы, қой, ешкі, түйе өсірілетін. Шонжар бедуиндердің қора-қора малы, үйір-үйір асыл тұқымды жылқылары болды. Əр тайпада түк малы жоқ, тақыр кедейлер де жеткілікті еді. Олар көбінесе кесіртке мен жабайы құрманы қорек етті. Тайпалар руға бөлінетін. Рудың бақуатты отбасылары кедей туысқандарына қарайласуы керек болды. «Қанға-қан» деген кек алу дəстүрі болды. Тайпа басшысы шейх, ру басшысы — саидтар өз қалауы бойынша басқарды (барлық мəселені өзі шешетін). Қолөнері, егіншілгі Аравияның оңтүстік-батысында — Иеменде жақсы дамыды. Иеменнің ертерек дамуына оның сауда жолында делдалдық рөл атқаруы əсер етті. Ол Египет пен Палестинаның, Сирияның арасында, ал ІІ ғасырдан бастап бүкіл Жерорта теңізінде делдалдық рөл атқарды. Үндістаннан теңіз арқылы əкелінген тауарлар Иеменде түсіріліп,түйелерге артылып, Палестина, Сирия арқылы Батыс Еуропа елдеріне дейін жетіп жататын. Аравияның батысындағы Хиджаз облысында Иеменнен Сирияға баратын жолда үлкен сауда-саттық қаласы — Мекке орналасты. Оның көпестері көрші елдерге жылына бірнеше рет үлкен керуендер жабдықтап жіберіп отырды. Меккенің орталық алаңында куб тəріздес Кааба мешіті болды. Оның төрінде қасиетті «қара тас» тұрды, ал ай- наласында араб тайпаларының құдайларының мүсіндері қойылған болатын. Əр тайпа өз құдайына құлшылық етті. Бұл арабтар арасында алауыздықты күшейте түсті. Каабаның маңында жанжалға, айтыстартысқа, ұрыс-керістерге қатаң тыйым салынды. V—VІ ғасырларда арабтар елінде алғашқы қауымдық құрылыс- пен қатар, құлдық қоғам да орын алды. Бірақ құл иеленушілік қатынас дамып, жетілмеді. Алғашқы қауымдық құрылыс негізінде феодалдық қатынастар да қалыптаса бастады. Арабтардың жеке топтары біздің заманымызға дейін-ақ көршілес Палестина, Сирия елдеріне қоныс аударып, тіпті Иорданияда арабтардың Гассанид патшалығы да құрылған болатын. ІV ғасырға қарай Месопотамия мен Сирия шекарасында Лахмидтер əулеті басқарған араб патшалығы құрылды. Ол VІІ ғасырдың басына дейін сасанидтік Иранға вассалдық тəуелділікте болды.

30. Исламның қалыптасуындағы Мұхаммед пайғамбардың діни қызметіне талдау жасаңыз

Араб тайпаларын біріктіріп, көршілес бай елдерді басып алу үшін шонжарлар жаңа дінді — ислам дінін пайдаланды. Ол дінннің негізін Мұхаммед пайғамбар қалады. Мұхаммед пайғамбар 570 (571) — 632 жылдары өмір сүрген. Ол Меккеде үстемдік құрған корейшиттердің кедейленген отбасында өмірге келген. Алла тағала Мұхаммед пайғамбарға құранды —мұсылмандардың қасиетті кітабын — ол қырық жасқа келгенде жібере бастады делінеді.Мұхаммед пайғамбарға Алла тағала атынан Кəрімнің уағыздарын біртіндеп төбе періштелерінің бірі Жəбірейіл Ғалайһи əкеліп тұрған деп, құран 23 жыл ішінде түсіп болған деп есептеледі.

Өз уағызын 610 жылы бастаған Мұхаммедтің насихатын алғашқыда тек отбасы мұшелері мен бірнеше жақын туыстары ғана мойындады. Мұхаммедтің жақтастары “өздерін құдайға тапсырғандар” (муслимуна, мұсылмандар) деп атай бастады. 614 жылдан мұсылмандар саны 40-50 адамға жетіп, Мұхаммед көпшілік алдында үгіт-насихат жасай бастады. Мекке билеушілері Мұхаммедтің жақтастарын қуғындай бастады. 616 жылдың аяғы мен 617 жылдың басында кураиш руының рулары хашимит руына байкот жариялады. Ол бойынша: хашимиттермен сауда жасауға, іс жүргізуге, некеге тұруға тыйым салынды. Байкот 619 жылға дейін созылды. Иасриб қаласының тұрғындары Мұхаммедпен ауызша келісім жасады. Келісім бойынша: Иасрибтықтар Мұхаммедтің рухани абыройын мойындап, қалада өмір сүруіне кепілдік берді. Мұсылмандардың Меккеден Иасрибке көшуі басталды. 622 жылы Ясрибке (Медине) қоныс аударуға мəжбүр болды. Осы жыл — 622 жыл — мұсылмандардың бірінші жылы болып саналады. Бұл «хижра», яғни «көшу» жылы деп аталады. Ясриб сол жылдан бері Медина— «пайғамбар қаласы» деп аталады. Иасрибке келген соң Мұхаммед дін уағыздаушы ғана емес, саяси қайраткерге айналды. . Жаңа жерде бекініп алған соң Мұхаммед меккеліктермен күрес бастады. Ұзаққа созылған соғыстан кейін 630 жылы Мекке қаласының билеушісі Абу Суфиан Мұхаммедтің билігін мойындайды. 631 жыл ислам дінінің бүкіл Арабияға таралу жылы болды. Бұл жылы Таиф қаласының тұрғындары, Иеменнің, Орталық Арабияның және Бахрейннің әртүрлі тайпалары ислам дінін қабылдады.

Ислам деген сөз құдайға құлшылық дегенді білдіреді. Ол дінді ұстанушыла мүсілімдер, мұсылмандар деп аталады. Мұхаммед пайғамбар арабтарды бір ғана құдайға табынуға, өзара жауласуды тоқтатуға, бірігуге шақырды. 630- жыл шамасын- да араб тайпаларының көпшілігі ислам дінін қабылдады, Мұхаммед өкіметін мойындады. Мекке мұсылман дінінің орталығына, бүкіл мұсылмандардың «қасиетті» қаласына айналды. Мұхаммед мем лекет пен мұсылман мешітінің басқарушысы болды. Мұхаммед өлгеннен (632) кейін көп ұзамай, мұсылмандар бүкіл Аравияны өздеріне бағындырып алды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]