
- •2.Солтүстік Қытайға көшпелілердің басып кіруінің алғышарттарын көрсетіңіз.
- •4.Тан әулетінің билікке келуінің тарихи жағдайларын көрсетіңіз.
- •5.Тан әулеті тұсындағы Қытайдың әкімшілік-басқару жүйесін сипаттаңыз.
- •7.Қытайдың аграрлық қатынастарындағы үлестік жүйенің мәнін ашыңыз.
- •8.Хі ғ. Қытай-танғұт соғыстарының себептері мен барысын талдаңыз.
- •9.Чжурчжендердің Қытайды өздеріне бағындыруы. Цзинь патшалығының орнауының тарихи жағдайларына талдау жасаңыз.
- •10.Қытайды монғолдардың жаулап алуының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз.
- •11.Юань империясының әлеуметтік-саяси дамуын сипаттаңыз.
- •12. Қытай халқының монғол басқыншыларына қарсы күресі. Мин әулеті билігінің орнауының тарихи жағдайларын көрсетіңіз.
- •13. Мин әулеті тұсындағы Қытайдағы әлеуметтік-саяси дағдарыстың себептерін түсіндіріңіз
- •14. Цинь әулеті билігі орнауының тарихи жағдайларын көрсетіңіз
- •15. Сасанилердің сыртқы саясаты
- •16. Маздакиттік қозғалыс:себептері, барысы, салдарларын талдаңыз
- •17. І Хосров реформаларының мәнін ашыңыз
- •18. Ерте орта ғасырлардағы Үндістанның саяси дамуының ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •19. Гупталар империясының саяси жүйесінің ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз
- •20. Гупталар тұсындағы Үндістанның әлеуметтік құрылымына талдау жасаңыз
- •21.Ерте орта ғасырлардағы Жапонияның қоғамдық-саяси дамуын сипаттаңыз
- •22. Жапониядағы Тайка төңкерісін сипаттап, оның салдарларын көрсетіңіз
- •23. Жапониядағы «Регенттер мен канцлерлер дәуірі» және оның мәнін ашыңыз
- •24. Самурайлар тобының қалыптасуының тарихи алғышарттарын көрсетіңіз
- •26. Жапония саяси жүйесіндегі экс-императорлар билігінің мәнін ашыңыз
- •27. Жапониядағы «өзара қырқысушы провинциялар дәуіріндегі» саяси жағдайларға сипаттама беріңіз
- •28. Жапонияның бірігуінің алғышарттарын көрсетіп, елді біріктіруші қайраткерлердің қызметіне талдау жасаңыз
- •29. Исламға дейінгі Аравияның қоғамдық дамуының ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •30. Исламның қалыптасуындағы Мұхаммед пайғамбардың діни қызметіне талдау жасаңыз
- •31. Хижра түсінігін анықтап, Умманың қалыптасуының тарихи жағдайларын көрсетіңіз
- •32. Мекке мен Медине арасындағы негізгі шайқастардың барысын көрсетіңіз
- •33. Аравиядағы исламның жеңіске жетуінің тарихи маңызын анықтаңыз
- •34. Араб жаулаушылықтарының негізгі бағыттары мен кезеңдерін көрсетіңіз
- •35. «Тақуа халифтер» билігіне сипаттама беріңіз
- •37. Аббасидтер билігі тұсындағы Халифаттың әкімшілік және салық жүйесіне талдау жасаңыз
- •38. Аббасидтер халифатының ыдырауының тарихи жағдайларын көрсетіңіз
- •39. Монғол мемлекетінің құрылуының алғы шарттарын көрсетіңіз
- •41. Монғол жаулаушылықтарының салдарын ашып көрсетіңіз
- •42. Ирандағы монғолдар билігінің орнауының тарихи жағдайларын көрсетіңіз
- •43. Газан-хан реформаларының мәнін ашыңыз
- •44. Монғолдар империясының құлауының тарихи жағдайларына талдау жасаңыз
- •45. Селжұқ жаулаушылықтарының барысын көрсетіңіз
- •46.Селжұқ мемлекетінің қоғамдық және мемлекеттік құрылысына сипаттама беріңіз
- •47.ТҮріктердің Кіші азияға басып кіруінің тарихи жағдайларын көрсетіңіз
- •52Үндістанда ұлы моғолдар билігінің орнауына талдау жасаңыз
- •53 Ұлы Моғолдар империясының құрылуының тарихи алғышарттарын талдаңыз
- •54 Акбар реформаларының тарихи мәнін ашыңыз
- •55 Ирандағы Сефевилер билігінің орнауының тарихи жағдайларына талдау жасаңыз
- •56. Сефевилердің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын көрсетіңіз
- •57. Сефевилер тұсындағы Иранның әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасаңыз
- •58. Осман әулеті билігінің орнауының тарихи жағдайларын көрсетіңіз
- •59. Османдардың сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтаңыз
- •60. Сүлейман Канунидің заңнамалық қызметіне талдау жасаңыз
- •61Осман империясының Сефевилік Иранмен қарым-қатынастарына талдау жасаңыз
- •62. Османдық Түркияның мәмлүктік Египетті бағындыру жолындағы әрекеттеріне сипаттама беріңіз
- •63. Кейінгі орта ғасырлардағы Қытайдың әлеуметтік жағдайына талдау жасап, шаруалар көтерілісінің алғышарттарын анықтаңыз
- •65. Осман түріктерінің Балканды жаулап алу жолындағы соғыстарына талдау жасаңыз
23. Жапониядағы «Регенттер мен канцлерлер дәуірі» және оның мәнін ашыңыз
Регенттік жүйе мен канцлер лауазымы Жапон билігі басындағы ерте орта ғасырда берілегн билікті атқаратын қызмет пен лауазым еді. Регенттік – жергілікті жиналыстың көмегімен басшының қызметін уақытша атқару. Мысал келтірсек, император жасы кіші немесе ауру әлде әлі таққа отырмаған жағдайда таңдалып уақытша билік жүргізеді. Жапония тарихындағы регенттік жүйеге келетін болсақ, яғни алатын орны жайлы атап өтетін болсақ Сетоку регент-ханзадасы жайлы айтып өтсек. Ол Жапониядағы буддизм дінінің таралуына өз септігін тигізді, мемлекет атын Ямато дан – Жапонияға өзгертті, сонымен қоса көптеген реформалар жүргізді. Осы кезде басты регенттік үйлер жайлы айтып кететін болсақ, Фудзиварал мен Ходзи үйі туралы айтылады. Ходзи үйі – ғасырлар бойы жасы келмеген сегундардың атынан немесе қуыршақ императорлар атынан билеген. Ал Фудзиварал әулеті болса, самурайлар билікке келгенге дейін билік еткен регенттік әулет. Осы жайлы қысқаша тоқталып кетсек. Император үйі іс жүзінде биліктен шеттетілді. 794 ж. Астананы Хэйанға /қазіргі Киото/ көшіру сарайға жақын тұрған Фудзивара əулетінің жоғарғы үкімет билігін басып алу əрекеті болды. Алдымен император тек Фудзивара əулетінің қызына үйлену тəртібін енгізді. Кейін, 858 ж. фудзиваралар регенттік билікті өз қолдарына алды, ал 887 ж. бастап жоғарғы кампаку (канцлер) лауазымын иеленді. IX—XI ғасырларда фудзиваралар барлық өкімет билігін қолында ұстады. Фудзиваралар регенттік билік құрған 858—1068 жылдар аралығы Жапония тарихында сэссё жылдары деп аталды. Және қосып айтып өтетін бір мәселе, ол регент атақтары – сэссей, инсэй және сиккэн. Сэссэй – микадо атынан билік етуші регент. Инсэй – сэссэй титулынан жоғары тұратын император орнындағы билеуші. Сиккэн – бұл жасы кіші сегун орнындағы, билік етуші регент.
24. Самурайлар тобының қалыптасуының тарихи алғышарттарын көрсетіңіз
Жапония тарихында самурайлардың қалыптасуы, қоғамдағы рөлі, дүние танымы мәселелерін түсініп ашып көрсету маңызды.Себебі самурайлар тарихы ҮІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысын қамтиды. Бүкіл орта ғасырлардағы жапон қоғамындағы болған қоғамдық өзгерістерді түсінуге самурайлар тарихы көмектеседі. Бушидо- қуатты күштің қайнар көзі. Бушидоның қағидаларын игерген жапон халқы бүгінгі табыстарына жетуде. Жапондар үшін ең жауынгер және айбатты қарсылас айндар еді. Олардың сырт-тұрпаты австралияның аборигендерін еске түсіретін. Айндар ұзын бойлы, мығым денелі және жауынгер халық болатын. Олардың жауынгерлік рухы жоғары болды. Шайқастарда жеңілген айндар өздерін өлтірді. Әйелдері балаларын өлтіріп, артынан өздерін өлтірді. Айндармен қақтығыс жүздеген жылдарға созылып, самурайларды үнемі әскери дайындықта болуға мәжбүр етті. Ішкі соғыс ХV ғасырға дейін созылып,айндардың соңғы тірегі Хоккайдо аралын жапондардың иеленуімен аяқталды. Самурайлар айндардан қайталанбас қайсар жауынгерлік рухты алды. Жапон хроникаларында әртүрлі тағы тайпалар мен жапон жауынгерлерінің кескілескен шайқастары жайлы мәліметтер көп кездеседі. Тіпті ІІІ-ІVғ.ғ жапон қоғамы күшті әскери бағытта дамығандығы жайлы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі дәлелдейді. Қорымдардан семсер, найза, басқада қарулармен қатар жауынгерлерді бейнелейтін мүсіндер табылған. Мұның барлығы Жапонияда жауынгерлік рух ертеден қалыптасқандығының айғағы.. Самурайлардың қалыптасуы ұзақ уақытқа созылды. 645 жылы орталықтанған мемлекеттің құрылуы аяқталды. Самурайлардың қалыптасуын шартты түрде осы кезеңнен бастауға болады.Онда олар әлі самурай деп аталмаған болатын. Қаруланған адамдарды Буши, Буке, Цувамоно деп атады. «Буши» деп қоғамның жоғарғы сатысынан шыққан жауынгерлер аталды. Бұл термин Нара дәуірінде пайда болды. Ежелгі Жапонияда «самурай» (сабурай) деген сөз «сабурахи» деген етістіктен құралғандықтан «ұлы адамға, жоғарғы топ адамына қызмет ету» деген мағынаны білдірді. Бірте –бірте әскери қызметтегі жауынгер жасақтарды осылай атады. «Самурай» сөзі «буши» сөзін түбегейлі қолданыстан шығарды. Бертін келе «самурай» деп екі қылыш ұстауға құқығы бар барлық жауынгерлерді атады. Алғашқы самурайларды феодалдар өз иеліктеріндегі азды–көпті жағдайы бар ауыл тұрғындарынан алды. Самурайлар қатарын толтырудың екінші көзі: ақсүйек рулардың орта және төменгі сатыдағы егіншілікпен айналыспайтын топтарынан, аңшылар, балықшылар қатарынан алу болды.Өз қожайынынан баспана, азық кейде жер үлестерін алған жасақтар бірте-бірте қарулы қызметкерлерге айналды. Мұндай самурайлардың өздері де феодалға айналды. Самурайлардың қатарында төменгі таптардан шыққан білімі, байлығы жоқ топ- асигару(жаяу әскер), болды. Олардың кейбірі ерлігі мен батырлығы үшін қызмет пен атақ алып отырды.
25. Жапониядағы әскерилер билігі - Сегунаттың орнауының тарихи жағдайларына талдау жасаңыз
Оңтүстік-Батыс Жапонияда, əсіресе Тайра үйі зор ықпалға ие болды. Ол 1156 жылы үкімет билігін басып алып, оны 1185 жылға дейін қолында ұстады. Император атынан қимылдай отырып, олар өз қарсыластары — солтүстік-шығыс аудандарының феодалдары- мен күрес жүргізді. Солтүстік-шығыс феодалдары мен оңтүстік- батыс феодалдарының күресі ықпалды екі үйдің — Тайра мен Минамото үйлерінің күресіне ұласты. Бұл күресте əскери күшке ғана емес, мықты феодалдық ұйымға арқа сүйеген Минамото үйі жеңіске жетті. 1185 жылы Данноур /қазіргі Симоносэки/ маңында тайралықтар жеңілді. Минамото үйі бұл соғыстың нəтижесін өз мүддесіне пайдаланды. 1192 жылы əскер қолбасшысы Еоритомо «Сёгун» деген атақпен мемлекеттің жоғарғы басшысы деп жарияланды. Сёгун — «сейи тайсёгун» деген сөздің қысқартылған түрі. Ол сөзбе-сөз варварларды бағындырушы ұлы қолбасшы дегенді білдіреді. Бұл атақ алғаш 794—811 жылдары Хэйаннан (қазіргі Киото) Хонсю аралының солтүстік-шығысындағы эбису халқын бағындыру үшін жіберілген əскер басшысына берілді. Іс жүзіндегі өкімет билігінің император дан Минамото əулетіне көшуінен кейін сёгун деген атақ осы əулеттің басшысы Ёоритомоға берілді. Сёгунат — феодалдар диктатурасының саяси түрі болды. Оның үкіметі бакуфу деп аталды. Елдің саяси орталығы Хонсю аралының шығысындағы Камакура қаласына көшірілді. Тайраларды жеңген соң Минамото үйінен шыққан жаңа басшыларға қарсы император мен Фудзивара үйі бастаған астаналық ақсүйектер күрес жүргізді. Бұл күресте Минамото үйі шаруалар қозғалысын өз мүддесіне сай пайдаланып қалды. 1185—1192 жылдары император мен астаналық /хэйандық/ ақ-сүйектер іс жүзінде биліктен айрылды. Бірақ император атағы сақталып қалды. Астаналық ақсүйектердің 1221 жылғы əскери бүлік арқылы билікке қайта оралу əрекеті жеңіліс тапты. Жапонияда көп уақытқа дейін Минамото əулетінен шыққан сегун- дар билігі орнады. Ёоримото императорды тақтан қуған жоқ. Оны Киотода қалдырып, əскери гарнизонға күзеттіріп қойды. Астана Хонсю аралының шығысындағы Камакура деген ауылға көшірілді. Сондықтан да Минамото мен Ходзё əулеттері (Ходзё Минамото Ёоритомоның қайын атасы болатын) билік құрған 1192—1333 жылдар аралығы Камакуралық сёгунат деп те аталады.