
- •2.Солтүстік Қытайға көшпелілердің басып кіруінің алғышарттарын көрсетіңіз.
- •4.Тан әулетінің билікке келуінің тарихи жағдайларын көрсетіңіз.
- •5.Тан әулеті тұсындағы Қытайдың әкімшілік-басқару жүйесін сипаттаңыз.
- •7.Қытайдың аграрлық қатынастарындағы үлестік жүйенің мәнін ашыңыз.
- •8.Хі ғ. Қытай-танғұт соғыстарының себептері мен барысын талдаңыз.
- •9.Чжурчжендердің Қытайды өздеріне бағындыруы. Цзинь патшалығының орнауының тарихи жағдайларына талдау жасаңыз.
- •10.Қытайды монғолдардың жаулап алуының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз.
- •11.Юань империясының әлеуметтік-саяси дамуын сипаттаңыз.
- •12. Қытай халқының монғол басқыншыларына қарсы күресі. Мин әулеті билігінің орнауының тарихи жағдайларын көрсетіңіз.
- •13. Мин әулеті тұсындағы Қытайдағы әлеуметтік-саяси дағдарыстың себептерін түсіндіріңіз
- •14. Цинь әулеті билігі орнауының тарихи жағдайларын көрсетіңіз
- •15. Сасанилердің сыртқы саясаты
- •16. Маздакиттік қозғалыс:себептері, барысы, салдарларын талдаңыз
- •17. І Хосров реформаларының мәнін ашыңыз
- •18. Ерте орта ғасырлардағы Үндістанның саяси дамуының ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •19. Гупталар империясының саяси жүйесінің ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз
- •20. Гупталар тұсындағы Үндістанның әлеуметтік құрылымына талдау жасаңыз
- •21.Ерте орта ғасырлардағы Жапонияның қоғамдық-саяси дамуын сипаттаңыз
- •22. Жапониядағы Тайка төңкерісін сипаттап, оның салдарларын көрсетіңіз
- •23. Жапониядағы «Регенттер мен канцлерлер дәуірі» және оның мәнін ашыңыз
- •24. Самурайлар тобының қалыптасуының тарихи алғышарттарын көрсетіңіз
- •26. Жапония саяси жүйесіндегі экс-императорлар билігінің мәнін ашыңыз
- •27. Жапониядағы «өзара қырқысушы провинциялар дәуіріндегі» саяси жағдайларға сипаттама беріңіз
- •28. Жапонияның бірігуінің алғышарттарын көрсетіп, елді біріктіруші қайраткерлердің қызметіне талдау жасаңыз
- •29. Исламға дейінгі Аравияның қоғамдық дамуының ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •30. Исламның қалыптасуындағы Мұхаммед пайғамбардың діни қызметіне талдау жасаңыз
- •31. Хижра түсінігін анықтап, Умманың қалыптасуының тарихи жағдайларын көрсетіңіз
- •32. Мекке мен Медине арасындағы негізгі шайқастардың барысын көрсетіңіз
- •33. Аравиядағы исламның жеңіске жетуінің тарихи маңызын анықтаңыз
- •34. Араб жаулаушылықтарының негізгі бағыттары мен кезеңдерін көрсетіңіз
- •35. «Тақуа халифтер» билігіне сипаттама беріңіз
- •37. Аббасидтер билігі тұсындағы Халифаттың әкімшілік және салық жүйесіне талдау жасаңыз
- •38. Аббасидтер халифатының ыдырауының тарихи жағдайларын көрсетіңіз
- •39. Монғол мемлекетінің құрылуының алғы шарттарын көрсетіңіз
- •41. Монғол жаулаушылықтарының салдарын ашып көрсетіңіз
- •42. Ирандағы монғолдар билігінің орнауының тарихи жағдайларын көрсетіңіз
- •43. Газан-хан реформаларының мәнін ашыңыз
- •44. Монғолдар империясының құлауының тарихи жағдайларына талдау жасаңыз
- •45. Селжұқ жаулаушылықтарының барысын көрсетіңіз
- •46.Селжұқ мемлекетінің қоғамдық және мемлекеттік құрылысына сипаттама беріңіз
- •47.ТҮріктердің Кіші азияға басып кіруінің тарихи жағдайларын көрсетіңіз
- •52Үндістанда ұлы моғолдар билігінің орнауына талдау жасаңыз
- •53 Ұлы Моғолдар империясының құрылуының тарихи алғышарттарын талдаңыз
- •54 Акбар реформаларының тарихи мәнін ашыңыз
- •55 Ирандағы Сефевилер билігінің орнауының тарихи жағдайларына талдау жасаңыз
- •56. Сефевилердің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын көрсетіңіз
- •57. Сефевилер тұсындағы Иранның әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасаңыз
- •58. Осман әулеті билігінің орнауының тарихи жағдайларын көрсетіңіз
- •59. Османдардың сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтаңыз
- •60. Сүлейман Канунидің заңнамалық қызметіне талдау жасаңыз
- •61Осман империясының Сефевилік Иранмен қарым-қатынастарына талдау жасаңыз
- •62. Османдық Түркияның мәмлүктік Египетті бағындыру жолындағы әрекеттеріне сипаттама беріңіз
- •63. Кейінгі орта ғасырлардағы Қытайдың әлеуметтік жағдайына талдау жасап, шаруалар көтерілісінің алғышарттарын анықтаңыз
- •65. Осман түріктерінің Балканды жаулап алу жолындағы соғыстарына талдау жасаңыз
1.Үш патшалық дәуіріндегі Қытайдың саяси дамуына талдау жасаңыз.
Хань империясы Тынық мұхитынан Орта Азияға дейінгі, Маньжуриядан Үндіқытайға дейінгі орасан зор территорияны алып жатқан, ІІ-ІІІ ғғ. шеңберінде туындаған «Сары орамалдар» атты халық қозғалысы Хань империясының құлауына себеп болған еді.Халық қозғалысы 184 жылы басылды. Бүл империядағы терең әлеуметтік қайшылықтардың салдарынан туындаған, қоғамның жаңа сатыға көтерілуңн қажетсінген шиеліністерден келіп шыққан жағдай еді. Осы халық қозғалысының нәтижесі империяның құлауынан кейін туындаған әлеуметтік экономикалық және саяси өзгерістерге әкелді. ІІ ғ. аяғына қарай император іс жүзіндегі биліктен айырылып, елдің жекелеген аудандарына жергілікті әскери қолбасшылар мен әкімдердің билігі орнығып, олардың арасындағы бәсекелестік, бақтыластық күррестер өршіген кезең болды. Сол заманның адамдары бұны бейбірекеттік кезеңнің туғанын айтып, бүл дәуірді «бұлыңғыр ғасыр», «жаппай қатыгездік пен жұшпандық» заманы деп атайды. Хань империясының орнында бір-бірімен жауласушы үш патшалық пайда болды: Біріншісі-Солтүстіктегі батысы Даньхуннан бастап, шығысында Ляодун түбегіне дейінгі, оңтүстіктегі Хуайхэ мен Янцзы өзендерінің аңғарларына дейінгі жерді алып жатқан – Цао Вей(220-265); екіншісі- бұрыңғы империяның оңтүстік- шығыстағы аймағына ие болған – У(222-280); үшіншісі- оңтүстік- батыстағы Сычуань, ганьсу мен Шаньси провинцияларының оңтүстік бөлігін, Юнань, Гуйчжоу, Гуансипровинцияларының көпшілік бөлігіне ие болған- Шу- Хань(221-263) патшалықтары.Бұл патшалықтардың негізін салушылыр өз мемлекеттерінде империялық басқару жүйесін орнықтырмақ болды. Бірақ олардың орнатқан басқару жүйесі империялық биліктен гөрі, әскери диктатураға көбірек ұқсайтын еді.Басшының жеке қатаң билігі әскерге арқа сүйегенде ғана іске асатын, сондықтан әскер патшалықтың басшысына тікелей бағынды. Бұл тек сол заманның ерекшелігінен туындаған жағдай еді. Хань империясы ыдырағаннан кейінгі, осы үш патшалықтардың билік құрған 220-280 жылдар кезеңін Қытай тарихында «Үш патшалық дәуірі» деп аталады. Үш патшалықтың аяқ кезінде, біртұтас Қытай мемлекетін құру солтүстіктегі Хуанхэ өзенінің экономикалақ жағынан өте жақсы дамыған шырайлы жеріне орналасқан – Вэй патшалығынаң үлесіне тиді.Вэй патшалығының Сыма әулетінен шыққан өте белсенді әскери қолбасшы Сыма Янь 263 жылы Шу- Хань патшалығын бағындырып өзін император деп жариялады. Сыма әулетінің өкілі Сыма Янь 265 жылы Цао Цао атты аса қуатты әулетті де өзіне бағындырған соң, өзінің құрған империясын Цзинь деп атады. 280 жылы оған V патшалығы бағынды. Сөйтіп үш патшалық жері мен елі біртұтас мемлекетке біріккендей болды және бұрынғы империялық тәртәі жүйесі орнайтындай болған. Бірақ Сыма әулетінің билік өкілдері осының алдындағы үш патшалықтардағы басшылар сияөты биліктерін әскерге арқа сүйеп қана жүргізе алды. Дәстүрлі қытай тарихнамасында Батыс Цзинь(265-316 жж.) деп аталған Сыма Яньнің құрған бұл империясы тұсында феодалдық қатынастар жан- жақты орныға басталды. Ірі жер иелері барған сайын жан жағындағы шамасы келетіндердің қолындағы жерлерін түрлі айла- тәсілдерімен басып алуды ұлғайтты. Олардың қолдарында орасан зор көлемдегі егістік жерлер, бау- бақшалар мен мал жайылымдары болды
2.Солтүстік Қытайға көшпелілердің басып кіруінің алғышарттарын көрсетіңіз.
Х ғасырдың басында Қытайда саяси бытыраңқылық орын алды. 907 ж. Тан əулеті тақтан тайдырылған соң бұл бытыраңқылық тіпті күшейе түсті. 960 жылға дейін бес əулет бірін-бірі ауыстырды. Бұл əулеттердің билігі елдің солтүстігіне ғана тарады. Бұрынғы империяның аумағында бұл кезде 8 дербес мемлекеттер өмір сүрді.Осылай Қытайда саяси дағдарыс орын алып жатқан кезде оның солтүстік-шығысында Маньчжурияның біраз бөлігін мекендеген көшпенді кидандердің тайпалық одағы күшейе түсті. 907 ж. кидандар Қытайға шабуыл жасады. 916 ж. олардың көсемі Абаоцзи (Амбагянь) империяның құрылғанын жариялады. 926 ж. кидандар Бохай патшалығын басып алды. 947 ж. кидандар мемлекеті Ляо деп аталды. Ол мемлекет 1125 жылға дейін өмір сүрді. 937 жылдан бастап ол мемлекеттің астанасы Наньцзин (оңтүстік астана) қаласы (қазіргі Пекин) болды. Кидандар билігі Шаньси мен Хэбей провинцияларының солтүстігімен шектелді.
Қытайдың кидандар билігі орнамаған бөлігі 960 жылға қарай Сун əулетінің (1279 жылға дейін билік құрған) қол астына бірігіп,шаруашылығын қалпына келтіре бастады. Сун əулетінің негізін Чжоу патшалығының талантты қолбасшысы Чжоу Куан-инь (927—976) қалады. Жаңа əулеттің астанасы алғаш Бянь (қазіргі Кайфын),кейін — Шығыстағы Ханчжоу қаласы болды.993—997 жж. Ван Сяо-бо, Ли-Шуань жəне Чжан Юя басқарған көтерілістер болды.1005 ж. Қытай кидандардан жеңіліп, біраз жерінен айырылды. Қытай кидандарга жыл сайын салық төлеп тұруға мəжбүр болды.1040—1044 жж. Сун империясы Батыс Ся империясымен соғысты (бұл империя Қытайдың солтүстік-батысында 982—1227 жж. Өмір сүрді. Алғаш Тангут мемлекеті деп аталды. Астанасы Сячжоу (қазіргі Синин) қаласы болды. Өкімет билігі Тоба əулетінің қолында болған). Соғыс бітім шартын жасаумен аяқталды. Шекара өзгеріссіз қалды. Ся (Тангут) өкіметі Сун сарайына вассал деп танылды. Бірақ Қытай тангуттықтарға жыл сайын жібек мата, күміс, шай «сыйлап» отыруға тиіс болды. 1069—1072, 1096—1099 жж. екі ел арасындағы соғыстар онан əрі жалғасты. 1115 ж. чжурчжендердің Цзинь империясы құрылды. Қытай онымен одақтасып, Ляо империясынан солтүстіктегі 16 округтерін қайтарып алуға кірісті. 1123 жылға қарай Қытай ол округтердің біразын қайтарып алды да, Қытай бұрынғы кидандарга төлейтін салығын енді чжурчжендерге төлеуге тиіс болды.
3.Суй әулетінің билігінің орнауының Қытай үшін тарихи маңызын көрсетіңіз.
Қытайды біріктіру үрдісін «Гуаньлун тобы» деп аталған əскери-саяси топ білдірді. 581 ж. осы топтың көрнекті өкілі, солтүстік Қытайдағы əскер басшысы Ян Цзянь тақты басып алып, Суй əулетінің (581—618) негізін қалады. Үш ғасырға жуық бөлінуден кейінгі Қытайдың қайта бірігуі саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени өмірде феодалдық қатынастардың орнығуындағы маңызды фактор болды. 589 ж. Ян Цзянь Солтүстік жəне Оңтүстік Қытайды өзіне бағындырды. Ол Вэн-ди деген атпен император деп жарияланып, 581—604 жж. билік құрды. Вэнди билікке келісімен мемлекетті орталықтандыруға бағытталған реформа бастады. Реформа бойынша: өлшем бірліктері енгізілді, жаңа стандартты тиындар енгізілді, салық жүйеге келтірілді, төтенше алымдар жойылды. Жер реформасы жүргізіліп, шаруаларға үлестік жер берілді, егін салығы ретке келтірілді, шаруалар кәсіпшілік салығы мен еңбек міндеткерлігін өтейтін болды. Түрғындардың санағы жүргізіліп, алым төлейтін шаруалар есебі белгіленді. 605 жылы таққа Вэндидің мұрагері Янди отырды. Янди тұсында (605—617) құрылыс жұмыстарына басы назар аударылды. Хуанхе мен Янцзы өзендерін жалғастырып тұрған Ұлы канал салынды. Ұлы Қытай қорғаны қалпына келтірілді. Сыртқы саясатында Ян-ди Түрік Қағанатымен, Вьетнамдық Вансуан мемлекетіне қарсы басқыншылық соғыстар (611—614) жүргізді, Кореямен соғыс жүргізді. Соғыс ауыртпалығы қарапайым салық төлеуші халыққа түсті. Олар өз наразылықтарын көтерілістер арқылы білдірді. Оған Яндиге наразы болып жүрген ақсұйектер қосылып, елде төңкеріс жасады. Көтерілістің негізгі ошақтары Шаньдун, Хэбей, Хэнань болды. Янди астанадан қашып кеткенімен оны ұстап алып өлтірді. Суй əулетінің билігі ұзақ болмады. 618 ж. шыққан тегі жағынан жартылай түрік Ли Юань деген Солтүстік Қытай əкімі империядағы билікті басып алып, жаңа Тан əулетінің негізін қалады.