Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Duisembiev-Parallel-esep.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.86 Mб
Скачать

21 Сурет. М. Флин классификациясының sisd және simd кластары

Үшінші класс – MIMD (Multiple Instruction stream/ Multiple Date stream) - командалардың көптеген ағыны және деректердің көптеген ағыны (22 сурет).

22 Сурет. М. Флин классификациясының misd және mimd кластары

Бұл класта, есептеу жүйесінде бір кешенге біріктірілген, командаларды өңдейтін бірнеше құрылғы бар деп есептеледі және олардың әрқайсысы өз командалар ағынымен және деректер ағынымен жұмыс істейді. Оған көп процессорлы векторлы супер ЭЕМ ғана емес, басқа да көп процессорлы компьютерлер жатады. Көптеген қазіргі супер ЭЕМ-ың архитектурасы MIMD болып табылады.

Төртінші класс – MISD (Multiple Instruction stream/Single Date stream) - командалардың көптеген ағыны және деректердің жеке ағыны (22 сурет).

Анықтама бойынша, архитектурада бір деректер ағынын өңдейтін көптеген процессорлар болуы қажет. Алайда бүгінгі күні бұл қағидамен жұмыс жасайтын есептеу машинасы тіркелмеген. Әзірше бұл класс бос десе болады.

Сонымен, жоғарыда айтылғандай SISD класына VAX 11/780 типі сияқты бірпроцессорлы тізбекті компьютерлер кіреді. Алайда, бұл класқа, егер сәйкес команда үшін векторды бүтін бөлінбейтін берілген деп қарастыратын болсақ, онда векторлы-конвейерлік машиналарды да енгізуге болады. Бұл жағдайда SISD класына Cray-16, CYBER 205, FACOM VP машиналары және көптеген т.б машиналар да жатады.

SIMD класына даусыз процессорлық матрицалар: ILLIAC IV, ICL DAP, Goodyear Aerospase MPP, Connection Machine 1 және т.б. кіреді. Мұндай жүйелерде процессорлық элементтер жиынын ортақ басқару құрылғысы қадағалайды. Әрбір бекітілген уақыт мезетінде, әрбір процессорлық элемент, басқару құрылғысынан бірдей команданы қабылдап, оны өздерінің локальды берілгендеріне орындайды. Классикалық процессорлық матрицалар үшін ешқандай сұрақ туындамайды. Алайда бұл класқа векторлы-конвейерлік машиналарды да енгізуге болады, мысалы Cray-1. Бұл жағдайда вектордың әрбір элементін деректер ағынының жеке элементі деп қарастыру қажет.

MIMD класы өте кең, себебі оған барлық мүмкін мультипроцессорлық жүйелер: Cm*, C.mmp, Cray Y-MP, Denelcor HEP, BBN Butterfly, Intel Paragon, Cray T3D және көптеген басқа машиналар енеді. Қызықты жері – егер конвейерлік өңдеуді жеке деректердің векторлық ағыны емес, ал скалярлық ағын жиынымен түрлі командалардың тізбектеліп орындалуы деп қарастыратын болсақ, онда жоғарыда қарастырылған барлық векторлы-конвейерлік компьютерлерді де осы класқа жатқызуға болады.

Флин ұсынған бұл классификация сызбасы, бүгінгі күні ең көп қолданылуда екенін айта кету керек. Егер компьютер SIMD немесе MIMD класына кіреді деп айтылса, онда оның жұмысының бірден базалық қағидалары түсінікті және кейбір жағдайларда осының өзі жеткілікті болады. Алайда айқын жетіспеушіліктері де көрініп тұрады. Дербес жағдайда, кейбір көңіл бөлуге тұрарлық архитектуралар, мысалы, dateflow және векторлы-конвейерлік машиналар аталған классификацияға толық сәйкес келмейді. Келесі жетіспеушілігі – MIMD класының тым толып кетуі. Сондықтан, Флин бойынша бір класқа кіретін, бірақ процессор санымен олардың арасындағы байланыс топологиясы және табиғатымен, жадыны ұйымдастыру тәсілі және де бағдарламалау технологиясы жағынан әртүрлі болатын архитектураларды одан ары да таңдап жүйелейтін құрал қажет.

Р. Хокни классификациясы. Жоғарыда айтылғандай, MIMD класы өте кең және ол архитектуралардың көптеген әртүрлі типтерін өзіне біріктіреді. Хокни осы Флин жүйелеуі бойынша MIMD класына кіретін компьютерлерді одан ары терең бөлшектеп жүйелеу үшін өз тәсілін құрастырды. Осы класс ішінде архитектураны жүйелеу нәтижесінде ол төмендегі 23-ші суретте келтірілген иерархиялық құрылымды алды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]