- •2.Бақылау мәліметтері жетіспеген және болмаған жағдайларда таулық өзендер алаптарында қар қорын анықтау тәсілдері.
- •13.Су және мұз режимінің болжамының жарамды қателігін анықтау ерекшеліктері.
- •21.Көктем су тасқыны ағындысының оны анықтайтын факторлар мен тәуелділігінің жалпы түрін анықтау
- •22.Су өтімдеріне тасқынның жайылуын ескеру арқылы гп Калинин әдісі бойынша болжам жасау
- •23.Өзен торындағы су қоры және оған құятын салалардың суы мәліметтері бойынша ағынды болжамдары
- •24.Өзендердің мұздың арылуына эмпирикалық негізінде болжам жасау
- •27.Өзендердің мұздан арылу моделі негізі бойынша қысқа мерзімді болжамдары
- •30.Мұздың еруін есептеу және мұздың төзімділігін бағалау
- •33.Дала және құрғақ дала зоналардан жаздық ағындысына болжам жасау
- •36.Орманды зонаның жаздық және күздік ағындысына болжам жасау
- •38.Өзендердің мұздан арылуына жеңілдетілген тәуелділік және орташа ағынды бойынша болжам жасау
- •39.Өзендердің мұздан арылуына атмос/қ проц/ң біртектілігіне негізделген ұзақ мерзімді болжам жасау
- •40.Өзендер мен су бөгендерінің мұздан арылуына эмпирикалық тәуелділік негізінде қысқа мерзімді болжам жасау.
- •43.Өзендердің мұздан арылуына атмос/қ проц/ң маусымнан маусымға ауысуын ескері негізінде ұзақ мерзімді болжам жасау
- •45.Болжамдар әдістерінің қамтамасыз етуін және тиімділігін анықтау. 10 сұрақта жауабы
- •48.Ықтималдылығы әртүрлі болжамдардың жарамды қателіктерін анықтау.
- •56.Болжам әдістемесі сапасының критерийі 47 жауап
- •58.Болжамдардың жарамды қателіктері.Әр түрлі болжамдардың жарамды қателіктерін анықтаудың ерекшеліктері.
- •59.Көлдер мен бөгендердің мұз жамылғысының қалыңдығын болжау.
- •60.Ағынды туғызатын жауын-шашынды бойынша анықтау.
30.Мұздың еруін есептеу және мұздың төзімділігін бағалау
Жылу әсерінен мұз беріктілігінің төмендеуі мен мұз жамылғысына ағынның механикалық әсері нәтижесінде өзендердің мұз жарылып сең жүреді.С.Н Булатов анықтағандай еріп жатқан мұздың беріктілігін еріп жатқан кездегі мұз жарғыш күшпен 𝞂 еруден алдыңғы мұз жарғыш күштің 𝞂0қатынасына тең салыстырмалы майыстыру күшімен сипаттауға болады.𝝋=𝞂/ 𝞂0=(1-√S/S0)2 S-мұздың қалыптасуна жоғалған жылу мөлшерімен сипатталған мұз құрамындағы су мөлшері, S0-мұздың беріктілігінен толық айырылуна сәйкес келетін мұз жамылғысына берілген жылудың шекті мөлшері.
31.Жаңбыр ағындысы гидрографына изохрон және жеке әдісі бойынша болжам жасау Бұл ескі əдістің мағынасы мынада: ағындының ағып жету функциясы ретінде изохроналар аралығындағы аудандардың үлестірімі қабылданады. Карта бойынша изохроналармен шектелген аудандарды анықтап, оларды жалпы ауданға бөледі, сөйтіп бірмезетте ағып жететін ағынды пайда болатын салыстырмалы аудандардың үлестірімін алады: () fi / F= fτ , яғни () df /df τ =f(τ) . Изохроналар картасын салу келесілерден тұрады: 1) ағып жету жылдамдығын VL эмпирикалық формула бойынша есептеу; 2) тұстамалар арасындағы учаскелерде ағындының жүріп өткен уақытын есептеу: ∆τ=∆L/Vср, мұнда ∆L- тұстамалар аралығындағы ара арақашықтық: Vср - учаскенің жоғарғы жəне төменгі тұстамаларындағы жылдамдықтардың орташа мəні; 3) əр тұстамадан төменгі тұстамаға дейін жəне максимал ағып жетуге дейінгі τмакс = ∑∆L/Vср ағып жету уақытын τ есептеу. 4) N∆t=τмакс шарты бойынша есептік уақыт бірлігін ∆t анықтау, мұнда N – алаптағы изохроналар арасындағы қажетті аудандар саны (N 10-нан кем болмағаны дұрыс, ең болмағанда N≥6- 7 болуы керек); 5) ∆t уақыт интервалы арқылы изохроналарды жүргізу.
32.Мұз құбылыстарының ұзақ мерзімді болжамдарында қолданылатын атмосфералық циркуляциялардың индекстері атмосфералық процестерді талдап ұзақ мерзімге болжамдау кезінде маңызды ұстанымдардың бірі олардың уақыт және кеңістік бойынша біртектілігі болып табылады. Әдетте атмосф/қ процесстер табиғи синоптикалық тағы сол сияқты кезеңдер мен маусымдарға бөліп қарастырады. Табиғи синоптикалыө кезеңдерге бөлу тропосферадағы белгілі бір сипатқа ие барикалық өрістердің солтүстік жарты шардың басым бөлігінде кеңістік бойынша бірнеше күн бойы сақталуы ұстаным бойынша жүргізіледі. Табиғи синоптикалық маусымдарға бір типті үдірістердің ұзақ уақыт боы басымдылыққа ие болуына байланысты бөлінеді. Зерттеулерге сай көп жағдайларда тағы сол сияқты кезең басында бүкіл табиғи синоптикалық маусым барысында басым болатын синоптикалық процесстер байқалады. Синоптикалық кезең ұзақтығы әдетте 1,5-2айды құрайтындықтан маусымның үрдісін ен болмағанда маусымның алғашқы екі табиғи синоптикалық кезеңдеріндегі процесстер бойынша бағалау арқылы алдыңғы 1 2ай бойы басым болатын процесстер жайлы білуге болады.
33.Дала және құрғақ дала зоналардан жаздық ағындысына болжам жасау
34.Ағындының ағып жетуінің қисықтары. Олардың анықтау тәсілдері Ағып жету қисығы ∂f/∂τ=f(τ) жаңбырдың жаууынан немесе қардың еруінен алап бетінде бірлік уақыт ішінде пайда болған су бөліктерінің тұйықтауыш тұстамадан өту реттілігін сипаттайды. Ағындының ағып жету қисығы ағындының морфометриялық жəне гидравликалық ерекшеліктерін көрсететін өзен алабының маңызды сипаттамасы болып табылады. Ол су тасу жəне тасқындар ағындысын есептеуде жəне болжауда үш вариантта қолданылады: 1. Суы төменгі тұстамаға бірмезетте жететін салыстырмалы алап аудандарының (бірліктің үлестері түрінде алынған) уақыт бойымен үлестірімі фукнциясы ретінде. 2. Төменгі тұстамадағы су өтімдерінің уақыт бойымен үлестірімі функциясы ретінде. 3. Төменгі тұстамадағы су өтімін қалыптастыратын жоғарғы тұстамаға ағып жеткен су өтімін қандай шамаға өсіру керектігін көрсететін тасымалдауыш функция ретінде. Ағып жету функциясын анықтау үш жолмен орындалады: 1. изохроналар картасын тұрғызу жолымен; 2. бірлік гидрографты анықтау жолымен; 3. өзен алаптарының реттеуіш əрекеті сипатын жəне судың ағып жету функциясының параметрлерін таңдау жөнінде ұйғарым жасау негізінде аналитикалық жолмен.
35.Өзендерде мұздың қатуына атмосфералық циркуляциясының индексн ескеру арқылы ұзақ мерзімді болжам жасау Мұздық құбылыстарға ұзақ мерзімді болжам жасау мәселелерін негізінен метеорологиялық ғылымда қарастырылады. Мұндай болжамдар әдістемесін жасау алдағы көктем және күз маусымдарында түсетін ауа райын сипаттауға яғни ол кезеңдердегі мұздық құбылыстардың орташа даталарынан ауытқуын алдын ала ұзақ уақытқа анықтайтын атмос/қ проц/ң даму заңдылықтарын іздестіруді керек етеді. Атмос/қ проц/ң даму заңдылықтарын зерттеу синоптикалық талдау жасау әдістеріне негізделген атм/қ проц/ң сипаттамалары қысым топографиясы картасы түрінде беріледі. Мұздық құбылыстар болжамдары үшін сонымен қатар ауа температурасы және жер бетіндегі ауа қысымы карталары пайдаланылады. Мұздық құбылыстары болжамдары практикасында қарастырып отырған құбылыстың дамуына әсерін тигізіп отырған алдыңғы атм/қ проц/ге талдау жүргізу арқылы орнатылған тәуелділіктер қолданылады бұл проц/ң сандық сипаттамалары ретінде атм/қ циркул/ң әр түрлі локальдік индекстері меридионалдық индекстері жылыну және салқындау индекстері тб қолданылады. Меридионалдық индексі ауа массасының тропос/ғы орын ауыстыру бағытын сипаттайды. Бұл индекс қабырғалар меридиандар мен параллелдер болып келетін 1 және 2 сфералық тік төртбұрыштағы 500мбар изобаралық беттер биіктіктердің айырмасы бой/а анықталады.
