Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DNGYa_shp 1111222.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
280.58 Кб
Скачать

24. Түйіндеме, оның түрлері.(үлгісін көрсетіңіз)

Түйіндеме- белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі. Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірбиеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылу керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз.

Түйіндеме(үлгі)

Аты жөні: Қазбекова Айгерім Рафхатқызы

Мекен- жайы: Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі 76 үй

Байланыс телефон: 87784461605

Туған жылы: 26.01.1994.

Ұлты: қазақ

Отбасы жағдайы: тұрмыс құрмаған

Білімі: орта, жоғарғы 2012-2016

Тіл білуі: қазақ тілі - ана тілі, орысша – еркін, ағылшын- сөздікмен (орысша - ана тілі, қазақ тілі- сөздікпен ағылшын- сөздікпен)

Компьютерді игеру: кәсіби маман деңгейінде

Жеке қасиеттері: жауапкершілік, мақсаттылық, жан-жақтылық, алдына койған мақсатқа шығармашылық көзқарас, ұжыммен жұмыс істей білу

Құштарлығы: спорт және компьютер

25. Бұйрық, оның мазмұны және түрлері. (үлгі)

Бұйрық мекеменің немесе құрылымдық бөлімшелердің құрылу, таратылу, қайта ұйымдастырылу, кəсіпорынның жұмыстарын қаржыландыру, жоспарлау, есеп беру, өнімдерді сату; кадр мəселелері бойынша жұмысқа қабылдау, ауыстыру, босату т.б. бойынша шығарылады. Бұйрық шығару арқылы басшы қызметкерлердің алдына негізгі міндеттерді қояды, түбегейлі мəселелерді шешу жолдарын көрсетеді. Бұйрық кəсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті.

Өкілеттік құжат мəтіндерінде міндетті түрде бұйрық, нұсқау беру мағынасындағы стандарт тілдік бірліктер қолданылады. Өкілеттік құжаттың негізгі мақсатын көрсетіп, мəн-мағынасын ашатын да осындай тілдік бірліктер. Бұйрықтың барлық түрлерінде тілдік бірліктердің барлығы етістіктің үшінші жақ бұйрық рай формасында беріледі. Мысалы: сайлансын, бекітілсін, алғыс жариялансын, сөгіс жариялансын, жарамсыз деп табылсын, жүзеге асырылсын, өзгеріс енгізілсін, көмек көрсетілсін, тексеріс жүргізілсін, іске қосылсын, рұхсат етілсін, ұсыныс енгізілсін, бақылау қойылсын,қарауға жіберілсін т.б.

Мазмұны жағынан бұйрықтар екі түрге бөлінеді: негізгі қызмет бойынша жəне қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтар.Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар өндіріс істері, жоспарлау, есеп беру, қаржыландыру, несие алу-беру, тауарлар өткізу мен қызмет көрсетуді ұсыну, ұйымдастыру мəселелері бойынша басқару жөніндегі шешімдерді белгілейді. Олар сондай-ақ, жоғары органдардың шешімдерін орындау шаралар белгілеу, орындау мерзімі мен бақылауды жəне оған жауаптыларды анықтау керек болғанда шығарылады. Бұйрық нормативті жəне жекелік болуы мүмкін. Мысалы, еңбек тəртібі ережелерін бекіту туралы бұйрық директордан бастап, барлық қызметкерлерге қатысты, сондықтан ол нормативті болады. Ал өтемақы төлеу туралы бұйрық жеке адамдарға қатысты болғандықтан жекелік болады.

Үлгі: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы

4 мамыр 2011 жыл №198 Астана қаласы

2011 Жылғы 7 мамырда Астана мен Алматы қалаларында мерекелік

салют өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 19 жыл толуы

жəне 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығы

құрметіне бұйырамын:

2011 жылғы 7 мамырда сағат 22.00-де Астана мен Алматы қалаларында артиллериядан 25 дүркін атумен мерекелік салют өткізсін.

Ə.Жақсыбеков, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]