Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DNGYa_shp 1111222.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
281 Кб
Скачать
☆

6. Телефонхат және оның құрылымы. (Үлгі)

Телефонхат- телефон я радио арқылы жолданатын хабарламалық сипаттағы құжат.Телефонхат үшінші бір мекеменің қатысынсыз тікелей мәлімденеді.Қабылдаушы жақ ақпаратты жазып алады.Телефонхат мәтіні аса күрделі болмауы керек.

Құрылымы: 1)адресаттың толық аты жөні жазылады.2) Жіберушінің аты жөні 3)Телефонхат жіберіліп болған уақыт және айы, күні, жылы.

Үлгі: 02.12.2007 ж. №40          Тұрғын үй кооперативтерінің төрағаларына 15 желтоқсан күні сағат 9-дан кешкі 18.00-ге дейін белгілі бір график бойынша жарық сөндіріле бастайды. Осы мәліметті және графикті қоса тұрғындарға жеткізулеріңізді сұраймыз. Қол қойған: Қала әнергетика бөлімінің бастығы Т.Ж.Жандосов. Жіберген хатшы М.Ш. Сейітова т.25-13-13 02.12.2007 ж. Сағат 11.15-те. Қабылдап алған хатшы Б.Т.Омарова т.25-23-20.

7. Жеделхат эәне оның талаптары мен реквизиттері. (Үлгі)

Жеделхат телеграф арқылы жолданатын шұғыл мәселелер туралы хабарламалық сипаттағы құжат.

Талаптары:мәтіні қысқа, анық, түсінікті болуы тиіс, мәтінде шылау сөздер қолданылмайды, цифрлар жазбаша беріледі, мәтіні қатесіз болуы тиіс.

Реквизиттері:1)Сызықтың жоғары жағына жазылып,ақша төленетін формулярдағы бөлігінде:түрі, категориясы, нөмірі, күні, жіберілген уақыты, мекен жайы,қолы.

Үлгі:Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректорына 25 сәуір күні сағат 15.00-де ректорлардың өткен жылғы ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындысы алқа жиында тыңдалады.

Қол қойған:ҚР Білім министрі Б.Т.Жұмағұлов

18.04.2014. күні сағат 12.00-де қабылдап алған Дәлетов.Е.

8. Факс арқылы жіберілетін құжаттар және оның тиімділігі.

Факс қазір кең қолданылады.Факс арқылы мәтіннің,кестенің,қол қойылған кез-келген құжаттың дәл сол күйінде қайталанған нұсқасы екінші мекемеге жеткізіледі.Факстің жеткізі жылдамдығы жоғары,жіберілген құжат санаулы сағаттардан кейін-ақ адресат қолына тиеді.

9. Электрондық пошта, оның артықшылығы

Электрондық пошта қазіргі заманда кеңінен қолданыс тапқан байланыстың түрі. Кез келген құжатты немесе хабарламаны, сондай-ақ көлемі үлкен мәтіндерді де электрондық пошта арқылы керекті жерге санаулы минуттарда жетізуге болады. Электрондық поштаның артықшылығы да осында. Бір қаладан екінші қалаға немесе бір мекемеден екінші мекемеге тез арада жеткізуге болады. Интернет арқылы өз поштасын ашып, керекті элетронды адреске бір минуттың ішінде жеткізуге болады. Электронды пошта, әсіресе, студент жастар арасында кеңінен қолданылады. Электронды адрес ағылшын тәләнен жазылады.

10.Хаттама (хаттамадан үзінді көрсетіңіз)

Хаттама-жиналыстарда,кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. Хаттаманың дұрыс жазылуы мен рәсімделуіне ұйым хатшысы жауапты болады.

11.Хабарландыру, оның түрлерімен ерекшеліктері.(үлгісін көрсетіңіз)

Хабарландыру- мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы болатын іс-шаралар туралы хабарлап жеткізетін құжат түрі.Мұнда хабарланып отырған мәселенің (жиналыс, мәжіліс т.б. жайлары) айы, күні, болған уақыты мен орны көрсетіледі.

Хабарландыру түрлері мен ерекшеліктері:

1.Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыруда –күн тәртібі толық.

2.Мәдени шараларға хабарландыруда – бағдарламасы ұсынылады.

3.Тендерге хабарландыруда-жұмыс орнына тиісті талаптар.

4.Вакансияға хабарландыруда –жұмыс орнына тиісті талаптар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]