Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DNGYa_shp 1111222.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
280.58 Кб
Скачать

20. Түпнұсқалық құжат және көшірмелік іс қағаздары (диплом көшірмесі, бұйрықтың көшірмесі, хаттамадан үзінді, т.Б.) (Бір үлгі)

Түпнұсқа дегеніміз – құжаттың алғашқы данасы. түпнұсқалыққа құжаттың алғашқы нұсқасы жатады. Ал көшірмелік іс қағаздарына ешбір өзгеріссіз сақталып алынған толық нүсқасы немесе белгілі бір бөлігі жатады. Мысалы, диплом көшірмесі, бұйрықтың көшірмесі, хаттамадан үзінді, бұйрықтан үзінді.

Хаттама - -жиналыстарда,кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. Хаттаманың дұрыс жазылуы мен рәсімделуіне ұйым хатшысы жауапты болады.

Бұйрық кәсіпорынның басқару құжаттарының ішіндегі ең маңызды әрі көп тараған түрі болып табылады. Бұйрық – қандайда міндетті (өндірістік немесе кәсіпорын қызметкерлеріне байланысты) шешу үшін кәсіпорын басшысы шығаратын нормативтік құжат.

Үлгі: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы

4 мамыр 2011 жыл №198 Астана қаласы

2011 Жылғы 7 мамырда Астана мен Алматы қалаларында мерекелік

салют өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 19 жыл толуы

жəне 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығы

құрметіне бұйырамын:

2011 жылғы 7 мамырда сағат 22.00-де Астана мен Алматы қалаларында артиллериядан 25 дүркін атумен мерекелік салют өткізсін.

Ə.Жақсыбеков, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

21. .Өмірбаян, оның түрлері.(Бір үлгісін көрсет)

Өмірбаян- жеке адамның өмір сүру жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірбиесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.

Тәжірбиеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады.1-ші түрі адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе ұызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады.

2- ші түрі мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы.

3-ші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірімен шығармашылық саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады.

Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі – өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.

Өмірбаян (үлгі)

Мен, Қазбекова Айгерім Рафхатқызы, 1994 жылы 26 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылында дүниеге келдім. Менің ұлтым – қазақ. Катонқарағайда В.И.Ленин атындағы орта мектебін 2012 жылы бітіріп, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің экономика және бизнес институтының “логистика” мамандығына оқуға түстім.

Мекен-жайым: Алматы қаласы, Қасасай батыр көшесі.

22. Мінездеме, оның түрлері.(үлгісін көрсетіңіз)

Мінездеме- түрлі мекеме, ұйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.

Мінездеме түрлері: қызметтік мінездеме, аттестациялық мінездеме, жеке мінездемелер.

Мінездеме үлгі

Қазбекова Айгерім Рафхатқызы 1994 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ. 2012 жылы Катонқарағай ауылындағы В.И.Ленин атындағы орта мектебін бітірді. Қ.И. Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінің экономика және бизнес институтының “логистика” мамандығына оқуға түсті. Қазіргі күні 2 курс студенті. Айгерім оқу жағынан өте жауапты, тапқыр, студенттермен жақсы байланысқа түсе алатынын көрсетті.

23. Өтініш. (Үлгі)

Арыз немесе өтініш – белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мəліметті жеткізу мақсатында жасалатын іс қағазының бір түрі. Ол ұжым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына жазылады. Арыз көбінесе жеке адам атынан жазылады. Арыз көлемі шағын болады. Іс жүзінде қойылған мəселе бірден бірнеше адамның немесе, үлкен ұжымның мүддесін көздейтін ұжымдық арыз түрлері де кездеседі. Арыз белгілі бір себеппен ғана жазылады. Əдетте онда бір ғана мəселе көтеріледі. Арыз онда айтылған мəселені шешуге құқы бар адам атына жазылады.

Үлгі: Қ.И.Сатбаев атындағы КазҰТУ-нің ректорына

Өтініш

Мені Қазбекова Айгерім Рафхатқызы экономика және бизнес институтының студенті сізден номер 2-ші жатақханадан орын беруінізді сұраймын.

2014 жыл 05 қыркүйек ----- қолы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]