
- •1.Кепілхат, қолхат, оның құрылымы, мақсаты. (Үлгі)
- •6. Телефонхат және оның құрылымы. (Үлгі)
- •7. Жеделхат эәне оның талаптары мен реквизиттері. (Үлгі)
- •8. Факс арқылы жіберілетін құжаттар және оның тиімділігі.
- •9. Электрондық пошта, оның артықшылығы
- •10.Хаттама (хаттамадан үзінді көрсетіңіз)
- •11.Хабарландыру, оның түрлерімен ерекшеліктері.(үлгісін көрсетіңіз)
- •Хабарландыру.(үлгі)
- •12.Жарнама, оның тарату тәсілдері, түрлері.(үлгісін көрсетіңіз)
- •Жарнама(үлгі)
- •13.Арыз,оның түрлері, құрылымы.(үлгісін көрсетіңіз)
- •14.Түйіндеме, оның түрлері.(үлгісін көрсетіңіз)
- •Түйіндеме(үлгі)
- •15.Мінездеме, оның түрлері.(үлгісін көрсетіңіз)
- •16.Өмірбаян, оның түрлері.(Бір үлгісін көрсет)
- •Өмірбаян (үлгі)
- •17.Анықтама – ақпараттық құжаттар (хат, жеделхат,телефонхат,акт, анықтама, т.Б.) (Бір үлгісін көрсетіңіз).
- •18. Ұйымдық – өкіліттік құжаттар (жарғы, ереже, нұсқау,бұйрық, хаттама, т.Б.) (Бір үлгісін көрсетіңіз).
- •19. Қызметтік іс қағаздары (қызметтік хаттардың барлық түрлері, бұйрық, хаттама, т.Б.).
- •20. Түпнұсқалық құжат және көшірмелік іс қағаздары (диплом көшірмесі, бұйрықтың көшірмесі, хаттамадан үзінді, т.Б.) (Бір үлгі)
- •2011 Жылғы 7 мамырда Астана мен Алматы қалаларында мерекелік
- •21. .Өмірбаян, оның түрлері.(Бір үлгісін көрсет)
- •Өмірбаян (үлгі)
- •22. Мінездеме, оның түрлері.(үлгісін көрсетіңіз)
- •24. Түйіндеме, оның түрлері.(үлгісін көрсетіңіз)
- •Түйіндеме(үлгі)
- •25. Бұйрық, оның мазмұны және түрлері. (үлгі)
- •2011 Жылғы 7 мамырда Астана мен Алматы қалаларында мерекелік
- •1.XIX ғасырдың I жартысындағы ресми іс қағаздар тілі
- •3. XXғасырдың ресми іс қағаздары. 4. XXғасырдың ресми іс қағаздары. Ресми іс қағаздар тілі әдеби тілдің бір тармағы
- •6. Іс қағаздары түрлері
- •7. Іс жүргізу қүжаттары
- •9.Мінездеме
- •10.Арыз, оның түрлері. Заявление, и его виды.
- •11.Жеке іс парағы. Личный деловой листок.
- •13.Хаттама
- •14. Хабарландыру. Жарнама. Объявление, Реклама.
- •15.Шарт. Договор
- •17. Жарғы. Устав
- •18.Жарлықтар. Нұсқаулықтар.
- •20) Анықтама.
- •21.Қызметтік хаттар, олардың түрлері.
- •22) Саулнама. Бурыштама.
18. Ұйымдық – өкіліттік құжаттар (жарғы, ереже, нұсқау,бұйрық, хаттама, т.Б.) (Бір үлгісін көрсетіңіз).
Жарғы – ұйымның, мекеменің, кәсіпорының және жеке адамдардың қызметін, сондай-ақ олардың басқа мекемелермен, жеке адамдармен қарым-қатынысын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және міндеттерін белгілейтін ережелер жинағы.
Нұсқау- ақпараттық-әдістемелік немесе ұйымдастырушы сипатқа ие құжат. Нұсқаулар бұйрық, нұсқау, жарлықтардың орындалу тәртібін түсіндіреді. Нұсқауға қол қою құқығы бірінші басшсы, бас мамандар ие.
Бұйрық кәсіпорынның басқару құжаттарының ішіндегі ең маңызды әрі көп тараған түрі болып табылады. Бұйрық – қандайда міндетті (өндірістік немесе кәсіпорын қызметкерлеріне байланысты) шешу үшін кәсіпорын басшысы шығаратын нормативтік құжат.
Хаттама - -жиналыстарда,кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. Хаттаманың дұрыс жазылуы мен рәсімделуіне ұйым хатшысы жауапты болады.
Үлгі: Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы
Генерал-лейтенант әскери атағы, генерал-майор әскери атағы, авиация генерал-майоры атағы, контр – адмирал атағы, өртке қарсы қызмет генерал- майоры арнаулы атағы, әділет генерал – майоры арнаулы атағы, 2-сыныпты мемлеекеттік әділет кеңсшісі сыныптық шенін беру туралы Жарлығы басылып, көптеген лауазымды адамдар атаққа ие болды.
19. Қызметтік іс қағаздары (қызметтік хаттардың барлық түрлері, бұйрық, хаттама, т.Б.).
Қызметтік (іскерлік) хат дегеніміз түрлі мазмұндағы хаттардың жиынтығы, олар мəтінді өзгеше жеткізу əдісімен, атап айтқанда, пошта арқылы жеткізумен ерекшеленеді. Хат мəтіні формасы жағынан ойға қонымды, дəйекті, шынайы əрі əдепке сай жазылуы тиіс. Фактілер мен оқиғалар обьективті, ықшамды, анық түсіндірілуі керек. Хат мəтінінде түрлі түсініктемеге жол берілмеуі қажет.
Қ ы змет бабындағы хаттар өндірістердегі жағдайларға байланысты қатынас қағазын қолдануды қажет етеді. Сондықтан қызмет бабындағы хаттарды жіктеу дегеніміз – қатынас қағазын қажет етуші өндірістік оқиғалардың жіктемесін құру. Ондай, жағдайлардың көп қырлығына қарамастан олардың диапазоны шектеулі, ол іскер хаттарды бірнеше белгілері бойынша бөлуге мүмкіндік береді. Олар: қызметтік; тақырыптық; құрылымдық.
Хаттама - -жиналыстарда,кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. Хаттаманың дұрыс жазылуы мен рәсімделуіне ұйым хатшысы жауапты болады.
Бұйрық кәсіпорынның басқару құжаттарының ішіндегі ең маңызды әрі көп тараған түрі болып табылады. Бұйрық – қандайда міндетті (өндірістік немесе кәсіпорын қызметкерлеріне байланысты) шешу үшін кәсіпорын басшысы шығаратын нормативтік құжат.
Үлгі: Өкілеттілігін растау туралы қызметтік хат
Құрметті Гүлдария Рыскелдіқызы!
Осы хатты алған күннен бастап жоба бойынша жұмысты бастауға өкілеттісіз.
Егер компания бұл жоба туралы шешімін өзгертетін болса, онда осы жобаға
кеткен уақытыңызға төлемақы төленеді. Біз таяу арада жоба жұмыстары
тоқтатылмайды деп үміттенеміз.
Құрметпен жоба жетекшісі Шүленбаева Ұ.Р.