Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DNGYa_shp 1111222.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
280.58 Кб
Скачать

15.Мінездеме, оның түрлері.(үлгісін көрсетіңіз)

Мінездеме- түрлі мекеме, ұйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.

Мінездеме түрлері: қызметтік мінездеме, аттестациялық мінездеме, жеке мінездемелер.

Мінездеме үлгі

Қазбекова Айгерім Рафхатқызы 1994 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ. 2012 жылы катонқарағай ауылындағы қазақ орта мектебін бітірді. Қ.И. Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінің экономика және бизнес институтының “логистика” мамандығына оқуға түсті. Қазіргі күні 2 курс студенті. Айгерім оқу жағынан өте жауапты, тапқыр, студенттермен жақсы байланысқа түсе алатынын көрсетті.

16.Өмірбаян, оның түрлері.(Бір үлгісін көрсет)

Өмірбаян- жеке адамның өмір сүру жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірбиесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.

Тәжірбиеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады.1-ші түрі адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе ұызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады.

2- ші түрі мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы.

3-ші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірімен шығармашылық саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады.

Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі – өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.

Өмірбаян (үлгі)

Мен, Байтұрсын Жанар Нұрланқызы, 1993 жылы 26 ақпанда Талғар қаласында дүниеге келдім. Менің ұлтым – қазақ. Талғар қаласындағы № 16 орта мектепті 2010 жылы бітірдім. 2012 жылы Қ.И. Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінің экономика және бизнес институтының “логистика” мамандығына оқуға түстім. Ата- анам бар: Әкем – Айтжанов Нурлан Байтурсынұлы,Анам- нурмухамбетова Гульзада Әлиқызы. Мен тұрмыс құрмағанмын.

Мекен-жайым: алматы облысы, Талғар ауданы, Рысқұлов селосы, Есенин көшесі 17 үй

17.Анықтама – ақпараттық құжаттар (хат, жеделхат,телефонхат,акт, анықтама, т.Б.) (Бір үлгісін көрсетіңіз).

Жеделхат- телеграф арқылы жолданатын, шұғыл мәселелер туралы хабарламалық сипаттағы құжат. Қазіргі заманда ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты турлері де болғанымен, жеделхаттар да өз маңызын жойған жоқ.

Телефонхат- телефон я радио арқылы жолданатын хабарламалық сипаттағы құжат. Телефонхат үшінші бір мекеменің қатысыесыз тікелей мәлімденеді. Қабылдаушы жақ ақпаратты жазып алады. Телефонхат мәттіні аса күрделі болмау керек.

Акт – бірнеше лауазымды адамдардың белгілі бір фактіні не оқиғаны растап қол қойған құжат түрі. Актіні жеке адам тексеруші – ревизор, сарапшы – аудитор, инспектор толтыруы да мүмкін.

Анықтама – белгілі бір деректер мен оқиғаларды сипаттайтын, растайтын құжат. Анықтама жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның нұсқауымен жазылады.

Үлгі: жеделхат.

18.04.2014.

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректорына

25 сәуір күні сағат 14.00-де ректорлардың өткен жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы алқа жиында тыңдалады.

Қол қойған: ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағүлов

18.04.2014. күні сағат 12.00-дн қабылдап алған Айдынова Р.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]