
- •1.Кепілхат, қолхат, оның құрылымы, мақсаты. (Үлгі)
- •6. Телефонхат және оның құрылымы. (Үлгі)
- •7. Жеделхат эәне оның талаптары мен реквизиттері. (Үлгі)
- •8. Факс арқылы жіберілетін құжаттар және оның тиімділігі.
- •9. Электрондық пошта, оның артықшылығы
- •10.Хаттама (хаттамадан үзінді көрсетіңіз)
- •11.Хабарландыру, оның түрлерімен ерекшеліктері.(үлгісін көрсетіңіз)
- •Хабарландыру.(үлгі)
- •12.Жарнама, оның тарату тәсілдері, түрлері.(үлгісін көрсетіңіз)
- •Жарнама(үлгі)
- •13.Арыз,оның түрлері, құрылымы.(үлгісін көрсетіңіз)
- •14.Түйіндеме, оның түрлері.(үлгісін көрсетіңіз)
- •Түйіндеме(үлгі)
- •15.Мінездеме, оның түрлері.(үлгісін көрсетіңіз)
- •16.Өмірбаян, оның түрлері.(Бір үлгісін көрсет)
- •Өмірбаян (үлгі)
- •17.Анықтама – ақпараттық құжаттар (хат, жеделхат,телефонхат,акт, анықтама, т.Б.) (Бір үлгісін көрсетіңіз).
- •18. Ұйымдық – өкіліттік құжаттар (жарғы, ереже, нұсқау,бұйрық, хаттама, т.Б.) (Бір үлгісін көрсетіңіз).
- •19. Қызметтік іс қағаздары (қызметтік хаттардың барлық түрлері, бұйрық, хаттама, т.Б.).
- •20. Түпнұсқалық құжат және көшірмелік іс қағаздары (диплом көшірмесі, бұйрықтың көшірмесі, хаттамадан үзінді, т.Б.) (Бір үлгі)
- •2011 Жылғы 7 мамырда Астана мен Алматы қалаларында мерекелік
- •21. .Өмірбаян, оның түрлері.(Бір үлгісін көрсет)
- •Өмірбаян (үлгі)
- •22. Мінездеме, оның түрлері.(үлгісін көрсетіңіз)
- •24. Түйіндеме, оның түрлері.(үлгісін көрсетіңіз)
- •Түйіндеме(үлгі)
- •25. Бұйрық, оның мазмұны және түрлері. (үлгі)
- •2011 Жылғы 7 мамырда Астана мен Алматы қалаларында мерекелік
- •1.XIX ғасырдың I жартысындағы ресми іс қағаздар тілі
- •3. XXғасырдың ресми іс қағаздары. 4. XXғасырдың ресми іс қағаздары. Ресми іс қағаздар тілі әдеби тілдің бір тармағы
- •6. Іс қағаздары түрлері
- •7. Іс жүргізу қүжаттары
- •9.Мінездеме
- •10.Арыз, оның түрлері. Заявление, и его виды.
- •11.Жеке іс парағы. Личный деловой листок.
- •13.Хаттама
- •14. Хабарландыру. Жарнама. Объявление, Реклама.
- •15.Шарт. Договор
- •17. Жарғы. Устав
- •18.Жарлықтар. Нұсқаулықтар.
- •20) Анықтама.
- •21.Қызметтік хаттар, олардың түрлері.
- •22) Саулнама. Бурыштама.
Хабарландыру.(үлгі)
Халықаралық мұражай күніне орай Алматыда мамырдың 25-29 аралығында «Мұражай тарихы» атты халықаралық мұражайтанушылар форумы өтеді. Тіркеу таңғы сағат 10-00 де басталады.
Ұйымдастыру комитеті
12.Жарнама, оның тарату тәсілдері, түрлері.(үлгісін көрсетіңіз)
Жарнама- тауарлардың,қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру. Оған деген сұранысты көбейту мақсатында белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу үшін таратылатын хабарлама. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радто, газет, интернет, плакаттар, т.б.) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы бір түрі болып табылады.
Кез келген жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленіледі . Жарнаманың түрлері көп: стау орнындағы жарнама, институционалдық жарнама, хабарламалық жарнама, көше жарнамасы, ауызша жарнама т.б. жарнаманың қарапайым түрлері б.з.б. пайда болды.
Жарнама(үлгі)
Қазіргі заманға қажетті барлық 47 мамандықты ҚазҰТУ дайындайды. Мамандар өте білікті, сапалы білім алуда. Сізге қандай мамандық керек? ҚазҰТУ-ға келіңіз! ҚазҰТУ-ға келу арқылы сіз дұрыс таңдау жасайсыз. Еңбек жолында да жақсы жолдама алғыңыз келсе, бізге келіңіз!
13.Арыз,оның түрлері, құрылымы.(үлгісін көрсетіңіз)
Арыз немесе өтініш- белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жасалатын іс қағазының бір түрі. Ол ұжым басшысының, лауакзымы жағынан жоғары тұрған адамның атынан жазылады. Арыз көбінесе жеке адам атынан жазылады. Іс жүзінде қойылған мәселе бірден бірнеше адамның немесе, үлкен ұжымның мүддесін көздейтін ұжымдық арыз түрлері де кездеседі. Арыз белгілі бір себеппен ғана жазылады. Әдетте онда бір ғана мәселе көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуге құқы бар адам атына жазылады.
Арыздың бірнеше түрі бар. Олар: өтініш түрінде жазылатын арыз, шағым түрінде жазылатын арыз, констатация түрінде жазылатын арыз. Арыз жазу ережесі барынша қарапайым десе де болады.
Арыз немесе өтініш құрылымы:1.құжат адресациясы,2.құжат аты, 3.негізгі мәтін, 4. Қосымша болса оған сілтеме, 5. Жазылу мерзімі, 6. Қолы 7. Арыз мазмұнымен келісушілер қолы.
Өтініш(үлгі)
Талғар қаласының әкімі
Өміралиев талғат мырзаға
Талғар ауд. с. Рыскұлов,
Есенин көшесі 17 мекен
жайында тұратын
Байтұрсын Жанардан
Мені 90 мың айлығымен штаттық кестеге сәйкес 2014 жылғы 15 қаңтардан бастап логист лауазымына қызметке алуыңызды сұраймын.
14.Түйіндеме, оның түрлері.(үлгісін көрсетіңіз)
Түйіндеме- белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі. Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірбиеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылу керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз.
Түйіндеме(үлгі)
Аты жөні: Байтурсын Жанар
Мекен- жайы: Талғар ауданы, рысқұлоа ауылы, Есенин көшесі 17 үй
Байланыс телефон: 87025445201
Туған жылы: 26.02.1993
Ұлты: қазақ
Отбасы жағдайы: тұрмыс құрмаған
Білімі: орта, жоғары 2012-2016
Тіл білуі: орысша - ана тілі, қазақ тілі- сөздікпен
Компьютерді игеру: кәсіби маман деңгейінде
Жеке қасиеттері: жауапкершілік, мақсаттылық, жан-жақтылық, алдына койған мақсатқа шығармашылық көзқарас, ұжыммен жұмыс істей білу
Құштарлығы: спорт және компьютер