Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DNGYa_shp 1111222.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
280.58 Кб
Скачать

1.Кепілхат, қолхат, оның құрылымы, мақсаты. (Үлгі)

Кепілхат.Қолхат- белгілі бір құндылықтардың(құжат,мүлік,зат,ақша) алыс-берісін куәландыратын, азаматтық қарым қатынастарды реттйтін ресми құжат.

Қолхаттың мазмұндық құрылымдық жүйесі- құжаттың аты; қолхат беруші туралы толық мәлімет; қолхат алушы туралы толық мәлімет; алынған заттың атауы; қайтарылатын нақты уақыты; қолхат жазылған күні және тараптардың қолы.

Үлгі : Мен Олжасов Ерден Асылбекұлы Атырау қаласы Сәтпаев 4 шағын ауданы, 84-үй, 33-пәтердің тұрғыны, Алматы қаласы, Абай даңғылы 24-үй, 32-пәтерде тұратын азамат Берниязов Руслан Маратұлынан, 2000 (екі мың) АҚШ долларын алдым.

2. Сенімхат оның мақсаты, құрылымы. (Үлгі)

Сенімхат-сенім білдірілген тұлғаға, сенім білдуріші атынан, қандай да бір іс-әрекетті асыруға құқық беретін, олардың өзара келісімін куәландыратын құжат.Ол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға, немесе басқа да түрлі әрекеттер жасауға сенім білдіреді. Сенімхаттың мазмұндық құрылымдық жүйесі:

-Құжат атауы, күні, айы, жылы, мекен жайы, сенім білдірілген тұлға туралы толық мәлімет, алынған заттың атауы, қайтарылатын нақты уақыты, мекеме мөрі.

Үлгі : Мен, Даулетов Талгат Көмекұлы, мекен жайым Алматы қаласы, Манaс көшесі, 14 үй, 29 пәтер, осы сенімхат арқылы Алматы қаласы Қарасай батыр көшесіндегі, 12-үйдің 20-пәтерінде тұратын Қасымов Дәурен Хамитұлына өзімнің атыма жазылған пәтерді мекен жайы Алматы қаласы, 4 ықшамаудан, 16-үй, 30-пәтерді сеніп тапсырамын.

3. Жолдаухат оның мақсаты, құрылымы. (Үлгі)

Жолдау хат коммерциалық іскери хат. Бұл құжат қандай да бір мәселе бойынша ақпаратты алу мақсатында құрастырылады: тауар сипаттамасын, тауардың болуын, үлгісін алу және т.б.

Құрылымы: Бұл құжаттың құрылымы қызметтік хаттың құрылымы сияқты. Алушы мен берушінің реквизиттері, құжаттың жіберілген күні шығыс нөмірі көрсетілуі керек. Жолдау хат ұйымның фирмалық бланкісіне толтырылады. Жолдау хатқа ұйым жетекшісі немесе өкілетті тұлға қол қояды.

Үлгі: Құрметті Ұлан Жапашқызы !

Сіздің мерекелік жоба бойынша 27 сәуір күні жасаған ұсынысыныз үшін алғыс айтамыз. Осыған орай біздің электрондық поштамызға жобаның мән-жайын толықтырып, жіберулеріңізді өтінемін. Ары қарай бірлесе жұмыс істейміз деп үміттенемін.

Құрметпен Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ,филология ғылымдарының кандидаты, Д.Әміров.

4. Шақырухат және оның мақсаты, құрылымы. (Үлгі)

Шақырухат қандай да бір іс шараға шақыру қажеттілігі туындаған жағдайда құрастырылады. Шақырухат мәтіні салтанаттың өтетін күні мен орны нақты,дәл ақпаратты мазмұндауы тиіс. Хат бір мезетте бір адамға, бірнеше адамға да бағытталуы мүмкін.

Үлгі: Құрметті Динара!Сізді мамыр айының 12 жұлдызында болатын 1В сыныбының әліппемен қоштасыу кешінің құрметті қонағы болуға шықырамыз.

Басталуы: 17-00. Құрметпен 1B сынып ұжымы.

5. Алғысхат, Ескертухат және оның мақсаты, құрылымы. (Үлгі)

Алғысхат Қазақстанда соңғы мерзімде қалыптасып келе жатқан іскерихат түрі. Алғысхатты жұртшылыққа өз еңбегімен танымал болған қайраткер жазушы жазады және ол баспасөзде жарияланады.

Ескертухат жеке тұлғаның заңды тұлғаның белгілі бір міндеттерді орындамауы жағдайында жазылады және ескертумен қатар міндеттерді орындау талабы көрсетіледі.

Үлгі: Алғысхат – Қазақстан Республикасы Әкімшілігіне және Мәдениет министрлігіне,сондай ақ қуынышымызға ортақ болған ұжымдарға алғыс білдіреміз!

Егемен Қазақстан 29 наурыз,2014жыл.

Үлгі: Ескертухат-2012 жылы 20 мамырда жасалған келісімге сәйкес Сіз басқарып отырған Ана тілі баспасы Алматы қаласы, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің кітапханасына Қазақ тілі атты кітаптың жүз данасын болуге тиіс едіңіз.Алайда өкінішке орай 2012жылдың 16 қарашасына дейін біз бұл кітапты алған жоқпыз.Тапсырыс жасалған оқулықты осы жылдың 26 қарашасына дейін жіберуіңізді сұраймыз.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУдың студенттері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]