
- •1.Сату-сатып алу шартының түрлерi
- •3. Энергиямен жабдықтау және кәсіпорынды сату-сатып алу шарты
- •4.Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты.
- •5. Бөлшектеп сату-сатып алу шартының түрлері
- •6. Тасымалдау шартының түрлерi
- •7. Мердiгерлiк шарттың түсiнiгi және түрлерi
- •9. Мұраны алу
- •10. Мұрадан бас тарту
- •11. Прокат шартының түсінігі мен ерекшеліктері.
- •12. Заем шартының түсінігі мен сипаттамасы.
- •13. Факторинг шарты түсінігі және ерекшеліктері.
- •14. Өсиет бойынша мұрагерліктің жалпы сипаттамасы.
- •15. Өсиет нысаны. 1050-бап
- •16. Тасымалдау шартының ерекшеліктері.
- •17. Мүлікті уақытша пайдалануға беру шарттарының жалпы сипаттамасы. Мүлікті ақысыз пайдалануға немесе жалға беру туралы шарттарды куәландыру
- •18. Келісім шарт жасасу шартының ерекшеліктері.
- •19. Тапсырма шарты
- •20. Заң бойынша мұрагерліктің кезектері.
- •21.Сақтандыру шартының түрлерi және олардың ерекшелiктерi .
- •22.Мұрагерлік құқықтық қатынастардың түсінігі.
- •23.Мұра қабылдаудың түрлері.
- •24.Комиссия шарты.
- •25.Тасымалдау шарты түсiнiгi түрлерi.
- •26.Мердігерлік шартының түсінігі түрлері.
- •27.Тапсырма шарты.
- •28.Факторинг шарты.
- •29.Кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік.
- •30.Прокат шарты мен лизинг шартының ерекшеліктері.
- •31.Айналасындағыларға жоғары қауiп туғызатын қызмет (жоғары қауiптiлiк көздерi) арқылы келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
- •32. Сақтау шартының еркшеліктері мен түрлері.
- •33. Мүлік жалдау шарты және оның түрлерi .
- •35. Зиян келтіру нәтижесінде пайда болған міндеттеме кезінде кінәнің болуының маңызы.
- •36. Рента шарты: түсінігі және түрлері.
- •37. Кәсiпорындарды сату мен жалға берудiң ерекшеліктері.
- •38. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердің жалпы сипаттамасы.
- •39. Тұрғын үй жалдау шарты.
- •40. Тұрғын үй қатнастарын реттейтін заңдар.
- •41.Көлiк құралдарын жалдау шарты
- •43.Көлiк құралдарын жалдау
- •44.Мұра қабылдаудың тәртібі.
- •45.Рента шарты: түсінігі және түрлері.
- •46.Айырбас шарты
- •47..Жолаушы тасымалдаушының жауапкершілігі.
- •48.Мүлiк жалдау шартының түрлерi.
- •49.Сақтандыру шартының ерекшелiктерi, сақтандырудың түрлері.
- •50.Лизинг шартының ерекшелiктерi.
- •52. Тапсырма шарты
- •53. Жолаушы тасымалдаудың ерекшеліктері.
- •54. Айырбас шарты.
- •55.Зиян келтiруден туындайтын мiндеттемелердiң ерекшелiктерi.
- •56.Мүлікті сенімгерлікпен басқару.
- •57.Қр Азаматтық Кодексі (ерекше бөлім). Жалпы сипаттамасы.
- •58. Авторлық құқықтың түсінігі, объектілері және қолданылуы
- •59.Қосалқы авторлық.
- •60. Сақтау шартының түсінігі, түрлерi.
- •61.Ғылыми зерттеу жұмыстарына мердігерлік шарт ерекшеліктері:
- •72. Сақтау шарты
- •73. Сақтандыру шарты
- •74. Мердігерлік шартының түрлері-
- •75. Рента шарты
- •76. Тауар жеткiзiлiмiнiң шарты
- •78... Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi
- •79. Жалпы ережелер
- •80)... Жалпы ережелер
- •81.Факторинг шартының түсiнiгi ерекшелiктерi.
- •82.Авторлық құқықтың объектiлер
- •83.Авторлық шартар
- •84. Сақтау шаты бойынша сақтаушының жауапкершiлiк негiздерi.
- •85.Лизинг шарты
- •86.Сақтандыру шарты
- •87. Сақтандыру оқиғасының маңызы
- •89.Сақтау шартының түрлерi олардың ерекшелiктерi.
- •90.Заем шарты және оның түрлерi.
- •91.Мүлiк жалдау шарты.
- •93. Рента шарты түсiнiг түрлерi.
- •94.Мұра қабылдаудың тәртiбi мен тәсiлдерi.
- •95. Мүлiк жалдау шарты.
- •96.Лизинг шарты
- •98. Деликтілік міндеттемелер.
17. Мүлікті уақытша пайдалануға беру шарттарының жалпы сипаттамасы. Мүлікті ақысыз пайдалануға немесе жалға беру туралы шарттарды куәландыру
100. Жеке меншіктегі жылжымайтын мүлікті ақысыз пайдалануға не жалға беру туралы шарттарды куәландыру кезінде нотариус жылжымайтын мүлікке құқық беретін осы Нұсқаулықтың 83-тармағында көрсетілген құжаттарды, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамаларын талап етеді. Нотариус істе көрсетілген құжаттардың көшірмелерін қалдырады. Жылжымайтын мүлікке арналған ауыртпалықтардың болмауы немесе болуы туралы мәлімет мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарда БНАЖ арқылы салыстырылады.
101. Заттық құқық негізінде жалға берушінің иелігіндегі мүлікті ақысыз пайдалануға не жалға беру туралы шарттарды куәландыру кезінде осы Нұсқаулықтың алдыңғы тармағында көрсетілген құжаттармен қатар мүлік иесімен жасалған шарт талап етіледі, оның көшірмесі нотариустың істерінде қалдырылады. Егер мұндай шарттың мерзімі бір жылдан жоғары болса, ол заңмен белгіленген тәртіпте тіркелуі керек.
102. Тіркеуге жататын мүлікті уақытша ақысыз пайдалануға не жалға беру туралы шартты куәландыру кезінде нотариус жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама бойынша ауыртпалықтардың (оның ішінде пайдалануға тыйым салулардың) жоқтығын тексереді. Пайдалануға тыйым салынған жағдайда шартты куәландыру тыйым салу алынғанша тоқтатылады, бұл туралы нотариаттық іс-әрекетті жасауды кейiнге қалдыру туралы қаулы шығарылады. 103. Мүлікті уақытша пайдалану немесе жалға беру туралы шарттың жағдайлары тараптардың келісімімен, қажет жағдайларда - сондай-ақ Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдар талаптарымен айқындалады.
104. Жеке меншіктегі тұрғын үйлерді жалға беру (немесе уақытша ақысыз пайдалануға беру) тұрғын үйдің барлық меншік иелерінің келісімімен жүргізіледі. Келісім шарттары Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңында белгіленген ережелер бойынша айқындалады.
105. Нотариус мемлекеттік жер пайдаланушыға тиісті жер учаскесін (оның бөлігін) өкілетті орган арқылы мемлекеттің келісімімен ғана ұзақ мерзімді (5 жылдан аса мерзімге) жалға беру шартын куәландыруға құқылы. Қызметтік тұрғын үйге қызмет көрсету үшін учаске ретінде бөлінген қызметтік жер тізіліміне құқықтан басқа мемлекеттік жер пайдаланушыларға тиесілі жер учаскелерін уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын куәландыруға жол берілмейді.
106. Нотариус жалға алу, субаренда, екінші рет ақысыз жер пайдалану шартының мерзімі және т.б. жалдау, жалға алу, бірінші жер пайдалану және т.б. шартының мерзімінен аспауы керек немесе бір уақытта тоқтатылады.
107. Нотариус тараптарға жылжымайтын мүлікті (оның ішінде жер учаскелерін) бір жылдан аса мерзімге уақытша ақысыз пайдалануға немесе жалға беру құқығының белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуге жататындығын түсіндіреді.
18. Келісім шарт жасасу шартының ерекшеліктері.
478-бап. Келiсiм-шарт жасасу шарты
1. Келiсiм-шарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi өзi өсiрген (өндiрген) ауыл шаруашылық өнiмiн - ұқсату немесе сату үшiн осындай өнiмдi сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы-тұлғаға беруге мiндеттенедi.
2. Осы параграфтың ережелерiмен реттелмеген келiсiм-шарт жасасу шарты бойынша қатынастарға тауар беру шарты туралы ережелер (осы Кодекстiң 458-477-баптары) қолданылады.
Келiсiмшартты жасасу пəнiнiң (нысанасының) басқа ерекшелiгi оның пəнi болып тауар жеткiзiлiмi шартындағыдай тектiк белгiлермен анықталатын, орындалу кезiнде шарт мақсаттары үшiн басқа тауар көлемiнен тиiстi тəсiлдермен жекеленетiн заттар есептеледi. Жəне де бұл заттар кейбiр жағдайларда шектелген тектен болуы мүмкiн, мысалы егер қайта өңдеушi (контрактант) ауыл шаруашылық өнiмiнiң белгiлi сорттарын немесе белгiлi орындарды өндiрiлген өнiмдi сатып алуға мүдделi болса. Бұл əр түрлi себептермен айқындалады. Айта кететiн болсақ, өз уақытында “Филипп Моррис” компаниясы Алматы облысы совхоздарының темекi өсiретiн жерлерiнде вирджиниялық темекiнi өсiруге болатынын анықтағаннан кейiн республиканың темекi саласын инвестициялау жөнiнде шешiм қабылдады. Əрине, бұл жергiлiктi шикiзаттан өндiрiлетiн темекi өнiмнiң беделдiгiн сақтау талабына байланысты жасалды.