
- •1.Сату-сатып алу шартының түрлерi
- •3. Энергиямен жабдықтау және кәсіпорынды сату-сатып алу шарты
- •4.Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты.
- •5. Бөлшектеп сату-сатып алу шартының түрлері
- •6. Тасымалдау шартының түрлерi
- •7. Мердiгерлiк шарттың түсiнiгi және түрлерi
- •9. Мұраны алу
- •10. Мұрадан бас тарту
- •11. Прокат шартының түсінігі мен ерекшеліктері.
- •12. Заем шартының түсінігі мен сипаттамасы.
- •13. Факторинг шарты түсінігі және ерекшеліктері.
- •14. Өсиет бойынша мұрагерліктің жалпы сипаттамасы.
- •15. Өсиет нысаны. 1050-бап
- •16. Тасымалдау шартының ерекшеліктері.
- •17. Мүлікті уақытша пайдалануға беру шарттарының жалпы сипаттамасы. Мүлікті ақысыз пайдалануға немесе жалға беру туралы шарттарды куәландыру
- •18. Келісім шарт жасасу шартының ерекшеліктері.
- •19. Тапсырма шарты
- •20. Заң бойынша мұрагерліктің кезектері.
- •21.Сақтандыру шартының түрлерi және олардың ерекшелiктерi .
- •22.Мұрагерлік құқықтық қатынастардың түсінігі.
- •23.Мұра қабылдаудың түрлері.
- •24.Комиссия шарты.
- •25.Тасымалдау шарты түсiнiгi түрлерi.
- •26.Мердігерлік шартының түсінігі түрлері.
- •27.Тапсырма шарты.
- •28.Факторинг шарты.
- •29.Кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік.
- •30.Прокат шарты мен лизинг шартының ерекшеліктері.
- •31.Айналасындағыларға жоғары қауiп туғызатын қызмет (жоғары қауiптiлiк көздерi) арқылы келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
- •32. Сақтау шартының еркшеліктері мен түрлері.
- •33. Мүлік жалдау шарты және оның түрлерi .
- •35. Зиян келтіру нәтижесінде пайда болған міндеттеме кезінде кінәнің болуының маңызы.
- •36. Рента шарты: түсінігі және түрлері.
- •37. Кәсiпорындарды сату мен жалға берудiң ерекшеліктері.
- •38. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердің жалпы сипаттамасы.
- •39. Тұрғын үй жалдау шарты.
- •40. Тұрғын үй қатнастарын реттейтін заңдар.
- •41.Көлiк құралдарын жалдау шарты
- •43.Көлiк құралдарын жалдау
- •44.Мұра қабылдаудың тәртібі.
- •45.Рента шарты: түсінігі және түрлері.
- •46.Айырбас шарты
- •47..Жолаушы тасымалдаушының жауапкершілігі.
- •48.Мүлiк жалдау шартының түрлерi.
- •49.Сақтандыру шартының ерекшелiктерi, сақтандырудың түрлері.
- •50.Лизинг шартының ерекшелiктерi.
- •52. Тапсырма шарты
- •53. Жолаушы тасымалдаудың ерекшеліктері.
- •54. Айырбас шарты.
- •55.Зиян келтiруден туындайтын мiндеттемелердiң ерекшелiктерi.
- •56.Мүлікті сенімгерлікпен басқару.
- •57.Қр Азаматтық Кодексі (ерекше бөлім). Жалпы сипаттамасы.
- •58. Авторлық құқықтың түсінігі, объектілері және қолданылуы
- •59.Қосалқы авторлық.
- •60. Сақтау шартының түсінігі, түрлерi.
- •61.Ғылыми зерттеу жұмыстарына мердігерлік шарт ерекшеліктері:
- •72. Сақтау шарты
- •73. Сақтандыру шарты
- •74. Мердігерлік шартының түрлері-
- •75. Рента шарты
- •76. Тауар жеткiзiлiмiнiң шарты
- •78... Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi
- •79. Жалпы ережелер
- •80)... Жалпы ережелер
- •81.Факторинг шартының түсiнiгi ерекшелiктерi.
- •82.Авторлық құқықтың объектiлер
- •83.Авторлық шартар
- •84. Сақтау шаты бойынша сақтаушының жауапкершiлiк негiздерi.
- •85.Лизинг шарты
- •86.Сақтандыру шарты
- •87. Сақтандыру оқиғасының маңызы
- •89.Сақтау шартының түрлерi олардың ерекшелiктерi.
- •90.Заем шарты және оның түрлерi.
- •91.Мүлiк жалдау шарты.
- •93. Рента шарты түсiнiг түрлерi.
- •94.Мұра қабылдаудың тәртiбi мен тәсiлдерi.
- •95. Мүлiк жалдау шарты.
- •96.Лизинг шарты
- •98. Деликтілік міндеттемелер.
14. Өсиет бойынша мұрагерліктің жалпы сипаттамасы.
1. Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады. 1-1. Өсиеттi оны жасаған кезде толық әрекет қабiлеттiлiгi бар азамат жасайды. 2. Азамат өзінің барлық мүлкiн немесе оның бiр бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кiретiн де, кiрмейтiн де бiр не бiрнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етiп қалдыра алады. 3. Өсиеттi өзi жасауға тиiс. Өкiл арқылы өсиет жасауға жол берiлмейдi. 4. Өсиет қалдырушы себебiн түсiндiрместен заң бойынша мұрагерлердiң бiреуiн, бiрнешеуiн немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагердi мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлiк етушi ұрпақтарына қолданылмайды. 5. Мұра қалдырушы өзiнiң кез келген мүлкi, оның iшiнде болашақта сатып алуы мүмкiн мүлкi туралы да өкiм бар өсиет жасауға құқылы. Өсиет қалдырушы мұрагерлердiң мұрадағы үлесiн кез келген түрде белгiлеуi мүмкiн, әртүрлi мүлiкке қатысты бiр немесе бiрнеше өсиет жасай отырып, өз мүлкiне немесе оның қандай да бiр бөлiгiне билiк ете алады. 6. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттiң оны жасағаннан кейiн кез келген уақытта күшiн жоюға және өзгертуге ерiктi және күшiн жоюдың немесе өзгертудiң себебiн көрсетуге мiндеттi емес. 7. Мұра қалдырушының өсиетте өзi мұрагер етiп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегiнде өсиет еткен мүлiктi белгiлi бiр түрде билiк ету мiндетiн жүктеуге құқығы жоқ.
15. Өсиет нысаны. 1050-бап
1. Өсиет оның жасалған жерi мен уақыты көрсетiле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиiс.
2. Мыналар: 1) нотариатта куәландырылған өсиеттер; 2) нотариатта куәландырылғандарға теңестірiлетін өсиеттер тиiсiнше ресiмделген болып танылады. 3. Өсиетке өсиет қалдырушының өзi қол қоюы қажет. Егер өсиет қалдырушы дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша оған нотариустың немесе өсиеттi куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзi қол қоя алмауының себебiн көрсете отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкiн. 4. Осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес өсиеттi жазу, оған қол қою немесе куәландыру кезiнде куәлар қатысуға тиiс болған жағдайларда: 1) нотариус немесе өсиеттi куәландыратын өзге адам; 2) пайдасына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелерi мен шөберелерi, сондай-ақ өсиет қалдырушының заң бойынша мұрагерлерi; 3) толық әрекетке қабiлеттiлiгiн иеленбейтiн азаматтар; 4) сауатсыз және өсиеттi оқуға қабiлетсiз басқа да адамдар; 5) жалған жауап бергенi үшiн соттылығы бар адамдар куә бола алмайды, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоя алмайды.
16. Тасымалдау шартының ерекшеліктері.
Тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жүктi немесе жолаушыны (теңдеме жүктi) белгiленген мекенге жеткiзуге мiндеттенедi, ал жүк жөнелтушi немесе шартта көзделген басқа да тұлға, жолаушы көрсетiлген көлiк қызметi үшiн ақы төлеуге мiндеттенедi. Тасымалдау шарты аталған мiндеттемелердiң iшiнде аралық болып табылады. Оның мазмұнын, сондайақ басқа да негiзгi көлiк шарттарының мазмұнын кейiнiрек қарастырамыз.
Тасымалдау шартына тəн ерекше белгiлер жүктердi тасымалдау шартында неғұрлым айқын көрiнедi. Өзiнiң құқықтық табиғаты жағынан ол реалды шарт болып табылады, тасымалдаушы өзiне сенiп тапсырылған жүктi белгiленген мекенге жеткiзуге мiндеттенедi. Осылайша, тасымалдау шартын бекiту тараптардан, тасымалдау шартының алғышарттары ретiнде бағалауға болатын, белгiлi бiр əрекеттердi жүзеге асыруды талап етедi. Кейбiр жағдайларда тасымалдауға мүдделi жүк жөнелтушi мəлiмдеме (тапсырыс) жасайды. Тасымалдаушы сертификаты бар көлiк құралдарын (яғни олар дұрыс болуға тиiс беруге мiндеттi. Жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға беруге тиiс. Темiр жолдар мен жүк жөнелтушiлер (жүк алушылар) жүктердi тасымалдауға қысқа мерзiмдi жəне ұзақ мерзiмдi шарттар (келiсiмшарттар) бекiте алады. Ұзақ мерзiмдi тасымалдау шарттарының заңдық табиғаты өте даулы болып табылады. Сөз, ҚР Азаматтық кодексi 692бабымен жəне ҚР “Темiр жол көлiгi туралы” Заңының 38бабымен реттелген, тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт жайында болып отыр. Ол ұзақ мерзiмдi жүйелi тасымалдаулар орын алғанда қолданылады. Тасымалдауды ұйымдастыру шарты консенсуалды болып табылады, өйткенi тасымалдаушы белгiленген мерзiмдерде жүктi қабылдауға, ал жүк жөнелтушi жүктi келiсiлген көлемде тасымалдауға беруге мiндеттенедi. Бiздiң ойымызша сөз алдын ала шарттың ерекше бiр түрi жайлы болып отыр. Заң шығарушы екi мағыналы тұжырымды қолданған. Ұзақ мерзiмдi шарт мəнiсi жағынан алдын ала шартпен көзделген жағдайларда тасымалдаудың негiзгi шарттарын (болашақта) бекiту туралы келiсiм болып табылады (ҚР АК 390б.). Оның алдын ала шарт екенiне қарамастан, тасымалдаушылар мен жүк жөнелтушiлер мүдделерiнiң маңыздылығын ескере отырып, тараптар үшiн оның мiндеттемелiк дəрежесi жоғары болуға тиiс.