Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
azamattyk kukyk bilet jauaptary.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
610.82 Кб
Скачать

10. Мұрадан бас тарту

1074-бап. Мұрадан бас тарту құқығы

1. Мұрагер мұра ашылған күннен бастап алты айдың ішінде мұрадан бас тартуға құқылы. Дәлелдi себептер болған жағдайда бұл мерзімді сот ұзартуы мүмкін, алайда бұл екі айдан аспауға тиіс.

2. Мұрадан бас тарту мұрагердiң мұраның ашылған жерi бойынша нотариусқа арыз беруiмен жасалады. Егер сенiмхатта бас тартуға өкілеттік арнайы көзделсе, мұрадан өкiл арқылы бас тартуға болады.

3. Мұрадан бас тартуды кейiннен күшiн жоюға немесе қайтарып алуға болмайды.

4. Мұрагер өзiне сол үшiн берiлген мерзiм өткеннен кейiн мұрадан бас тарту құқығын жоғалтады. Егер ол мұраға қалдырған мүлiктi iс жүзiнде иеленуге кiрiссе не оған билiк етсе, не оның осы мүлiкке құқықтарын куәландыратын құжаттарды алуға өтiнiш жасаса, ол бұл құқықты аталған мерзiм өткенге дейiн де жоғалтады.

5. Мұрагер мұрадан бас тартқан кезде өзiнiң өсиет бойынша немесе кез келген кезектегi заң бойынша мұрагердiң қатарындағы басқа адамдардың пайдасына, оның iшiнде ұсыну құқығы бойынша мұра алуға шақырылған адамдардың пайдасына бас тартатындығын көрсетуге құқылы.

Өсиет қалдырушы мұрадан айырған мұрагерлердiң пайдасына мұрадан бас тартуға жол берiлмейдi.

6. Егер мұрагер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлiкке шақырылса, ол осы негiздемелердiң бiреуi бойынша немесе екi негiздеме бойынша өзiне тиесiлi мұрадан бас тартуға құқылы.

7. Мұрагер мұраның басқа бөлiгi мұраға қалдырылуына қарамастан, үстелу құқығы бойынша өзiне тиесiлi мұрадан бас тартуға құқылы (осы Кодекстiң 1079-бабы).

8. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, мұраның бiр бөлігінен бас тартуға, мұрадан Ескерту жасап немесе шарт қойып бас тартуға жол берiлмейдi.

11. Прокат шартының түсінігі мен ерекшеліктері.

Мүлікті жалға алу қатынатары ҚР-сы АК-нын 29-тарауында реттелген. Бұл тараудын 1- парагрыфында мүлікті жалға алудын жалпы ережелері камтылған. Мүлікті жалға алу қатынатарын реттеу азаматтық кодекспен шектелмейді, олар басқа да заң актылерімен реттелуы мүмкін.

Сатып алу-сату шарты сиякты, мүлікті жалдау шартынын да өзінін бірқатар түрлері бар. Бұл турлердың айрыкша болуы, олардың пәнінін, мақсатынын, сонымен қатар басқа да факторлардың ыкпал ету ерекшеліктерінін нәтижесі. Қолданыстағы АК-пен лизинг, кәсіпорындарды жалдау, үйлер мен ғимараттарды жалдау шарттары реттелген. Мүлікті жалдаудың түрлері бұл тізіммен шектелмейді. Мүлікті жалдау шартынын сатып алу-сату, рента шарттарынан ерекшелігі, ол мүлікті уакытша пайдалануға берумен байланысты қатынастарды реттейды. Мүлікті жалдау шарты Римде кеңынен таралган. Онын атауы «locatio conductio rerum» болған, онын аныктамасынын казіргі заңнамадагы аныктамадан айырмашылығы жок. Осы шартка ҚР-дағы АК-нің 151-154-баптарында камтылган мамыле нысаны жөніндегі жалпы талаптар да қатысыты болып келеды. Мунымен катар, мүлікты жалдау шартынын нысаны арнайы талаптар көзделген. Бұл шарт бір жылданастам мерзімге жасалған жағдайларда, ол жазбаша нысанда жасалуы тиіс.

Жалдау шарты екы жакты, ойткены тараптардын ар кайсысы жеке алганда мындеты екыншысынын пайдасына орындауы тиыс болгандыктан борышкор және орындауды талап ете алатындыктан несие беруші болады. Сонымен катар, жалдау шартында бір-бырыне карсы (встречные) елеулы және манызды екы мындет бар: жалға берушінын мүлікты жалдаүшінын иелыгы мен пайдалауына беру мындеты. Бұл екы мындет бырын-быры шарттандырады және экономикалык тургыдан мепе-мен болып табылады.

Жалға берушіны мындеттерды карсы орындаудын субъектысы деп танудын заңи салдары – бір тараптын шарттын орындалмаганы, не шарттын оз уакытында да орындалмайтындыгын растайтын жагдайлар болганда, карсы орындау субъектысы оз мындетын орындауды токтата туруга, не оны мулде орындаудан бас тартып, шыгындарды толтыруды талап етуге кукылы (238-бап. 2.тармак). 595-бап. Прокат шарты

      1. Прокат шарты бойынша тұрақты кәсiпкерлiк қызмет ретiнде қозғалатын мүлiктi жалға берудi жүзеге асыратын жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақы төлетiп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенедi.       Прокат шарты бойынша берiлген мүлiк, егер шартта өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, тұтыну мақсатында пайдаланылады.        2. Прокат шарты жазбаша түрде жасалады.        3. Прокат шарты жария болып табылады (осы Кодекстiң 387-бабы).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]