Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
azamattyk kukyk bilet jauaptary.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
610.82 Кб
Скачать

91.Мүлiк жалдау шарты.

Мүлiк жалдау шарты бойынша 1-тарап яғни жалға беруші өз меншігіндегі мүлікті жалға алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді, ол жалға алушы осы мүлікті қабылдап алып, жалға берушіге белгілі бір соммада жалға алу төлемін төлеуге міндетті.

Мүлiк жалдау шартының пәні болып жылжыйтын немесе жылжымайтын мүліктер және мүліктік құқықтар танылады. Барлық жағдайда мүлік жалдау шартының пәні болып табылатын мүлік тұтынылмайтын зат болуы тиіс. Мүлік жалдау шарты ақылы, екі жақты, өзара, Риялды немесе консенсуалды болуы мүмкін. Шарттың нысаны жай жазбаша егер жалға берілген мүлік жылжымайтын мүлік болса және шарт 1 жылдан ұзақ мерзімге жасалса міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге алынуы тиіс.

1.Шарт бойынша негізгі тараптар жалға беруші, ол мүліктің меншік иесі немесе жалға беруге өкілеттілігі бар 3-ші тұлға

2. Жалға алушы ол жеке немесе заңды тұлға, мемлекет, әкімшілік аймақтық бөліністер.

92. Тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы мердiгер тапсырысшы азаматтың тапсырмасы бойынша тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттерiн қанағаттандыруға арналған белгiлi бiр жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге мiндеттенедi.

Тұрмыстық мердiгерлiк шарты жария шарт болып табылады.

Тапсырысшы өзiне жұмыс нәтижелерiн өткiзгенге дейiн кез келген уақытта мердiгерге тапсырысшының шарттан бас тартуы туралы хабарлама алғанға дейiн орындалған жұмыс үшiн мердiгерге белгiленген бағаның бiр бөлiгiн төлеп, тұрмыстық мердiгерлiк шарттан бас тартуға құқылы және тапсырысшы мердiгердiң сол кезге дейiн жасаған шығындарын өтеуге мiндеттi. Тапсырысшыны бұл құқықтан айыратын шарт ережелерi жарамсыз болады.

Шарты ақылы, екі жақты, өзара, консенсуалды, нысаны жазбаша.

Тапсырысшыға жұмыстардың нәтижелерiн өткiзген кезде мердiгер оған дайындалған немесе қайта жасалған затты не орындалған жұмыстың өзге нәтижесiн тиiмдi және қауiпсiз пайдалану үшiн сақталуы қажет талаптар туралы, сондай-ақ тиісті талаптардан сақтамауын тапсырыс берушiнiң өзiне және басқа адамдарға келтiрiлуi мүмкiн зардаптары туралы хабарлауға мiндеттi.

93. Рента шарты түсiнiг түрлерi.

Рента шарты бойынша бiр тарап (рента алушы) екiншi тараптың (рента төлеушiге) меншiгiне мүлiк бередi, ал рента төлеушi алған мүлiкке айырбас ретiнде рента алушыға белгiлi бiр ақша сомасы түрiнде немесе оны ұстау үшiн өзге де нысанда қаражат беру түрiнде мезгiл-мезгiл рента төлеп отыруға мiндеттенедi.

Рента шартын нотариат куәландыруға тиiс, ал рентаны төлеу үшiн қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айыру көзделетiн шарт та мемлекеттiк тiркелуден өтуге тиiс.

Тұрақты рента

Тек қана азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдар, егер бұл олардың қызмет мақсаттарына сәйкес келсе, тұрақты рентаны алушылар бола алады.

2. Тұрақты рента шарты бойынша рента алушының құқықтары, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, қойылатын талапқа жол беру және мұрагерлiк не құқық мирасқорлығы тәртiбiмен заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру арқылы осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаларға берiлуi мүмкiн.

Ғұмырлық рента

Рента төлемi ретiнде мүлiк берген азаматтың өмiрi кезеңiне не ол көрсеткен басқа азаматтың өмiрi кезеңiне ғұмырлық рента белгiленуi мүмкiн.

2. Егер шартта өзгеше белгiленбесе, рента алу құқығындағы үлестерi тең деп саналған бiрнеше азаматтың пайдасына ғұмырлық рента белгiлеуге жол берiледi.

Рента алушының бiреуi қайтыс болған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның рента алу құқығындағы үлесi тiрi қалған рента алушыларға ауысады, ал соңғы рента алушы қайтыс болған жағдайда рента төлеу мiндеттемесi тоқтатылады.

3. Шарт жасасу қарсаңында қайтыс болған азаматтың пайдасына ғұмырлық рента белгiлейтiн шарт жарамсыз болады

Өмiр бойы асырауда ұстау

Өмiр бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы азамат өзiне тиесiлi қозғалмайтын мүлiктi сол азаматты және (немесе) ол көрсеткен үшiншi бiр адамды өмiр бойы асырауда ұстауды жүзеге асыруға мiндеттенген рента төлеушiнiң меншiгiне бередi.

2. Өмiр бойы асырауда ұстау шартына, егер осы параграфтың ережелерiнде өзгеше көзделмесе, ғұмырлық рента туралы ережелер қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]