
- •1.Сату-сатып алу шартының түрлерi
- •3. Энергиямен жабдықтау және кәсіпорынды сату-сатып алу шарты
- •4.Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты.
- •5. Бөлшектеп сату-сатып алу шартының түрлері
- •6. Тасымалдау шартының түрлерi
- •7. Мердiгерлiк шарттың түсiнiгi және түрлерi
- •9. Мұраны алу
- •10. Мұрадан бас тарту
- •11. Прокат шартының түсінігі мен ерекшеліктері.
- •12. Заем шартының түсінігі мен сипаттамасы.
- •13. Факторинг шарты түсінігі және ерекшеліктері.
- •14. Өсиет бойынша мұрагерліктің жалпы сипаттамасы.
- •15. Өсиет нысаны. 1050-бап
- •16. Тасымалдау шартының ерекшеліктері.
- •17. Мүлікті уақытша пайдалануға беру шарттарының жалпы сипаттамасы. Мүлікті ақысыз пайдалануға немесе жалға беру туралы шарттарды куәландыру
- •18. Келісім шарт жасасу шартының ерекшеліктері.
- •19. Тапсырма шарты
- •20. Заң бойынша мұрагерліктің кезектері.
- •21.Сақтандыру шартының түрлерi және олардың ерекшелiктерi .
- •22.Мұрагерлік құқықтық қатынастардың түсінігі.
- •23.Мұра қабылдаудың түрлері.
- •24.Комиссия шарты.
- •25.Тасымалдау шарты түсiнiгi түрлерi.
- •26.Мердігерлік шартының түсінігі түрлері.
- •27.Тапсырма шарты.
- •28.Факторинг шарты.
- •29.Кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік.
- •30.Прокат шарты мен лизинг шартының ерекшеліктері.
- •31.Айналасындағыларға жоғары қауiп туғызатын қызмет (жоғары қауiптiлiк көздерi) арқылы келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
- •32. Сақтау шартының еркшеліктері мен түрлері.
- •33. Мүлік жалдау шарты және оның түрлерi .
- •35. Зиян келтіру нәтижесінде пайда болған міндеттеме кезінде кінәнің болуының маңызы.
- •36. Рента шарты: түсінігі және түрлері.
- •37. Кәсiпорындарды сату мен жалға берудiң ерекшеліктері.
- •38. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердің жалпы сипаттамасы.
- •39. Тұрғын үй жалдау шарты.
- •40. Тұрғын үй қатнастарын реттейтін заңдар.
- •41.Көлiк құралдарын жалдау шарты
- •43.Көлiк құралдарын жалдау
- •44.Мұра қабылдаудың тәртібі.
- •45.Рента шарты: түсінігі және түрлері.
- •46.Айырбас шарты
- •47..Жолаушы тасымалдаушының жауапкершілігі.
- •48.Мүлiк жалдау шартының түрлерi.
- •49.Сақтандыру шартының ерекшелiктерi, сақтандырудың түрлері.
- •50.Лизинг шартының ерекшелiктерi.
- •52. Тапсырма шарты
- •53. Жолаушы тасымалдаудың ерекшеліктері.
- •54. Айырбас шарты.
- •55.Зиян келтiруден туындайтын мiндеттемелердiң ерекшелiктерi.
- •56.Мүлікті сенімгерлікпен басқару.
- •57.Қр Азаматтық Кодексі (ерекше бөлім). Жалпы сипаттамасы.
- •58. Авторлық құқықтың түсінігі, объектілері және қолданылуы
- •59.Қосалқы авторлық.
- •60. Сақтау шартының түсінігі, түрлерi.
- •61.Ғылыми зерттеу жұмыстарына мердігерлік шарт ерекшеліктері:
- •72. Сақтау шарты
- •73. Сақтандыру шарты
- •74. Мердігерлік шартының түрлері-
- •75. Рента шарты
- •76. Тауар жеткiзiлiмiнiң шарты
- •78... Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi
- •79. Жалпы ережелер
- •80)... Жалпы ережелер
- •81.Факторинг шартының түсiнiгi ерекшелiктерi.
- •82.Авторлық құқықтың объектiлер
- •83.Авторлық шартар
- •84. Сақтау шаты бойынша сақтаушының жауапкершiлiк негiздерi.
- •85.Лизинг шарты
- •86.Сақтандыру шарты
- •87. Сақтандыру оқиғасының маңызы
- •89.Сақтау шартының түрлерi олардың ерекшелiктерi.
- •90.Заем шарты және оның түрлерi.
- •91.Мүлiк жалдау шарты.
- •93. Рента шарты түсiнiг түрлерi.
- •94.Мұра қабылдаудың тәртiбi мен тәсiлдерi.
- •95. Мүлiк жалдау шарты.
- •96.Лизинг шарты
- •98. Деликтілік міндеттемелер.
9. Мұраны алу
1072-бап. Мұраны қабылдау
1. Мұрагер мұраны алу үшін оны қабылдауға тиіс.
2. Мұрагердiң мұраның бiр бөлiгiн қабылдағаны өзiне тиесiлi барлық мұраны қабылдағанын бiлдiредi.
Мұрагердi бiр мезгiлде бiрнеше негiздер бойынша мұра алуға шақырған кезде мұрагер осы негiздердiң бiрi бойынша, оның бiрнешеуi бойынша немесе барлық негiздер бойынша өзiне тиесiлi мұраны қабылдай алады. Мұраны шартпен немесе ескертпелермен қабылдауға жол берiлмейдi.
3. Мұраны бiр немесе бiрнеше мұрагердiң қабылдағаны мұраны қалған мұрагерлердiң қабылдағанын бiлдiрмейдi.
4. Қабылданған мұра, оны iс жүзiнде қабылдаған уақытқа қарамастан, сондай-ақ мұрагердiң мұраға қалдырған мүлiкке құқығы мемлекеттiк тiркелуге тиiстi болғанда, мұндай құқықтың мемлекеттiк тiркелген кезiне қарамастан, мұраның ашылған күнiнен бастап мұрагерге тиесiлi деп танылады.
1072-1-бап. Мұра қабылдау тәсiлдерi
1. Мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлiктi беруге уәкiлеттi лауазымды адамға мұрагердiң мұраны қабылдау туралы өтiнiшiн не мұрагердiң мұраға құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiшiн беру арқылы жүзеге асырылады.
Егер мұрагердiң өтiнiшiн нотариусқа басқа адам берсе немесе ол почта арқылы жiберiлсе, өтiнiштегi мұрагердiң қолын нотариус, нотариат әрекеттерiн жасауға уәкiлеттi лауазымды адам (ocы Кодекстiң 1051-бабының 5-тармағы) немесе осы Кодекстiң 167-бабының 3-тармағына сәйкес сенiмхатты куәландыруға уәкiлеттi адам куәландыруға тиiс.
Егер сенiмхатта мұраны алуға өкiлеттiк арнайы көзделсе, мұраны өкiл арқылы қабылдау мүмкiн болады. Заңды өкiлдiң мұраны қабылдауы үшiн сенiмхат талап етiлмейдi.
2. Егер мұрагер мұрагерлiктi iс жүзiнде қабылдағанын куәландыратын iс-әрекеттер жасаған болса, атап айтқанда, мұрагер: мұраға алынған мүлiктi иеленуге немесе басқаруға кiрiссе; мұраға алынған мүлiктi сақтау, оны қол сұғудан немесе үшiншi тұлғалардың талаптарынан қорғау жөнiнде шаралар қабылдаса; мұраға алынған мүлiктi ұстау шығыстарын өз есебiнен жүргiзсе; өз есебiнен мұра қалдырушының қарыздарын төлеген немесе мұра қалдырушыға тиесiлi ақшаны үшiншi тұлғалардан алған болса, өзгеше дәлелденгенге дейiн мұрагер мұраны қабылдады деп танылады.
1072-2-бап. Мұраны қабылдау мерзiмi
1. Мұраның ашылу күнiнен бастап алты ай iшiнде мұра қабылдануы мүмкін.
Мұра азаматтың болжамды қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күнi ашылған жағдайда (осы Кодекстiң 1042-бабының 2-тармағы) - мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты айдың iшiнде, ал ол қайтыс болды деп жарияланған кезде, егер соттың шешiмiнде өзге күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап мұра қабылдануы мүмкiн.
2. Егер мұрагерлiк құқығы басқа адамдар үшiн мұрагердiң мұрадан бас тартуы, басқа мұрагердiң мұраны қабылдамауы немесе мұрагердi осы Кодекстiң 1045-бабында белгiленген негiздер бойынша мұрадан шеттету салдарынан туындаса, мұндай адамдар оларда мұраға құқық туындаған күннен бастап алты айдың iшiнде мұраны қабылдай алады.