Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
azamattyk kukyk bilet jauaptary.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
610.82 Кб
Скачать

80)... Жалпы ережелер

1. Жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүктi тасу тасымалдау шартының негiзiнде жүргiзiледi.

2. Тасымалдаудың жалпы талаптары көлiк туралы заң актiлерiмен, өзге де заң актiлерiмен және оларға сәйкес шығарылған ережелермен белгiленедi.

Жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүктi көлiктiң жекелеген түрлерiмен тасымалдау талаптары, егер осы Кодекспен, көлiк туралы заң актiлерiмен, өзге де заң актiлерiмен және оларға сәйкес шығарылған ережелермен өзгеше белгiленбесе, тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.

Тасымалдау шартының түрлері:

1. автокөлікпен тасымалдау; N 476 Заңы

2. әуе-жолмен тасымалдау;

3. теңізбен тасымалдау; N 284 Заңы

4. өзен арқылы тасымалдау; N 6501

5. темир жолмен тасымалдау; N 266 Заңы

6. буксировкамен тасымалдау.

81.Факторинг шартының түсiнiгi ерекшелiктерi.

Факторинг шарты азаматтық кодексте ақшалай талапта беріп қаржыландыру деп аталады.Азаматтық кодекстің 729 бабы. Факторинг шарты бойынша бір тарап,яғни қаржы агенті ақшаны басқа тараптың,яғни клиенттің билігіне береді немесе беруге міндеттенеді,ал клиент қаржы агентіне,клиенттің осы үшінші тұлғамен яғни борышқормен қатынастарынан туындайтын өзінің ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді. Факторинг шартында қатысушы 3 субъект бар. Негізгі тараптар олар:қаржы агенті және клиент,үшінші тұлға ретінде клиенттің борышқоры табылады. Факторинг шартының ерекшеліктері: Қаржы агенті болып,қаржылық операцияларды жүзеге асыруға құқылы,арнайы лицензиясы бар банктер немесе банктік ұйымдар табылады,ал клиент жеке тұлға-кәсіпкер немесе заңды тұлға болуы мүмкін. Факторинг шартының пәні болып тек қана ақшалай талап танылады.Ақшалай талап болашақта пайда болуы мүмкін немесе нақты ақшалай талап түрінде болуы мүмкін. Клиент барлық кезде өзінің ақшалай талабының жарамдылығы үшін жауап береді.Қаржы агентінің клиенттің борышқорынан қарызды қайтарып алу тәуекелі осы қаржы агентінің өзіне жүктеледі. Шарт ерекшелігі : 1)Шарт ақылы,екі жақты,консенсуалды әрі өзара болады.Шарттың нысаны міндетті түрде жазбаша. 2)Клиент өзінің ақшалай талабын қаржы агентіне берер алдында өзінің борышқорына ақшалай талапты қаржы агентіне бергендігі туралы ескертуі тиіс.Бірақ ақшалай талапты қаржы агентіне беруге борышқордың келісімін алу міндетті емес. 3)Клиенттің борышқоры қаржы агентінің алдында өзінің міндеттерін орындау кезінде одан міндеттемені орындағандығын растайтын қолхат талап етуге құқылы.Егер қаржы агенті осындай қолхат беруден жалтарса борышқор қаржы агентінің алдында ақшалай міндеттемені орындамауға құқылы. 4)Мүліктік сипаттағы талаптар факторинг шартының пәні бола алмайды,себебі факторинг шартының пәні тек қана ақшалай талапта болуы тиіс.

82.Авторлық құқықтың объектiлер

28-бап. Авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi

      1. Авторлық құқық автордың бүкiл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.

      2. Авторлық құқығын, оның есiмнiң құқығын және автордың беделiн қорғау құқығын қорғауға шек қойылмайды.

  4. Жасырын немесе бүркеншiк атпен жарияланған туындыға авторлық құқы ол туынды заңды түрде жарияланған күннен кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды. Егер аталған мерзiм iшiнде жасырын немесе бүркеншiк атпен шығарылған туындының авторы өзiнiң шын есiмiн немесе оның кiм екенi ендiгi жерде күмән туғызбаса, осы баптың 1-тармағының ережесi қолданылады.

  5. Тең авторлар жасаған туындыға авторлық құқық өмiр бойы және басқа тең авторлардан ұзақ өмiр сүрген ең соңғы автор қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.

  6. Автор қайтыс болғаннан кейiн отыз жыл iшiнде бiрiншi рет жарыққа шығарылған туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде ол жарыққа шыққаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.

      7. Егер автор қуғын-сүргiнге ұшырап, қайтыс болғаннан кейiн ақталса, онда құқық қорғаудың осы бапта көзделген мерзiмi ақталған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан бастап күшiне енедi.

      8. Осы бапта көзделген мерзiм сол мерзiмнiң басталуы үшiн негiз болып табылатын заңды факт болған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептеле бастайды.

      9. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес туындыға қорғау берiлген кезде, осы Заңның 5-бабының 4-тармағына сай авторлық құқықтың қолданылу мерзiмiн туындының шыққан елінде белгiленген мерзiмнен асыруға болмайды.       Осы бапта көзделген мерзiмдер мерзiмнiң өтуiнiң басталуына негiз болып табылатын заңдық факт осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiнгi жетпiс жылдан әрi емес мерзiмде орын алған барлық жағдайларда қолданылады.

      30-бап. Авторлық құқықтың ауысуы

      1. Авторлық құқық шарт бойынша және мұра ретiнде берiледi.

      2. Авторлық құқық мұрагерлiк тәртiбiмен заң бойынша немесе өсиет бойынша ауысады.

      3. Автордың осы Заңның 15-бабында көзделген мүлiктiк емес жеке құқықтары мұрагерлiк бойынша ауыспайды. Автордың мұрагерлерi мүлiктiк емес жеке құқықтарын қорғауды жүзеге асыруға құқылы. Мұрагерлердiң аталған заңды құқықтарының мерзiмi шектелмейдi.

      4. Өсиет орындаушыны тағайындайтын тәртiп бойынша автор өзiнiң мүлiктiк емес жеке құқықтарын қорғауды жүктейтiн адамды көрсетуге құқылы. Мұндай адам өз өкiлеттiгiн өмiр бойы атқарады. Автордың мұндай нұсқауы болмаған жағдайда автор қайтыс болғаннан кейiн оның мүлiктiк емес жеке құқықтарын қорғауды оның мұрагерлерi, егер мұрагерлерi болмаса немесе олардың авторлық құқығы тоқтатылған болса, Қазақстан Республикасының мұндай қорғауды жүзеге асыратын уәкiлдiк берiлген органы атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]