
- •1.Сату-сатып алу шартының түрлерi
- •3. Энергиямен жабдықтау және кәсіпорынды сату-сатып алу шарты
- •4.Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты.
- •5. Бөлшектеп сату-сатып алу шартының түрлері
- •6. Тасымалдау шартының түрлерi
- •7. Мердiгерлiк шарттың түсiнiгi және түрлерi
- •9. Мұраны алу
- •10. Мұрадан бас тарту
- •11. Прокат шартының түсінігі мен ерекшеліктері.
- •12. Заем шартының түсінігі мен сипаттамасы.
- •13. Факторинг шарты түсінігі және ерекшеліктері.
- •14. Өсиет бойынша мұрагерліктің жалпы сипаттамасы.
- •15. Өсиет нысаны. 1050-бап
- •16. Тасымалдау шартының ерекшеліктері.
- •17. Мүлікті уақытша пайдалануға беру шарттарының жалпы сипаттамасы. Мүлікті ақысыз пайдалануға немесе жалға беру туралы шарттарды куәландыру
- •18. Келісім шарт жасасу шартының ерекшеліктері.
- •19. Тапсырма шарты
- •20. Заң бойынша мұрагерліктің кезектері.
- •21.Сақтандыру шартының түрлерi және олардың ерекшелiктерi .
- •22.Мұрагерлік құқықтық қатынастардың түсінігі.
- •23.Мұра қабылдаудың түрлері.
- •24.Комиссия шарты.
- •25.Тасымалдау шарты түсiнiгi түрлерi.
- •26.Мердігерлік шартының түсінігі түрлері.
- •27.Тапсырма шарты.
- •28.Факторинг шарты.
- •29.Кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік.
- •30.Прокат шарты мен лизинг шартының ерекшеліктері.
- •31.Айналасындағыларға жоғары қауiп туғызатын қызмет (жоғары қауiптiлiк көздерi) арқылы келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
- •32. Сақтау шартының еркшеліктері мен түрлері.
- •33. Мүлік жалдау шарты және оның түрлерi .
- •35. Зиян келтіру нәтижесінде пайда болған міндеттеме кезінде кінәнің болуының маңызы.
- •36. Рента шарты: түсінігі және түрлері.
- •37. Кәсiпорындарды сату мен жалға берудiң ерекшеліктері.
- •38. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердің жалпы сипаттамасы.
- •39. Тұрғын үй жалдау шарты.
- •40. Тұрғын үй қатнастарын реттейтін заңдар.
- •41.Көлiк құралдарын жалдау шарты
- •43.Көлiк құралдарын жалдау
- •44.Мұра қабылдаудың тәртібі.
- •45.Рента шарты: түсінігі және түрлері.
- •46.Айырбас шарты
- •47..Жолаушы тасымалдаушының жауапкершілігі.
- •48.Мүлiк жалдау шартының түрлерi.
- •49.Сақтандыру шартының ерекшелiктерi, сақтандырудың түрлері.
- •50.Лизинг шартының ерекшелiктерi.
- •52. Тапсырма шарты
- •53. Жолаушы тасымалдаудың ерекшеліктері.
- •54. Айырбас шарты.
- •55.Зиян келтiруден туындайтын мiндеттемелердiң ерекшелiктерi.
- •56.Мүлікті сенімгерлікпен басқару.
- •57.Қр Азаматтық Кодексі (ерекше бөлім). Жалпы сипаттамасы.
- •58. Авторлық құқықтың түсінігі, объектілері және қолданылуы
- •59.Қосалқы авторлық.
- •60. Сақтау шартының түсінігі, түрлерi.
- •61.Ғылыми зерттеу жұмыстарына мердігерлік шарт ерекшеліктері:
- •72. Сақтау шарты
- •73. Сақтандыру шарты
- •74. Мердігерлік шартының түрлері-
- •75. Рента шарты
- •76. Тауар жеткiзiлiмiнiң шарты
- •78... Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi
- •79. Жалпы ережелер
- •80)... Жалпы ережелер
- •81.Факторинг шартының түсiнiгi ерекшелiктерi.
- •82.Авторлық құқықтың объектiлер
- •83.Авторлық шартар
- •84. Сақтау шаты бойынша сақтаушының жауапкершiлiк негiздерi.
- •85.Лизинг шарты
- •86.Сақтандыру шарты
- •87. Сақтандыру оқиғасының маңызы
- •89.Сақтау шартының түрлерi олардың ерекшелiктерi.
- •90.Заем шарты және оның түрлерi.
- •91.Мүлiк жалдау шарты.
- •93. Рента шарты түсiнiг түрлерi.
- •94.Мұра қабылдаудың тәртiбi мен тәсiлдерi.
- •95. Мүлiк жалдау шарты.
- •96.Лизинг шарты
- •98. Деликтілік міндеттемелер.
61.Ғылыми зерттеу жұмыстарына мердігерлік шарт ерекшеліктері:
- Шарттың пәні ғылыми зерттеу жұмыстары болып табылады;
- Лицензия мердігер үшін барлық кезде қажет бола бермейді;
- Мердігердің арнайы білімі, тәжірибесі және қажетті жағдайда стажы болуы тиіс;
- Тапсырыс беруші кез келген тұлға;
- Нәтиженің болмауы нәтиже ретінде қарастырылады;
- Шарт ақылы, консенсуалды, екіжақты және өзара, нысаны жазбаша.
Тәжірибе-конструкторлық жане технологиялық жумыстардың ерекшеліктері:
Мердігер арнайы субъект, яғни лицензиясы бар, тәжірибесі жеткілікті, арнайы маман иесі;
Тапсырма беруші кез келген тұлға;
Шарт ақылы, консенсуалды, екіжақты және өзара, нысаны жазбаша;
Нәтиженің болмауы нәтиже ретінде қарастырылады.
62. Комиссия шарты бойынша бiр тарап (комиссионер) екiншi тараптың (комитент) тапсыру бойынша сыйақы үшiн омитент есебiнен өз атынан бiр немесе бiрнеше мəмiле жасауға мiндеттенедi (ҚР АК 865бап, 1т). Бұл шарттың негізгі тараптары комиссионер мен комитент. Комиссионер міндетті түрде кәсіпкер болуы тиіс, яғни жеке кәсіпкер немесе коммерциялық заңды тұлға.
Ерекшеліктері:
Комиссионер азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі, сол себептен де оған сенімхат қажет емес;
Шарт барлық кезде ақылы, екіжақты, консенсуалды, өзара, нысаны жазбаша;
Комитент өзіне шарт бойынша берілген мүліктің кем шығуына, жойылуына, жоғалып кетуіне жауапты болады;
Комиссионер егер шартта өзгеше көзделмесе шарт бойынша міндеттерді тікелей өзі орындауға тиіс. Комиссионер комитенттің келісімін алмай ақ шартты орындауды үшінші бір тұлғаларға тапсыруға құқылы. Бұл жағдай субкомиссия шарты деп аталады. Субкомиссионердің әрекеті үшін комиссионер жауапты болады;
Комитент комиссионерге шарт бойынша тек сыйақы ғана төлеп қоймай, қажет болған жағдайларда оның шартты орындауға байланысты нақты шығындарында өтеп беруге міндетті.
63. Сақтандыру шарты көбiне нақты (реалды) шарт болғандықтан, оның мазмұнын талдауды сақтанушының мiндетiнен жəне оған қарама қарсы
болып келетiн сақтандырушының құқығынан бастау керек. Ең басында (бiрiншi кезекте) сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру сыйақысын төлеуге мiндеттi. Сақтанушы осы өзiнiң мiндетiн сақтандырылған адамға да, пайда алушыға да жүктей алмайды. Мұндай мiндет оларға заңды актiлерiмен де жүктелмейдi.
Сақтандыру сыйақыларының мөлшерлерi шартпен белгiлi ақша сомасы ретiнде қарастырылады. Сақтанушы шартпен сəйкес, сақтандыру объектiсi мен сақтандыру тəуекелiнiң сипатын ескере отырып, сақтандыру сомасының көлемiне (мөлшерiне) қарап есептелетiн сақтандыру сыйлық ақысының мөлшерiн белгiлейтiн сақтандырушы əзiрлеген сақтандыру тарифiне байланысты сақтандыру сыйлық ақыларын төлеуге мiндеттенедi.
64. Комиссия шарты бойынша бiр тарап (комиссионер) екiншi тараптың (комитент) тапсыру бойынша сыйақы үшiн омитент есебiнен өз атынан бiр немесе бiрнеше мəмiле жасауға мiндеттенедi (ҚР АК 865бап, 1т). Бұл шарттың негізгі тараптары комиссионер мен комитент. Комиссионер міндетті түрде кәсіпкер болуы тиіс, яғни жеке кәсіпкер немесе коммерциялық заңды тұлға.
Ерекшеліктері:
Комиссионер азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі, сол себептен де оған сенімхат қажет емес;
Шарт барлық кезде ақылы, екіжақты, консенсуалды, өзара, нысаны жазбаша;
Комитент өзіне шарт бойынша берілген мүліктің кем шығуына, жойылуына, жоғалып кетуіне жауапты болады;
Комиссионер егер шартта өзгеше көзделмесе шарт бойынша міндеттерді тікелей өзі орындауға тиіс. Комиссионер комитенттің келісімін алмай ақ шартты орындауды үшінші бір тұлғаларға тапсыруға құқылы. Бұл жағдай субкомиссия шарты деп аталады. Субкомиссионердің әрекеті үшін комиссионер жауапты болады;
Комитент комиссионерге шарт бойынша тек сыйақы ғана төлеп қоймай, қажет болған жағдайларда оның шартты орындауға байланысты нақты шығындарында өтеп беруге міндетті.
65. Комиссия шарты бойынша бiр тарап (комиссионер) екiншi тараптың (комитент) тапсыру бойынша сыйақы үшiн омитент есебiнен өз атынан бiр немесе бiрнеше мəмiле жасауға мiндеттенедi (ҚР АК 865бап, 1т). Бұл шарттың негізгі тараптары комиссионер мен комитент. Комиссионер міндетті түрде кәсіпкер болуы тиіс, яғни жеке кәсіпкер немесе коммерциялық заңды тұлға.
Ерекшеліктері:
Комиссионер азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі, сол себептен де оған сенімхат қажет емес;
Шарт барлық кезде ақылы, екіжақты, консенсуалды, өзара, нысаны жазбаша;
Комитент өзіне шарт бойынша берілген мүліктің кем шығуына, жойылуына, жоғалып кетуіне жауапты болады;
Комиссионер егер шартта өзгеше көзделмесе шарт бойынша міндеттерді тікелей өзі орындауға тиіс. Комиссионер комитенттің келісімін алмай ақ шартты орындауды үшінші бір тұлғаларға тапсыруға құқылы. Бұл жағдай субкомиссия шарты деп аталады. Субкомиссионердің әрекеті үшін комиссионер жауапты болады;
Комитент комиссионерге шарт бойынша тек сыйақы ғана төлеп қоймай, қажет болған жағдайларда оның шартты орындауға байланысты нақты шығындарында өтеп беруге міндетті.
66. Энергиямен жабдықтаушы ұйым шартта көзделген мөлшерде және тараптар келiскен энергия беру режимiн сақтай отырып, абонентке жалғанған желі арқылы энергия беруге мiндеттi. Энергиямен жабдықтаушы ұйым берген және абонент қабылдаған энергияның мөлшерi оның нақты тұтынылуы туралы есеп деректерiне сәйкес анықталады. Энергия берудi шартта келiсiлмеген мөлшерде қамтамасыз етуге байланысты энергиямен жабдықтаушы ұйым шеккен шығындарды өтеген жағдайда шартта абоненттiң өзi алатын энергияның шартта белгіленген мөлшерін өзгертуге құқығы көзделуі мүмкін. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшiн пайдаланатын азамат абонент болған жағдайларда ол энергияны өзiне қажеттi мөлшерде пайдалануға құқылы. Энергиямен жабдықтаушы ұйым берген және абонент алған энергия мөлшері есептеу аспаптарының көрсеткіштерімен, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде - есеп айырысу жолымен анықталады.
67. Прокат шарты бойынша тұрақты кәсiпкерлiк қызмет ретiнде қозғалатын мүлiктi жалға берудi жүзеге асыратын жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақы төлетiп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенедi. Прокат шарты бойынша берiлген мүлiк, егер шартта өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, тұтыну мақсатында пайдаланылады. Прокат шарты жазбаша түрде жасалады. Прокат шарты жария болып табылады
Прокат шарты бiр жылға дейiнгi мерзiмге жасалады. Жалға алушының мүлiктiк жалдау шартын жаңартуға басым құқығы туралы және мүлiктiк жалдау шартын белгiсiз мерзiмге жаңарту туралы ережелер (осы Кодекстiң 557, 558-баптары) прокат шартына қолданылмайды. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы прокат шартынан кез келген уақытта бас тартуға құқылы.
68. Көлік құралын жалдау шарты Көлiк құралын (уақытша кеме жалдау) басқару және техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсетуiмен жалдау шарты (көлiк құралын экипажымен жалдау шарты) бойынша жалға берушi жалға алушыға ақы төлетiп көлiк құралын уақытша иелену мен пайдалануға беруге және өз күшiмен оны басқару мен техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсетуге мiндеттi. Осы тараудың жалға алушының жалдау шартын жаңа мерзімге жасасуға артықшылықты құқығы туралы және жалдау шартын белгісіз мерзімге қайта жаңарту туралы қағидалары (осы Кодекстiң 557 және 558-баптары) көлiк құралдарын экипажымен жалдау шартына қолданылмайды.
Көлік құралын жалдау шарты оның мерзіміне қарамастан жазбаша түрде жасалуға тиiс.
69. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша бiр тарап (кешендi лицензиар) екiншi тарапқа (кешендi лицензиатқа) сыйақыға айрықша құқықтар кешенiн (лицензиялық кешен), соның iшiнде лицензиардың фирмалық атауын және қорғалатын коммерциялық ақпаратты пайдалану құқығын, сондай-ақ лицензиаттың кәсiпкерлiк қызметiнде пайдалану үшiн шартта көзделген айрықша құқықтардың басқа да объектiлерiн (тауар белгiсiн, қызмет көрсету белгiсiн, патент және т.б.) беруге мiндеттенедi. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты белгiлi бір көлемде лицензиялық кешендi, лицензиардың iскерлiк беделi мен коммерциялық тәжiрибесiн (атап айтқанда, пайдаланудың мейлiнше аз және (немесе) мейлiнше кең көлемiн белгiлей отырып), белгiлi бiр қызмет аясына (лицензиардан алынған немесе пайдаланушы өндiрген тауарларды сату, өзге де коммерциялық қызметтердi жүзеге асыру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету) қолданатын аумақты көрсетiп немесе көрсетпей пайдалануды көздейдi. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген салаларында қолдану жөнiндегi шектеу заң актiлерiмен белгiленедi.
70. Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттенедi. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердiгердiң тәуекелiмен орындалады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер тапсырысшының тапсырмасын орындау әдiстерiн дербес айқындайды. Мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерiне (тұрмыстық мердiгерлiк, құрылыс мердiгерлiгi, жобалау немесе iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк, ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк), егер осы Кодекстiң бұл түрлер туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады. Мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерi бойынша қатынастар осы Кодекспен қатар мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерi туралы заң актiлерiмен де реттеледi.
71.640-бап. Тұрмыстық мердiгерлiк шарты
Тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы мердiгер тапсырысшы азаматтың тапсырмасы бойынша тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттерiн қанағаттандыруға арналған белгiлi бiр жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге мiндеттенедi.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарты жария шарттарға жатады (осы Кодекстiң 387-бабы).