Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
azamattyk kukyk bilet jauaptary.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
610.82 Кб
Скачать

6. Тасымалдау шартының түрлерi

Тасымалдау шарты - ол көлік міндеттемелерінің пайда болуына әкелдіретін басты негіз болады. Тасымалдау объектісіне қарай, тасымалдау: жүктерді және жолаушыларды (теңдеме жүктерімен қоса немесе онсыз) тасымалдау болып бөлінеді. Тасымалдау көлігіне қарай – ол, автокөлікпен, темір жолымен, ішкі сулармен, теңізбен, әуе көлігімен тасымалдауға бөлінеді. Бір шарт бойынша тасымалдаушылар санына қарай, тасымалдау: тікелей байланыс бойынша, тікелей аралас байланыс бойынша және жергілікті тасымалдау түрлеріне бөлінеді. Тасымалдау шарттарының бір түріне жататын, көлік экспедициясы шарты, заңда бөлек аталады. Сонымен бірге, тасымалдау шартына қарағанда консенсуалды болып табылатын, тасымалдауды ұйымдастыру шарттарын атап өткен жөн, ал тасымалдау шартының өзі – реалды болады. Тасымалдау шарттарының түріне кіре тарту шартында жатқызуға болады, ол ҚР «Теңізбен сауда өткізу туралы» Заңында көзделеді.

Тасымалдау шартының жақтары: тасымалдаушы және жүк жөнелтуші (егер шарт объектісі жүк болса) және жолаушы (егер жолаушыларды тасымалдау болса) деп аталады. Шарт жазбаша жай нысанда жасалады, шарт ақылы және мерзімді болады. Азаматтық кодекспен қоса, шарт көлік заңдары деп аталатын арнайы заңдармен де реттеледі, олардың арасында: ҚР «Көлік туралы», «Темір жол көлігі туралы», «Теңізбен сауда өткізу туралы» заңдарымен және тасымалдау ережелерін бекітетін көптеген заңға тәуелді актілермен де реттеледі.

Жақтардың құқықтары мен міндеттері, тасымалдау объектісіне байланысты болады. Сонымен бірге, тасымалдаушының міндеттері келесі болады: уақытында тасымалдауға жарайтын көлікті беру; егер шартта ол көзделген болса жүкті тиеп алу (немесе түсіріп беру); тиісті мерзімде тиісті орынға жүкті немесе жолаушыны жеткізу болады. Жүк жөнелтушінің міндеті – ол, тасымалдауға жүкті барлық құжаттарымен беру; тасымалдаушыны жүктің қасиеттері мен мінезі жөнінде ескерту; кіре ақысын төлеу; жүкті қабылдап алу (және, егер ол шартта көзделген болса, жүкті тиеп, түсіру) болады. Егер жүк жөнелтуші үшінші тұлға болса, ол шартты жасауға қатыспайды, бірақта шартты жасаған уақыттан бастап, белгілі болады, одан кейін шарт бойынша жақтың құқықтары мен міндеттеріне ие болады; жүкті беруді, шығындарды өтеуді талап етуге құқылы болады

7. Мердiгерлiк шарттың түсiнiгi және түрлерi

Мердігерлік шартының түсінігі.

Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттi.

Мердiгерлiк шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау үшiн белгiлi уақыт керек, сондықтан мердiгерлiк шарт бойынша шарт жасалу кезi және оның орындалу кезi сәйкес келмеуi мүмкiн. Өз кезегiнде бұл оларға тәуелдiлiкке мердiгердiң жұмыс орындары қойылатын мерзiмдерге әсер етедi. Кейбiр мердiгерлiк шарттардың орындалуы және жасалуы бiр уақытта болуы мүмкiн, мысалы, суретке түсiру шарттары “тез” фотосуреттер дайындаумен байланысты мердiгерлiктiң осындай мерзiмдерiнiң ерекшелiгi олардың барынша қысқалығы болады, және осы мердiгерлiк жасайтын шарттың тапсырысшының себептенушi негiзiнде болуы мүмкiн.

Мердігерлік шартының түрлері.

Азаматтық заңнамада мердiгерлiк қатынастардың түрлерiнiң ең маңызды және ерекше белгiлерi барлары реттелген. Мердiгерлiк шартының түрлi сипаттамасына мыналар кiредi: 1) тұрмыстық мердiгерлiк; 2) құрылыс мердiгерлiгi; 3) жобалау немесе iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк; 4) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк. Оларға Азаматтық кодекстегi мердiгерлiк қатынастарды реттеуге арналған тарауында жеке параграфтар арналған. Мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерiне егер Қазақстан Республика-сының Азаматтық кодексiнiң бұл түрлер туралы ережелерiнде өзгеше белгiленбесе мердiгерлiк туралы жалпы ережелер де (нормалар) қолданылады

8. Қозғалмайтын мүлiктi сату мен жалға берудiң ерекшелiктерi

406-бап. Сатып алу-сату шарты

1. Сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi.

2. Бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуға, егер заң актiлерiнде оларды сатып алу-сатудың арнаулы ережелерi белгiленбесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады.

2-1. Ислам банкінің банк қызметін жүзеге асыруы кезінде оның тауарларды сатып алу-сату ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде белгіленеді.

3. Осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тауарлардың жекелеген түрлерiн сатып алу-сату ерекшелiктерi заң актiлерiнде және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленедi.

4. Осы параграфта көзделген ережелер, егер бұл құқықтардың мазмұнынан немесе сипатынан өзгеше туындамаса, мүлiктiк құқықтарды сатуға қолданылады.

5. Сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлерiне (бөлшек саудамен сатып алу-сату, тауарлар жеткiзiлiмi, энергиямен жабдықтау, контрактация, кәсiпорынды сату), егер осы Кодекстiң ережелерiнде бұл түрлердiң шарттары туралы өзгеше көзделмесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады.

6. Сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен мүлікті сату кезінде сот орындаушысы сатушы ретінде шығады.

547-бап. Мүлiктi жалға алушыға беру

1. Жалға берушi мүлiктi жалға алушыға шарт талаптары мен мүлiктiң мақсатына сәйкес келетiн күйде беруге мiндеттi.

2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiк жалға оның барлық керек-жарақтарымен және оған қатысты құжаттармен (мүлiктiң жиынтықтылығын, қауiпсiздiгiн, сапасын, пайдалану тәртiбiн куәландыратын және т.б. құжаттармен) бiрге берiледi.

Егер мұндай керек-жарақтар мен құжаттар берiлмеген болса, алайда жалға алушы мүлiктi оларсыз мақсатқа сәйкес пайдалана алмаса не шарт жасасу кезiнде үмiт етуге құқығы болғанынан едәуiр дәрежеде айрылатын болса, ол өзiне жалға берушiден мұндай керек-жарақтар мен құжаттарды берудi немесе шартты бұзуды талап ете алады.

3. Егер жалға беруші жалға берiлген мүлiктi жалға алушыға шартта көрсетiлген мерзiмде бермесе, ал шартта мұндай мерзiм көрсетiлмесе, жалға алушы қисынды мерзiмде одан осы Кодекстiң 355-бабына сәйкес сол мүлiктi талап етуге немесе шартты бұзуды талап етуге құқылы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]