
- •1.Сату-сатып алу шартының түрлерi
- •3. Энергиямен жабдықтау және кәсіпорынды сату-сатып алу шарты
- •4.Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты.
- •5. Бөлшектеп сату-сатып алу шартының түрлері
- •6. Тасымалдау шартының түрлерi
- •7. Мердiгерлiк шарттың түсiнiгi және түрлерi
- •9. Мұраны алу
- •10. Мұрадан бас тарту
- •11. Прокат шартының түсінігі мен ерекшеліктері.
- •12. Заем шартының түсінігі мен сипаттамасы.
- •13. Факторинг шарты түсінігі және ерекшеліктері.
- •14. Өсиет бойынша мұрагерліктің жалпы сипаттамасы.
- •15. Өсиет нысаны. 1050-бап
- •16. Тасымалдау шартының ерекшеліктері.
- •17. Мүлікті уақытша пайдалануға беру шарттарының жалпы сипаттамасы. Мүлікті ақысыз пайдалануға немесе жалға беру туралы шарттарды куәландыру
- •18. Келісім шарт жасасу шартының ерекшеліктері.
- •19. Тапсырма шарты
- •20. Заң бойынша мұрагерліктің кезектері.
- •21.Сақтандыру шартының түрлерi және олардың ерекшелiктерi .
- •22.Мұрагерлік құқықтық қатынастардың түсінігі.
- •23.Мұра қабылдаудың түрлері.
- •24.Комиссия шарты.
- •25.Тасымалдау шарты түсiнiгi түрлерi.
- •26.Мердігерлік шартының түсінігі түрлері.
- •27.Тапсырма шарты.
- •28.Факторинг шарты.
- •29.Кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік.
- •30.Прокат шарты мен лизинг шартының ерекшеліктері.
- •31.Айналасындағыларға жоғары қауiп туғызатын қызмет (жоғары қауiптiлiк көздерi) арқылы келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
- •32. Сақтау шартының еркшеліктері мен түрлері.
- •33. Мүлік жалдау шарты және оның түрлерi .
- •35. Зиян келтіру нәтижесінде пайда болған міндеттеме кезінде кінәнің болуының маңызы.
- •36. Рента шарты: түсінігі және түрлері.
- •37. Кәсiпорындарды сату мен жалға берудiң ерекшеліктері.
- •38. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердің жалпы сипаттамасы.
- •39. Тұрғын үй жалдау шарты.
- •40. Тұрғын үй қатнастарын реттейтін заңдар.
- •41.Көлiк құралдарын жалдау шарты
- •43.Көлiк құралдарын жалдау
- •44.Мұра қабылдаудың тәртібі.
- •45.Рента шарты: түсінігі және түрлері.
- •46.Айырбас шарты
- •47..Жолаушы тасымалдаушының жауапкершілігі.
- •48.Мүлiк жалдау шартының түрлерi.
- •49.Сақтандыру шартының ерекшелiктерi, сақтандырудың түрлері.
- •50.Лизинг шартының ерекшелiктерi.
- •52. Тапсырма шарты
- •53. Жолаушы тасымалдаудың ерекшеліктері.
- •54. Айырбас шарты.
- •55.Зиян келтiруден туындайтын мiндеттемелердiң ерекшелiктерi.
- •56.Мүлікті сенімгерлікпен басқару.
- •57.Қр Азаматтық Кодексі (ерекше бөлім). Жалпы сипаттамасы.
- •58. Авторлық құқықтың түсінігі, объектілері және қолданылуы
- •59.Қосалқы авторлық.
- •60. Сақтау шартының түсінігі, түрлерi.
- •61.Ғылыми зерттеу жұмыстарына мердігерлік шарт ерекшеліктері:
- •72. Сақтау шарты
- •73. Сақтандыру шарты
- •74. Мердігерлік шартының түрлері-
- •75. Рента шарты
- •76. Тауар жеткiзiлiмiнiң шарты
- •78... Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi
- •79. Жалпы ережелер
- •80)... Жалпы ережелер
- •81.Факторинг шартының түсiнiгi ерекшелiктерi.
- •82.Авторлық құқықтың объектiлер
- •83.Авторлық шартар
- •84. Сақтау шаты бойынша сақтаушының жауапкершiлiк негiздерi.
- •85.Лизинг шарты
- •86.Сақтандыру шарты
- •87. Сақтандыру оқиғасының маңызы
- •89.Сақтау шартының түрлерi олардың ерекшелiктерi.
- •90.Заем шарты және оның түрлерi.
- •91.Мүлiк жалдау шарты.
- •93. Рента шарты түсiнiг түрлерi.
- •94.Мұра қабылдаудың тәртiбi мен тәсiлдерi.
- •95. Мүлiк жалдау шарты.
- •96.Лизинг шарты
- •98. Деликтілік міндеттемелер.
59.Қосалқы авторлық.
Сабақтас құқықтардың объектiлерi
Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылыққа, фонограммаларға, эфирлiк және кабельдiк хабар таратушы ұйымдардың хабарларына, олардың мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ олардың көрсетiлу әдiстерi мен нысандарына қарамастан қолданылады.
986-бап. Сабақтас құқықтардың субъектiлерi
1. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар мен эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары сабақтас құқық субъектiлерi болып табылады. 2. Фонограмма жасаушы, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдары осы тарауда көзделген құқықтарды фонограмма жазылған не эфирге немесе кабель арқылы берiлетiн туындының орындаушысымен және оның авторымен жасалған шарт бойынша алынған құқықтар шегінде жүзеге асырады. 3. Орындалған туынды авторларының құқықтары сақталған жағдайда орындаушы осы тарауда көзделген құқықтарды жүзеге асырады. 4. Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу немесе қандай да бiр басқа формалды талаптарды сақтау талап етiлмейдi. 5. Фонограмма шығарушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы жариялау үшiн орындау жазбасының, фонограмманың әрбiр данасында және (немесе) ол сақталатын әрбiр қорапта орналасатын және үш элементтен: 1) қоршауға алынған латынша "Р" әрпiнен; 2) айрықша сабақтас құқықтар иесiнiң есiмiнен (атауынан); 3) орындау жазбасының, фонограмманың бiрiншi жарияланған жылынан тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгісін пайдалануға құқылы. 6. Егер өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында есiмi немесе атауы көрсетiлген жеке немесе заңды тұлға фонограмма шығарушы болып танылады. Ескерту. 986-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
987-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет орын алған орындаушының орындауға құқығы Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Бұл жағдайда орындаушының және оның мұрагерлерiнiң, сондай-ақ азаматтығына қарамастан орындаушының өзге де құқықтық мирасқорларының құқықтары танылады. Орындау алғаш рет шет мемлекеттiң аумағында жүзеге асырылған жағдайда да орындаушының, сондай-ақ оның құқықтық мирасқорларының құқығы танылады. 2. Егер фонограмма жазбасы алғаш рет Қазақстан Республикасында көпшiлiк алдында қайта жаңғыртылса немесе оның даналары көпшілікке таратылса, бұл фонограмма шығарушының құқықтары Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасы азаматтарының немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жерi немесе тұратын орны бар заңды тұлғалардың да фонограмма шығару құқықтары танылады. 3. Егер ұйымның Қазақстан Республикасының аумағында ресми орналасқан жері болса және хабарларды Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан таратқыштар көмегiмен жүзеге асырса, оның эфирлiк немесе кабельдiк хабар таратуды ұйымдастыру құқығы танылады. 4. Өзге де шетелдiк орындаушылардың, фонограммалар шығарушылардың, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының құқықтары Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес қорғалады. Ескерту. 987-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
988-бап. Сабақтас құқықтар субъектiлерiнiң құқықтарын реттеу
Орындаушының, фонограмма шығарушының, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының айрықша және өзге де құқықтарының көлемi мен мазмұнын, сондай-ақ аталған субъектiлердiң айрықша құқықтарын шектеу жағдайлары мен шектерi және оларды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк заң актiлерiмен реттеледi. Ескерту. 988-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
989-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмi
1. Орындаушыға қатысты сабақтас құқықтар алғаш рет орындалғаннан кейiн немесе қойылғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiнде болады. Орындаушының өз аты-жөнiне және орындауды немесе қойылымды бұрмалаудан қорғауға құқықтары мерзiмсiз қорғалады. 2. Фонограмма шығарушыға қатысты сабақтас құқықтар фонограмма алғаш рет жарияланғаннан кейiн жетпiс жыл бойы не, фонограмма бұл мерзiм iшiнде жарияланбаса, ол алғаш рет жазылғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiнде болады. 3. Эфирлiк хабар тарату ұйымына қатысты сабақтас құқықтар мұндай ұйым эфирге алғаш рет хабар берудi жүзеге асырғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiнде болады. 4. Кабельдік хабар тарату ұйымына қатысты сабақтас құқықтар мұндай ұйым кабель бойынша алғаш рет хабар берудi жүзеге асырғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiнде болады. 5. Осы баптың 1-4-тармақтарында көзделген мерзiмдердi есептеу мерзiмi өтуiнiң басталуына негiз болатын заңды факт орын алған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан басталады.