
- •1.Сату-сатып алу шартының түрлерi
- •3. Энергиямен жабдықтау және кәсіпорынды сату-сатып алу шарты
- •4.Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты.
- •5. Бөлшектеп сату-сатып алу шартының түрлері
- •6. Тасымалдау шартының түрлерi
- •7. Мердiгерлiк шарттың түсiнiгi және түрлерi
- •9. Мұраны алу
- •10. Мұрадан бас тарту
- •11. Прокат шартының түсінігі мен ерекшеліктері.
- •12. Заем шартының түсінігі мен сипаттамасы.
- •13. Факторинг шарты түсінігі және ерекшеліктері.
- •14. Өсиет бойынша мұрагерліктің жалпы сипаттамасы.
- •15. Өсиет нысаны. 1050-бап
- •16. Тасымалдау шартының ерекшеліктері.
- •17. Мүлікті уақытша пайдалануға беру шарттарының жалпы сипаттамасы. Мүлікті ақысыз пайдалануға немесе жалға беру туралы шарттарды куәландыру
- •18. Келісім шарт жасасу шартының ерекшеліктері.
- •19. Тапсырма шарты
- •20. Заң бойынша мұрагерліктің кезектері.
- •21.Сақтандыру шартының түрлерi және олардың ерекшелiктерi .
- •22.Мұрагерлік құқықтық қатынастардың түсінігі.
- •23.Мұра қабылдаудың түрлері.
- •24.Комиссия шарты.
- •25.Тасымалдау шарты түсiнiгi түрлерi.
- •26.Мердігерлік шартының түсінігі түрлері.
- •27.Тапсырма шарты.
- •28.Факторинг шарты.
- •29.Кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік.
- •30.Прокат шарты мен лизинг шартының ерекшеліктері.
- •31.Айналасындағыларға жоғары қауiп туғызатын қызмет (жоғары қауiптiлiк көздерi) арқылы келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
- •32. Сақтау шартының еркшеліктері мен түрлері.
- •33. Мүлік жалдау шарты және оның түрлерi .
- •35. Зиян келтіру нәтижесінде пайда болған міндеттеме кезінде кінәнің болуының маңызы.
- •36. Рента шарты: түсінігі және түрлері.
- •37. Кәсiпорындарды сату мен жалға берудiң ерекшеліктері.
- •38. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердің жалпы сипаттамасы.
- •39. Тұрғын үй жалдау шарты.
- •40. Тұрғын үй қатнастарын реттейтін заңдар.
- •41.Көлiк құралдарын жалдау шарты
- •43.Көлiк құралдарын жалдау
- •44.Мұра қабылдаудың тәртібі.
- •45.Рента шарты: түсінігі және түрлері.
- •46.Айырбас шарты
- •47..Жолаушы тасымалдаушының жауапкершілігі.
- •48.Мүлiк жалдау шартының түрлерi.
- •49.Сақтандыру шартының ерекшелiктерi, сақтандырудың түрлері.
- •50.Лизинг шартының ерекшелiктерi.
- •52. Тапсырма шарты
- •53. Жолаушы тасымалдаудың ерекшеліктері.
- •54. Айырбас шарты.
- •55.Зиян келтiруден туындайтын мiндеттемелердiң ерекшелiктерi.
- •56.Мүлікті сенімгерлікпен басқару.
- •57.Қр Азаматтық Кодексі (ерекше бөлім). Жалпы сипаттамасы.
- •58. Авторлық құқықтың түсінігі, объектілері және қолданылуы
- •59.Қосалқы авторлық.
- •60. Сақтау шартының түсінігі, түрлерi.
- •61.Ғылыми зерттеу жұмыстарына мердігерлік шарт ерекшеліктері:
- •72. Сақтау шарты
- •73. Сақтандыру шарты
- •74. Мердігерлік шартының түрлері-
- •75. Рента шарты
- •76. Тауар жеткiзiлiмiнiң шарты
- •78... Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi
- •79. Жалпы ережелер
- •80)... Жалпы ережелер
- •81.Факторинг шартының түсiнiгi ерекшелiктерi.
- •82.Авторлық құқықтың объектiлер
- •83.Авторлық шартар
- •84. Сақтау шаты бойынша сақтаушының жауапкершiлiк негiздерi.
- •85.Лизинг шарты
- •86.Сақтандыру шарты
- •87. Сақтандыру оқиғасының маңызы
- •89.Сақтау шартының түрлерi олардың ерекшелiктерi.
- •90.Заем шарты және оның түрлерi.
- •91.Мүлiк жалдау шарты.
- •93. Рента шарты түсiнiг түрлерi.
- •94.Мұра қабылдаудың тәртiбi мен тәсiлдерi.
- •95. Мүлiк жалдау шарты.
- •96.Лизинг шарты
- •98. Деликтілік міндеттемелер.
55.Зиян келтiруден туындайтын мiндеттемелердiң ерекшелiктерi.
917-бап. Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi
1. Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс. Заң актiлерiнде зиянды өтеу мiндетi зиян келтiрушi болып табылмайтын тұлғаға жүктелуi, сондай-ақ өтеудiң неғұрлым жоғары мөлшерi белгiленуi мүмкiн. 2. Зиян келтiрушi, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, егер зиян өзiнiң кiнәсiнен келтiрiлмегендiгiн дәлелдесе, оны өтеуден босатылады. 3. Заңды iс-әрекеттермен келтiрiлген зиян осы Кодексте және өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларда өтелуге тиiс.
56.Мүлікті сенімгерлікпен басқару.
Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару ұғымы және оның пайда болу негiздерi
1. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды белгiлеу кезiнде сенiмгер басқарушы, егер шартта немесе заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, өзiнiң иеленуiне, пайдалануына және билiк етуiне берiлген мүлiктi пайда алушының мүддесі үшін өз атынан басқаруды жүзеге асыруға мiндеттенедi. 2. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару: 1) мәмiле (атап айтқанда, шарт бойынша, өсиеттi орындаушы (сенімгерлікпен басқарушы) тағайындалған өсиет бойынша); 2) сот актiсi (банкроттық немесе оңалту рәсiмдерiнде банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған, әрекетке қабiлетсiз, хабарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың мүлкiне қорғаншылық белгiленген кезде және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да жағдайларда); 3) әкімшілік акт (кәмелетке толмаған, қайтыс болған адамның мүлкiне қорғаншылық белгiлеген; кәсiпкер мемлекеттiк қызметке кiрген кезде және заң актiлерiнде көзделген басқа жағдайларда) негiзiнде пайда болады (белгiленедi). 3. Банк қызметін жүзеге асыру кезінде мүлікті сенімгерлікпен басқару ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде белгіленеді. 4. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік, концессиялар туралы заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленеді.
884-бап. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару субъектiлерi
1. Меншiк иесi, сондай-ақ өзге де заттық құқық субъектiсi немесе мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға беруге уәкiлеттi құзыреттi орган құрылтайшы бола алады. 2. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, кез келген адам сенiмгер басқарушы бола алады. Сенiмгер басқарушы тек оның келiсiмiмен тағайындалуы мүмкiн. 3. Сенiмгер басқарушы болып табылмайтын кез келген адам, сондай-ақ мемлекет немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс пайда алушы (мүддесi үшiн мүлiктi басқару жүзеге асырылатын тұлға) бола алады. 4. Егер заң актiлерiнде немесе мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартында өзгеше көзделмесе, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы пайда алушы болып табылады.
885-бап. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару объектiлерi
1. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, ақшаны, бағалы қағаздарды және мүлiктiк құқықтарды қоса алғанда, кез келген мүлiк сенiмгерлiкпен басқару объектiсi бола алады. 2. Сенiп тапсырылған мүлiктi сенiмгер басқарушы өзiне меншiк (шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару) құқығымен тиесiлi мүлiктен бөлек есепке алуға тиiс. 3. Өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру процесiнде сенiм бiлдiрiлген басқарушы сатып алған және (немесе) алған мүлiк сенiп берiлген мүлiк құрамына енгiзiледi. 4. Осы Кодекстiң 1081-бабында көзделген, сондай-ақ осы тұлғаның банкроттығы жағдайларын қоспағанда, құрылтайшының сенiмгерлiкпен басқаруға берген мүлкiне оның борыштары бойынша өндiрiп алуға жол берiлмейдi. 5. Кепiлге салынған мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға беру кепiл ұстаушыны осы мүлiктi өндiрiп алу құқығынан айырмайды.
886-бап. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты
1. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша бiр тарап (сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы) екiншi тарапқа (сенiмгер басқарушыға) мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға бередi, ал екiншi тарап құрылтайшы атаған тұлғаның (пайда алушының) мүдделерi үшiн осы мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға мiндеттенедi. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе көрсетiлген шартта өзгеше белгiленбесе, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының қолданылу кезеңiнде сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы сенiмгерлiкпен басқарылатын мүлiкке қатысты қандай да болсын iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы емес. 2. Сенiмгерлiкпен басқару шартында: 1) мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының нысанасы және мерзiмi; 2) сенiмгерлiкпен басқаруға берiлетiн мүлiктiң құрамы; 3) пайда алушы туралы нұсқау; 4) сенiмгер басқарушының есеп беру мерзiмдерi мен нысаны; 5) мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты тоқтатылған жағдайда сенiп тапсырылған мүліктi алатын адамды көрсету көзделуге тиiс. Шарттардың жекелеген түрлерi үшiн заң актiлерiнде өзге де елеулi талаптар көзделуi мүмкін. Шартта басқа талаптар да, оның iшiнде басқарушыға берiлетiн сыйақының мөлшерi мен нысандары көзделуi мүмкiн. Шартта үшiншi тұлғалардың сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген мүлiкке құқығы көрсетiлуге тиiс. 3. Егер заң актiлерiнен немесе пайда болған қатынастар мәнiнен өзгеше туындамаса, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты туралы нормалар мүлiктi сенімгерлiкпен басқаруды белгiлеудiң өзге де негiздерi бойынша пайда болатын қатынастарға қолданылады.