Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
azamattyk kukyk bilet jauaptary.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
610.82 Кб
Скачать

52. Тапсырма шарты

846-бап. Тапсырма шарты

      1. Тапсырма шарты бойынша бiр тарап (сенiм бiлдiрiлген өкiл) екiншi тараптың (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан және соның есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекет жасауға мiндеттенедi. Сенім білдірілген өкiл жасаған мәмiле бойынша құқықтар мен мiндеттер тiкелей сенiм бiлдiрушiде пайда болады.       2. Тапсырма шарты жазбаша нысанда жасалады.

Тапсырманы сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларына сәйкес орындау

      1. Сенiм бiлдiрiлген өкiл өзiне берiлген тапсырманы сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларына сәйкес орындауға мiндеттi. Сенiм бiлдiрушiнiң нұсқаулары нақтылы, заңды және жүзеге асырыла алатын болуы тиiс.       2. Егер iстiң мән-жайы бойынша ол сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерi үшiн қажет болса және сенiм бiлдiрiлген өкіл сенiм бiлдiрушiден алдын ала сұрай алмаса не өзiнiң сауалына дер кезiнде жауап алмаса, сенiм бiлдiрiлген өкiл сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларынан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сенiм бiлдiрiлген өкiл, хабарлау мүмкiн болысымен жол берiлген ауытқулар туралы сенiм бiлдiрушiнi хабардар етуге мiндеттi.       3. Тараптардың келiсуiмен коммерциялық өкiл осы баптың 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындаудан босатылуы мүмкiн.

      848-бап. Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң мiндеттерi

      Сенiм бiлдiрiлген өкiл:       1) өзiне берiлген тапсырманы өзi орындауға;       2) сенiм бiлдiрушiге оның талап етуi бойынша тапсырманың орындалу барысы туралы барлық мәлiметтердi хабарлауға;       3) сенiм бiлдiрушiге жасалған мәмiле бойынша алынғандардың бәрiн дереу берiп отыруға;       4) тапсырманы орындаған соң қолдану мерзiмi аяқталмаған сенiмхатты кешiктiрмей сенiм бiлдiрушiге қайтаруға және егер ол тапсырманың сипаты бойынша талап етiлетiн болса, ақтайтын құжаттарды қоса отырып есеп беруге;       5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға мiндеттi.       Ескерту. 848-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      849-бап. Сенiм бiлдiрушiнiң мiндеттерi

      1. Сенім бiлдiрушi, егер шартта өзгеше көзделмесе:       1) сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тапсырманы орындау үшiн қажеттi қаражатпен қамтамасыз етуге;       2) сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң тапсырманы орындау үшiн қажет болған шығындарының орнын толтыруға мiндеттi.       2. Сенiм бiлдiрушi шартқа сәйкес сенiм бiлдiрiлген өкiл орындағанының барлығын кешiктiрмей қабылдауға мiндеттi.       3. Сенiм бiлдiрушi тапсырманың орындалуы бойынша сенiм бiлдiрiлген өкiлге осы Кодекстiң 850-бабының ережелерiне сәйкес сыйақы төлеуге мiндеттi.       4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сенiм бiлдiрушiнің өзге де міндеттері көзделуі мүмкін.       Ескерту. 849-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      850-бап. Тапсырма шартындағы сыйақы

      1. Егер заң актiлерiнде немесе шартта көзделген болса, сенiм бiлдiрушi сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi.       Егер тапсырма шарты тараптардың екеуiнiң немесе олардың бiрiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына байланысты болса, шартта өзгеше көзделмесе, сенiм бiлдiргiшi сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi.       2. Егер шартта немесе заң актiлерiнде шартты орындаудың өтелуi көрсетiлсе, бiрақ сыйақының мөлшерi көрсетiлмесе, онда ол осыған ұқсас қызметтер үшін әдетте қабылданған баға ескеріле отырып айқындалады.       3. Сенiм бiлдiрiлген өкiл барлық талап етiлген iс-әрекеттердi тиiстi түрде атқарғанын, бiрақ тапсырма оның кiнәсiнсiз орындалмай қалғанын дәлелдеген кезде сыйақы төленуге тиiс.

      851-бап. Сенiм ауысуы

      1. Сенiм бiлдiрiлген өкiл, егер бұл шартта көзделген болса не сенiм бiлдiрiлген өкiл осыған сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерiн қорғау мақсатындағы мән-жайлармен мәжбүр болса, тапсырманы орындауды басқа адамға (орынбасарға) беруге құқылы.       2. Орындау сенiмiн басқа адамға ауыстырған бойда сенiм бiлдiрiлген өкiл бұл туралы сенiм бiлдiрушiге дереу хабарлауға тиiс. Сенiм бiлдiрушi, шартта мұндай орынбасар атап көрсетiлетiн жағдайларды қоспағанда, сенiм бiлдiрiлген өкiл таңдаған орынбасардан бас тартуға құқылы.       3. Егер сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң орынбасары шартта атап айтылған болса, сенiм бiлдiрiлген өкiл өзiнiң орынбасары жүргiзген iс үшiн жауап бермейдi.       4. Егер орынбасардың iс жүргiзуi шартта көзделсе, бiрақ онда орынбасардың аты атап көрсетiлмесе, сенiм бiлдiрiлген өкiл өзiнiң орынбасарының кiнәлi iс-әрекетi үшiн жауап бермейдi.       5. Егер орынбасардың iс жүргiзуi шартта көзделмесе, сенiм бiлдiрiлген өкiл өз орынбасарының кез келген iс-әрекетi үшiн жауап береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]