Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
azamattyk kukyk bilet jauaptary.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
610.82 Кб
Скачать

49.Сақтандыру шартының ерекшелiктерi, сақтандырудың түрлері.

 Сақтандыру шарты 1. Сақтандыру шарты бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн төлеуге мiндеттенедi. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сақтандыру шартында көзделген тәртіппен және жағдайларда өзге де төлемдерді жүзеге асыру жағдайлары көзделуі мүмкін. 2. Сақтандыру сақтандыру шарты негiзiнде жүзеге асырылады.  ТҮРЛЕРІ 809-бап. Жеке және мүлiктiк сақтандыру 1. Азаматтың өмiрiн, денсаулығын, еңбекке қабiлеттiлiгiн және жеке басына байланысты өзге де мүліктік мүдделерiн сақтандыру жеке сақтандыруға жатады.  Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзi, сондай-ақ шартта аталған басқа (сақтандырылған) адам сақтандырылған болуы мүмкiн.  2. Мүлiктi және оған байланысты мүліктік мүдделердi сақтандыру мүлiктiк сақтандыруға жатады.  3. Мүлiктi сақтандыру кезiнде мүлiктiң жоғалуы (жойылуы) тәуекелi, жетiспеуi немесе бүлiнуi және осы Кодекстiң 115-бабында көзделген өзге де мүлiктiк игiлiктер мен құқықтар сақтандырылады.  4. Сақтанушының немесе пайда алушының мүлiктердi сақтандыруға мүддесi болмаған жағдайда жасалған мүлiктiк сақтандыру шарты жарамсыз болады.  5. Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезiнде, үшiншi бiр адамдардың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне зиян келтiрудiң салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапты болу, сондай-ақ шарттардан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапты болу тәуекелiн сақтандырады. 

50.Лизинг шартының ерекшелiктерi.

Лизинг шарты

      1. Лизинг шарты бойынша лизинг берушi лизинг алушы көрсеткен мүлiктi сатушыдан меншiгiне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсатта пайдалануға беруге мiндеттенедi.        2. Лизинг шартында сатушыны және сатып алынатын мүлiктi таңдап алуды лизинг берушi жүзеге асырады деп көзделуi мүмкiн.        3. Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен лизинг шартының жекелеген түрлерiнiң ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн.       

      566-бап. Лизинг нысанасы

      Yйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы бола алады.        Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.

      567-бап. Лизинг шартының елеулi талаптары

      Лизинг шартында, осы Кодекстiң 542-бабында аталған талаптардан басқа, мынадай талаптар болуға тиiс:        1) мүлiктi сатушының атауы;        2) лизинг алушыға мүлiктi берудiң талаптары мен мерзiмi;        3) төлемдердiң мөлшерi мен мерзiмдiлiгi;        4) шарт мерзiмi;        5) егер шартта лизинг алушының меншiгiне мүлiктiң көшуi көзделсе, осындай көшудiң талаптары.

      568-бап. Мүлiктi лизингке беру туралы                 сатушыны хабардар ету

      Лизинг берушi лизинг алушы үшiн мүлiк сатып ала отырып, мүлiктiң белгiлi бiр тұлғаға лизинг ретiнде беруге арналғандығы туралы сатушыны хабардар етуге тиiс.

      569-бап. Мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе бүлiну қаупi

      Лизингтiң нысанасы болып табылатын мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе бүлiну қаупi, егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiктi берген кезде лизинг алушыға ауысады.

      570-бап. Лизинг шарты бойынша төленетiн төлемдер

      Лизинг шартына сәйкес төленуге тиiстi мерзiмдiлiк төлемдерi мүлiктiң шарт жасасқан кездегi баға бойынша құнының барлық немесе елеулi бөлiгiнiң амортизациясы ескерiле отырып есептелуi мүмкiн.

      571-бап. Лизинг алушыға лизинг шартының нысанасын беру

      1. Лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлiктi сатушы лизинг алушыға, егер шартта өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, лизинг алушы орналасқан жерде тiкелей бередi.        2. Лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлiк осы шартта аталған мерзiмде лизинг алушыға берiлмеген жағдайда, егер мерзiмiн өткiзуге лизинг берушi жауап беретiн мән-жайлар бойынша жол берiлген болса, лизинг алушы шартты бұзуды және шығынды өтеудi талап етуге құқылы. 

572-бап. Сатушының жауапкершiлiгi

    1. Лизинг алушы лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлiктi сатушыға - сатушы мен лизинг берушiнiң арасында жасалған сатып алу-сату шартынан туындайтын, атап айтқанда, мүлiктiң сапасы мен жиынтықтылығына, оны беру мерзiмiне қатысты және сатушы шартты тиiстi түрде орындамаған басқа да жағдайларда туындайтын талаптарды тiкелей қоюға құқылы. Бұл орайда лизинг алушы аталған мүлiктi сатып алу-сату тарабы болғанда сатып алынған мүлiкке ақы төлеу мiндетiн қоспағанда, оны сатып алушы үшiн осы Кодексте көзделген құқықтары болады және міндеттемелердi мойнына алады.        Сатушымен қатынастарда лизинг алушы мен лизинг берушi бiрлескен кредит берушi болады.        2. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, сатушыны таңдау  құқығы лизинг алушыда болған жағдайларды қоспағанда, лизинг берушi лизинг алушының алдында сатушының сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды орындауы үшiн жауап бермейдi. Сатушыны лизинг берушi таңдайтын жағдайда лизинг алушы сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды тiкелей өз қалауы бойынша бiрдей жауап беретiн мүлiктi сатушыға да, лизинг алушыға да қоюға құқылы.

51. Көлік экспедициясы шарты 708-бап. Көлiк экспедициясы шарты

      1. Көлiк экспедициясы шарты бойынша бiр тарап (экспедитор) сыйақы үшiн және басқа тараптың (клиенттің - жүк жөнелтушінің, жүк алушының немесе экспедитор қызметтеріне мүдделі өзге тұлғаның) есебiнен жүктi тасымалдауға байланысты экспедиция шартында белгiленген қызмет көрсетулердi орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, оның iшiнде клиенттiң атынан немесе өз атынан жүктi тасымалдау шартын (шарттарын) жасасуға мiндеттенедi.       Көлiк экспедициясы шартында қосымша қызметтер көрсету ретiнде экспорт немесе импорт үшiн талап етiлетiн құжаттарды алу, кедендiк және өзге шарттылықтарды орындау, жүктiң саны мен жай-күйiн тексеру, оны тиеу мен түсiру, клиентке жүктелетiн баждарды, алымдар мен басқа да шығындарды төлеу, жүктi сақтау, оны баратын жерiнде алу, сондай-ақ өзге де операцияларды орындау мен қызмет көрсетулер сияқты жүктi жеткiзу үшiн қажеттi операцияларды жүзеге асыру көзделуi мүмкiн.       Клиенттің келiсiмiмен экспедитор клиенттің мүддесiн, тарифтер деңгейiн және жеткізу мерзiмдерiн ескере отырып, клиенттің жүгiн көлiктiң қай түрiмен тасымалдауды өзi белгiлей алады.       2. Осы тарауда реттелмеген бөлiгiнде экспедиция шартына қатысты қатынастарға, егер шарт талаптары бойынша экспедитор клиенттiң атынан iс-әрекет жасаса, осы Кодекстiң 41-тарауының ережелерi қолданылады, егер ол өз атынан iс-әрекет жасаса, осы Кодекстiң 43-тарауының ережелерi қолданылады.       Ескерту. 708-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      709-бап. Шарттың нысаны

      1. Көлік экспедициясы шарты жазбаша түрде жасалады.       2. Клиент экспедиторға, егер ол оның мiндеттерiн атқаруға қажет болса, сенiмхат беруге тиіс.       Ескерту. 709-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      710-бап. Экспедиторға берiлетiн құжаттар мен                басқа да ақпарат

      1. Клиент экспедиторға жүктiң қасиеттерi, оны тасымалдау ережелерi туралы құжаттарды, сондай-ақ экспедитордың шартта көзделген мiндеттердi орындауына қажеттi өзге де ақпаратты беруге мiндеттi.       2. Экспедитор клиентке алған ақпараттың анықталған кемшіліктері туралы хабарлауға, ал ақпарат толық болмаған жағдайда, клиенттен қажеттi қосымша деректердi сұрауға мiндеттi.       3. Клиент қажеттi ақпаратты бермеген жағдайда, экспедитор осындай ақпарат берiлгенге дейiн өзiнiң тиiстi мiндеттерiн атқаруға кiрiспеуге құқылы.       4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ақпаратты беру жөнiндегi мiндеттердi бұзуына байланысты экспедиторға келтiрген залалдары үшiн клиент жауапты болады.       Ескерту. 710-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      711-бап. Экспедитордың мiндеттерiн үшiншi                тұлғаның атқаруы

      1. Егер экспедиция шартынан экспедитордың өз мiндеттерiн жеке өзiнiң атқаруы мiндетi туындамаса, экспедитор өз мiндеттерiн орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы.       2. Мiндеттеменiң орындалуын үшiншi тұлғаға жүктеу экспедиторды шарттың орындалуы үшiн клиенттiң алдындағы жауаптылықтан босатпайды.

      712-бап. Ұстап қалу құқығы

      Экспедитор жүктi тек оның экспедициялық қызмет көрсетулерi үшiн алуы тиiс сыйақының төленбеуiне байланысты ғана ұстап қалуға құқылы.

      713-бап. Көлiк экспедициясы шарты бойынша экспедитордың                жауапкершiлiгi

      1. Экспедиция шарты жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн экспедитор осы Кодекстiң 20-тарауындағы ережелерге сәйкес белгiленген негiздер мен мөлшер бойынша жауапты болады.       2. Егер экспедитор мiндеттi бұзу тасымалдау шарттарының тиiстi дәрежеде орындалмауынан пайда болғанын дәлелдесе, экспедитордың клиент алдындағы жауаптылығы да экспедитордың алдында тиiстi тасымалдаушы жауап беретiн ережелермен белгiленедi.       Ескерту. 713-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      714-бап. Көлiк экспедициясы шартын орындаудан                бiржақты бас тарту

      1. Клиент немесе экспедитор, бұл туралы басқа тарапқа қисынды мерзiмде ескерте отырып, көлiк экспедициясы шартын орындаудан бас тартуға құқылы.       2. Шартты орындаудан бiржақты бас тарту кезiнде бас тартуды мәлiмдеген тарап екiншi тарапқа шарттың бұзылуынан келтiрiлген залалды өтейдi.       Ескерту. 714-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]