Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
azamattyk kukyk bilet jauaptary.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
610.82 Кб
Скачать

47..Жолаушы тасымалдаушының жауапкершілігі.

Қазақстан Республикасының “Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы” Заңының (бұдан әрі - Заң) 3-бабына сәйкес тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі (бұдан әрі – тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру) - жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды қайтару міндетіне байланысты тасымалдаушының жолаушылар алдындағы мүліктік мүддесі болып табылады.

Заңның 19-бабына сәйкес тасымалдаушының міндетті сақтандыру жауапкершілігі бойынша сақтандыру жағдайы жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды қайтару бойынша тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі фактісінің пайда болу сәті болып табылады. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігі жолаушыларды көлік құралына отырғызу сәтінен басталады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 690-бабына сәйкес тасымалдаушы жолаушыларды тасымалдау шартына сәйкес межелі орынға дейін жеткізуді міндетіне алады.

Заңның 10-бабының 3-тармағына сәйкес тасымалдаушының жолаушылар алдындағы міндетті сақтандыру жауапкершілігі шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуді, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған сәттен бастап осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде пайда алушыға сақтандыру төлемін төлеуді міндетіне алады.

48.Мүлiк жалдау шартының түрлерi.

Мүлiктік жалдау шарты

      1. Мүлiктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенедi.        2. Жалға алушы жалға алған мүлiкке осы Кодексте белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша иелiк етуге құқылы.        3. Лизинг, прокат шарттары да, сондай-ақ мүлiктi ақы төлеп уақытша иелену мен пайдалануға беруге байланысты шарттардың өзге түрлерi де мүлiктік жалдау шарттарына жатады.

      541-бап. Мүлiктік жалдау объектiлерi

      1. Мүлiктік жалдауға кәсiпорындар мен басқа да мүлiктiк кешендер, жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлiк құралдары және оларды пайдалану процесiнде өздерiнiң табиғи қасиеттерiн жоймайтын басқа да заттар (тұтынылмайтын заттар) берiлуi мүмкiн.        2. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жер пайдалану құқығы, жер қойнауын пайдалану құқығы және басқа да заттық құқықтар мүлiктік жалдау объектiсi болуы мүмкiн.        3. Заң актiлерiнде мүлiктiк жалдауға тапсыруға жол берiлмейтiн немесе шектеу жасалатын мүлiк түрлерi белгiленуi мүмкiн.        4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тұрғын үй-жайларды, жер учаскелерiн, жер қойнауы учаскелерiн және басқа да оқшауланған табиғи объектiлердi мүлiктiк жалдауға тапсыру ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн.       5. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде белгіленеді.       6. Мемлекеттік мүлікті концессия шарты негізінде мүліктік жалдауға тапсыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамалық актісінде белгіленеді.           542-бап. Мүлiктік жалдау шартының талаптары

     Мүлiктік жалдау шартында жалға алушыға мүлiктiк жалдау объектiсi ретiнде берiлуге тиесiлi мүлiктi анықтауға мүмкiндiк беретiн деректер көрсетiлуге тиiс.        Шартта мұндай деректер болмаған кезде мүлiктiк жалдауға берiлуге тиесiлi объект туралы талап тараптармен келiсiлмеген деп, ал тиiстi шарт жасалмаған деп есептеледi.

      543-бап. Жалға берушi

      Мүлiктi жалға беру құқығы оның меншiк иесiне тиесiлi.        Заң актiлерiнде уәкiлдiк берiлген немесе меншiк иесi мүлкiн жалға берудi тапсырған тұлғалар да жалға берушiлер бола алады.

      544-бап. Мүлiктік жалдау шартының нысаны

      1. Бiр жылдан астам мерзiмге жасалған, ал егер тараптардың бiреуi заңды тұлға болса, мерзiмiне қарамай-ақ, мүлiктік жалдау шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс.            3. Азаматтар арасындағы бiр жылға дейiнгi мерзiмге оны қоса алғанда мүлiктік жалдау шарты ауызша түрде жасалуы мүмкiн.        4. Мүлiкке меншiк құқығының кейiннен жалға алушыға ауысуын көздейтiн мүлiктік жалдау шарты сондай мүлiктi сатып алу-сату шарты үшiн көзделген нысанда жасалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]