
- •1.Сату-сатып алу шартының түрлерi
- •3. Энергиямен жабдықтау және кәсіпорынды сату-сатып алу шарты
- •4.Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты.
- •5. Бөлшектеп сату-сатып алу шартының түрлері
- •6. Тасымалдау шартының түрлерi
- •7. Мердiгерлiк шарттың түсiнiгi және түрлерi
- •9. Мұраны алу
- •10. Мұрадан бас тарту
- •11. Прокат шартының түсінігі мен ерекшеліктері.
- •12. Заем шартының түсінігі мен сипаттамасы.
- •13. Факторинг шарты түсінігі және ерекшеліктері.
- •14. Өсиет бойынша мұрагерліктің жалпы сипаттамасы.
- •15. Өсиет нысаны. 1050-бап
- •16. Тасымалдау шартының ерекшеліктері.
- •17. Мүлікті уақытша пайдалануға беру шарттарының жалпы сипаттамасы. Мүлікті ақысыз пайдалануға немесе жалға беру туралы шарттарды куәландыру
- •18. Келісім шарт жасасу шартының ерекшеліктері.
- •19. Тапсырма шарты
- •20. Заң бойынша мұрагерліктің кезектері.
- •21.Сақтандыру шартының түрлерi және олардың ерекшелiктерi .
- •22.Мұрагерлік құқықтық қатынастардың түсінігі.
- •23.Мұра қабылдаудың түрлері.
- •24.Комиссия шарты.
- •25.Тасымалдау шарты түсiнiгi түрлерi.
- •26.Мердігерлік шартының түсінігі түрлері.
- •27.Тапсырма шарты.
- •28.Факторинг шарты.
- •29.Кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік.
- •30.Прокат шарты мен лизинг шартының ерекшеліктері.
- •31.Айналасындағыларға жоғары қауiп туғызатын қызмет (жоғары қауiптiлiк көздерi) арқылы келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
- •32. Сақтау шартының еркшеліктері мен түрлері.
- •33. Мүлік жалдау шарты және оның түрлерi .
- •35. Зиян келтіру нәтижесінде пайда болған міндеттеме кезінде кінәнің болуының маңызы.
- •36. Рента шарты: түсінігі және түрлері.
- •37. Кәсiпорындарды сату мен жалға берудiң ерекшеліктері.
- •38. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердің жалпы сипаттамасы.
- •39. Тұрғын үй жалдау шарты.
- •40. Тұрғын үй қатнастарын реттейтін заңдар.
- •41.Көлiк құралдарын жалдау шарты
- •43.Көлiк құралдарын жалдау
- •44.Мұра қабылдаудың тәртібі.
- •45.Рента шарты: түсінігі және түрлері.
- •46.Айырбас шарты
- •47..Жолаушы тасымалдаушының жауапкершілігі.
- •48.Мүлiк жалдау шартының түрлерi.
- •49.Сақтандыру шартының ерекшелiктерi, сақтандырудың түрлері.
- •50.Лизинг шартының ерекшелiктерi.
- •52. Тапсырма шарты
- •53. Жолаушы тасымалдаудың ерекшеліктері.
- •54. Айырбас шарты.
- •55.Зиян келтiруден туындайтын мiндеттемелердiң ерекшелiктерi.
- •56.Мүлікті сенімгерлікпен басқару.
- •57.Қр Азаматтық Кодексі (ерекше бөлім). Жалпы сипаттамасы.
- •58. Авторлық құқықтың түсінігі, объектілері және қолданылуы
- •59.Қосалқы авторлық.
- •60. Сақтау шартының түсінігі, түрлерi.
- •61.Ғылыми зерттеу жұмыстарына мердігерлік шарт ерекшеліктері:
- •72. Сақтау шарты
- •73. Сақтандыру шарты
- •74. Мердігерлік шартының түрлері-
- •75. Рента шарты
- •76. Тауар жеткiзiлiмiнiң шарты
- •78... Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi
- •79. Жалпы ережелер
- •80)... Жалпы ережелер
- •81.Факторинг шартының түсiнiгi ерекшелiктерi.
- •82.Авторлық құқықтың объектiлер
- •83.Авторлық шартар
- •84. Сақтау шаты бойынша сақтаушының жауапкершiлiк негiздерi.
- •85.Лизинг шарты
- •86.Сақтандыру шарты
- •87. Сақтандыру оқиғасының маңызы
- •89.Сақтау шартының түрлерi олардың ерекшелiктерi.
- •90.Заем шарты және оның түрлерi.
- •91.Мүлiк жалдау шарты.
- •93. Рента шарты түсiнiг түрлерi.
- •94.Мұра қабылдаудың тәртiбi мен тәсiлдерi.
- •95. Мүлiк жалдау шарты.
- •96.Лизинг шарты
- •98. Деликтілік міндеттемелер.
37. Кәсiпорындарды сату мен жалға берудiң ерекшеліктері.
Кәсiпорынды сату шарты бойынша сатушы тұтас алғанда кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сатып алушының меншiгiне беруге мiндеттенедi, бұған сатушы басқа тұлғаларға беруге құқығы болмайтын құқықтар мен мiндеттер қосылмайды.Бұл шарттың пәні болып мүліктік кешен ретінде кәсіпорын табылады.Сатушы да сатып алушы да кәсіпкер болуы тиіс және кәсіпорын тек коммерциялық мақсатта ғана пайдаланылады.Шарт жазбаша нысанда жасалады және мемлекеттік тіркеуге алынуы тиіс(6 ай ішінде).Кәсіпорынды сатып алушыға тапсыру қабылдау-өткізу актісі бойынша жүзеге асырылады.Осы актіге қол қойылғаннан кейін кәсіпорынның кездейсоқ жойылуы немесе бүліну қаупі сатып алушыға өтеді.Шарт ақылы,консенсуалды,өзара,екіжақты.Кәсіпорынның еңбек ұжымымен байланысты еңбек қатынастары Еңбек кодексіне сәйкес реттеледі.Кәсіпорынды сатпас бұрын сатушы өзінің несиеберушілерін Кәсіпорынды сататындығы туралы 2 ай бұрын ескертуі тиіс.
Кәсiпорынды жалдау шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы үшiн кәсiпорынды ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсiпорынды толығымен бiртұтас мүлiк кешенi ретiнде пайдалануға,оның iшiнде құқық иесiнiң фирмалық атауына және (немесе) коммерциялық белгiсiне, қорғалатын коммерциялық ақпаратқа құқығын, сондай-ақ жалға берушiнiң басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ құқықтар мен мiндеттердi қоспағанда, шартта көзделген басқа да айрықша құқықтағы объектiлердi - тауар белгiсiн, қызмет көрсету белгiсiн және т.б. (айрықша құқықтар кешенiн) беруге мiндеттенедi.Бұл шарттың пәні болып мүліктік кешен ретінде кәсіпорын табылады.Жалға беруші де жалға алушы да кәсіпкер болуы тиіс және кәсіпорын тек коммерциялық мақсатта ғана пайдаланылады.Жалға алушы Жалға берушінің келісімін алмай ақ кәсіпорынға жақсартулар жасауға құқылы.Сондай ақ кәсіпорынның мүлкін айырбастауға құқылы.Бірақ кәсіпорынның бағасы кемімеуі тиіс.Шарт жазбаша нысанда жасалады.Шарт ақылы,консенсуалды,екіжақты,өзара және шарт мемлекеттік тіркеуге жатады.Кәсіпорынның кездейсоқ жойылуы немесе бүлінуі байланысты тәуекелі қабылдау актісіне қол қойғаннан кейін жалға алушыға жүктеледі.
38. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердің жалпы сипаттамасы.
Деликтілік міндеттемелер болып зиян келтіруден туындаған міндеттемелер.Бұл міндеттемелердің негізгі тараптары зиян келтіруші мен жәбірленуші.Бұл міндеттемелер кездейсоқ сипатта болады және тараптардың еркінен тыс қалыптасады.Зиян келтіруге байланысты міндеттемелер ешқандай шартпен және қандай да бір мәмілемен байланысты болмайды.Азаматтар мен 3-тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз іс әрекеттермен келтірілген немесе әрекетсіздік арқылы келтірілген мүліктік немесе мүліктік емес зиянды оны келтірген тұлға өтеуі тиіс.ҚР АК-не сәйкес деликт қабілеттілік,яғни,келтірген зиянды дербес өтеу 14 жасқа толғанда пайда болады.14 жасқа толған тұлға келтірген зиянды өзінің мүлкінің есебінен толық өтеуі тиіс.Егер зиянды толық өтеуге оның мүлкі жеткіліксіз болса оның ата аналары,қорғаншылары,асырап алушылары өтеуі тиіс.