
- •1.Сату-сатып алу шартының түрлерi
- •3. Энергиямен жабдықтау және кәсіпорынды сату-сатып алу шарты
- •4.Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты.
- •5. Бөлшектеп сату-сатып алу шартының түрлері
- •6. Тасымалдау шартының түрлерi
- •7. Мердiгерлiк шарттың түсiнiгi және түрлерi
- •9. Мұраны алу
- •10. Мұрадан бас тарту
- •11. Прокат шартының түсінігі мен ерекшеліктері.
- •12. Заем шартының түсінігі мен сипаттамасы.
- •13. Факторинг шарты түсінігі және ерекшеліктері.
- •14. Өсиет бойынша мұрагерліктің жалпы сипаттамасы.
- •15. Өсиет нысаны. 1050-бап
- •16. Тасымалдау шартының ерекшеліктері.
- •17. Мүлікті уақытша пайдалануға беру шарттарының жалпы сипаттамасы. Мүлікті ақысыз пайдалануға немесе жалға беру туралы шарттарды куәландыру
- •18. Келісім шарт жасасу шартының ерекшеліктері.
- •19. Тапсырма шарты
- •20. Заң бойынша мұрагерліктің кезектері.
- •21.Сақтандыру шартының түрлерi және олардың ерекшелiктерi .
- •22.Мұрагерлік құқықтық қатынастардың түсінігі.
- •23.Мұра қабылдаудың түрлері.
- •24.Комиссия шарты.
- •25.Тасымалдау шарты түсiнiгi түрлерi.
- •26.Мердігерлік шартының түсінігі түрлері.
- •27.Тапсырма шарты.
- •28.Факторинг шарты.
- •29.Кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік.
- •30.Прокат шарты мен лизинг шартының ерекшеліктері.
- •31.Айналасындағыларға жоғары қауiп туғызатын қызмет (жоғары қауiптiлiк көздерi) арқылы келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
- •32. Сақтау шартының еркшеліктері мен түрлері.
- •33. Мүлік жалдау шарты және оның түрлерi .
- •35. Зиян келтіру нәтижесінде пайда болған міндеттеме кезінде кінәнің болуының маңызы.
- •36. Рента шарты: түсінігі және түрлері.
- •37. Кәсiпорындарды сату мен жалға берудiң ерекшеліктері.
- •38. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердің жалпы сипаттамасы.
- •39. Тұрғын үй жалдау шарты.
- •40. Тұрғын үй қатнастарын реттейтін заңдар.
- •41.Көлiк құралдарын жалдау шарты
- •43.Көлiк құралдарын жалдау
- •44.Мұра қабылдаудың тәртібі.
- •45.Рента шарты: түсінігі және түрлері.
- •46.Айырбас шарты
- •47..Жолаушы тасымалдаушының жауапкершілігі.
- •48.Мүлiк жалдау шартының түрлерi.
- •49.Сақтандыру шартының ерекшелiктерi, сақтандырудың түрлері.
- •50.Лизинг шартының ерекшелiктерi.
- •52. Тапсырма шарты
- •53. Жолаушы тасымалдаудың ерекшеліктері.
- •54. Айырбас шарты.
- •55.Зиян келтiруден туындайтын мiндеттемелердiң ерекшелiктерi.
- •56.Мүлікті сенімгерлікпен басқару.
- •57.Қр Азаматтық Кодексі (ерекше бөлім). Жалпы сипаттамасы.
- •58. Авторлық құқықтың түсінігі, объектілері және қолданылуы
- •59.Қосалқы авторлық.
- •60. Сақтау шартының түсінігі, түрлерi.
- •61.Ғылыми зерттеу жұмыстарына мердігерлік шарт ерекшеліктері:
- •72. Сақтау шарты
- •73. Сақтандыру шарты
- •74. Мердігерлік шартының түрлері-
- •75. Рента шарты
- •76. Тауар жеткiзiлiмiнiң шарты
- •78... Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi
- •79. Жалпы ережелер
- •80)... Жалпы ережелер
- •81.Факторинг шартының түсiнiгi ерекшелiктерi.
- •82.Авторлық құқықтың объектiлер
- •83.Авторлық шартар
- •84. Сақтау шаты бойынша сақтаушының жауапкершiлiк негiздерi.
- •85.Лизинг шарты
- •86.Сақтандыру шарты
- •87. Сақтандыру оқиғасының маңызы
- •89.Сақтау шартының түрлерi олардың ерекшелiктерi.
- •90.Заем шарты және оның түрлерi.
- •91.Мүлiк жалдау шарты.
- •93. Рента шарты түсiнiг түрлерi.
- •94.Мұра қабылдаудың тәртiбi мен тәсiлдерi.
- •95. Мүлiк жалдау шарты.
- •96.Лизинг шарты
- •98. Деликтілік міндеттемелер.
26.Мердігерлік шартының түсінігі түрлері.
Мердігерлік – экономикалық агенттердің құқықтық қатынасы.
Мұнда бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырыс берушінің) тапсырысы бойынша белгілі бір жұмысты орындауға және оның нәтижесін тапсырыс берушіге өткізуге, ал ол өз кезегінде жұмысты қабылдап алуға және ақысын төлеуге міндеттенеді. Мердігерлік шарты өнімді дайындауға не өңдеуден өткізуге (қайта өңдеуге) немесе жұмысты орындап, нәтижесін және осы нәтижені меншіктену құқығын тапсырыс берушіге табыстау үшін жасалады. Әдетте мердігерлік жұмыс мердігердің материалдарынан жасалады, соның күшімен және қаражатымен орындалады. Тапсырыс беруші мердігердің өз міндеттерін орындауға қосалқы мердігерлер деп аталатын басқа адамдарды тартуына рұқсат етуі мүмкін. Мұндайда мердігер бас мердігер рөлін атқарады. Мердігер қосалқы мердігердің міндеттемелерді орындамағаны не жеткіліксіз орындағаны үшін тапсырыс беруші алдында, ал тапсырыс берушінің міндеттемелерді орындамағаны не жеткіліксіз орындағаны үшін қосалқы мердігер алдында жауап береді.
Мердігерлік шартында мердігер мен тапсырыс беруші арасындағы тәуекел былайша бөлінеді: Мердігерлік жұмысты орындаған кезде пайдаланылатын материалдардың, жабдықтардың және басқа да мүліктердің кездейсоқ зақымдануын оларды берген тараптар көтереді, ал жұмыс нәтижелерінің тапсырыс беруші қабылдап алғанға дейін кездейсоқ зақымдануын мердігер көтереді. Мердігерлік шартта жұмысты орындаудың басталуы мен аяқталу кезеңі міндетті түрде көрсетіледі, ал қажет болған жағдайда жұмыстың жекелеген кезеңдерінің аяқталу мерзімі (аралық мерзім) де көрсетіледі. Жұмыстың бағасы, әдетте Мердігерліктің сметасын жасау жолымен айқындалады, бұл орайда мердігердің үнемдеген қаржысы орындалған жұмыстың сапасына әсер етпейтін болса, оның өзінде қалады. Тапсырыс беруші Мердігерлік шартында көзделген мерзімде және тәртіппен мердігер орындаған жұмыстың нәтижесін қарап, қабылдауға, шарттан ауытқушылық байқалған жағдайда мұны мердігерге дереу хабарлауға міндетті. Жұмысты тексермей қабылдаған тапсырыс беруші жұмысты қабылдаған кезде бірден байқауға болатын кемістіктерді сылтау ету құқығынан айрылады. Егер Мердігерлік шартта басқаша көзделмеген болса, тапсырыс беруші жұмыс нәтижесін өткізгенге дейін шартты орындау-дан бас тартуына болады, мұндай жағдайда ол мердігерге жұмыстың орындалған бөлігінің ақысын Мердігерлік баға бойынша төлейді.
Түрлері: Мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерiне (тұрмыстық мердiгерлiк, құрылыс мердiгерлiгi, жобалау немесе iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк, ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк), егер осы Кодекстiң бұл түрлер туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады.
640-бап. Тұрмыстық мердiгерлiк шарты
Тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы мердiгер тапсырысшы азаматтың тапсырмасы бойынша тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттерiн қанағаттандыруға арналған белгiлi бiр жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге мiндеттенедi.
651-бап. Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты
1. Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты бойынша мердiгер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгiленген мерзiмде белгiлi бiр объектiнi салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы мердiгерге жұмысты орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасауға, оның нәтижесiн қабылдап алуға және ол үшiн келiсiлген бағаны төлеуге мiндеттенедi.
667-бап. Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарт
1. Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарт бойынша мердiгер (жобалаушы, iздестiрушi) тапсырысшының тапсырмасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және (немесе) iздестiру жұмыстарын жүргiзуге мiндеттенедi, ал тапсырысшы оларды қабылдап алуға және ақы төлеуге міндеттенедi. 2. Егер заң актiлерiнде немесе жобалау және (немесе) іздестіру жұмыстарына арналған шартта өзгеше көзделмесе, жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған шартты орындаудың кездейсоқ мүмкiн болмауының тәуекелi тапсырысшыға жүктеледi.
673-бап. Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға шарттар
1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасалған шарт бойынша мердiгер (атқарушы) тапсырысшының тапсырмасында көзделген ғылыми зерттеулердi жүргiзуге, ал тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға шарт бойынша - жаңа бұйымның үлгiсiн, оған конструкторлық құжаттаманы, жаңа технологияны жасауға немесе үлгi дайындауға міндеттенеді; тапсырысшы мердігерге (атқарушыға) техникалық тапсырма беруге, жұмыс нәтижелерін қабылдауға және оларға ақы төлеуге міндеттенеді. 2. Мердiгермен (атқарушымен) жасалған шарт зерттеу жүргiзудiң, үлгiлердi әзiрлеу мен жасаудың бүкiл циклын да, сондай-ақ олардың жекелеген элементтерiн де қамтуы мүмкiн.