
- •1.Сату-сатып алу шартының түрлерi
- •3. Энергиямен жабдықтау және кәсіпорынды сату-сатып алу шарты
- •4.Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты.
- •5. Бөлшектеп сату-сатып алу шартының түрлері
- •6. Тасымалдау шартының түрлерi
- •7. Мердiгерлiк шарттың түсiнiгi және түрлерi
- •9. Мұраны алу
- •10. Мұрадан бас тарту
- •11. Прокат шартының түсінігі мен ерекшеліктері.
- •12. Заем шартының түсінігі мен сипаттамасы.
- •13. Факторинг шарты түсінігі және ерекшеліктері.
- •14. Өсиет бойынша мұрагерліктің жалпы сипаттамасы.
- •15. Өсиет нысаны. 1050-бап
- •16. Тасымалдау шартының ерекшеліктері.
- •17. Мүлікті уақытша пайдалануға беру шарттарының жалпы сипаттамасы. Мүлікті ақысыз пайдалануға немесе жалға беру туралы шарттарды куәландыру
- •18. Келісім шарт жасасу шартының ерекшеліктері.
- •19. Тапсырма шарты
- •20. Заң бойынша мұрагерліктің кезектері.
- •21.Сақтандыру шартының түрлерi және олардың ерекшелiктерi .
- •22.Мұрагерлік құқықтық қатынастардың түсінігі.
- •23.Мұра қабылдаудың түрлері.
- •24.Комиссия шарты.
- •25.Тасымалдау шарты түсiнiгi түрлерi.
- •26.Мердігерлік шартының түсінігі түрлері.
- •27.Тапсырма шарты.
- •28.Факторинг шарты.
- •29.Кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік.
- •30.Прокат шарты мен лизинг шартының ерекшеліктері.
- •31.Айналасындағыларға жоғары қауiп туғызатын қызмет (жоғары қауiптiлiк көздерi) арқылы келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк
- •32. Сақтау шартының еркшеліктері мен түрлері.
- •33. Мүлік жалдау шарты және оның түрлерi .
- •35. Зиян келтіру нәтижесінде пайда болған міндеттеме кезінде кінәнің болуының маңызы.
- •36. Рента шарты: түсінігі және түрлері.
- •37. Кәсiпорындарды сату мен жалға берудiң ерекшеліктері.
- •38. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердің жалпы сипаттамасы.
- •39. Тұрғын үй жалдау шарты.
- •40. Тұрғын үй қатнастарын реттейтін заңдар.
- •41.Көлiк құралдарын жалдау шарты
- •43.Көлiк құралдарын жалдау
- •44.Мұра қабылдаудың тәртібі.
- •45.Рента шарты: түсінігі және түрлері.
- •46.Айырбас шарты
- •47..Жолаушы тасымалдаушының жауапкершілігі.
- •48.Мүлiк жалдау шартының түрлерi.
- •49.Сақтандыру шартының ерекшелiктерi, сақтандырудың түрлері.
- •50.Лизинг шартының ерекшелiктерi.
- •52. Тапсырма шарты
- •53. Жолаушы тасымалдаудың ерекшеліктері.
- •54. Айырбас шарты.
- •55.Зиян келтiруден туындайтын мiндеттемелердiң ерекшелiктерi.
- •56.Мүлікті сенімгерлікпен басқару.
- •57.Қр Азаматтық Кодексі (ерекше бөлім). Жалпы сипаттамасы.
- •58. Авторлық құқықтың түсінігі, объектілері және қолданылуы
- •59.Қосалқы авторлық.
- •60. Сақтау шартының түсінігі, түрлерi.
- •61.Ғылыми зерттеу жұмыстарына мердігерлік шарт ерекшеліктері:
- •72. Сақтау шарты
- •73. Сақтандыру шарты
- •74. Мердігерлік шартының түрлері-
- •75. Рента шарты
- •76. Тауар жеткiзiлiмiнiң шарты
- •78... Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi
- •79. Жалпы ережелер
- •80)... Жалпы ережелер
- •81.Факторинг шартының түсiнiгi ерекшелiктерi.
- •82.Авторлық құқықтың объектiлер
- •83.Авторлық шартар
- •84. Сақтау шаты бойынша сақтаушының жауапкершiлiк негiздерi.
- •85.Лизинг шарты
- •86.Сақтандыру шарты
- •87. Сақтандыру оқиғасының маңызы
- •89.Сақтау шартының түрлерi олардың ерекшелiктерi.
- •90.Заем шарты және оның түрлерi.
- •91.Мүлiк жалдау шарты.
- •93. Рента шарты түсiнiг түрлерi.
- •94.Мұра қабылдаудың тәртiбi мен тәсiлдерi.
- •95. Мүлiк жалдау шарты.
- •96.Лизинг шарты
- •98. Деликтілік міндеттемелер.
24.Комиссия шарты.
865-бап. Комиссия шарты
1. Комиссия шарты бойынша бiр тарап (комиссионер) екiншi тараптың (комитент) тапсыруы бойынша сыйақы үшiн комитент есебiнен өз атынан бiр немесе бiрнеше мәмiле жасауға мiндеттенедi. 2. Комиссия шарты жазбаша нысанда жасалуы тиiс.
866-бап. Комиссиялық сыйақы
Комитент комиссионерге сыйақы төлеуге, ал осы тараудың 868-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда шартта белгiленген мөлшерде қосымша сыйақы төлеуге де мiндеттi. Егер шартта бұл мөлшер көзделмесе және оның талаптарының негiзiнде оны белгiлеу мүмкiн болмаса, сыйақының мөлшерi осы Кодекстiң 385-бабының 3-тармағына сәйкес белгiленедi. Егер комиссия шарты комитентке байланысты себептермен орындалмаса, комиссионер комиссиялық сыйақы алу, сондай-ақ шыққан шығындарының орнын толтыру құқығын сақтап қалады.
867-бап. Комиссионердiң үшiншi тұлғамен мәмiле жасау жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi
1. Комитенттiң мәмiледе аты аталса немесе үшiншi тұлғамен мәмiле бойынша тiкелей қатынастарға кiрсе де, комиссионердiң үшiншi тұлғамен жасаған мәмiлесi бойынша комиссионер құқықтар иеленедi және мiндеттi болады. 2. Комитенттiң талабы бойынша комиссионер мәмiле жасалған үшiншi тұлғаны құқықтарды бергенi туралы ескерте отырып, осындай мәмiле бойынша оған құқықтар беруге мiндеттi. Соңғысының комиссионерге осы мәмiледен туындайтын өз талаптарының негiзiнде комитент талаптарына қарсылық бiлдiруге құқығы жоқ.
868-бап. Комиссиялық тапсырманы орындау
1. Комиссионер үшiншi адаммен жасаған мәмiледен туындайтын барлық мiндеттерiн орындауға және барлық құқықтарды жүзеге асыруға тиiс. 2. Комиссионер өзiне алған тапсырманы комитенттiң нұсқауларына сәйкес орындауға, ал шартта мұндай нұсқаулар болмаған кезде - іскерлік айналымының дағдыларына немесе әдетте комитент үшiн неғұрлым тиiмдi жағдайларда қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындауға мiндеттi. Егер комиссионер мәмiленi комитент көрсеткеннен гөрi тиiмдi жағдайлар бойынша жасаған болса, түскен олжа, шартта өзгеше көзделмесе, тараптарға тең бөлiнедi. 3. Комиссионер комитент есебiнен жасаған мәмiленi үшiншi тұлғаның орындамағаны үшiн, осы тұлғаны таңдауда комиссионер тиісті сақтық көрсетпеген не мәміленің орындалу кепілдігін өз мойнына алған (делькредере) жағдайларды қоспағанда, комитент алдында жауап бермейдi. 4. Комиссионермен жасалған мәмілені үшінші тұлға бұзған жағдайда комиссионер бұл туралы дереу комитентке хабарлауға және қажеттi дәлелдердi жинау мен қамтамасыз етуге мiндеттi. 5. Комиссионермен жасалған мәмiленi үшiншi тұлғаның бұзғандығы туралы хабарландырылған комитенттiң осындай мәмiле бойынша комиссионердiң ол адамға қойған талаптарын өзiне берудi талап етуге құқығы бар.
25.Тасымалдау шарты түсiнiгi түрлерi.
688-бап. Жалпы ережелер
1. Жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүктi тасу тасымалдау шартының негiзiнде жүргiзiледi. 2. Тасымалдаудың жалпы талаптары көлiк туралы заң актiлерiмен, өзге де заң актiлерiмен және оларға сәйкес шығарылған ережелермен белгiленедi. Жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүктi көлiктiң жекелеген түрлерiмен тасымалдау талаптары, егер осы Кодекспен, көлiк туралы заң актiлерiмен, өзге де заң актiлерiменжәне оларға сәйкес шығарылған ережелермен өзгеше белгiленбесе, тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
689-бап. Жүктi тасымалдау шарты
1. Жүктi тасымалдау шарты бойынша бiр тарап (тасымалдаушы) өзiне басқа тараптың (жүк жөнелтушiнiң) сенiп тапсырған жүгiн белгiленген мекенге жеткiзуге және жүктi алуға уәкiлеттi адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшiн шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге мiндеттенедi. 2. Жүк тасымалдау шарты көлiктiк құжатын, коносаменттi, тауар-көлiк құжатын немесе жүк тасымалдаудың көлiк туралы заң актiлерiнде көзделген өзге құжатын толтыру арқылы ресiмделедi.
690-бап. Жолаушы тасымалдау шарты
1. Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын мекенiне, ал жолаушы теңдеме жүктi тапсырған жағдайда теңдеме жүктi де апаратын мекенге жеткiзудi және оны теңдеме жүктi алуға құқық берiлген адамға беруге мiндеттенедi; жолаушы жолына, ал теңдеме жүгiн тапсырған кезде - теңдеме жүгiн алып баруға ақы төлеуге мiндеттенедi. 2. Жолаушы мен теңдеме жүктi тасымалдау шарты тиiсiнше жол жүру билетiмен және теңдеме жүк түбiртегiмен ресiмделедi. Жол жүру билетi мен теңдеме жүк түбiртегiнiң нысаны көлiк туралы заң актiлерiнде көзделгентәртiппен белгiленедi.