Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_biogeografia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174.98 Кб
Скачать

10 . Жануарлардың өсімдіктерге қолайлы әсерін талдау.

●Жануарлар өсімдіктердің тұқымы мен жемісінің таралуына жағдай туғызады. Жануарлар арқылы таралатын өсімдіктердің тұқымы мен жемістерінің жануарлар арқылы тарлуға бейімдерген түктері, ілмектері, қылтанақтары болады. Осындай өсімдіктер арқылы олар жануарлардың жүніне, жылқылыардың жал, құйрығына жабысып, бір жерден екінші жерге кейде тіпті қашық ландшафтарға таралуына мүмкіндік алады. Шырынды жеміс-жидектермен және сүйекті жемістермен жануарлар, әсіресе құстар жиірек қоректенеді.

Кейде ондай гүлдердің гүл сағағы болмай, ағаш діңіне желімдеп қойған сияқты болып көрінеді. Бұл құбылысты каулифлория деп атайды.

Каулифлория құбылысы экваторлық Оңтүстік Америка ормандарының эндемигі - шоколад ағашынан (кокао ағашы) айқын байқалады. Еуразияда каулифориялы жеміс ағашы жаботикаба өседі. Оның жемісінің түсі де, дәмі де жүзімнің мускат сорттарына ұқсайды. Бұл ағашты Бразилия жүзімі деп те атайды.

Нипгерияда түйме ағашы өседі, өйткені оның дінінде пайда болатын диаметрі 25 см-ге, қалыңдығы 10 см-ге жететін жемісі түймеге ұқсас болады. Оның жеміс сағағы қысқа, жземісінде сыраға ұқсас шырыны болады.

Оңтүстік Америкада (Британ Гвианасында) пушка ағашы өседі. Оның бүкіл дінін диаметрі 10 см-ден 18 см-ге дейін болатын дөңгелек пішінді, қатты қабықты жеміс жауып тұрады. Жел соққан кезде осы жемістер біріне-бірі соқтығысып, пушка атылып жатқандай дыбыс шығарады. Каулифлория құбылысы Оңтүстік Америкада өсетін астық ағашының жемісінен де байқалады. Оның жемісінің көлденең кесіндісі 13 см-ден 30 см-ге дейін, дөңгелек немесе сүйірлеу болып келеді де, құрамында крахмал мол болғандықтан көптеген елде тамаққа пайдаланады. Ал оның жұмсақ жемісінен пудинг дайындалады (4-8).

Кейбір тропиктік ағаштар: баобаб, бегония, мимоза, тышқандар арқылы тозандануға бейімделген, сондықтан олар түнде гүлдейді. Тынық мұхит аралдарында өсетін өрмелегіш панданус егеуқұйрық арқылы тозаңданады.

Кейбір тропиктік ағаштар құмырсқалармен селбесіп тіршілік етеді. Ондай ағаштарда тіршілік ететін құмырсқалар оларды жұлдыз құрттар, орман зиянкес қоныздарының дернәсілдері, жапырақ жемір құмырсқалары сияқты алуан түрлі зиянкестердің барлығынан қорғайды. Құмырсқалар мен ағаштардың бірлігі үш түрлі жолмен жүзеге асатыны белгілі.

Біріншіден, ағаштардың бұтағының іші қуыс болады да, онда құмырсқалар мекендеуіне мүмкіндік туады. Мысалы, тропиктік Америкадағы цекропия, немесе түтікті ағаш (түтікті ағашта тіршілік ететін құмырсқалар оны басқа жәндіктерден өте актив қорғаумен қатар, егер адам ағашқа жақындаса, тиіссе, адамға да шабуыл жасайды).

Екінщіден, кейбір қарағандардың қосалқы жапырақтары іші қуыс тікенге айналады да, олардың ішін құмырсқалар мекендейді (Кениядағы қарабас қараған). Цейлон мен Үндідегі бұршақ тұқымдасына жататын гимболтия, Малаядағы макоранга (жергілікті аты "маконг") ағаштары т.б.

Үшіншіден, құмырсқалар кейбір ағаштардың жапырағының беткі және астыңғы жабындыларының арасын мекендейді. Кейде ондай ағаштардың жапырағының жиегін қайырып, оларды өзара желімдеп, соның ішін мекендейді. Құмырсқалардың кейбір түрлерінің тіршілігі саңырауқұлақтармен тікелей байланысты. Ондай құмырсқалар илеулерінің жер астындағы бөлігінде «жылужайлар (парниктер)» жасап, саңырауқұлақтар өсіреді. Құмырсқалар бұл жерге жапырақ бөлшектерін алып келіп, үгітіп, оларды үйіңді етіп жинап қояды. Олар шіріп, қыза бастаған кезде температура жоғарылайды, әрі дымқылдық пайда болады. Жылужайдың осы жерлерінен желдеткіш жолдар жасайды да, оны құмырсқалар ашып-жауып тұру арқылы дымқылдықтың, температураның, оттегінің реттелуін қадағалап отырады. Өсіп тұрған саңырауқұлақтардың мәстек (ұсақ тері) немесе жұмысшы құмырсқалар күтеді; олар саңырауқұлақтардың арасында жорғалап жүріп, спора пайда болмайтындай етіп, гифтерін тістеп жұлып алады. Өстіп тістеп бөліп алған гифтерін үгітіп, оларды топыраққа шашыптыңайтады. Құмырсқалардың тәстеп жұлып алған гифтерінің орнынан түссіз мөлдір сұйық тамырлар шығады. Осы сұйық құмырсқалардың дернәсілдері қоректенетін бағалы қорек болып табылады. Жас аналық ескі илеуден бөлініп шыққан кезде өзімен бірге саңырауқұлақтың бір «кесегін» міндетті түрде ала кетеді.

Теңіздер мен мұхиттардың тасып-қайтатын жерлерінде өсімдіктер мен жануарлар бірге тұрудың барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, тіршіліктерін сақтап қалу үшін күреседі:

Өсімдіктер мен жануарлардың өте жақын тұруы. Бұл жағдайда жануарлар өсімдіктерді бекініп тұратын зат (субстрат) есебінде пайдаланады, мысалы ламинарияға көптеген ұсақ жануарлар бекініп, «көршілер» ретінде тіршілік етуі мүмкін. Жануарлардың дернәсілдері мен өсімдіктердің споралары көбінесе өте баяу қозғалатын немесе мүлде қозғалмайтын басқа жануарларға бекінеді;

Өсімдіктер мен жануарлар өте күрделі, өзара тиімді қауым құрайды, оны комменсализм деп атайды. Мысалы, крабтар (таңқы шаян) бірсыпыра өсімдіктерді арқалап жүреді. Ондай өсімдіктер краб үшін қорғаныштық қызмет атқарса, краб өсімдіктердің минералдық заттар, жарық мол жерлерге жылжып жүруіне, жетуіне мүмкіндік туғызады. Тіпті кейбір өрмекші-краб сияқты ағзалар балдырдың немесе полиптің кесінділерін арқасына арқалап жүреді.

Комменсализмнің барынша күрделі мысалына көптеген губкалардың, маржан полиптерінің, теңіздік жалпақ құрттардың ұлпаларында сақталатын сары немесе жасыл өсімдіктердің болу құбылысын жатқызуға болады. Жануарлар осы өсімдіктерде жүретін фотосинтез құбылысының өнімдерін, ал өсімдіктер жануарлардың тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болатын өнімдерді (қалдықтарды) пайдаланады. Маржан полиптері мен полиптердің барлығы дерлік бір жасушалы жасыл балдырлармен селбесіп тіршілік етеді. Ондай балдырлар олардың ұлпаларында, әсіресе ауыз тесігінің айналасында және қармалағыштарында орналасады (сондықтан полип кейде жасыл түсті болып тұрады). Егер қорек жеткіліксіз болса, онда полиптер балдырлардың жасушаларын аузына түсіріп, сонымен қоректенеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]