
- •Биогеография пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысына ассоциограмма құрастыру.
- •2. Биогеографияның терминдері мен негізгі ұғымдарын атап, мысал келтіру
- •3. Өсімдіктердің экологиялық топтарын талдау: гигрофит, гидрофит, мезофит, ксерофит
- •4 Әртүрлі климаттық жағдайларда таралған мезофиттердің топтарын атап көрсету.
- •5. Эдафикалық факторларға сипаттама.
- •6. Псаммофиттерге анықтама және мысал келтіру.
- •8. Биоценоздардың таралуында жер бедерінің маңызы.
- •9. Биотикалық факторлар және олардың биогеографиялық маңызы.
- •10 . Жануарлардың өсімдіктерге қолайлы әсерін талдау.
- •Каулифлория құбылысы, мысал келтір
- •Биогеографиялық жағдайлардағы Құмырсқалар мен ағаштар дың бірлігін айқындау
- •Комменцализмге анықтама және мысал келтір
- •14 Жануарлардың өсімдіктерге қолайсыз әсерлерін талдап, мысал келтіру.
- •15 Өсімдіктердің өсімдіктермен қарым-қатынастарын айқындап, сипттама беру.
- •16. Паразитизм және симбиозға анықтама, мысал келтіру.
- •17.Эндотрофты және экзотрофты микоризаларға сипаттама
- •18. Эпифиттер мен лианаларға анықтама, мысал келтіру
- •19. Эндемик және олардың түрлері
- •20. Эдифткаторларға сипаттама беріп, талдау
- •21 Гомотиптік реакциялар ұғымын талдау
- •22 Бәсекелестіктің түрлерін талдау (интерференция, жанама бәселестік)
- •23 Симбиоз (селбесу) ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •24 Комменсализм, амменсализм ұғымдарына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •25 Жыртқыштық-ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •26.Паразитизм ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •27.Мутуализм ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •28.Зоохария ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру
- •29.Аллеопатия ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •30.В.Вольтер заңдарының тұжырымдамасын таңдау.
- •Антропогендің факторлар және олардың биогеографиялық маңызын талдау.
- •32. Организмдердің таралуына тарии жағдайлардың әсері
- •33. Тірі ағзалардың материктерде таралуының зоналылығы
- •34. Жер шарының табиғат зоналары.
- •36 Ареал конфигурациясы және құрылымын талдау
- •37 Ареал, ареал типтері. Ареалдардың қалыптасуы.
- •Флораның басты географиялық элементтерінің сұлбасын құрастыру
- •39. Дүниежүзілік мұхиттың биогеографиялық аудандастырылуының (Воронов, 1987) сұлбасын құрастыру.
- •40. Құрлықтың биотикалық өңірлерінің (Второв, Дроздов, 1978): сұлбасын құрастыру.
- •Флораның басты географиялық элементтерінің сұлбасын құрастыру
- •42. Дүниежүзілік мұхиттың биогеографиялық аудандастырылуының (Воронов, 1987) сұлбасын құрастыру.
- •43 Құрлықтың биотикалық өңірлерінің (Второв, Дроздов, 1978): сұлбасын құрастыру.
- •46 Биоценоздардың құрылымын айқындау
- •47 Биосферадағы тірі ағзалардың планетарлық рөлі
- •48 Зат және энергия айналымының (геологиялық және биологиялық айналым) мазмұнын айқындау
- •Үлкен немесе гелогиялық айналым
- •Кіші немесе биологиялық айналым
- •49 Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі түрлерін сызба түрінде көрсетіп, соның бір түріне сипаттама.
- •Өсімдік→топырақ→өсімдік
- •50. Антропосфераға сипаттама.
- •51 Қазақстанның жануарлар әлеміне сипаттама
- •52 Қазақстанның өсімдік ерекшелігіне сипаттама
- •53 Қазақстанның фауналық және зоогеографиялық аудандастырылуына сипаттама.
- •54. Голарктикалық биогеографиялық облысқа сипаттама
- •55 Неотропикалық биогеографиялық облысқа сипаттама
- •56 Палеотропикалық биогеорафиялық облысқа сипаттама.
- •57. Австралия биогеографиялық облысқа сипаттама
- •58. Полинезия биогеографиялық облысқа сипаттама.
- •59. Антарктида биогеографиялық облысқа сипаттама.
9. Биотикалық факторлар және олардың биогеографиялық маңызы.
Биотикалық факторлар –бір организмге басқа организмдердің тигізген ықпалы. Табиғатта өсімдіктер мен жануарлыр дүниесі бір-бірімен алшақ тіршілік етпей, әрқашан да өзара тығыз қарым-қатынаста тіршілік етеді. Биоценоздағы мұндай қарым-қатынастар қсімдіктердің жануарлар мен және өсімдіктердің өсімдіктермен қарым –қатынасынан қалыптасады.
Өсімдіктер мен жануарлардың қарым –қатынасы. Өсімдіктер мен жануарлардың қарым –қатынасы өте күрделі. Жануарлар өсімдіктерге әртүрлі әсер етеді, бірақ ол өсімдіктер үшін қолайлы және қолайсыз болуы мүмкін.
Жануарлардың өсімдіктерге қолайлы әсері:
●Жануарлан өсімдіктердің тұқымы мен жемісінің таралуына жағдай туғызады. Жануарлар арқылы таралатын өсімдіктердің тұқымы мен жемістерінің жануарлар арқылы тарлуға бейімдерген түктері, ілмектері, қылтанақтары болады. Осындай өсімдіктер арқылы олар жануарлардың жүніне, жылқылыардың жал, құйрығына жабысып, бір жерден екінші жерге кейде тіпті қашық ландшафтарға таралуына мүмкіндік алады. Шырынды жеміс-жидектермен және сүйекті жемістермен жануарлар, әсіресе құстар жиірек қоректенеді. Сол сияқты кейбір ағаш өсімдіктерінің тұқымы мен Кейде ондай гүлдердің гүл сағағы болмай, ағаш діңіне желімдеп қойған сияқты болып көрінеді. Бұл құбылысты каулифлория деп атайды.
Каулифлория құбылысы экваторлық Оңтүстік Америка ормандарының эндемигі - шоколад ағашынан (кокао ағашы) айқын байқалады. Еуразияда каулифориялы жеміс ағашы жаботикаба өседі. Оның жемісінің түсі де, дәмі де жүзімнің мускат сорттарына ұқсайды. Бұл ағашты Бразилия жүзімі деп те атайды.
Нигерияда түйме ағашы өседі, өйткені оның дінінде пайда болатын диаметрі 25 см-ге, қалыңдығы 10 см-ге жететін жемісі түймеге ұқсас болады. Оның жеміс сағағы қысқа, жземісінде сыраға ұқсас шырыны болады.
Оңтүстік Америкада (Британ Гвианасында) пушка ағашы өседі. Оның бүкіл дінін диаметрі 10 см-ден 18 см-ге дейін болатын дөңгелек пішінді, қатты қабықты жеміс жауып тұрады. Жел соққан кезде осы жемістер біріне-бірі соқтығысып, пушка атылып жатқандай дыбыс шығарады. Каулифлория құбылысы Оңтүстік Америкада өсетін астық ағашының жемісінен де байқалады. Оның жемісінің көлденең кесіндісі 13 см-ден 30 см-ге дейін, дөңгелек немесе сүйірлеу болып келеді де, құрамында крахмал мол болғандықтан көптеген елде тамаққа пайдаланады. Ал оның жұмсақ жемісінен пудинг дайындалады (4-8).
Кейбір тропиктік ағаштар: баобаб, бегония, мимоза, тышқандар арқылы тозандануға бейімделген, сондықтан олар түнде гүлдейді. Тынық мұхит аралдарында өсетін өрмелегіш панданус егеуқұйрық арқылы тозаңданады.
Кейбір тропиктік ағаштар құмырсқалармен селбесіп тіршілік етеді. Ондай ағаштарда тіршілік ететін құмырсқалар оларды жұлдыз құрттар, орман зиянкес қоныздарының дернәсілдері, жапырақ жемір құмырсқалары сияқты алуан түрлі зиянкестердің барлығынан қорғайды. Құмырсқалар мен ағаштардың бірлігі үш түрлі жолмен жүзеге асатыны белгілі.
Жануарлардың өсімдіктерге қолайсыз әсерлері:
Жануарлар өсімдіктерді қорек етеді;
Жайылған кезде өсімдіктерді таптайды;
Көптеген өсімдіктерді жануарлар пайдаланбайды, бірақ ұзақ уақыт жайылу нәтижесінде шабындық шөптері арам шөптермен алмасады;
Жануарлар жиі жайылған жерлердің топырағы тапталып, ондай топырақтың физикалық қасиеті нашарлап, өсімдіктердің өсуіне қажетті жағдайлар жойылып, нашар өсетін болады.
Өсімдіктердің ішінде жануарлармен қоректенетін түрлері де болады. Олар жәндіктермен қоректенетін өсімдіктер. Солтүстік жарты шардың шымтезекті саздарында шағын шықшылдық деген өсімдік өседі. Оның биіктігі 10-15 см болады, дөңгелек немесе сүйірлеу жапырақтарының жиегінде көптеген түктері бар, әр түктің ұшы қызыл түсті және үстінде мөлдір тамшылар шығып тұрады. Ол ертеңгі шық сияқты мөлдірлеп тұрғасын бұл өсімдікті шықшылдық деп те атап кеткен. Жәндіктерге шақыртқы болатын (еліктіретін) – осы мөлдір тамшылар. Жәндік жапыраққа қонысымен, осы түктер иіліп, жәндікті жапырақ тақтасына қысып, жапырақ тақтасы жабылып қалады. Сөйтіп, жәндік көп түктермен қоршалады. Содан кейін бұл өсімдік құрамында адам мен жануарлардың қарын сөлінде болатын пепсин ферментіне ұқсас ферменті бар сөл бөліп шығара бастайды. Осы фермент жәндік денесінің қорытылуына себепші болады да, қорытылған органикалық затты жапырақ бойына сіңіреді, одан соң жапырақ тақтасы бұрынғы қалпына қайтадан келеді. Қорытылмай қалған хитинді қабық, қанат, аяқ сияқты қалдық заттарды жапырақ ашылғанда жел ұшырып алып кетеді. Шықшылдықтың бездері жануарлардың қармалағыштары тәрізді болады да, тітіркендіргіштерге әрқашан да жауап қайтарады. Сөлдің құрамында ферментпен қатар жәндіктің өлексесін шірітіп, бактериялардан сақтайтын қышқыл да болады.