
- •Биогеография пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысына ассоциограмма құрастыру.
- •2. Биогеографияның терминдері мен негізгі ұғымдарын атап, мысал келтіру
- •3. Өсімдіктердің экологиялық топтарын талдау: гигрофит, гидрофит, мезофит, ксерофит
- •4 Әртүрлі климаттық жағдайларда таралған мезофиттердің топтарын атап көрсету.
- •5. Эдафикалық факторларға сипаттама.
- •6. Псаммофиттерге анықтама және мысал келтіру.
- •8. Биоценоздардың таралуында жер бедерінің маңызы.
- •9. Биотикалық факторлар және олардың биогеографиялық маңызы.
- •10 . Жануарлардың өсімдіктерге қолайлы әсерін талдау.
- •Каулифлория құбылысы, мысал келтір
- •Биогеографиялық жағдайлардағы Құмырсқалар мен ағаштар дың бірлігін айқындау
- •Комменцализмге анықтама және мысал келтір
- •14 Жануарлардың өсімдіктерге қолайсыз әсерлерін талдап, мысал келтіру.
- •15 Өсімдіктердің өсімдіктермен қарым-қатынастарын айқындап, сипттама беру.
- •16. Паразитизм және симбиозға анықтама, мысал келтіру.
- •17.Эндотрофты және экзотрофты микоризаларға сипаттама
- •18. Эпифиттер мен лианаларға анықтама, мысал келтіру
- •19. Эндемик және олардың түрлері
- •20. Эдифткаторларға сипаттама беріп, талдау
- •21 Гомотиптік реакциялар ұғымын талдау
- •22 Бәсекелестіктің түрлерін талдау (интерференция, жанама бәселестік)
- •23 Симбиоз (селбесу) ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •24 Комменсализм, амменсализм ұғымдарына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •25 Жыртқыштық-ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •26.Паразитизм ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •27.Мутуализм ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •28.Зоохария ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру
- •29.Аллеопатия ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •30.В.Вольтер заңдарының тұжырымдамасын таңдау.
- •Антропогендің факторлар және олардың биогеографиялық маңызын талдау.
- •32. Организмдердің таралуына тарии жағдайлардың әсері
- •33. Тірі ағзалардың материктерде таралуының зоналылығы
- •34. Жер шарының табиғат зоналары.
- •36 Ареал конфигурациясы және құрылымын талдау
- •37 Ареал, ареал типтері. Ареалдардың қалыптасуы.
- •Флораның басты географиялық элементтерінің сұлбасын құрастыру
- •39. Дүниежүзілік мұхиттың биогеографиялық аудандастырылуының (Воронов, 1987) сұлбасын құрастыру.
- •40. Құрлықтың биотикалық өңірлерінің (Второв, Дроздов, 1978): сұлбасын құрастыру.
- •Флораның басты географиялық элементтерінің сұлбасын құрастыру
- •42. Дүниежүзілік мұхиттың биогеографиялық аудандастырылуының (Воронов, 1987) сұлбасын құрастыру.
- •43 Құрлықтың биотикалық өңірлерінің (Второв, Дроздов, 1978): сұлбасын құрастыру.
- •46 Биоценоздардың құрылымын айқындау
- •47 Биосферадағы тірі ағзалардың планетарлық рөлі
- •48 Зат және энергия айналымының (геологиялық және биологиялық айналым) мазмұнын айқындау
- •Үлкен немесе гелогиялық айналым
- •Кіші немесе биологиялық айналым
- •49 Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі түрлерін сызба түрінде көрсетіп, соның бір түріне сипаттама.
- •Өсімдік→топырақ→өсімдік
- •50. Антропосфераға сипаттама.
- •51 Қазақстанның жануарлар әлеміне сипаттама
- •52 Қазақстанның өсімдік ерекшелігіне сипаттама
- •53 Қазақстанның фауналық және зоогеографиялық аудандастырылуына сипаттама.
- •54. Голарктикалық биогеографиялық облысқа сипаттама
- •55 Неотропикалық биогеографиялық облысқа сипаттама
- •56 Палеотропикалық биогеорафиялық облысқа сипаттама.
- •57. Австралия биогеографиялық облысқа сипаттама
- •58. Полинезия биогеографиялық облысқа сипаттама.
- •59. Антарктида биогеографиялық облысқа сипаттама.
52 Қазақстанның өсімдік ерекшелігіне сипаттама
Қазақстан[1] да өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы – саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы –қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы – жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердің 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден аса түрлерді қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда өсетін – эндемиктер. Бұлардың ішіндегі ең ерекше 12 монотипті туыс бар: физандра,рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердің басым бөлігі 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсімдіктердің қалдықтары ОңтүстікБалқаш өңірі мен Бұрынтауда жоғарғы ордовиктік қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрізділерге жататын Akdalophyton caradockі пенқырықбуынға жататын – Sarіtuma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тіршілік еткен.
Республикамыздың қазіргі флорасы эоцендік субтропиктік (36 – 58 млн. жыл бұрын), олигоцендік орманды-мезофильдік (26 – 35 млн. жыл),неогендік ежелгі жерортатеңіздік таулы-ксерофиттік, субтропиктік-ксерофитті бұталық және миоцен-плиоцендік алғашқы далалық (13 – 25 млн. жыл), плейстоцендік (2 млн. жыл) флоралардың негізінде қалыптасқан
алалық аймақ 3 белдемге бөлінеді:қоңыржай-құрғақ және құрғақ дала;кәдімгі және оңт. қара топырақтағы алуан түрлі шөптесін – бозды белдем;
қоңыржай-құрғақ және жылы-құрғақ белдем–күңгірт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтардағы бетегелі-бозды дала;
шөлейт құрғақ, қоңыржай ыстық белдем – ашық қара қоңыр топырақтағы жусанды-бозды дала.
Шөлді аймақ – жалпы аумағы 124,6 млн. га. Өзіне тән өсімдік жамылғысы алуан түрлі, 2500 – 2800 түр бар, олардың ішінде 200 – 215 түрі – эндемиктер.
Шөлді аймақ 5 белдемге ажыратылады:
солтүстік далалы жердегі құрғақ, қоңыржай-ыстық шөлдер – аумағы 40 млн. га., немесе еліміздің жер аумағының 14,7%-ы. Өсімдікжамылғысы астық-тұқымдасты – жартылай бұталы (боз, еркекшөпті-жусанды) шөлдер мен құмдақ-бұталы (жүзгін-раң-шағыржусан-еркекшөпті) шөлдер тарайды;
орталық (солтүстік тұрандық) өте құрғақ, ыстық шөлдер – аумағы 51,2 млн. га, немесе республика жерінің 18,9%-ын алып жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изенді), сексеуілді, бұталы (қоянжын-жүзгінді) өсімдік жамылғысы дамыған;
оңтүстіктегі өте құрғақ, ыстық шөлдер – аумағы 30,3 млн. га, немесе Қазақстанның 11,1%-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемероидты – жартылай бұталы (сұр-жусанды, эфемерлі), ал дөң және тізбектелген аллювийлі – эолды құмдарда бұталы-сексеуілді-эфемероидты (сексеуіл-қоянжын-жүзгінді) өсімдік жамылғылары тән;
тау етегіндегі құрғақ, өте ыстық шөлдер – аумағы 3,2 млн. га немесе Қазақстанның 1,2%-ы. Негізінен эфемероидты ірі шөптесін-жартылай бұталы өсімдіктер өседі;
тау етегіндегі өте құрғақ шөлдер – аумағы 11,6 млн. га, немесе республиканың 4,3%-ын алып жатыр. Эфермероидты-псаммофиттік бұталы өсімдік жамылғысы тән.