Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_biogeografia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174.98 Кб
Скачать

4 Әртүрлі климаттық жағдайларда таралған мезофиттердің топтарын атап көрсету.

Мезофиттер- гигрофиттер мен ксерофиттердің аралық формасы. Бұлардың біразы гигрофиттерге, ал біразы ксерофиттерге ұқсас болады.

Әр түрлі климаттық жағдайларда таралған мезофиттерді бірнеше топқа біріктіруге болады:

1. Мәңгі жасыл ылғалды тропиктік орман мезофиттері, Бұлар негізінен ағаштар мен бұталар.

2. Қыста жасыл болатын ағаш тұқымдас мезофиттер. Бұлар тропик пен субтропиктің континентальды бөліктерінде таралған. Жаздың құрғақшылық кездерінде жапырақтарын түсіріп, тіршілігін тыныштық күйде өткізеді. Мысалы Африканың құрғақ тропиктерінде өсетін баобабтар.

3. Жазда жасыл болатын ағаш тұқымдас мезофиттер. Бұларға қоңыржай суық белдеуде, жылдың суық кездерінде жапырағын түсіретін ағаштар мен бұталар жатады.

4. Жазда жасыл болатын көп жылдық шөптесін мезофиттер. Бұларға жер бетіндегі бөліктері тіршілігін жойып, жер астындағы мүшелері ғана қыстап шығатын шалғындар мен даланың көп жылдық шөптесін өсімдіктері жатады.

5. Эфемерлер мен эфемеройдтар.

Эфемерлер- вегетациялық кезеңі өте қысқа бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Бұлар ерте көктемде қар суының ылғалын пайдаланып вегетациясын бастайды да 1-1,5 ай ішінде гүлдеп, тұқым беріп үлгереді. Бұлар шөлді даланы ерте көктемде өте әсем етіп көрсетеді.Эфемерлерге Доңыз өлең, бір жылдық арпабас, ботакөз, қазтамақ, дала қоғажайы, үш жапырақты бөдене шөп, көктемгі бөдене шөп тағы басқалар жатады.

Эфемероидтар- вегетациялық дамуын көктемде бастап, қысқы мензімде аяқтайтын көп жылдық өсімдіктер. Құрғақшылық түсе бастағада жер бетіндегі бөлігі вегетациясын анықтап, жер асты бөлігіне мол заттарын жинайды, тыныштық қалыпта өтеді. Күздің ылғалды кезеңдерінде жер астындағы бөліктері арқылы өркен беріп, өсуін қалыптастырады.

Эфемеройдтардың жер астындағы мүшелері жаздың құрғақ кезінде тіршілігін сақтап қалуға түрліше бейімделеді. Тамырларының сырты сүректенеді немесе қабыршақтар мен жабылады. Бұлардың жер асты мүшелерінің құрғақшылыққа төзімді

Судың химиялық құрамы биосфераның әрбір бөлігінде көп өзгеріске ұшыраған. Мұны әртүрлі су қоймаларының тұз режимін мысалға алып қарауға болады. Сфагнум өсетін батпақты шағын көлдердің тұздылығы 0,001%- дан аспайды. Тұзды суқоймаларының тұздылығы 0,02-0,05% болады. Континенттік тұзды көлдердің суларында тұз мөлшері түрліше болып, 0,05-34,7%-ға дейін болады. Көлдерде тіршілік ететін организмдердің құрамы олардың көбнесе суының тұздылық дәрежесіне байланысты. Вестфалист көлдерінің әрқайсысының суының тұздылық мөлшері әр түрлі ондағы суының тұздылығы 3%-дан аспайтын көлдерде жануарлардың 64 түрі, тұздылығы 3,0-10% болатын көлде жануарлардың 38 түрі, тұздылығы 10,0-16,0% көлдерде 12 түрі кездеседі екен. Ал тұзының концентрациясы 20,0% көлдерде небәрі бір ақ түрі тіршілік ететіні белгілі болға. Демек су қоймаларындағы тұздың концентрациясы артқан сайын оларда тқршілік ететін жануарлардың түрлік құрамы азая түсетіндігі анықтарлы.

Ылғалдылықтың құрлықта тіршілік ететін жануарлар үшін де маңызы зор. Эвригигробионтты организмдер ылғалдылықтың әртүрлі ауытқұында тіршілік ете алады. Стеногигробионтты организмдер ылғалдылықтың белгілі бір мөлшерінде ғана түршілік ете алады.

Жануарлар денесінде өсімдіктер сияқты суды аз буландыратын әр түрлі бейімділіктерді байқауға болады. Мысалы жәндіктер ағзаларындағы тыныс тесікшелерінің жабылуы, қарапайым жәндіктердің жиырылғыш вакулдерінің осмос қысымын реттеп отыруы, т.б.

Кейбір организмдер, мысалы, Галапагос аралында кездесетін піл басқа құрғақшылықтан сақтану үшін көктемгі қар суын қуығына толтырып алып, жаз бойы үнемдеп пайдаланады. Ал кемірушілердің бір сыпырасы құрғақшылықты ұйқыда жатып өткізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]