Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_biogeografia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174.98 Кб
Скачать

50. Антропосфераға сипаттама.

Адамдардың қоғамының пайда болуымен байланысты ландшафт өзгеріске ұшырады. Кейбір аудандарда ірі қалалар салына бастады(1,5 млн,халқы болған Вавилон б.э.д 1500 жыл бұрын салынған). Адамдардың бір жерге топтануы ірі қалалардың (10 млн. Дейін халқы бар) тууына себепші болды. Міне, осы кезден бастап антропосфера туралы айтуға болады.

Антропосфера- 6 миллиардтан астам халқы бар Жердің белгілі бір аумағы. Антропосфераның таралуы жер бетінде антропосфера бірдей әсер етеді. Мысалы, антропогендік рельефке тоқталайық. Антропогендік рельеф- адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде жасалған, немесе өзгерген рельеф. Антропогендік рельефтің алғашқы түрлері аңшы тайпалардың аң ұстау үшін ор, немесе мекен ету үшін үңгір қазуына байланысты пайда болды.

Мал өсіруге байланысты шөлді аудандарда малды жүйесіз жаюдың салдарынан құмның сусуы арта бастады. Антропогендік рельефтің одан ары көбірек таралуы егіншіліктің дамуына байланысты. Оның стихиялық және саналы түрде жасалатын екі түрі болады. Бірінші түріне ауыл және орман шаруашылығын, кен өндіруді, құрылысты, жол салуды дұрыс жүргізбеуден пайда болатын жыралар, ысырынды қоқыстары, қайырлар, сусымалы құмдар жатады. Рельефтің мұндай түрлерінің дамуы кейбір елдердің жер бедерің мүлде өзгертіп , су режимін нашарлатып, жыртуға жарамды жердің көлемін азайтып, құнарлылығын төмендетті.

Рельефтің саналы жолмен қалыптасатын түрлері мелиорация және құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде пайда болады. Антропогендік рельефтің зиянды, бірақ кен өндіруге байланысты еріксіз жасалатын аралық формасы да (карьер, террикон) т.б. болады.

XX Ғасырдағы техникалық прогресс табиғаттың тепе- теңдігін бұзып биосферадағы заттар мен энергия алмасуының жаңа жолдарын белгілеп берді. XIX Ғасырдың аяғы мен XXғасырдың басынан бастап өндірістің дамуына байланысты энергия мен су көп мөлшерде қолданыла бастады. Ауыл шарушылығында химияның рөлі артты. Пайдалы қазбаларды пайдалану, каналдар қазу, өзендердің арналарын ретке келтіру, су қоймаларын жасау т.б. жер бедерін өзгертті.

Жалпы құрлықта және теңіздердің таяз жерлерінде топырақтың түзілуі гумус қабатының пайда болуымен қатар жүреді (бірнеше см-ден 3 метрге дейін). Әрине, мұндай қарқындылық Жердің қабаттарын құрайтын басқа сфералармен салыстырғанда әлдеқайда азғ дегенмен бұл қабық биохимиялық жолмен өте екпінді жүреді, сондықтан биосфераның өнімділігіне үлкен әсерін тигізеді.

Антропосферада жылына триллион тонна тау жыныстары мен топырақ қопарылады. Соның салдарынан Жердің беткі қабаты өзгеріп, жаңа геохимиялық орта пайда болады да, онда әр түрлі улы элементтердің мөлшері артады. Екіншіден, құрлықта гидрологиялық режим және гидросфераның құрамы өзгереді. Ауыл шаруашылығы аса дамыған аудандарда жұмсалатын судың мөлшері түсетін жауын-шашынның мөлшерімен бірдей. Бұл аудандарда су биогеосфералық “өткізгіштен” айырылған , лай, күшті минералданған, суда еріген О₂ мөлшері аз болады да, сонымен қатар улылығы да артады. Осының бәрі келешекте келетін химиялық қосылыстардың мқлшері артады. Үшіншіден, атмосфераның құрамы да өзгереді. Қалалар мен өнеркәсіп орталықтары антропогендік вулкан орталығына айналады. Олар газ, аэрозольдар, канцерогенді заттар, су буларын бөліп шығарады. Атмосферада шаң көбейіп, химиялық және фотохимиялық тұмандар, қолайлы радиациялық режимдер пайда болады. Көптеген елдер қалаларының үстін антропогендік тұмша басып тұрады (мысалы Лондон). Төртіншіден, адамдар ландшафттың жылу тепе- теңдігін де өзгертеді.

Адам әрекеті қазіргі кезде бүкіл ландшафтты қамтып отыр. Гидросферада, атмосферада, литосферада және биосферада болып жатқан айтарлықтай өзгерістер, табиғатта заңды түрде жүретін өзара бйланыстың, өзара әрекеттің бұзылуына әкеп соғады.

Техникалық прогресстің дамуымен байланысты биосферадағы жағдай да өзгерді. Әртүрлі өндіріс орындарынан газ, сұйық және қатты заттар түрінде бөлінетін қалдықтары биосферадағы айналымның толық жүруіне үлкен зиянын тигізеді. Мысалы: қазір атмосферадағы көмір қышқыл газының мөлшері жылына 0,2 пайыздан артып отыр. Көмір қышқыл газы инфрақызыл радиациясын интенсифті сіңіріп, атмосфераға оранжереялардың шынысы сияқты әсер етуі мүмкін. Бірақ күн радиациясын өзінен өткізіп, керісінше жылуды жібермейді, соның салдарынан Жер бетіндегі температура жоғарылап қар, мұз еру т.б. жағдайлардың болуы мүмкін. Сол сияқты атмосфрерадағы оттегін пайдалану жылдан-жылға өсіп келеді.

Адам өмірінде биосфераның 3 планетарлық функциясы үлкен рөл атқарады:

1 жер бетіндегі барлық тіршілікті азық- түлікпен қамтамасыз ететін биологиялық өнімділік;

2 ортаның оптимальды газ және гидрогеологиялық режимин қолдап туру;

3 ортаның биологиялық тазалығы.

Биологиялық қорлар шексіз емес. Сондықтан биосферадағы байлықтарды эколо- экономикалық жағынан тиімді және дұрыс пайдалану кепек. Қазіргі кезде биосфера тазалығын қорғау халықаралық жоспарларда, біздің елімізде қолға алынып отыр /2,4,7/.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]