Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_biogeografia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174.98 Кб
Скачать

37 Ареал, ареал типтері. Ареалдардың қалыптасуы.

Ареал — (лат. area – алаң, кеңістік) – өсімдіктер мен жануарлар түрінің, туысының, тұқымдасының құрлықта не судағы таралған аймағы; берілген таксон таралып және оның дамуынын толық циклі өтетеін жердің немесе теңіздің беті (түр, топ, қатар және т.б.). Ареал онда ағзалар соның бойымен немесе бірқалыпты орналасса ол тұтас болады, егер ағзалардың таралуы екі немесе бірнеше бір-бірінен оқшауланған аймақтармен шектелсе онда бөлінген болады. Ареалдар космополитті олар жер шарының көптеген аумағын алып жатыр. Өсімдіктердің эндемикалық түрлері осыларға қарама кайшы келетін жіңішке ареалдар бөледі; Ол кез келген тіршілік иелерінің морфологиялық және экологиялық сипаттамаларының бірі болып табылады. Ареалдың мынадай типтері бар: Материк- континенттерде алып жатқан аумағы,көлемі,конфигурация-пішіні әртурлі бір-біріне ұқсамайтын болғандықтан белгіленген ареал типі жоқ. Тек, біртұтас және белінген /бір-бірінен алшақ орналасқан/ ареал типтері деп бөлеміз.

1.Біртұтас ареал-түрдің бөлінбей біртұтас бүтіндей болып біp аймақта өсуі.

2.Бөлінген /ажыратылған/ ареал-бір аумақта, не жер планетасында 1,2,3 бөлімдерге /пункттерге/ бөлінген.Бөлімдердің бір-бірінен ара-қашықтығы да, алып жатқан аумақ көлемі де әртүрлі. Мысалы, Aldrovanda vericulose насекомдармен қоректенетін өсімдік /жер элемінің әр жерінде /Оңтустік Франция, Италия, Белорусия, Украина, Воронеж,Курск, Волга жағалауы, Амур облысы, Жапония, Австралия/ "арал" тәріздес өсіп тұр. Кырықұлақ /папоротник - Custopleгis Sudetica / - Карпат тауларында, Орал, Сібір жерлерінде кеpдеседі. Тек таулы жерлерде кеэдесетін-тасжарған /камнеломка Soxigrada шерменгүл /горечавка- Gentiana. Ғасырлар бойы бір жерде өсіп-өнген экологиялық өзгерістерге, факторларға /ауа райы өзгерістері/ қалыптасьіп. бейімделген өсімдік түрлерінің таралу легі де, ареалы да езгеріссіз қалады

Ареалдың түрлері. Егер түрлер тұтас бір территорияны алып жатса мұндай ареалды тұтас ареал деп атайды. Егер ареалдар бірнеше бөлікке бөлініп, бірінен-бірі алшақ жатса немесе әр түрлі материкте орналасса, онда мұндай ареалды бөлшектенген немесе дизъюнктивті ареал деп атайды. Ареалдардың мұндай бөлшектенуіне рельеф, топырақ, әр түрлі тарихи жағдайлар себепші болуы мүмкін. Бөлшектенген ареалдар екіге бөлінеді:Континетішілік бөлшектенген ареал; Континентаралық бөлшектенген ареал.Мысалы, континентішілік бөлшектенген ареалға інжугүлдің ареалын алайық. Інжугүл Европаның жалпақ жапырақты ормандарында және Ресейдің Қиыр Шығысының оңтүстік бөлімінде, ал жөке ағашы мен еменнің ареалы Кузнецк Алатауында, Приморье өлкесінде кездеседі. Жануарлардың бөлшектенген ареалына, мысалы, кәдімгі кірпі мен ақ дегелетің ареалын алсақ, бұл екеуі де Европада және Амур-Уссурий өлкесінде кездеседі.

Өсімдіктер мен жануарлардың космополит түрлерімен қатар сирек кездесетін түрлері де бар. Олар жер бетінің аз ғана бөлігінде таралған. Өсімдіктер мен жануарлардың осындай түрлерін эндемиктер деп, олардың таралған территориясын эндемикалық ареал деп атайды. Эндемикалық ареалдар көлемі жағынан әр түрлі болады. Эндемиктерге, әсіресе аралдар мен таулы жерлер аса бай болып келеді. Мысалы: Алтай, Кавказ, Оңтүстік Американың, Мадагаскардың эндемиктері т.б.Өсімдіктердің ішінде эндемиктерге жататындар: дәрмене, сексеуіл, бетеге, жень-шень (Уссурийда), Эльдар қарағайы (Грузияда), Тянь-Шань шыршасы, Камчатка май қарағайы, Станкевич қарағайы (Қырымда), Резниченко ақ қайыңы (Алтайда), Қырғаз ақ қайыңы (Қостанайда) т.б.Африка эндемиктері – эвкалипттер, кенгру шөбі, көкшіл шөп, спинификс астық тұқымдас шөбі, шөптектес ағаш (лала тұқымдасынан), бөтелке ағашы т.б.Оңтүстік Америка эндемиктері-піл сүйегі пальмасы, Маврик пальмасы, какао ағашы, әсинин ағашы, Бразилия гевеясы, канналар.Солтүстік Америка эндемиктеріне – көгілдір шырша, бальзамды май қарағай, ситхин шыршасы жатады. Ротанг пальмасы Ява мен Борнео аралдарының эндемигі, саяхатшылар ағашы Мадагаскар аралының эндемигі.

Жануарлар дүниесінен, мысалы, эндемиктерге жататындар: бетпақ далада кездесетін борша тышқан, Якутияның солтүстік шығысын мекендейтін қызғылт шағала, Сверцев және Дағыстан таутекесі, Кавказ құры (Кавказда) , Кавказда кездесетін Прометей тышқаны. Құстардан: Евразияны мекендейтін эндемик сұржылқышы (завирушка) тұқымдасы, Африкада – түйе құстар, мысыр тауықтары, секретарьлар; Оңтүстік Америкада - нанду, құмай, гоацин, күн қарқара, түн кептер, колибри (319 түрі), тукандар, америка шыбын қаққышы, Австралияда – эму, казуарлар, жұмақ құстары. Солтүстік Америкадаға күрке тауық тұқымдастарының барлығы дерлік – эндемиктер.

Ареалдардың тағы бір түрі – қалдық (реликт) ареал. Сол ареалдағы түрлерді қалдық немесе реликтті түрлер деп атайды. Реликт ареалдардың көлемі тұрақты болмайды. Өйткені сыртқы орта жағдайының әсерінен және т.б. факторларға байланысты көлемін ұлғайтып немесе кішірейтіп отырады. Табиғатта жеке реликтті түрлер де, сол сияқты тұтас биоценоздар да кездеседі. Реликттердің сақталған эрасына қарай төмендегіше бөлінеді:Мезозой реликттері;Үштік дәуір реликттері;Мұздәуірлік реликттер;Мұздәуірінен кейінгі реликттер.

Ресей территориясында үштік дәуір реликттері мұз басуға ұшырамаған жерлерде сақталған. Бұған Кавказдың батыс жағалауы, оңтүстік Кавказдың Талыш облысы, Қиыр Шығыс, Қырымның кейбір жерлері жатады.

Реликтті өсімдіктерге: саговниктер, секвойя, токсодиум (Солтүстік Америкада), қызғалдақ ағашы, магнолия (Солтүстік Америкада, Аппалач тауларында), гинкго (Қытай халық республикасының батыс аудандарында), рододендрондар – Кавказда, Алтайда, Батыс Европа тауларында, шатыр пішінді, қылқандары ұзын, қабығы сұр қырым қарағайы, Пицунда қарағайы (кавказдың Қара теңіз жағалауында), шатқал желайдары (қылқанды ормандарда), падуб (Кавказда, Батыс Европада), бамбук (Тибеттің май қарағайлы орманында), т.б. жатады. (5-сурет).

Жануарлар дүниесінен реликтті түрлерге Байкал тюлені, бауырымен жорғалаушылардан Жаңа Зеландияда тіршілік ететін гаттерия, Альпа тауында кездесетін ақ қоянды жатқызуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]