
- •Биогеография пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысына ассоциограмма құрастыру.
- •2. Биогеографияның терминдері мен негізгі ұғымдарын атап, мысал келтіру
- •3. Өсімдіктердің экологиялық топтарын талдау: гигрофит, гидрофит, мезофит, ксерофит
- •4 Әртүрлі климаттық жағдайларда таралған мезофиттердің топтарын атап көрсету.
- •5. Эдафикалық факторларға сипаттама.
- •6. Псаммофиттерге анықтама және мысал келтіру.
- •8. Биоценоздардың таралуында жер бедерінің маңызы.
- •9. Биотикалық факторлар және олардың биогеографиялық маңызы.
- •10 . Жануарлардың өсімдіктерге қолайлы әсерін талдау.
- •Каулифлория құбылысы, мысал келтір
- •Биогеографиялық жағдайлардағы Құмырсқалар мен ағаштар дың бірлігін айқындау
- •Комменцализмге анықтама және мысал келтір
- •14 Жануарлардың өсімдіктерге қолайсыз әсерлерін талдап, мысал келтіру.
- •15 Өсімдіктердің өсімдіктермен қарым-қатынастарын айқындап, сипттама беру.
- •16. Паразитизм және симбиозға анықтама, мысал келтіру.
- •17.Эндотрофты және экзотрофты микоризаларға сипаттама
- •18. Эпифиттер мен лианаларға анықтама, мысал келтіру
- •19. Эндемик және олардың түрлері
- •20. Эдифткаторларға сипаттама беріп, талдау
- •21 Гомотиптік реакциялар ұғымын талдау
- •22 Бәсекелестіктің түрлерін талдау (интерференция, жанама бәселестік)
- •23 Симбиоз (селбесу) ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •24 Комменсализм, амменсализм ұғымдарына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •25 Жыртқыштық-ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •26.Паразитизм ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •27.Мутуализм ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •28.Зоохария ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру
- •29.Аллеопатия ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •30.В.Вольтер заңдарының тұжырымдамасын таңдау.
- •Антропогендің факторлар және олардың биогеографиялық маңызын талдау.
- •32. Организмдердің таралуына тарии жағдайлардың әсері
- •33. Тірі ағзалардың материктерде таралуының зоналылығы
- •34. Жер шарының табиғат зоналары.
- •36 Ареал конфигурациясы және құрылымын талдау
- •37 Ареал, ареал типтері. Ареалдардың қалыптасуы.
- •Флораның басты географиялық элементтерінің сұлбасын құрастыру
- •39. Дүниежүзілік мұхиттың биогеографиялық аудандастырылуының (Воронов, 1987) сұлбасын құрастыру.
- •40. Құрлықтың биотикалық өңірлерінің (Второв, Дроздов, 1978): сұлбасын құрастыру.
- •Флораның басты географиялық элементтерінің сұлбасын құрастыру
- •42. Дүниежүзілік мұхиттың биогеографиялық аудандастырылуының (Воронов, 1987) сұлбасын құрастыру.
- •43 Құрлықтың биотикалық өңірлерінің (Второв, Дроздов, 1978): сұлбасын құрастыру.
- •46 Биоценоздардың құрылымын айқындау
- •47 Биосферадағы тірі ағзалардың планетарлық рөлі
- •48 Зат және энергия айналымының (геологиялық және биологиялық айналым) мазмұнын айқындау
- •Үлкен немесе гелогиялық айналым
- •Кіші немесе биологиялық айналым
- •49 Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі түрлерін сызба түрінде көрсетіп, соның бір түріне сипаттама.
- •Өсімдік→топырақ→өсімдік
- •50. Антропосфераға сипаттама.
- •51 Қазақстанның жануарлар әлеміне сипаттама
- •52 Қазақстанның өсімдік ерекшелігіне сипаттама
- •53 Қазақстанның фауналық және зоогеографиялық аудандастырылуына сипаттама.
- •54. Голарктикалық биогеографиялық облысқа сипаттама
- •55 Неотропикалық биогеографиялық облысқа сипаттама
- •56 Палеотропикалық биогеорафиялық облысқа сипаттама.
- •57. Австралия биогеографиялық облысқа сипаттама
- •58. Полинезия биогеографиялық облысқа сипаттама.
- •59. Антарктида биогеографиялық облысқа сипаттама.
34. Жер шарының табиғат зоналары.
Жазықтардағы табиғат зоналары:
Тұрақты ылғалды ормандар зонасы;
Науқандық ылғалды ормандар зонасы;
Сирек ормандар мен саванналар зонасы;
Шөлейттер мен шөлдер зонасы;
Қылқан жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұта алқаптары зонасы;
Орманды дала және дала зонасы;
Аралас және жалпақ жапырақты ормандар зонасы;
Тайга зонасы;
Орманды тундра және тундра зонасы;
Арктикалық шөл зонасы;
Биіктік белдеулері:
Орманды дала – 100-300м;
Жалпақ жапырақты ормандар – 300-500м;
Аралас ормандар – 500-1100 м;
Қылқан жапырақты ормандар 1100-1900м;
Қисық-қыңыр ағаштар 1900-2300 м;
Альпы шалғыны-2300-3000 м;
Қар және мұздықтар – 3000.
35. Географиялық зоналардың жер бетіне таралуын төмендегідей кестемен көрсетуге болады (1-кесте).
Кесте 1
Географиялық зоналардың жер бетіне таралуы
-
Жылылық белдеулері
Географиялық зоналар немесе облыстар
Тропиктік
Тұтас ормандар тараған облыс
Саванналы ормандар облысы және саванналар
Шөл облысы
Қоңыржай
Дала облысы
Шөл облысы
Суық
Тұтас ормандар тараған облыс
Тундра облысы
Суық шөл облысы
Жер шарындағы фауналар мен флоралар белгілі биогеографиялық бөлімшелерге бөлінген. Әр бөлімшенің өзіне тән түр құрамы, эндемикалық тұқымдасы мен түрлері болады.
36 Ареал конфигурациясы және құрылымын талдау
Өсімдіктер мен жануарлардың географиялық таралуыныңерекшеліктерін зерттеген кезде өсімдіктер үшін де, жануарлар үшін де жалпы заңдылықты анықтауға болады. Өйткені өсімдіктер мен жануарлардың өздеріне тән таралу облыстары болады.
Жер бетінде өсімдіктердің, жануарлардың белгілі бір систематикалық тобының (түр, туыс, тұқымдас т.б.) тіршілік ететін территориясын таралу облысы немесе ареалы деп атайды. Өсімдіктер мен жануарлар систематикасында түр систематикалық бірлік ретінде негізгі объект болса, биогеографияда ареал да сондай негізгі объект ретінде оқытылады. Белгілі бір түрдің жаппай таралуының азды-көпті болса да шеткі нүктелерін сызықтармен қосу арқылы ареалын картаға сызып көрсетуге болады. Бір туысқа жататын түрлердің ареалын жалпы сызықпен қосып туыстың ареалын, бір тұқымдасқа жататын түрлердің ареалын жүргізу арқылы тұқымдастың ареалын көрсетуге болады. Өсімдіктер жамылғысы бірлігінің ареалдарын, мысалы, еменді немесе қылқан жапырақты орман, шөл т.б. деп көрсетуге болады.
Түрлердің ареалдары барлық бөлімдерінде бірдей болмай, әдетте ареалдың орта шенінен нүктелерді жиі кездестіруге болады., бұл осы жердегі өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі оптималды жағдайда болады дегенді аңғартады. Ареалдың шекарасына жақындаған сайын өсімдіктер мен жануарлар өздерінің тіршілігіне барынша қолайсыз жағдайға душар болады.
Ареалдың түрлері. Егер түрлер тұтас бір территорияны алып жатса мұндай ареалды тұтас ареал деп атайды. Егер ареалдар бірнеше бөлікке бөлініп, бірінен-бірі алшақ жатса немесе әр түрлі материкте орналасса, онда мұндай ареалды бөлшектенген немесе дизъюнктивті ареал деп атайды. Ареалдардың мұндай бөлшектенуіне рельеф, топырақ, әр түрлі тарихи жағдайлар себепші болуы мүмкін. Бөлшектенген ареалдар екіге бөлінеді:
Континетішілік бөлшектенген ареал;
Континентаралық бөлшектенген ареал.
Мысалы, континентішілік бөлшектенген ареалға інжугүлдің ареалын алайық. Інжугүл Европаның жалпақ жапырақты ормандарында және Ресейдің Қиыр Шығысының оңтүстік бөлімінде, ал жөке ағашы мен еменнің ареалы Кузнецк Алатауында, Приморье өлкесінде кездеседі. Жануарлардың бөлшектенген ареалына, мысалы, кәдімгі кірпі мен ақ дегелетің ареалын алсақ, бұл екеуі де Европада және Амур-Уссурий өлкесінде кездеседі.
Кейбір дизъюнктивті ареалдардың және дизъюнкциялардың өз аттары болуы мүмкін. Мысалы, оңтүстік және солтүстік ендіктерді қамтитын және тропиктермен ажыратылатын биполярлық ареалдар; Тынық және Атлант мұхитымен ажыратылатын амфипацификалық және амфиатлантикалық ареалдар; Еуразияда арктоальпілік ареалдар, бореалдық, монтандық, циркумполярлық ареалдар бар. Пантропиктік ареалдар барлық континенттердің тропиктерін қамтиды.
Түрлердің басым көпшілігінің белгілі бір тіршіліктік жағдайға сәйкес және белгілі бір облыспен шектелген ареалы болады. Тек қана кейбір аздаған жануарлардың түрлері орта жағдайын талғамай, барлық жерлерде кездеседі.
Құрлықтың әр түрлі бөліктерінде кездесетін, алуан түрлі физика-географиялық зоналарда бола алатын, барынша кеңінен таралған түрлерді космополиттер деп, ал олардың ареалдарын космополитті ареал деп атайды. Мысалы, космополит өсімдіктерге: папоротник, кәдімгі у таспа, крестовник, қалуен, қалақай, бақ-бақ, жұмыршақ, дала яруткасы, кейбір су өсімдіктері – рдеста, қамыс, көлқамыс, жануарлардан-үй жануарлары (ешкі, қой, шошқа, ірі қара мал, жылқы), үй тышқандары, сұр егеуқұйрық, үй шыбындары, жыландар, көбелектер, қара қарға, лашын, жарғанат, торғайлар, теңізде кездесетін жыртқыш кит-касатканы жатқызуға болады.
Өсімдіктер мен жануарлардың космополит түрлерімен қатар сирек кездесетін түрлері де бар. Олар жер бетінің аз ғана бөлігінде таралған. Өсімдіктер мен жануарлардың осындай түрлерін эндемиктер деп, олардың таралған территориясын эндемикалық ареал деп атайды. Эндемикалық ареалдар көлемі жағынан әр түрлі болады. Эндемиктерге, әсіресе аралдар мен таулы жерлер аса бай болып келеді. Мысалы: Алтай, Кавказ, Оңтүстік Американың, Мадагаскардың эндемиктері т.б.
Өсімдіктердің ішінде эндемиктерге жататындар: дәрмене, сексеуіл, бетеге, жень-шень (Уссурийда), Эльдар қарағайы (Грузияда), Тянь-Шань шыршасы, Камчатка май қарағайы, Станкевич қарағайы (Қырымда), Резниченко ақ қайыңы (Алтайда), Қырғаз ақ қайыңы (Қостанайда) т.б.
Африка эндемиктері – эвкалипттер, кенгру шөбі, көкшіл шөп, спинификс астық тұқымдас шөбі, шөптектес ағаш (лала тұқымдасынан), бөтелке ағашы т.б.
Оңтүстік Америка эндемиктері-піл сүйегі пальмасы, Маврик пальмасы, какао ағашы, әсинин ағашы, Бразилия гевеясы, канналар.
Солтүстік Америка эндемиктеріне – көгілдір шырша, бальзамды май қарағай, ситхин шыршасы жатады. Ротанг пальмасы Ява мен Борнео аралдарының эндемигі, саяхатшылар ағашы Мадагаскар аралының эндемигі.
Жануарлар дүниесінен, мысалы, эндемиктерге жататындар: бетпақ далада кездесетін борша тышқан, Якутияның солтүстік шығысын мекендейтін қызғылт шағала, Сверцев және Дағыстан таутекесі, Кавказ құры (Кавказда) , Кавказда кездесетін Прометей тышқаны. Құстардан: Евразияны мекендейтін эндемик сұржылқышы (завирушка) тұқымдасы, Африкада – түйе құстар, мысыр тауықтары, секретарьлар; Оңтүстік Америкада - нанду, құмай, гоацин, күн қарқара, түн кептер, колибри (319 түрі), тукандар, америка шыбын қаққышы, Австралияда – эму, казуарлар, жұмақ құстары. Солтүстік Америкадаға күрке тауық тұқымдастарының барлығы дерлік – эндемиктер.
Геологиялық мәліметтерге қарағанда Байкал көлі мезозой эрасынан бері бар көл болып саналады, бірақ ол өте ертеде басқа су қоймаларынан бөлініп оқшауланып кеткен, оның осы оқшаулануы эндемиктерінің көп сақталуына себебін тигізетін. Байкал көлінде кездесетін жануарлардың 76-сы эндемиктер болып табылады. Мысалы, Байкал көлінде тіршілік ететін шаянтәрізділердің 34 туысынан 34-і, балықтардың 32 түрінің 14 түрі Байкалдың өзіндік эндемигі болып табылады, ал осы көлде кездесетін Байкал тюлені басқа ешбір су қоймасында кездеспейді.
Ареалдардың тағы бір түрі – қалдық (реликт) ареал. Сол ареалдағы түрлерді қалдық немесе реликтті түрлер деп атайды. Реликт ареалдардың көлемі тұрақты болмайды. Өйткені сыртқы орта жағдайының әсерінен және т.б. факторларға байланысты көлемін ұлғайтып немесе кішірейтіп отырады. Табиғатта жеке реликтті түрлер де, сол сияқты тұтас биоценоздар да кездеседі. Реликттердің сақталған эрасына қарай төмендегіше бөлінеді:
Мезозой реликттері;
Үштік дәуір реликттері;
Мұздәуірлік реликттер;
Мұздәуірінен кейінгі реликттер.