Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_biogeografia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174.98 Кб
Скачать

32. Организмдердің таралуына тарии жағдайлардың әсері

Өсімдіктер мен жануарлардың қазіргі кездері таралып, тіршілік етуін климат жағдайларының әсері деп түсіндіруге болады.Бірақ, кейбір Жер бөліктерінде, кейбір облыстарда басқа материктердің ешқайсысында да кездеспейтін өсімдіктер мен жануарлардың түрлері бар.Мысалы, Солтүстік Америка мен Евразияда өсімдіктердің өмір сүру жағдайлары ұқсас және осы екі материкте де бірдей өсімдіктердің зональді типтері кездеседі.Әйткенмен, өсімдіктердің түрлік құрамы жағынан айырмашылықтың бар екені сөзсіз, мысалы бізде секвойя, кәгілдір, ақ шыршалар, дуглас, бальзам май қарағайлары кездеспейді. Мүмкін, бұл өсімдіктердің бір кезде Европада өсіп, кейінірек әр түрлі себептермен құрып кетуі мүмкін.Сонымен кейбір облыстардағы организмдердің түр құрамының әр түрлі болуы тарихи факторлармен сипатталады.

Күрделі тарихи даму өсімдіктердің ішкі және сыртқы қасиеттеріне де әсерін тигізеді.Мұндай қасиеттер,өсімдіктерді климаты әртүрлі жерлерге өсірсе де сақталатын болады. Мысалы, климаты континентальды жерлерге өсетін жапырақты ағаштарлы (емен, үйеңкі, шамшат, қайың т.б.) және жеміс ағаштарын климаты жылы облыстарға апарып өсірсе, сол бұрынғысына олар қысқа қарай жапырақтарын түсіреді.Бұл жағдайда климаттың ырғағы өсімдіктердің даму ырғағына сәйкес келмейді.

Тірі организмдердің Жер бетіндегі таралуына тарихи жағдайлардың әсерін өткен дәуірлерде әсер еткен экологиялық факторлардың кешені деуге болады. Осы факторлар әсерінің себебінен кейбір организмдер өздерінің таралу бағыттарында қандай да бір барьерлер (кедергі) кездестірген немесе, керісінше, таралу өткелдерін пайдаланған. Мұның бәрі тірі ағзалардың осы күнгі таралуын күрделендіргені сонша, оларды кейде палеогеографиялық факторлар кешенін ескере отыра кана түсінуге болады.Аталған факторлар ұқсас зоналық жағдайда орналасқан әр түрлі континенттерді салыстырғанда айқын байқалатын биогеографиялық аумақтылыққа алып келді.

33. Тірі ағзалардың материктерде таралуының зоналылығы

Географиялық зоналар (құрлықтық табиғат зоналары) – географиялық белдеулер ішінде бір-бірінен заңды түрде ауысып отыратын әр түрлі географиялық немесе табиғи ландшафт зоналары.Тірі ағзалардың жер бетінде таралуы географиялық белдеулер мен зоналарға байланысты болып келеді.Табиғаттың барлық компоненттері экватордан полюстерге қарай заңды түрде өзгеріп отырады. Зоналылықтың негізі-Жердің шар тәрізді пішіні және Жер эклиптикасының күн сәулелеріне көлбей орналасуы болып табылады.Себебі, экватордан полюстерге қарай күннің түсу бұрышы бірте-бірте азайып отырады.Сондықтан табиғат аймақтылығының шешуші факторы климат факторы болып есептеледі.Осыған байланысты жер шарын 13 горизонтальды зонаға бөледі:

1.Экваторлық зона;

2.Субтропиктік зона (оңтүстік және солтүстік);

3.Тропиктік зона (оңтүстік және солтүстік);

4.Қоңыржай зона (оңтүстік және солтүстік);

5.Субполярлық зона (оңтүстік және солтүстік);

6.Полярлық зона ( субарктикалық және субантарктикалық);

7.Полярлық зона.

Белгілер негізінен жылу режимі бойынша, радиациялық тепе-теңдік бойынша және атмосфераның циркуляциясы бойынша бөлінеді. Белдеулер еш уақытта түзу көлденең сызықтар болмайды.Олар кеңейіп, не таралып, өзгеріп отырады. Кей жерлерде іліп келуі мүмкін. Бұған себеп болатын – материктер мен мұхиттар, тау жүйелері және мұхит ағыстары. Әр географиялық белдеуде географиялық аймақтар орналасады. Қазіргі уақытта жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жер шары елу аймаққа және аймақ тармақтарына бөлінеді. Географиялық аймақтың белдеуден айырмашылығы оның тек жылыну жағдайы емес, ылғалдану жағдайы да ескеріліп, бірге қаралады.Ендік бойынша аймақтылықтан басқа, секторлық немесе азональдық аймақ деген ұғым бар. Әр материкте географиялық белдеуде негізінен үш сектор болады: батысжағалаулық, шығысжағалаулық және континенталдық секторлар. Ал таулы жерлерге вертикальды белдеулер тән. Бұл жылудың таудың етегінен тобесіне қарай бірте-бірте азаюына байланысты болады. Сонымен аймақтылық тек күн радиациясына байланысты болса, секторлық негізінен рельефке байланысты болып келеді.

Жер шарының табиғат зоналары.

Жазықтардағы табиғат зоналары:

  • Тұрақты ылғалды ормандар зонасы;

  • Науқандық ылғалды ормандар зонасы;

  • Сирек ормандар мен саванналар зонасы;

  • Шөлейттер мен шөлдер зонасы;

  • Қылқан жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұта алқаптары зонасы;

  • Орманды дала және дала зонасы;

  • Аралас және жалпақ жапырақты ормандар зонасы;

  • Тайга зонасы;

  • Орманды тундра және тундра зонасы;

  • Арктикалық шөл зонасы;

Биіктік белдеулері:

  • Орманды дала – 100-300м;

  • Жалпақ жапырақты ормандар – 300-500м;

  • Аралас ормандар – 500-1100 м;

  • Қылқан жапырақты ормандар 1100-1900м;

  • Қисық-қыңыр ағаштар 1900-2300 м;

  • Альпы шалғыны-2300-3000 м;

  • Қар және мұздықтар – 3000.

Географиялық зоналардың сыртқы түрі әдетте өсімдіктері арқылы анықталады. Олардағы өсімдіктердің бір-бірінен айырмашылығы болғандықтан тундра, орман, дала т.б. зоналар деп бөлінеді.

Зональды факторлардың әсеріне байланысты биогеоценозды 3 категорияға бөлуге болады:

  • Зональды биогеоценоз-сол зонаға тән биогеоценоз. Бұлардың тіршілік ету орындары әдетте бірдей;

  • Интрозональды биогеоценоз – белгілі бір табиғи зоналарды құрмайтын, бір зонаның ішінде жеке бөлімдер құрап, жеке участоктар түрінде таралатын биогеоценоз;

  • Экстразональды биогеоценоз – белгілі бір табиғи зоналарға тән кейбір табиғи құбылыстардың (топырақтардың, өсімдіктердің, ландшафттардың) әсерінен өз зонасынан асып басқа зонаға тарайтын биогеоценоз. Мысалы: дала өсімдіктерінің орман зонасына еніп кетуі.

Кейбір биогеоценоздар өз алдына жеке зона құра алмайды. Мысалы: зонасыз өсімдіктер-ешбір жерде және ешқандай жағдайда өз алдына зона бола алмайтын өсімдіктер. Бұлар зоналық өсімдіктер ішінде және барлық зоналарда кездесуі мүмкін. Мысалы жайылым шалғыны, құм өсімдіктері.

Солтүстіктен оңтүстікке қарай биогеоценоздар және зоналар төмендегіше ауысып отырады – тундра – қоңыржай полюстың қылқанды ормандары – қоңыржай ендіктің жалпақ жапырақты ормандары – дала – шөл лаврды және қатты жапырақты ормандар мен бұталар – саванналар – тропиктік ормандар және құрғақ кезде жапырағын түсіріп ұратын бұталар – ылғалды тропиктік ормандар.

Әр түрлі орта факторлары, мысалы температура және жауын-шашын биогеоценоздың таралуына үлкен әсерін тигізеді. Географиялық қабықтардың ірі бөлімдерінің бірі географиялық жылылық белдеулері. Бұл жылылық белдеулердің ішінде негізгі табиғи бөлімдер географиялық зоналар – қалыптасады. Географиялық табиғи зоналар – өзіне тән өсімдіктермен, жануарлармен сипатталатын климаттық зоналар.

Географиялық зоналардың жер бетіне таралуын төмендегідей кестемен көрсетуге болады (2-кесте).

Кесте 2

Географиялық зоналардың жер бетіне таралуы

Жылылық белдеулері

Географиялық зоналар немесе облыстар

Тропиктік

  1. Тұтас ормандар тараған облыс

  1. Саванналы ормандар облысы және саванналар

  1. Шөл облысы

Қоңыржай

  1. Дала облысы

  1. Шөл облысы

Суық

  1. Тұтас ормандар тараған облыс

  1. Тундра облысы

  1. Суық шөл облысы

Жер шарындағы фауналар мен флоралар белгілі биогеографиялық бөлімшелерге бөлінген. Әр бөлімшенің өзіне тән түр құрамы, эндемикалық тұқымдасы мен түрлері болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]