
- •Биогеография пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысына ассоциограмма құрастыру.
- •2. Биогеографияның терминдері мен негізгі ұғымдарын атап, мысал келтіру
- •3. Өсімдіктердің экологиялық топтарын талдау: гигрофит, гидрофит, мезофит, ксерофит
- •4 Әртүрлі климаттық жағдайларда таралған мезофиттердің топтарын атап көрсету.
- •5. Эдафикалық факторларға сипаттама.
- •6. Псаммофиттерге анықтама және мысал келтіру.
- •8. Биоценоздардың таралуында жер бедерінің маңызы.
- •9. Биотикалық факторлар және олардың биогеографиялық маңызы.
- •10 . Жануарлардың өсімдіктерге қолайлы әсерін талдау.
- •Каулифлория құбылысы, мысал келтір
- •Биогеографиялық жағдайлардағы Құмырсқалар мен ағаштар дың бірлігін айқындау
- •Комменцализмге анықтама және мысал келтір
- •14 Жануарлардың өсімдіктерге қолайсыз әсерлерін талдап, мысал келтіру.
- •15 Өсімдіктердің өсімдіктермен қарым-қатынастарын айқындап, сипттама беру.
- •16. Паразитизм және симбиозға анықтама, мысал келтіру.
- •17.Эндотрофты және экзотрофты микоризаларға сипаттама
- •18. Эпифиттер мен лианаларға анықтама, мысал келтіру
- •19. Эндемик және олардың түрлері
- •20. Эдифткаторларға сипаттама беріп, талдау
- •21 Гомотиптік реакциялар ұғымын талдау
- •22 Бәсекелестіктің түрлерін талдау (интерференция, жанама бәселестік)
- •23 Симбиоз (селбесу) ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •24 Комменсализм, амменсализм ұғымдарына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •25 Жыртқыштық-ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •26.Паразитизм ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •27.Мутуализм ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •28.Зоохария ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру
- •29.Аллеопатия ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •30.В.Вольтер заңдарының тұжырымдамасын таңдау.
- •Антропогендің факторлар және олардың биогеографиялық маңызын талдау.
- •32. Организмдердің таралуына тарии жағдайлардың әсері
- •33. Тірі ағзалардың материктерде таралуының зоналылығы
- •34. Жер шарының табиғат зоналары.
- •36 Ареал конфигурациясы және құрылымын талдау
- •37 Ареал, ареал типтері. Ареалдардың қалыптасуы.
- •Флораның басты географиялық элементтерінің сұлбасын құрастыру
- •39. Дүниежүзілік мұхиттың биогеографиялық аудандастырылуының (Воронов, 1987) сұлбасын құрастыру.
- •40. Құрлықтың биотикалық өңірлерінің (Второв, Дроздов, 1978): сұлбасын құрастыру.
- •Флораның басты географиялық элементтерінің сұлбасын құрастыру
- •42. Дүниежүзілік мұхиттың биогеографиялық аудандастырылуының (Воронов, 1987) сұлбасын құрастыру.
- •43 Құрлықтың биотикалық өңірлерінің (Второв, Дроздов, 1978): сұлбасын құрастыру.
- •46 Биоценоздардың құрылымын айқындау
- •47 Биосферадағы тірі ағзалардың планетарлық рөлі
- •48 Зат және энергия айналымының (геологиялық және биологиялық айналым) мазмұнын айқындау
- •Үлкен немесе гелогиялық айналым
- •Кіші немесе биологиялық айналым
- •49 Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі түрлерін сызба түрінде көрсетіп, соның бір түріне сипаттама.
- •Өсімдік→топырақ→өсімдік
- •50. Антропосфераға сипаттама.
- •51 Қазақстанның жануарлар әлеміне сипаттама
- •52 Қазақстанның өсімдік ерекшелігіне сипаттама
- •53 Қазақстанның фауналық және зоогеографиялық аудандастырылуына сипаттама.
- •54. Голарктикалық биогеографиялық облысқа сипаттама
- •55 Неотропикалық биогеографиялық облысқа сипаттама
- •56 Палеотропикалық биогеорафиялық облысқа сипаттама.
- •57. Австралия биогеографиялық облысқа сипаттама
- •58. Полинезия биогеографиялық облысқа сипаттама.
- •59. Антарктида биогеографиялық облысқа сипаттама.
28.Зоохария ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру
Зоохория(зоо... және грекше choreo – таратамын) – өсімдіктердің жемістері мен тұқымдарының жануарлар арқылы таратылуы.Зоохория – өсімдіктер мен жануарлардың белгілі бір топтарының сабақтас эволюциясының (коэволюцияның) нәтижесі. Зоохорияның ең көне түрі – ''эндозоохория'' өсімдік тұқымдары зақымдалмай, жануарлардың ас қорыту жолдары арқылы таратылуы. Тропиктерден басқа аймақтарда негізгі тасымалдаушылар – құстар.Көзі өткір болғанымен иіс сезу мүшелері нашар дамығандықтан олар жемістері ашық түсті, шоқ-шоқ болып күлтеленіп өсетін иіссіз шетенді, шәңкішті, мойылды, аюбадамды, шырғанақты,т.б. таратады.Ал тропиктік ормандарда өсімдік диаспораларын таратушылар – иіс сезу органдары жақсы дамыған жемісқоректі сүтқоректілер – маймылдар, жарқанаттар, т.б. Олар гүлдері хош иісті, ірі, тәтті, шырынды жемісті өсімдіктерді (мысалы, ананас, авокада, манго, т.б.) таратады. Сондай-ақ зоохорияның жануарлар терісіне, түгіне жабысып таралуы – ''эпизоохория''; азық қоры түрінде таралуы – ''синзоохория''; өсімдіктер тұқымының құмырсқалар арқылы таралуы – ''мирмекохория''деп аталады. Зоохорияның түріне қарай әр түрлі биоценоздар ажыратылады. Мысалы, жалпақжапырақты ормандарға эндозоохория; тропиктік ормандарына – синзоохория, ал топырағы тозған жерлер мен арамшөпті су жағалауларына – эпизоохория тән.Зоохария- жануарлардың орын ауыстыруы арқылы тұқымдарын кеңістікке тарату құбылысы. Зоохария өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бір тобының ұзақ жылдар бойы бірлестікте тіршілік етуінің жемісі нәтижесінде өсімдіктер тұқымында жабысқыш ілгектер,қылшықтар пайда болып олар құстар, сүтқоректілердің, басқа да жәндіктердің денесіне жабысуға бейімделіп, осы арқылы алыс кеңістіктерге тарап отырған. Өсімдік тұқымдарының бұл жолмен таралуын-эктозоохария дейді.Ал, кейбір өсімдіктердің тұқымдары жануарлардың нәжістері арқылы таралады.Оларды – эндозоохаориялық таралу жолы деп атайды.
29.Аллеопатия ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
Аллеопатия. Бұл организмдердің денесінде өзіне тән химиялық өнімдер шығарылуы арқылы қарым-қатынас жасау жолы.Яғни, өсімдіктердің бөлінген заттар басқа жануарларға теріс немесе жағымды әсерін тигізетін қасиетке ие болады.Мәселен, кәдімгі жусан иісі көптеген өсімдіктерге (жүгері, картоп, томат т.б.) теріс әсерін тигіссе, ал лобия өсімдігі бидайдың өсуін тежейтін көрінеді.
Өсімдіктерден бөлінетін заттар жануарларға еліктіргіш (аттрактант) немесе жиіркендіргіш (репеллент) түрінде әсер етеді.
Бұл қасиеттер, әсіресе, біртекті қоектәлер және паразиттер үшін өте маңызды.
Жануарлар да өзіне жағымды, кейде жағымсыз келетін әр түрлі активті заттар бөліп өзінің жауына қарсы немесе еліктіргіш сигнал беру бөледі. Мәселен, көпке белгілі антибиотиктер: пеницилин, стрептомицин, гиббереллин медицинада жиі қолданылады.
Тұрарлық қарым-қатынастар биоценоздағы ағзалар санының динамикасында зор роль атқарады. Жыртқыш жемтіктерін жоя отырып, олардың санына әсер етеді. Паразиттің де әсері осындай, иесін әлсірете отырып,олардың көбеюін тежейді, тіпті өліміне де әкеліп сотыруы мүмкін.
Бәсекелестік қатынастарына, жыртқыштық пен паразитизм құбылыстарына экологтар ертеден назар аударған.Солардың ішінен А.Лотканың жұмысы ерекше орын алды. Ол алғаш рет жануарлар-паразит –қожайын жүйесіндегі өзара қатынастарының материалдық үлгісін ұсынған.
А.Лотканың жасаған тұжырымы: паразиттердің өздерінің иелерін жоюы тек паразиттердің санына ғана емес, иесінің санына байланысты. Иесінің белгілі бір санына сәйкес популяциясының тығыздығы артады. Паразит санының артуы иесінің санының кемуіне әкеледі де, соңғысы қайтадан паразитердің кемуіне әкеледі.Осылайша толқынды түрде иесі мен паразиттің популяцияларының саны периодты түрде ауытқып отырады.
Мұнда динамикалық түрде өзін-өзі реттеуші жүйе жұмыс істейді. Паразит санының арту толқынынан соң, иесінің санының арту толқыны кезектесіп отырады. Паразит- қожа йын жүйесіндегі популяциялардың өзара әсерлесу үлгісі жыртқыш пен оның жемтігінің өзара әсеріне сәйкес келеді.